Дерісін жоспарлау


Сабақты жоспарлау барысында мұғалімнің ескеруі тиіс бірқатар мәселелер



бет4/4
Дата31.12.2021
өлшемі18,58 Kb.
#21653
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
2- дәріс ЖББМ

Сабақты жоспарлау барысында мұғалімнің ескеруі тиіс бірқатар мәселелер:

- Сабағымның мақсаты қандай? Сабақтың әрбір бөлімі оқушыны мақсатқа жетуге жетелей ме?

- Оқушылар іс жүзінде не істейді? Мен оқушыларға олар не істейтінін және олар қандай нәтижеге қол жеткізу керектігін қалай түсіндіремін?

- Оқушылардың білімді игергенін қалай білемін?

- Егер мен өзім осы сабақта оқушы болсам, бұның барлығын қалай қабылдар едім? Оқушыға көмек көрсетіле ме / жігерлендіріле ме? Қосымша материал ала ма?

- Жоспар қаншалықты икемді? Оқушының көп түсіндіруді қажет ететін қызықты сұрағы, дыбыс-бейне құралдарды пайдаланудағы қиындықтар, әлдебіреудің сырттан рұқсатсыз кіріп келуі сияқты күтпеген оқиғалар туындаса, оларды қалай шешемін?

- Оқушылар ұсынатын кері байланысқа қатысты, оны қалай жіктеп, жазып және талқылаймын?
Төмендегі сұрақтар мұғалімге сабақтан кейінгі рефлексия жасауға мүмкіндік береді:

- Менің оқушыларым бүгін не үйренді? Бұған не әсер етті?

- Сабақта ештеңеге үйренбеген балалар болды ма? Мұның себебі қандай?

- Сабақта қолданған әдістерім сәтті болды ма? Сабақ бұдан да сәтті өтуі үшін басқа қандай әдістер қолдануым керек еді?

- Сабақта ерекше бір жағдай байқалды ма? Бұл неліктен осылай болды?

- Сабақта оқушылардың жинақтаған білімі мен тәжірибелері, қызығушылық танытатын салалары есепке алынды ма? Мұны қалай жақсартуға болатын еді?

- Сабақты оқушылардың іс-әрекеттері мен жауаптарына қарай бейімдей алдым ба?

- Оқушыларым сабақта бірігіп жасаған қорытындыларымызға қалай қарады? Сабақтан қандай көңіл-күймен шықты? Сыныптағы орта оларға жайлы болды ма?

- Мен сыныптағы тәртіпті басқара алдым ба? Менің қандай әрекеттерім жақсы шықты, қандай әдістерім сәтсіз болды? Неліктен? Нені басқаша жасауым керек еді?

- Сабақта менің көңіл-күйім біркелкі болды ма? Мен өзімді ұстай білдім бе? Болашақта нені ескеуім керек?

- Сабақта мен үшін ең қиыны не болды? Қандай жағдай ерекше назар аударуымды қажет етті? Неге? Келесі жолы мұндай жағдайда не істеуім керек?

- Сабақтағы оқу әдістерім сәтті болды ма? Оқушылардың меңгерген білімдері менің үйрету тәсілдеріммен байланысты ма? Келешекте нені есепке алуым керек?

- Бұл сабақты басқаша өтуге болатын ба еді? Қалай? Сабақтың қандай жағына көбірек көңіл бөлу керек: мазмұнындық, әдістемелік, эмоциялық?

- Сабақта мен оқушыларымды ынталандыра алдым ба? Оқушылардың ішкі уәжін ескердім бе? Оқушыларды табысқа бағыттаудың тағы да қандай жолдары бар?

- Бағалауда мен қаншалықты шынайы болдым? Бағалау оқушыларға қалай әсер етті?

- Оқушыларға сабақта өздерін басқаруға мүмкіндік болды ма? Бұл қайдан, калай көрінді?



- Сабаққа дайындалғанда оқыту теорияларына сүйендім бе? Өткізген сабағым таңдаған теорияма қаншалықты сәйкес болды?

- Осы сабақтан кейін мен өзіме қандай жаңалық аштым, нені жетік түсіндім? Табысты мұғалім болу үшін тағы не істеуім керек?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет