Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


Орта ғасырдағы Отандық философия



бет116/175
Дата18.10.2023
өлшемі2,79 Mb.
#118431
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   175
Байланысты:
lektsii po filosofii

Орта ғасырдағы Отандық философия
Жоғарыда айтып өткенiмiздей, бiздiң бабалар көшпендiлiк мал шаруашылығымен қатар “Жiбек жолы» мен Сыр-Дарьяның т.б. өзен-сулардың бойында қалалар орнатып, егiн егiп, қол өнердi дамытып, сауда-саттықпен айналысқан. Сонымен қатар, әрине, мәдениет пен философия да биiк деңгейге көтерiлген.
Орта ғасырдағы Отандық философияның айқын жұлдызы - ол Аристотельден кейiнгi “Екiншi ұстаз» аталған дана бабамыз әл-Фараби. Бiз оның шығармашылық жолын “Араб философиясына» арналған тарауда талдаған болатынбыз, өйткенi ол түрiктер мен қатар арабтардың да рухани атасы болып табылады. Сонымен қатар, Орта ғасырларда басқа да көрнектi тұлғалар өмiр сұрiп өздерiнiң тамаша ойларын халыққа сыйлаған.
Орта ғасырлардағы Отандық философияның бастауын ғалымдар УIII ғ өмiр сүрген Қорқыт атаның шығармашылық жолына апарып тiрейдi және ол заңды да. Тарихи деректер мен халық шежiресi бойынша, Қорқыт - УIII ғ Сыр бойында өмiр сүрген батыр, атақты ақын, асқан кұйшi, қобызшы, аңыз кейiпкерi. “Қорқыт ата кiтабы»- түркi тектес халықтардың ежелгi тарихын, өмiр салтын, әдет-ғұрпын, ақындық дәстүрiн танытатын эпикалық-тарихи мұра. Оның iшiнде 12 тұрлi дастан бар және оның әрқайсысы өзiнше аяқталған шығарма. Бұл шығармалардың тұп-тамыры, шамасы, сонау көне замандарда пайда болған мифологияға кетедi, сондықтан, олардың құндылығы да, мiне, осында. Мысалы, Дерсе хан жөнiндегi аңызда әйелiнiң кеңесi бойынша, хан қарапайым халыққа садақа ұлестiрiп, ата-бабасының аруағына сиынып, тәңiрден бала тiлеп алады. Ол бала дәу бұқаны жұдырықпен ұрып-жыққаны ұшiн Бұқаш аталып кетедi. Мұндай желiс қазақ дастандарында көп кездеседi. Батырлар “әулиеге ат атап, қорасанға қой атап»ата-бабалар қабiрiне түнеп, көп тiлектерден кейiн барып туылады. Осылайша өмiрге келген балалар өсе келе ел-жұртының қорғаны, қамқоршысы болып шығады. (Ертөстiк, Алпамыс, қобыланды т.с.с.)
“Қорқыт ата кiтабындағы» Төбекөз (қазақ, қырғызда “Жалғыз көздi дәу» ертегiсiнде кездеседi) өзiнiң iс-әрекетi, ой-мақсаты, қатыгездiгi жағынан “Одиссей» жырының үрейлi кейiпкерiн еске түсiртедi.
Кiтаптың бесiншi тарауындағы “Тоқа баласы Ержүрек Домрул туралы жырда» ажалмен күресу, өлместiк мәселесi талданады.
Жалпы алғанда, “Қорқыт ата кiтабындағы» көтерiлген әлеуметтiк мәселелерге келер болсақ - олар: халықтың бiрлiгiн сақтау, әлеуметтiк әдiлеттiлiктi жақтау, жер мен суды ақылмен пайдалану, қылмыскерлермен заңды жолмен күресу, әдет-ғұрыпты сақтау, елдi жаулардан қорғау т.с.с. Халықтың жадында қалған аңыздар бойынша, Қорқыт ата өмiрiнiң соңғы кезiнде қобызын тартып, неше-түрлi әуендер шығарған. Табиғаттың тылсым күштерiн, адам жанының көңiл-күйлерiн, сезiмiн ұлы бабамыз қобыз сарынымен жеткiзе бiлген. Ол өлгенде оның артында шығарған күйлерi қалады. “Қорқыт күйлерi» осы уақытқа дейiн ойналады.
Қорқыт атаның артында қалған нақыл сөздерi өзiнiң даналығымен тарихта сақталып, осы уақытқа дейiн бiздi таңғалдырады. “Ер жiгiтке қара таудай мал бiтсе, жияр, көбейтер, талап етер, бiрақ несiбесiнен артығын жемес». Қазiргi экономикалық реформалардың барысында әрбiр iскер адам, жалпы алғанда, әрбiр азамат осы нақыл сөздердi терең сезiнуi қажет, ол қазiргi бизнес этикасының негiзгi қағидаларының бiрi болса екен деймiз. Сонда ғана iскерлер “мерседес» мiнудiң орнына жиналған қаражаттарына жаңа жұмыс орындарын ашып, өзiн қарапайым ұстап, шынайы халықтың алғысына кенелiп, қоғамдағы абыройлы әлеуметтiк топқа айналады. “Тәкаппарлықты тәңiр сүймес», “Көңiлi пасық ерде дәулет болмас» деген нақыл сөздер де жоғарыдағы айтылған ойларға жақын екенiн оқырман сезiнген болар.
“Ескi темiр бiз болмас, ескi мақта бөз болмас», “Қар қаншама қалың жауғанмен - жазға бармас, гүлденiп өскен бәйшешек - күзге бармас»,- деген нақыл сөздердiң де терең сыры бар. өйткенi, дүниедегi барлық құбылыстар мен заттар уақыттың шеңберiнде өмiр сұредi, олай болса, әр нәрсе өз уақытында ғана құнды, оның өз өлшемi бар.
“Ат қиналмай жол шалмас», “Ақылсыз балаға ата дәулетiнен қайран жоқ»,- деген нақыл сөздер де өмiрлiк тәжiрибеден алынған. Дүниеде бақытқа жету үшiн қиындықтар мен қайшылықтардан өтiп тек ақылмен жасалған ұлағатты iстер атқару қажет деген ойға әкеледi.
“Кiмнiң батыр, кiмнiң бақыл екенiн жырау бiлер»,- деген нақыл сөз тек көпшiлiктiң мүддесi үшiн iстелген iстер ғана құнды, қоғамның алға басуының тетiгi, негiзi деп қарағаны болып шығады.
Сонымен, Қорқыт атаның қалдырған терең философиялық ойлары (ел қорғау, ар-намыс, бiрлiк үшiн күресу, iзгi ниетте болу, ұлағатты iс-әрекеттерiңмен халықтың рухында қалып өлместiк дәрежесiне көтерiлу т.с.с.) ұрпақтан-ұрпаққа рухани мұра болып қала беретiне бiз кәмiл сенемiз.
Орта ғасырлардағы Отандық философияда ерекше орын алатын, бүкiл Дүниежүзiлiк ағарған қауымға мәлiм тұлға Ж8сiп Хас Хаджиб Баласағұн (1017-1083 ж.ж.). Баласағұн қаласында дүниеге келген, ол сол кездегi Қараханид мемлекетiнiң сауда, қолөнер, мәдениетi дамыған басты қалаларының бiрi болған.
Негiзгi еңбегi “Құтадғу бiлiг» (Құтты бiлiк) - алғашқы түркi тiлiнде жазылған мәдени-эстетикалық, философиялық дастан. Онда қазiргi түркi тiлдес халықтардың Орта ғасырлардағы тарихы, қоғамдық саяси өмiрi, ғылым мен әдебиетi, әдет-ғұрпы, жалпы алғанда мәдениетi жөнiнде қыруар мол деректер бар туынды.
Ж. Баласағұнның ойынша, Дүние жер, су, от, ауадан тұрады. Адам басқа тiршiлiктерге қарағанда ерекше жаратылған пәнде. Оның жан-дүниесiнен өнер, бiлiм, ақыл-ой, көңiл, ұятты табуға болады. Соңынан ұлы Абай да осы рухани құндылықтарға үлкен мән берген болатын. әсiресе, таным, бiлiм мәселерiн ойшыл жоғары орынға қояды: “Бiлiм биiк, ақыл ұлық,
« Бiлiмсiздiк - ауру...»,- деп қорытады ұлы ойшыл.
Дастанның арқауы ретiнде 4 қағиданы көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет