Бақылау сұрақтары: SQL тілі қандай мәліметтерді өңдеу құралы болып табылады?
SQL қандай тіл болып табылады?
1992 жылы SQL тілінің қандай стандарты пайда болды?
SQL тілінде белгісіз немесе анықталмаған мәліметтер қалай белгіленеді?
SQL тілінің теориялық негізі не болып табылады?
SQL тілінің функцияларын атаңыз
SQL тілінің қай операторы МҚ-ға қол жеткізуді басқарады?
SELECT, INSERT, DELETE, UPDATE операторлары не болып табылады?
REVOКE операторы нені орындайды?
SQL тілінің алғашқы стандартын кім және қашан жасаған?
Желілер және телекоммуникациялар.
Компьютерлік желі – бұл араларында ақпарат тасушысы жоқ, өзара ақпарат алмаса алатын компьютерлер жиынтығы. Жүйе құрамына кіретін компьютерлер өзара ақпараттар алмаса алатын, байланыс каналдары арқылы жалғасуы керек, ал компьютерлерде жүйелер жұмысын байланыстыратын басқару бағдарламасын ұйымдастыратын арнайы бағдарламаны қамтамасыз ететін қондырғы орнатылуы қажет.
Компьютерлік жүйе тораптардың жиынтығын және оларды жалғастырып тұрған тармақтардан тұрады.
Жүйе тармағы — бұл бір-бірімен байланысты тораптарды жалғайтын жол. Жүйе тораптары үш типті болады: шеткі торап — тек бір тармақтың соңында; аралық торап — бірден көп тармақтардың соңында орналасқан; бір-бірімен байланысты торап — бұндай тораптар негізінен бір-ақ жолмен байланысқан.Компьютерлерді жүйеге әртүрлі қосу амалы оның топологиясы деп аталады.
Жүйе топологиясының ең көп тараған түрлері:
сызықтық жүйе - тек екі соңғы және кез-келген аралық тораптан тұрады, сонымен қатар кез-келген екі тораптың арасында тек қана бір-ақ жол болады,
шығыршық тәрізді жүйе - әрбір торапқа екі тармақтан қосылады,
ағаш тәрізді жүйе - екіден көп соңғы тораптардан және қалай болғанда да екі аралық тораптан тұрады және екі тораптың арасында тек бір жол,
жұлдыз тәрізді жүйе- . тек бір ғана аралық тораптан тұратын жүйе,
ұя сияқты жүйе- кем дегенде екі тораптан тұратын және олардың арасында екі немесе одан да көп жол бар,
толық байланысқн жүйе - кез-келген екі тораптың арасында тармағы (бұтақ) бар.
Жүйе архиектурасы - ол мәліметтер жіберу жүйесінің тарату құрылымы, оның топологиясын, құрылғысы және олардың жүйедегі өзара әрекетінің ережесі. Жүйе архитектурасы көлемінде ақпаратты кодпен хабарлау мәселелері, оның адресіне жіберу, үздіксіз келіп түетін хабарларды басқару жүйенің жағдаындағы және сипаттаудың нашарлауы кезіндегі қателіктерді бақылау мен талдау мәселелері қаралады.
Өте кең тараған архитектуралар:
ЕTHERNET (ether — эфир) — кең тарататын жүйе. Бұл жүйенің барлық станциялары алады деген сөз. Топология-сызықтық жіберу жылдамдығы 10 немесе 100 Мбит/сек,
АRCNET (Attached Resource Computer Network –ресурстар біріктірілген компьютерлік жүйе-кең тарататын жүйе. Физикалық топология–ағашы. Мәліметтер жөнелту жылдамдығы 2,5 Мбит/сек, Token Rіng (эстафеталық шығыршық жүйе, маркер жіберу жүйесі) – шығыршық жүйедегі мәліметтер жіберу принципі – бір-бірімен байланысқан тораптардан әрбір тораптың қысқа қайталанбайтын ерекше беттер –маркердің жүйлігін тосады. Маркердің келуі хабарды сол тораптан келесі торапқа жіберуді көрсетеді. Мәліметтерді жіберу жылдамдығы 4 немесе 16 Мбит/сек,
FDDІ (Fіber Dіstrіbuted Data Іnterface) — мәліметтерді көп талшықты байланыс жүйелеріне жоғары жылдамдықпен жіберудің жүйелік архитектурасы. Жіберу жылдамдығы - 100 Мбит/сек. Топология — қос шынжыр немесе аралас (жұлдыз тәрізді немесе ағаш тәрізді жүйелерді қосу арқылы). Жүйедегі станциялардың ең көп мөлшері – 1000. Құрал-жабдықтың құны өте жоғары,
АТМ (Asynchronous Transfer Mode) — болашағы мол, әзірге ең қымбат архитектура, бір жүйемен сандық, бейне көріністік және дыбыстық мәліметтерді қамтамасыз етеді. Жіберу жылдамдығы 2,5 Гбит/сек-қа дейін. Байланыс жолы оптикалық.