Дәрістер жиынтығЫ «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»



бет16/31
Дата25.11.2023
өлшемі438,08 Kb.
#126985
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Байланысты:
ikt darister kazaksha

Интернет дүние жүзіндегі ондаған мың жүйелерді біріктірген әлемдік алып компьютерлік жүйе. Оның қызметі тілек білдірушіні кез-келген ақпаратпен үнемі қамтамасыз ету. Интернет шексіз ақпараттық ресурстар пайдалы мағлұмат, оқу, ойын ұсынады білетін адамдармен араласуға мүмкіндік туғызады, қашықтықтағы қызмет көрсетулерді, файлдарды электронды почта жіберуді және де басқа ақпараттық ресурстарды ұсынады. Интернетке қосудың қызмет көрсету көлемдері мен бағасы жағынан өзгешеленетін үш түрі бар:

  1. почталық — кез-келген Интернетті қолданушымен тек электронды пчта арқылы алмасуға рұқсат береді, ең арзан түрі;

  2. on-lіne тәртібінде сеанстік (“тікелей байланыста”) — диалогтік тәртіптегі жұмыс — жүйесінің барлық мүмкіндігі сеанс уақытында;

  3. тура (жеке), ең қымбат тұратын — барлық мүмкіншілігі кез-келген уақытта.

Сеанс тәртібіндегі жұмыс кезінде Интернетке кіру көбінесе провайдерлерден (англ. provіde — рұқсат беру, қамтамасыз ету), Интернеттің кейбір бөліктеріне кіруге және оның пайдаланушыларына алуан түрлі қызметтерді жеткізіп беретін фирмалардан сатып алынады. Интернеттің кейбір маршрутизаторлардың көмегімен өзара байланысатын учаскелерді әр түрлі архитектурадағы жүйелерді ұсынады. Жіберілетін мәліметтер, пакеттер деп аталатын кішігірім тиісті бөліктерге бөлінеді. Әрбір басқа пакеттерге қатысы жоқ пакет жүйе бойынша орналастырылады. Интернеттегі жүйелер бір-бірімен шексіз байланыста болады, себебі мәлімет беруге қатысатын барлық компьютерлер TCP/ІP комуникациясының біркелкі протоколын пайдаланады.Шындығында TCP/ІP протоколы — жүйедегі мәліметтерді жіберудің әр түрлі аспектілерін анықтайтын әр басқа екі протокол: TCP протоколы (Transmіssіon Control Protocol) — қателері бар пакеттерді автоматты түрде қайтадан жіберетін, мәліметтерді жіберетін басқару протоколы; бұл протокол жіберілген ақпараттарды пакеттерге бөлу, қабылдаушы пакеттеріндегі ақпараттардың дұрыс қалпына келтіруі үшін жауапты; ІP протокол (Іnternet Protocol) — жүйеаралық өзара әрекеттердің протоколы. Ол паектті адресіне жіберу және қажет пунктіне беру жолында тұрған бірнеше жүйелерден өту мүмкіншілігін жасауға жауапты протокол.TCP/ІP протоколы бойынша ақпараттарды жіберу схемасы мынадай: ТСР протоколы ақпаратты пакеттерге бөліп, оларды нөмірлейді; одан соң ІP протоколының көмегімен барлық пакеттер қабылдаушыға тапсырылады, сол жерде барлық пакеттердің қабылданғаны жайында ТСР протоколының көмегімен тексеріледі; барлық паекттер қабылданып болған соң ТСР протоколы оларды қажетті тәртіп бойынша орналастырады және бір тұтас етіп жинайды.Әрбір Интернетке қосылған компьютерлердің бағалары бірдей, өте сирек кездесетін екі мекен-жайы: сандық ІP-мекен-жай және символды домналық мекен-жайы бар. Мекен-жайды тағайындау мынадай схема бойынша жүргізіледі: Жүйелі ақпараттық Орталық халықаралық ұйымы локальды жүйелердің қожалары мекен-жайлардың топтамасын береді, ал қалғандары нақты мекен-жайларды өз еріктеріне бөледі.ІP-компьютердің адресі, оның ұзындығы 4 байт. Әдетте бірінші және екінші байттар жиі адресін, ал үшінші байт жүйе бөлімшесінің мекен-жайын, ал төртіншісі – бөлімше жүйенің тармағының адресін анықтайды. ІP-ке ыңғайлы бөлу үшін адрес нүктелермен бөлініп 0-ден 255-ке дейінгі төрт таңбалы сандармен жазылады, мысалы: 145.37.5.150. Жүйе адресі — 145.37; адрес жүйе бөлімшесінің — 5; компьютердің жүйедегі адресі — 150.Сандық адрестен домналық (англ. domaіn — область), адрестің айырмашылығы оның символикалығында және оны адам есте жақсы сақтайды. Домналық адрсетің мысалы, barsuk.les.nora.ru. бұл жердегі домна barsuk — компьютердің анық атауы, өз ІP-адресі бар, домна les — өзі компьютерге берілген топтың атауы, домна nora les — домнасына атау берген өте ірі топтың атауы, және т.с.с. Домналық адрес мәліметтер жіберу процессінде ІP-адресіне өзгереді.
Интернеттегі ақпараттық іздестіру жүйелері. FTP және Telnet протоколдары. HTML туралы ұғым
Интернет желісіндегі ақпаратты іздеу жүйесі. Интернеттен жаңа ақпаратты тез алу үшін ақпаратты іздеу жүйесі өңделген.Интернеттен ақпаратты іздеу жүйесінің барлығы арнайы бөлінген компьютерлердегі мықты жабдықталған каналдармен жабдықталуы керек. Олар бір минут ішінде тегін мыңдаған клиенттерге қызмет көрсетеді.Іздеу жүйелерін екі топқа бөлуге болады: адам – редакторлармен қалыптастырылатын пәндік каталогтар; адам көмегінсіз компьютердің арнайы программаларымен қалыптастырылатын автоматты индекстер.
Пәндік каталогқа негізделген жүйелер. Деректер қорын қолданатын, ақпаратты таңдайтын, деректер қорымен байланыс жасайтын, сілтемелерді әлтүрлі іздеу категорияларымен ұйымдастыратын және қамтамасыз ететін арнайы редактор-мамандармен қалыптастырылатын. Пәндік каталогы бар компаниялар WWW-cерверлер мен басқа да желілік ресурстарды каталогтарға орналастыра алады және дүние жүзіне тарата алады.
Автоматты индекстер. Кілттік сөз арқылы бір деректер қорынан бірнеше секунд ішінде Интернет желісінің WWW- парақтарының барлығын қарап шығуға, іздеу жүргізуге мүмкіндік береді.Автоматты индекс үш бөліктен тұрады: робот - программалары; осы роботпен жиналатын деректер қоры; пайдаланушы жұмыс істейтін осы базадағы іздеу интерфейсі.
Сервер - программасы функциялары: Стандартты түрде сұранысты күту; Осы сұранысқа қызмет көрсету; Клиент – программасына нәтижені жіберу.
FTP файлдарды жіберу программасы. FTP (Fіle Transfer Protocol — “файлов жіберу протоколы”) протоколының көмегімен Интернеттегі файлдардың көшірмесін бір жерден екінші жерге ауыстырады. Жалпы пайдалану файлдары бар компьютерлерді, FTP-серверлер деп атайды. Интернетте 10 Терабайттан артық тегін файлдар мен программалар бар.
Бақылау сұрақтары:

  1. Компьютер аралық байланыстың қызметі қандай?

  2. "клиент–сервер" технологиясын суреттеп беріңіздер.

  3. Компьютер жүйесіндегі интерфейстердің сәйкессіздік мәселесі қалай шешіледі?

  4. Коммуникация протоколы деген не? Жүйелік топологияның негізгі түрлері.

  5. ІP-адрес дегеніміз не?

  6. WWW жүйесі пайдаланушыларға қандай қызмет көсетеді?

Интернет желісінде ақпаратты іздеу жүйесі қалай ұйымдастырылған?




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет