Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы


Кеңестiк дәуiрдегi Отандық философия



бет127/175
Дата18.10.2023
өлшемі2,79 Mb.
#118431
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   175
Байланысты:
lektsii po filosofii

Кеңестiк дәуiрдегi Отандық философия
Кеңес дәуiрiнiң бастапқы кезiндегi ақуалды бiз жоғарыда әңгiме еткен болатынбыз. әрине, кеңес заманын сыңаржақты бағалауға болмайды. Көп нәрсенi жоғалтқанымызбен бiрге жетiстiктерiмiз де аз болған жоқ. әсiресе, 50-шi жылдардың аяғынан бастап, жеке тұлғаға табыну әшкерленгеннен кейiн, қоғамның өрлеуi басталды. қазақстандағы тың игеру үрдiсi елдi көпұлттық қоғамға әкелдi. Жер байлығы игерiлiп, жаңа қалалар, жоғарғы оқу орындар, театрлар мен кiтапханалар, мұражайлар бой көтердi.
Философия саласына келер болсақ, Қазақ Мемлекеттiк университетiнде арнаулы факультет ашылып, кәсiби философия дүниеге келiп, олар зиялылар тобының iшiнде ерекше орынға ие болды. Сонымен, ұлттық тарихта классикалық философия дискурсының ұлгiсiмен қалыптасқан философиялық ой-өрiсi дүниеге келдi.
Қазақ философтары маркстiк парадигманың (үлгiнiң) шеңберiнде, әсiресе, 60-шы жылдары ұлкен жетiстiктерге жеттi. Бiршама дарынды жас философтар жоғарыдан тұсiрiлетiн “тапсырмалы тақырыптардан» бас тартып, сол кездегi саяси жағынан алғанда қауiпсiз - логика саласына - өз назарын аударады. Олардың айрықша көзге көрiнiп, дүниежүзiлiк деңгейге көтерген философия саласы - ол диалектикалық логиканың категориялық құрылымын байытып тереңдетуге арналған зерттеулер едi. Бұл зерттеулерге аса қомақты үлес қосқан Ж.Абдильдин, А.Нысанбаев, М.Хасанов және олардың шәкiрттерiн айтуға болады. Философия мен жаратылыстану саласындағы байланыстарды зерттеуге К.Рахматуллин, М.Сабитов, З.Муқашев, А.Балгымбаев, В.Зорин, М.Изотов т.б. ғалымдар өз үлесiн қосты.
Немiс классикалық философиясының (Г.Гегель, И.Фихте) қойған адам, оның ерiктiгi мен жасампаздық iс-әрекетi, жаттану, т.с.с. мәселерiн терең талдап, маркстiк тұрғыдан дамытқан көрнектi ғалым қ.Абишевтi және оның шәкiрттерiн ерекше атауға болатын сияқты.
Қазақ философиясында ерекше орны бар тұлға - А.Қасымжанов. Ол алғашқылардың бiрi болып әл-Фарабидiң философиясын зерттеп, оны өз халқымен тағы да қауыштырды. Сонымен қатар, өз халқының тағдыры, қазақ, жалпы түркi руханиятына арналған оның еңбектерi - ғалымнан болашақ ұрпақтарға қалған асыл мұра.
Философияның өзектi салалары - этика ғылымының Отандық философиядағы iргесiн қалаған Г.Ақмамбетовты, эстетиканың - Б.Казыханова, К.Нұрланованы және олардың шәкiрттерiнiң қызметiн атап кетуге болады.
Ендi әлеуметтiк философияға келер болсақ, қазақ халқының тарихына алғашқылардың бiрi болып философиялық сараптау жасап, көшпендiлiктен жаңа өмiрге өту ұрдiсiн мазмұнды талдаған Д.Кiшiбеков болды. қазақ халқының ғасырдың аяғында тағы да бiр өтпелi кезеңнен өту ұрдiсiне байланысты ғалым бұгiнгi таңдағы өзгерiстердi сараптап, нақтылы да тиiмдi ұсыныстар бердi.
Қоғамның әлеуметтiк құрылымын терең талдап, бұгiнгi өтпелi қоғамдағы әлеуметтiк рестратификация (қайта құрылу) мәселесiн зерттеуге қомақты ұлесiн қосып жүрген М женовты және оның шәкiрттерiн атаймыз. Бұл тұлғаның философиялық кадрларды дайындауға қосқан үлесi де ерекше.
Қазақстанның кеңес заманында “халықтар достығының лабораториясына» айналуына байланысты ұлт-аралық қатынастарды зерттеуге ерекше көңiл бөлiнген болатын. Бұл мәселенi зерттеуге қомақты үлес қосқан Н.Джандильдин, М.Сужиков, А.Айталы, Т.Сарсенбаев, Р.Абсаттаров, Н.Байтенова, Н.Малинин т.б. ғалымдарды атауға болады.
60-80-шi жылдары қоғамдық қатынастардың нормативтiк табиғатын, дәстұрлi мәдениеттiң дамыту жолдарын зерттеп өзiндiк iзiн қалдырған көрнектi ғалым Н.Сарсенбаевты атау керек.
80-шi жылдардан бастап әлеуметтiк таным методологиясын дамытуға өз қомақты ұлесiн қосқан, сонымен қатар, Отандық философия тарихын зерттеуге ат салысып жұрген ғалым А.Касабек - зиялы қауымға жақсы таныс. Осы кезде ғылыми-техникалық революция және тұлғаның дамуына байланысты Ә.Тұрғынбаевтың бiршама нәтижелi еңбектерi жарық көрдi.
Саяси және құқтық философияға өз үлесiн қосқан Л.Байдельдинов, Т.Мустафин, М.Баймаханов, Л.Вайсбергтi атап өтуге болады.
Бұл жылдары қоғамның рухани өмiрi, қоғамдық сана мәселелерi де зерттеуден тыс қалған жоқ. Оған өз ерекше iзiн қалдырған ғалымдар К.Шулембаев, С.Темірбеков, М.Усенова, О.Сегізбаев, Е.Шехтерман, Л.Славин т.б. ғалымдар болды.
Әрине, кеңес заманында өмiр сүрiп шығармашылық тұрғыда еңбек еткен ғалымдардың бәрiн атап, олардың еңбектерiне талдау жасау мұмкiн емес - ол үшiн арнаулы кiтап жазу керек. Жоғарыда аталған тұлғалардың өзi-ақ елiмiздегi кәсiби философияның биiк деңгейде болғанын көрсетедi деген ойдамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет