Дәрістер жарық дифракциясы



бет4/4
Дата13.11.2022
өлшемі4,86 Mb.
#49804
1   2   3   4
Байланысты:
Лекция 13-14 Оптика

Сонымен, дене жайындағы мәлімет голограммада интерференциялық көрініс түрінде тіркелген болады. Осы мәліметті оқу (қалпына келтіру) үшін голограмманы когерент шоқпен жарықтандыру керек (3в- сурет). Енді бұл толқын оқығыш (қалпына келтіруші) толқын деп аталады. Осындай толқынмен голограмма жарықтандырылады. Осы сәтте голограммаға терезеден қарағандай қарасақ, онда дененің үш өлшемді нақты кескінін көреміз. Кескінді қалпына келтіру (оқу) когерент оқығыш толқынның (дифракциялық тор болып саналатын интерференциялық жолақтар жүйесі тіркелген) голограммада дифракциялану нәтижесінде орындалады. Ескеретін нәрсе, тірек толқын мен қалпына келтіруші толқынның толқын ұзындықтары бірдей болуы шарт емес.


Сонымен, кескін алудың голографиялық әдісі екі сатылы болады. Бірінші кезеңде дененің голограммасы алынады (голограмманы жазу); екінші кезеңде голограммадан дененің көрінетін кескіні қалпына кетіріледі (голограмманы оқу). Голограмманы жазу когерент жарық толқындарының интерференция құбылысына, ал оны оқу - жарық толқындарының дифракция құбылысына, негізделген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет