Дәрістер жинағЫ 1- дәріс. СӨйлеу тілінің БҰзылуын анықтау



бет7/35
Дата22.11.2023
өлшемі280,46 Kb.
#125124
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
Фонематикалық талдау – жинақтау жағдайын төрт жастан асқан балалардан бастап тексереді.
4 жасқа.
Тапсырма: Мына сөздерде «Ш» дыбысын естігенде қолыңды көтер (алаша, қалаш, мысық, шана, т.б.).
5 жасқа.
Тапсырма: сөздің басындағы дауысты дыбысты атау.
алма ешкі
орақ орман
өрік ыдыс
үйрек әліппе
ілгіш ұшақ
6 жасқа.
Тапсырма: Сөз басындағы дауыссыз дыбысты атау.
қалам гүл
халат кітап
маса бөрік
сағат тауық
лақ шыбын
Тапсырма: Сөз соңындағы дауысты дыбысты атау.
бала оқушы
әже ертегі
тау қала
Тапсырма: Сөздегі дыбыстың орнын, ретін, санын анықтау.
Мысалы, «қас» сөзінде 1-2-3- дыбысты ата, барлығы неше дыбыс, дауысты дыбысты ата.
Фонематикалық жинақтауын тексеру
5-6 жасқа.
Тапсырма: дыбыстардан сөз құрау
а, п, а
т, а, л
с, а, ғ, а ,т
т, а, қ, о, ш
Тапсырма: буындардан сөз құрау
қа ла
ба ла
ба ла пан
кө бе лек
Тапсырма: ретсіз берілген буындардан сөз құрау
ма ал
лық ба
қа даш рын
Тапсырма: берілген дыбыстар сөздің басында кездесетіндей сөз ойлау
ш, с, р, л
Егер бала мектепте оқымаған болса, онда тексеру барысында түсіндіру, көрсету, қате жауапты талдау тәсілдерін пайдаланып, тек оқуы мен жазуын меңгеруге әзірлігін білу үшін дыбыстық талдаудың қарапайым түрін үйретуге әрекет жасап көру қажет.
Ең аддымен балаға сөз құрамындағы дыбыстарды бір-бірімен айырып және бөліп алу тәсілін үйрету керек. Ол үшін а, о, дыбыстарын дауыстап және созып айта отырып балаға оларды қайталатып, сосын ол дыбыстарды сөздің ішінен тауып алуды ұсынады. Алғашкы кезде сөздің басында тұрған дауысты дыбысқа екпін түсетін от, өрт, Ася деген сияқты сөздерді іріктеп алады.
Айыратын дыбысты созып және ырғағын келтіріп, айтылуына баланың назарын аударады. Алдымен баланы салыстыруға мүмкіндігі болатындай екі-үш дауысты дыбыстармен таныстырады. Сосын дыбыстарды айту үшін құрамындағы дауысты дыбыс анық, ашық және екпін түсіп тұратын бір буынды сөзді пайдаланады. Мысалы, сұрақ: "Қо-о-ой сөзінде қай дыбысты естіп тұрсың? То-о-он сөзінде ше? Ж-а-ан сөзінде ше?"
Егер бала тапсырманы түсінбесе және сөзден керекті дыбысты айыра алмаса, онда дыбысты атап, жәрдем беру керек. Жаттығу барысында ол дауысты дыбыстарды айыруды біртіндеп үйренеді.
Содан кейін әр түрлі сөздер құрамындағы дауыссыз дыбыстарды айыруды ұсынуға болады. Бала белгілі бір дыбыстан басталатын сөзді тану керек.
Мысалы, бастапқы дыбысы М-дан басталатын сөзді танып алу үшін араласқан бірнеше сөздердің тізбесін келтіреді: мал, алма, мақта, марал, қол, маса, тон, мәсі, орақ, май, мысық, тышқан, қозы.
Егер бала дыбыстарды айыру тапсырмасын мүлтіксіз орындай алатын болса, онда дыбыстарды бөлу тәсілін қолдануға болады.
Бұндай жұмысты ойын түрінде жақсы өткізуге болады. Логопед балаға оның есімі нақтылы бір дыбыстан басталатынын айтып тісіндіреді. Мысалы ол М дыбысынан басталады деу керек. /Марат, Мәлике/ "Ал енді саған басқа бір есімді атаймын, сен оның бастапқы дыбысын табуың керек. Мен ол есімді атағанда сенің табатын дыбысыңды көтеріп, әрі созып айтамын. Ықылас қойып тыңда. Жаңылмай, дәл табуың керек". Іріктеп алынатын сөздің бастапқы дауысты дыбысына екпін түсіріп тұратын болу керек. /Ат, Ася, от/ бала талданатын сөздің бастапқы дыбысын атауы керек.
Содан кейін сөзден дауыссыз дыбысты бөліп алуды ұсынуға болады. Сөздің соңында тұрған дауыссыз дыбысты бөліп алу оңай. Ұяң дыбыстарға аяқталатын сөздерді талдауға болмайды / кағаз, каз, жаз, мал және т.б./
Балаға таныс жеке заттар бейнеленген суреттерді көрсетуге бо­лады. Мысалы, суреттегі жапырақты логопед жапыра... дейді де, баладан соңғы дыбысын айтуды сұрайды. Егер ол бұл тапсырманы түсінсе, онда өзіне таныс сөздердің соңғы дыбыстарын бөліп алуға ұсыныс жасайды, мысалы: тас, етік, ит, мысық, лақ және т.б.
Егер бала дыбыстарды талдаудын бұл тәсілдерін мүлтіксіз орындай алатын болса, онда сөздің басындағы дауыссыз және соңындағы дауысты дыбыстарды бөліп алу ұсынылады. Ол үшін мына сөздерді пайдалануға болады. Мысалы: тау, ара, Сәуле, маса, және т.б.
Осы тәсілдерді бала жеңіл орындай алатындығын байқағаннан кейін, енді бұдан гөрі қиындау, тапсырманы орындауды ұсынады. Бала берілген дыбыстан басталатын сөзді өзі табуы керек. Айналасындағы өзі күнделікті көріп жүрген заттардың ішінен К немесе М дыбысынан басталатын сөздерді іріктеп табу керектігі айтылады. Мысалы, баланың күделікті көріп, әрі қолданып жүрген сөздері: күн, көрпе, май, көпшік, кино, мақта, көйлек және т.б.
Келесі тәсіл – дыбыстың құрамы бойынша сөздерді салыстыру. Айырмашылығы тек бір дыбыстан болатын сөздердің атауларына бейнеленген заттары бар суреттері іріктеп алып, балаға көрсетеді де, олардың аттарын атағаннан кейін дыбыстық айырмашылығын сұрайды. Мысалы: май-тай, жүн-түн, бала-қала, табақ-сабақ, сабан-табан. Баланың түсінігін тексеру үшін бұл тәсілді ауызекі қолданып та көруге болады. Мысалы, логопед балаға Манат-Жанат деген екі сөздің дыбыстық айырмашылығын сұрай­ды. Бұл қолданылған тәсілдерді сөйлеу тілі дұрыс дамымаған ересек оқушылардың оңай игере алатындығы жүргізілген тәжірибеден белгілі болса, ал фонетика-фонематикалық дамуындағы кемістіктері бар немесе жалпы сөйлеу тілі толық дамымаған балаларға айтарлықтай қиындық туғызады.
Мектепте оқитын, дыбыстық талдаудан түсінігі бар балаларға, күрделілігі қиындау тапсырма беріледі. Оның сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа бөлуді, олардың жүйелігінің және дыбыстардың сөзден орнын айыра алатындығын білетін-білмейтіндігін тексереді.
Балаға талдау үшін сөз беріліп, ол сөздегі дыбыстарды санап, қандай дыбыстардан тұратынын, олардың сөзде орналасу жүйелігі қандай екенін айтуды, сосын екінші, бесінші және т.б. дыбыстарды бөліп алуды ұсынады. Тексеру күрделілігі әр түрлі сөздерді пайдалануға болады. Мысалы: үй, ат, май, шана, оқушы, мысық, балық т.б.
Бала сөз құрамындағы өзі дұрыс айта алмайтын дыбысын қалай бөлетіндігіне ерекше назар аударуды қажет етеді. Егер ол басқа дыбыспен алмастыратын болса, онда оған сәйкес дыбысы бар сөзді өзі ойлап табуын өтіну керек. Бұл дыбысты басқа дыбыспен алмастыруы бөліп алу қиындығымен байланысты ма, жоқ әлде тек дыбыстың өзін дұрыс айта алмауынан ба екенін анықтауга болады.
Аныктауға арналған жақсы тәсілдің бірі – керекті дыбыстан басталатын сөздермен аталатын заттар бейнеленген суреттерді іріктеп алу. Сонымен бірге жиі шатастыратын дыбыстардан басталатын заттар бейнеленген суреттерді іріктеуді ұсынуға болады.
Бейнеленген заттардың аттарының бастапқы дыбыстары: 1) талданатын дыбыстан; 2) ең жиі араласатын дыбыстардан; 3) іріктеуге жатпайтын баска дыбыстардан тұратын суреттердің жиынтығы болу қажет. Мысалы, егер бейнеленген заттың аттары С дыбысынан басталатын суреттерді сұрыптау ұсынылатын болса, онда олар­дың арасында бейнеленген заттардың аттары с, з, ц, ш, ж, ц, щ дыбыстарынан басталатын суреттерде, сонымен бірге аттары м, ж, к, к, і және тағы басқа дыбыстардан басталатын суреттердің бірнешеуі болу керек. Бейнеленген заттардың аттары С дыбысынан басталатын суреттерді бір топқа, 3 дыбысынан басталатындарды екіншісіне, Ш дыбысынан басталатындарды үшіншсіне және тағы баскаларын келесісіне, сөйтіп барлық суреттерді топтарға бөлуді ұсынып, тәсілдің түрін өзгертуге болады. Бұл тәсілге алынатын суреттердің жобалы тізімі мынандай болу керек: шана, қоңыз, тон, шұлық, сандық, шапан, шопан, қозы, шеге, сиыр, қасық, жалау, қаз, қайшы т.б.
Дыбыстық талдауды барлық жағынан толық меңгерген балалар үшін оқу барысында онша жиі қолданбайтын, көп буынды, дауыссыз дыбыстары бір жерге топталған, дыбыстарын дұрыс айта алмайтын сөздерді арнайы сұрыптап алады. Мысалы: сандық, ескерткіш, милиционер, қауырсын т.б.
Бала өзіне міндеттелген тапсырманы қаншалықты оңай орындауы мүмкін, ешқандай қиындықтар кездескен жоқ па, егер кездессе олар қалай байкалды; бала дыбыстарды айырып және бөліп алама немесе баска дыбыстармен алмастыра ма, немесе тапсырманы мүлдем орындай алмай ма; талданған сөзден дыбыстардың жүйелігі айқындала ма, тексеру барысында анықталған мәліметтерді логопед жазып алады. Баланың дыбыстарды айыру-дағы жіберетін қателері неғұрлым көп болса, демек сөздің дыбыстық құрамы туралы түсінігі таяз болса, соғұрлым ол дыбыстар­ды нашар талдайды, оқу мен жазуды меңгеруге дағдыланғанға дейін соншалықты қиналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет