Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық-Әдіснамалық негіздері


Оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны мен әдістерінің мектептегі педагогикалық үдеріс мазмұнының сипаты мен оны ұйымдастыру әдістеріне шарттылығы



бет13/72
Дата02.06.2023
өлшемі1 Mb.
#98272
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72
Байланысты:
Д рістер №1 д ріс 1 Б лім білім берудегі менеджментті теориялы 1

3. Оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны мен әдістерінің мектептегі педагогикалық үдеріс мазмұнының сипаты мен оны ұйымдастыру әдістеріне шарттылығы. Білім беру жүйесі басшысының басқарушылық мəдениеті мектеп басқарудағы құндылықтар мен технологияларды меңгеруге, жеткізуге жəне құруға бағытталған басқару іс-əрекеттерінде басқарушы тұлғасының шығармашылық тұрғыдан өзін көрсетуінің тəсілдері мен шараларын айтамыз.
Басқару мəдениеттерінің компоненттері – аксиологиялық (басқаруда мəні бар басқару-педагогикалық құндылықтар жиынтығы), технологиялық (педагогикалық процесті басқарудың тəсілдері мен əдістері) жəне тұлғалық-шығармашылық (педагогикалық жүйені басқаруды шығармашылық акт ретінде қарастыру).
Оқу мекемесін басқаруды директор мен оның орынбасарлары жүзеге асырады, олардың функциональдық міндеттері, тағайындау немесе сайлау тəртібі мекеме Жарғысына сəйкес жоғары тұрған органдармен келісімде жүзеге асады. Олардың функциональдық міндеттері жалпылама түрде Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен типтік ережелерде көрініс тапқан, соған сəйкес əр мекеме тиісті құжаттар даярлайды.
Жалпы білім беретін мектептерде директордың оқу-тəрбие жəне тəрбие, шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарлары болады, инновациялық мектептерде сонымен қоса ғылым ісі жөніндегі орынбасар жəне менеджер-ақпаратшы штаттары болады.
Директор мемлекет жəне қоғам алдында балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау талаптарының орындалысына жауап береді, оқу-тəрбие процесін жоспарлайды жəне ұйымдастырады, оның барысы мен нəтижесін бақылайды, оқу мекемесінің жұмыс сапасы мен тиімділігіне жауап береді, тиісті мемлекет органдары алдында мекеме атынан сөйлейді, сыныптан тыс жəне мектептен тыс жұмыстарды жүргізуге қажетті жағдай жасайды, кадр мəселесін шешеді, мекемеге бөлінген қаржыны тиімді пайдалануды ұйымдастырады, мекеменің қаржылық, шаруашылық жағдайына жауап береді.
Директордың оқу-тəрбие ісі жөніндегі орынбасарлары педагогикалық үрдісті ұйымдастыруға, білім бағдарламалары мен мемлекеттік білім стандарттарының орындалуына жауап береді; оқушылардың білім сапасына, мұғалімдердің əдістемелік жұмыстарына бақылау жасайды; педагогикалық жүктемені бөліп, сабақ кестесін құрады, əдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады, т.с.с.
Директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары тəрбие процесінің жүргізілуіне жауап береді. Ғылым ісі жөніндегі орынбасар ғылыми жұмыстардың (мұғалімдер мен оқушылардың) жүргізілуіне, инновациялардың енгізілуіне, эксперимент жұмыстарына, ЖОО-мен байланысқа жауап береді.
Директордың басқару іс-əрекетінің тиімділігі көбіне мектеп əкімшілігі мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің нақты көрсетіліп, міндеттер бөлісудің ашықтығынан тəуелді болады. Қажеттілікке байланысты мектеп директоры нұсқаулық немесе оперативті кеңестер өткізеді, жоспарға сəйкес директор жанындағы мəжіліс, педагогикалық кеңестерді жүргізеді.
Тұтас педагогикалық процесті басқарудың бір функциясы – педагогикалық талдау (анализ). Ол ерекше орын алады: кез келген цикл талдаудан басталып, талдаумен аяқталады. Оның бірнеше түрі бар (Ю.А. Конаржевский, Т.И. Шамова): параметрлік талдау (білім процесінің барысы мен нəтижелері туралы күнделікті ақпараттарды зерттеуге, оны бұзатын себептерді анықтауға бағытталған), тақырыптық талдау (педагогикалық процестегі тұрақты, қайталанатын тəуелділіктерді, тенденцияларды қарастыру), қорытынды талдау (кең уақыттық, кеңістіктік жəне мазмұндық шектерді қамтиды, тоқсан, оқу жылының аяғында жүргізіледі).
Басқарудың келесі функциясы – мақсат қою жəне жоспарлау. Кез келген педагогикалық жүйені басқару процесі мақсатсыз жəне жоспарлаусыз жүзеге асырылмайды. Оны жетілдіру педагогикалық жүйенің үздіксіз даму қажеттігіне байланысты.
Басқару іс-əрекетінің мақсаты – жұмыстың жалпы бағытын, мазмұнын, формалары мен əдістерін анықтайтын бастау. Жоспарлау педагогикалық талдау негізінде мақсатқа байланысты шешімдер қабылдау ретінде қызмет етеді, ол перспективалық (бес жылға), жылдық (оқу жылына арналған), ағымдағы (тоқсандық) түрде болуы мүмкін. Олар бір-бірінен шығады. Жылдық жоспардың мазмұны: 1) өткен оқу жылының қысқаша талдауы; 2) жалпыға бірдей білім беруді жүзеге асыру; 3) педұжымның оқыту процесінің сапасын арттыруға бағытталған іс-əрекеті; 4) тəрбиеге байланысты мектептің, жанұяның, қоғамның, еңбек ұжымдарының біріккен жұмысы; 5) педагог кадрлармен жұмыс; 6) мектепішілік бақылаудың жүйесі; 7) мектептің оқу-материалдық базасын нығайту; 8) ұйымдық-педагогтық шаралар. Жоспарлау функциясын бірегей басқарушылық циклде жүзеге асыру мектеп іс-əрекетінің тиімділігін жоғарылатады.
Мектепті басқарудағы ұйымдастыру функциясы жүйенің қозғалысы, оның компоненттерінің оңтайлы өзара əрекеттесуі үшін қажет. Мектептегі басқару əрекетінің ұйымдық формалары: педагогикалық кеңес, директор жанындағы отырыс, директор орынбасарлары жанындағы отырыстар, оперативті ақпараттық отырыстар, оқушылар, ата-аналар комитеті отырыстары.
Мектепішілік бақылау функциясы күрделі мəселенің бірі. Бақылау басқару циклінің барлық функцияларымен тығыз байланысты. Мектепішілік бақылау функциясының ерекшелігі – оның мұғалім тұлғасына əсер етуінде. Егер бұл жас мұғалім болса, оның шығармашылық қалыптасуына əсер етеді, ал тəжірибелі, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімнің кəсіби позициясы мен беделіне əсер етеді. Мектепішілік бақылауға бірнеше жалпы талаптар қойылады: жүйелілік мектепте бақылау жүйесінің болуы, бақылауды жүйелі жүргізу; объективтілік педагогтың немесе ұжымның іс-əрекетін қалыптасқан критерийлер негізінде мемлекеттік стандарт пен білім бағдарламалары талаптарына сəйкес тексеру; əсерлілік тексеру нəтижесі позитивтік өзгерістерге, анықталған кемшіліктерді жоюға алып келуі керек; тексерушінің құзырлылығы – тексеру пəнін білуі, жұмыстың жетістіктері мен кемшіліктерін көре білу, тексеру нəтижелерінің дамуын болжай алу.
Т.И. Шамова бақылаудың екі түрін жіктейді: тақырыптық (нақты мəселені терең бақылауға бағытталған) жəне фронтальдық (педұжымның, əдістемелік бірлестіктің немесе мұғалім іс-əрекетін жан-жақты бақылауға бағытталған). Формалары: жекелік (жеке мұғалімнің, сынып жетекшісінің, тəрбиеші жұмысын бақылау), сыныптық-қорыту (сынып ұжымының оқу жəне сыныптан тыс іс-əрекет процесінде қалыптасуына əсер ететін факторлар жиынтығын бақылау), пəндік-қорыту (жеке пəндердің жеке немесе параллель немесе мектеп бойынша берілу деңгейін бақылау), тақырыптық-қорыту (оқу-тəрбие процесінің жекелеген бағыттары бойынша), кешенді-қорыту (бірнеше сыныпта, бірнеше мұғалімнің, бірнеше пəннің берілісін, тəрбие жұмыстарының бірнеше бағыты бойынша бақылау, фронтальды бақылау кезінде).
Мектепішілік бақылау əдістері: мектеп құжаттарын зерттеу, ауызша жəне жазбаша бақылау, социологиялық (анкета, сұрау, интервью алу, əңгіме, эксперименттік бағалау, т.б.), хронометраждық, алдыңғы қатарлы педагогикалық тəжірибені зерттеу, диагностикалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет