ДӘрістер кешені дәріс есептеу техникасының даму тарихы



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата06.02.2017
өлшемі0,91 Mb.
#3506
1   2   3   4   5   6   7   8

Көпесептілік  –  бір  процессорды  кӛптеген  қолданбалы  программалар  мен  ақпарат 

ағындарын  қатар  ӛңдеуге  пайдалану  (егер  қолданбалы  программалар  жеке  орындалатын 

компоненттерге жіктелсе, соларды да қатар орындау) қасиеті. 

Көппроцессорлық  өңдеу  –  компьютерде  бірнеше  процессорлардың  қатар  жұмыс 

атқаруы,  олардың  әрқайсысын  бір-бірден,  бір  мезгілде  бірнеше  есептерді  орындауға 

болатынын  кӛрсетеді.  Тұтынушылардың  интерфейстерін  (сұхбаттасу  элементтерін) 

қолдану  бағытына  сәйкес  Windows  графикалық  жүйеге  жатады.  Ал  графикалық  емес 

операциялық жүйе мысалы ретінде бұрынғы MS DOS жүйесін айтса болады. 

Windows компьютер іске қосылысымен автоматты түрде жүктеліп жұмысқа кіріседі. 

Ол үшін ОЖ дискінің арнайы бір бӛлігіне жазылып, оны жүктейтін программалық код та 

бірге жазылады. 



 Windows 

операциялық  жҥйесімен  жҧмыс  істеу  негіздері.  Тҧтынушы 

интерфейсі.  Windows  жүйесі  мен  тұтынушы  арасындағы  мәлімет  алмасу    ортасы 

(интерфейсі) тӛмендегідей негізгі элементтерден тұрады: 

 

Стандартты терезе; 



 

Жұмыс үстелі; 

 

Бас меню; 



 

Жанама  немесе  контекстік  меню  (тышқан  оң  жақ  батырмасын  шерту  арқылы 

шығады); 

 

Windows қолданбалы программаларының меню жүйесі; 



 

Windows анықтамалық жүйесі. 



Windows  98/2000  жҧмыс  ҥстелі.  Windows  экраны  жұмыс  үстелі  деп  аталатын 

алғашқы  кӛріністен,  яғни  жүйелік  обьектіден  тұрады.  Жұмыс  үстелі-Windows  жүйесінің 

басқа    обьектілері  мен  басқару  элементтері  орналасатын  графикалық  орта.  Алғашқы  

кӛріністе жұмыс үстелінде бірнеше  стандартты белгішелер яғни жүйелік шартбелгілерді 

(системные  значки)  мен  Тапсырмалар  тақтасын  (панель  задач)  кӛреміз.  Белгішелер 

(значок,  пиктограмма)  -  Windows  обьектілерінің  графикалық  бейнесі,  ал  тапсырмалар 

тақтасы  -  басқарудың  негізгі  элементтерінің  бірі.  Кӛптеген  командалар  тышқан  арқылы 

орындалады. Экранда тышқан  сілтемесі (меңзері, курсоры) деп аталатын активті басқару 

белгісі тұрады. Объектінің белгішесі - обьектінің графикалық бейнесі. 

 Windows  файлдары  және  бумалар.  Windows  жүйесінде  файлдарға  қойылатын  ат 

255  символға  дейінгі  кез  келген    сӛз  тізбегінен    тұрады.  Файлдың  атынан  соң  нүктемен 

бӛлініп оның типі жазылады. 

Файл  атрибуттары  деп  дискіде  сақталып  тұратын  файлдың  сипаттамаларын 

айтады. Жалпы атрибут файл қасиеттерін анықтайтын параметрлер, олар тӛртеу: 

 

Файл аты мен типі



 

Файлдың жазылған немесе соңғы ӛзгертілген мерзімі (дата мен уақыт); 

 

Файлдың байтпен берілген кӛлемі; 



 

Файлдың қорғаныс деңгейлері, олар оның маңыздылығын анықтайды: 

o

 

Архивті (Archive) файл-оқуға, ӛзгертуге, ӛшіруге болатын қарапайым файл; 



o

 

Тек  оқу  үшін  (Read  onlu)  қолданылатын,  ӛзгертілмейтін,  кӛпшілік  қолдануға 



арналған файл; 

o

 



Жасырын (Hidden) сақталатын, басқаларға кӛрсетілмейтін файл; 

o

 



Жүйелік (Sustem) файл - ол әрі жасырын, әрі тек оқылуға арналған комьпютерлік 

жүйеге керекті мәліметтер файлы; 



      Терезе  қҧрылымы.    Бума  терезесінде  тӛмендегідей  міндетті  түрде  болатын 

элементтер  орналасады:  1.Тақырып  жолы  (Строка    заголовка)  –  оның  бойында  Жүйелік 

батырма белгішесі (Cистемный значок), ашылған құжат пен оны ашқан программа аттары, 

терезе  кӛлемін  басқару    батырмалары  (

-жасыру,   

-үлкейту, 

-қалпына  келтіру, 

-

жабу) орналасады, Меню жолы (Строка меню), аспаптар тақтасы (панель инструментов), 



Адрес жолы (Адресная строка), жұмыс аймағы (Рабочая область), Айналдыру жолақтары 

(Полосы прокрутки), Қалып-күй жолы (Строка состояния). 



Файлдар  қҧрылымымен  атқарылатын  әрекеттер.  Бұларға  файл  құрылымы 

бойынша жылжу, программаны іске қосу, құжаттарды ашу, бумаларды құру, файлдар мен 

бумаларды кӛшіру және жылжыту, файлдар мен бумаларды ӛшіріп тастау немесе аттарын 

ӛзгерту, жарлық белгішелерін құру әрекеттері жатады. 



Менің компьютерім жҥйелік бумасы. Бұл бумада құжаттың немесе программаның 

жарлығын  құру  үшін  объектінің  белгісін  керекті  орынға  тышқанның  оң  жақ  батырмасы 

арқылы  тасымалдау  жүргізіледі  немесе  контекстік  меню  арқылы  Жарлық  құру  (Создать 

Ярлык) командасы орындалады. 

 

Сурет Менің компьютерім терезесі элементтері. 

 

Проводник  (Сілтеуіш)  программасы.  Бұл  файлдар  диспетчері  категориясына  

кіретін қызмет ету прогаммасы. Ол файл құрылымы бойынша жылжу немесе оған қызмет 

ету  үшін  пайдаланады.  Программа  Пуск  –Программы  -  Проводник  командасы    арқылы 

іске асады.  



Файл қҧрылымы бойынша жылжу. Бұл әрекет керекті бума мен оның мазмұнын 

кӛру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 



Программаны  іске  қосу  және  қҧжаттарды  ашу.  Бұл  операция  программаның  оң 

жақ  тақтасындағы    программаның  немесе  құжаттың  белгішесін  екі  рет  шерту  арқылы 

орындалады. 

Тақырып 


жолы 

Меню 


жолы 

Бума  қҧру.  Жаңа  бума  құру  үшін  алдымен,  Сілтеуіштің  (Проводниктің)  сол  жақ 

тақтасынан  жаңа  бума  ашылатын  керекті  дискіні  (немесе  буманы)  таңдаймыз,  яғни  оны 

ашу керек. Содан кейін оң жақ тақтаға кӛшіп, белгішелерден бос аймақта тышқанның оң 

жақ  батырмасын  шертіп,  (немесе  контекстік  менюден)    Создать-  папку  командасын 

орындаймыз.  

Файлдар  мен  бумаларды  жылжыту  және  көшіру.      Кӛшірме  алынатын 

түпнұсқалық  мәліметтің  белгішесін  оң  жақтағы  тақтада  шертіп    белгілеп  алып,  оны 

тышқан  арқылы  сол  жақтағы  тақтада  орналасқан  қабылдап  алатын  бумаға  тасымалдау 

керек.  Тасымалдау  кезінде  Ctrl  пернесі  басылып  тұрса,  мәлімет  кӛшіріледі  де,  ал  Shift-

басулы күйде болса әліметтер орын ауыстырып жылжып кетеді. 

Файлдар  мен  бумаларды  өшіру.  Сілтеуіш  программасының  сол  жақтағы 

тақтасында ӛшірілетін обьект орналасқан буманы тандап, ал оң жақтағы тақтадан керекті 

обьектіні  белгілейміз.  Сонан  соң  меню  арқылы  Файл-Удалить  командасын  немесе 

контекстік  менюдегі  Удалить  командасын  орындаймыз.  Бұл  әрекетті  Аспаптар 

тақтасындағы командалық батырманы немесе Delete пернесін басу арқылы да орындауға 

болады.  Обьектімен  жұмыс  істегенде  алмасу  буферін  пайдалану.  Windows  жүйесінде 

мәліметтерді  бір  программадан  екінші  программаға  орын  ауыстыру  немесе  кӛшіру  үшін 

алмасу  буфері  деп  аталатын  қосымша  жад  қызмет  атқарады.  Алмасу  буферімен  жұмыс 

істеу принциптері: 

1.

 



Мәліметтердің  түпнұсқасы  орналасқан  буманы  ашамыз  да,  керекті  обьектіні 

ерекшелеп белгілейміз; 

2.

 

Белгіленген обьектіні буферге  қиып немесе кӛшіріп аламыз. 



3.

 

Қабылдауыш буманы ашып оған буфердегі обьектіні орналастырамыз. 



Обьектілерді  бейнелеу  тәсілдері. 

Сілтеуіш  және  Менің  компьютерім 

программасында обьектілерді терезе ішінде кӛрсетудің тӛрт түрі бар: ірі белгілер арқылы; 

ұсақ белгілер арқылы; тізім түрінде; кесте түрінде. 



Обьектілерді  реттеп  орналастыру  ісі  де  Windows  жүйесінде  тӛрт  түрлі  тәсілмен 

орындалады:  Аттарын  алфавит  бойынша  реттеу;  Типтерінің  атын  алфавит  бойынша 

реттеу; Файл немесе буманың құрылу мерзімі бойынша реттеу. 

Бас  меню  қҧрылымы.  Бас  меню  ішіне  операциялық  жүйе  басқаруындағы  барлық 

программалар мен құжаттарды орналастыруға болады. Оның негізгі сатысының құрамын 



міндетті  түрде  және  айнымалы  түрде  орналасатын  мәліметтер  деп  екіге  бӛлу 

қалыптасқан.  Айнымалы    бӛлім  айыру  сызығынан  жоғары  орналасады.  Оның  құрамын 

тұтынушы ӛз еркімен құра алады. 

Windows программаларын орнату және алып тастау.  Ол үшін Басқару тақтасы 

(Панель  управления)  бумасындағы  Установка  (Орнату)  және  Удаление  программ 

програманы  алып  тастау  жарлықтары  қолданылады.  Қолданбалы  программаларды 

орнатудың  стандартты  құралдары  Олар  Пуск  (Жіберу)  –  Настройка  (Баптау)-  Панель 

управления (Басқару панелі) -Установка (Орнату) командасымен іске қосылады. 

Windows  программаларын  алып  тастау.  Свойства  (Қасиеті)  диалогты  терезе 

құралдарымен іске асырылады: Установка (Орнату) және Удаление программ. 

Жабдықтарды  орнату.  Жабдықтар  аппараттық  және  программалық  болып  екіге 

бӛлінеді. 



Программалық  жабдықтар  орнату.  Басқару  тақтасы  терезесіндегі  Установка 

оборудования  (Жабдықтарды  орнату)  белгісін  екі  рет  шерту  арқылы  жіберіледі.  Жаңа 

жабдық  компьютер  ӛшіп  тұрған  кезде  қосылады.Егер  ӛзі  орнатылатын  құрылғы  болса, 

онда  ол  автоматты  түрде  білінеді,  белгісіз  құрылғы  анықталады  деген  хабар  тиісімен, 

операциялық жүйе ол үшін драйвер таңдап бастайды. 



Windows операциялық жҥйесінің стандартты бағдарламалары. 

WINDOWS  операциялық  жүйесі  құрамына  компьютерде  күшті  бағдарламалық 

орталар орнатқанға дейін күнделікті қарапайым жұмыстарды атқаруға арналған шектеулі 

қолданбалы  бағдарламалар  енеді.  WINDOWS  операциялық  жүйесімен  қоса  қамтамасыз 



етілетін  мұндай  бағдарламаларды  стандартты  бағдарламалар  деп  атайды.  Стандартты 

бағдарламаларға 



WordPad-мәтіндік 

редакторы, 

Блокнот,  Калькулятор, 

Paint 

бағдарламасы  кіреді.  Құжаттар  мен  мәтіндерді  дайындау  –  дербес  компьютерлерді 

пайдаланудың  кең  таралған  жолының  бірі.  Бұл  салада  компьютерлер  тек  баспа 

машинасының ролін ғана атқарып қоймай, құжаттарды дайындағанда, кӛптеген қосымша 

мәселелерді  шешуге  мүмкіндік  береді  және  ұшан  теңіз  жұмыстарды  шығармашылық 

еңбекке айналдырады. WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды құру 

мүмкіндігін  береді.  WordPad  құжатында  мәтін  мен  абзацты  форматтауға,  шекараларын 

жылжытуға,  шегіністерді  орнатуға,  әр  түрлі  қаріптерді  пайдалануға,  графикалық 

бейнелерді, дыбыстық үзінділерді және бейнеклип  қоюға болады. 

Компьютердің  сандық  ақпараттармен  жұмыс  атқару  мүмкіндігін  Windows-тың 

кӛмекші бағдарламасы  Калькулятор арқылы кӛруге болады. Сонымен қатар Калькулятор 

қосымшасы  компьютердің  сандық  ақпараттармен  жұмыс  (мысалы,  санды  бір  жүйеден 

екінші  жүйеге  ауыстыру,  логикалық  арифметика  принциптері,  есептеу  дәлдігін  анықтау 

және  т.б.)  істеу  принципін  тереңірек  түсінуге  кӛмектеседі.  Жүйеде  калькулятордың  екі 



Қарапайым  және Инженерлік түрлері бар. 

Paint – графиктік редакторы

Графикалық  редактор  –  графикалық  ақпаратты  енгізуге  және  ӛңдеуге  арналған 

бағдарлама.  Графиканың  үш  түрі  бар:  олар  векторлық  графика,  растрлық  (нүктелік) 



және фракталдық графикаВекторлық графиканың негізгі элементтік базасы сызықтар 

мен  геометриялық  фигуралар  болып  табылады,  ал  растрлық  графикада  элементтік  база 

нүкте  болып  табылады.  Фракталдық  графикада  суреттер  арнайы  математикалық 

формулалардың кӛмегімен есептеліп салынады. Графикалық бейнелерді құруда және оны 

түзетуде  компьютер  ӛте  күшті  және  ыңғайлы  құрал  болып  табылады.  Компьютердегі 

графикалық редакторлар баспа ӛнімдерін, хат, жарнама т.б. кӛркемдеу үшін қажет.  Paint 

бағдарламасы  графикалық  бейнелерді  құруға  және  оны  ӛңдеуге  мүмкіндік  беретін 

қарапайым графикалық редактор болып табылады. Бұл бағдарлама кӛмегімен қарапайым 

сурет секілді ӛнер туындылары болып табылатын суреттерді де салуға болады. 

Ең  қарапайым  графикалық  редакторлар  әртүрлі  қалыңдықтағы  түрлі-түсті 

қылқаламды  пайдаланып,  бейнелерді  неше  түрлі  түске  бояп,  сурет  салуға,  суретке  мәтін 

енгізуге  мүмкіндік  береді.  Ал  күрделі  графикалық  редакторлар  арнайы  эффектілер: 

кӛлемділік,  кӛлеңке  түсіру,  созылымды  ету,  суреттің  кей  бӛліктерін  үлкейту,  образды 

қайта  жасау  және  түстерді  ӛзгерту,  бір  бейненің  екінші  жаққа  жылжуы  және  т.б. 

мүмкіндіктер  береді.  Күрделі  графикалық  редакторларға  CorelDRAW,  PhotoShop,  Adobe 

Illustrator және т.б. жатады. 

Графикалық  редакторлар  әртүрлі  форматтағы  бейнелермен  жұмыс  істей  алады. 

Редакторларда  стандартты  бейнелер  мен  алдын-ала  даярланған  бейнелердің  үлкен 

кітапханасы бар, оларды пайдаланып, сурет салу ӛнері жоқ адамның ӛзі тез арада керекті 

суретті даярлай алады. 



Paint  бағдарламасы  графикалық  бейнелерді  құруға  және  оны  ӛңдеуге  мүмкіндік 

береді.  Бұл  бағдарлама  кӛмегімен  қарапайым  сурет  секілді  ӛнер  туындылары  болып 

табылатын суреттерді де салуға болады. 

Paint  бағдарламасында  Windows-тің  басқа  қосымшаларындағы  дайын  суреттерді 

немесе сканер кӛмегімен алынған салуға қиын бейнелерді кӛшіріп алып, оны қою арқылы 

да сурет салуға болады. 

Paint графикалық редакторының негізгі екі терезесі бар, олар: терезенің сол жақ шетінде 

Саймандар панелі, терезенің тӛменгі жақтауында түстер палитрасы терезесі. Саймандар 

панелінің  тӛменгі  жағында  сызықтар  қалыңдығн  анықтайтын  терезе  орналасқан.  Түстер 

палитрасында  бір  мезгілде  екі  түспен:  қалам  түсімен  (негізгі  түс)  және  фон  түсімен 

(фондық түс)  сурет салуға болады. 

 


Бақылау сҧрақтары: 

Бақылау сұрақтары: 

1.Windows ОЖ-сының қызметі қандай? 

2.Windows-тың негізгі объектілерін ата? 

3.Жұмыс үстелінің құрамы қандай? 

4.Бумалар мен файлдардың анықтамасы. 

5.Шартбелгілер туралы не білесің? 

6.Жарлық не үшін құрылады? 

7.Сілтеуіш программасының қызметі қандай? 

8. Операциялық жүйелердің атқаратын қызметі? 

9. Кең қолданылып жүрген операциялық жүйелер қандай ? 

10. Windows-тың стандартты қосымшаларын ата? 

11. WordPad-мәтіндік редакторының қызметі қандай? 

12. Блокнотпен қалай жұмыс істеуге болады? 

 

Әдебиеттер 

Нег: 4,5,8 

Қос: 3. 


 

10-дәріс. КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАРДАН ҚОРҒАНУ. ФАЙЛДАРДЫ 

АРХИВТЕУ 

 

Вирустардың түрлері 

 

Вирустан қорғау программаларының түрлері 

 

Файлды архивтеу 

Вирус  дегеніміз  есептеуіш  жүйенің  жұмыс  істеуіне  зақым  келтіру  мақсатында 

жазылған    кішігірім  бағдарлама.  Вирус  –  жасырын  түрде  ӛзін  ӛзі  кӛшіріп,  дискінің   

әртүрлі  аймақтарына,  программалардың  орындаушы  кодтарына  жазылатын  программа 

немесе  кодтық  сегмент.  Жүйеде  ӛзінің  кӛшірмелерін  қажетті  кӛлемде  жасағаннан  кейін, 

жүйеде  басқару алып,  жүйенің қызметіне кедергі жасайды. 

Вирустарды келесі  класстарға бӛлуге болады: 

-  таралу ортасына байланысты; 

- ӛмір сүру ортасына байланысты зақымдау әдістері бойынша анықталатын

- мүмкіндіктеріне байланысты; 

- алгоритмдеріне байланысты ерекшеліктері бойынша класстар; 

Тҥрлері  бойынша  вирустарды  тораптық,  файлдық,  және  жүктеуіштік  деп  бӛлуге 

болады.  Тораптық  вирустар  компьютерлік  тораптар  арқылы  тарайды,  файлдық  вирустар 

орындалатын файлдарға енеді, жүктеуіштік вирустар  – құрамында  винчестердің жүйелік 

жүктеуіші  бар  дискінің  жүктеуіштік    секторына    (boot-сектор)  жазылады.  Файлдар  мен 

дискінің  жүктеуші  секторын  бірдей  зақымдайтын  файлдық  –  жүктеуіштік    вирустар 

болады.  Бұндай  вирустардың  жазылу  алгоритмі  ӛте  қиын  болады,  жазылу  әдістеріне  

стелс және полиморфик технологияларды қолданады. 

-  "стелс"-  вирустар  кӛрінбейтін  вирустар  (невидимки,  stealth),  ӛте  қиын,  қатесіз 

жазылған  вирустар).  DOS  ОЖ-ң  зақымдалған  файлдарға  жіберген  командаларын  ұстап,  

ӛзінің    орнына  ақпараттың  зақымдалмаған  учаскелерін  қояды.  Бұндай  вирус  жасауда 

резидентті  антивирустық  мониторларды  «алдайтын»  алгоритмдердің  қиын,  ерекше 

әдістері  қолданады.    "Стелс"-  вирустардың  қатарына  -  "Frodo",  "Fish#6",  "Brain"    т.б.  да 

вирустар жатады. жатады; 

-  "полиморфик"  -  вирустар  (polymorphic)  –  қиын  табылатын  вирустар.  Оларды  табу 

және  анализ  жасауды  қиындату  үшін  арнайы  тәсілдер  қолданады.  Бұндай  жағдай 

вирустың  негізгі денесін кодтап, программа-расшифровщиктің модификациялары арқылы 

жүзеге  асады.  Әрдайым  қолданылатын  кодтар  участкісі  жоқ,  яғни  бір  "полиморфик"- 

вирустың екі варианты бір біріне мүлдем сәйкес болмауы мүмкін. Кӛбінесе зақымдалған 



файлдардың  ӛлшемдерін  азайтады.  Бұндай  вирусты  файлдардың  ӛлшемі  ӛзгеруі  арқылы 

анықтау мүмкін емес. 



Таралу  ортасына  байланысты  вирустарды  келесі  топтарға  бӛлуге  болады: 

        -  зиянсыз,  яғни  компьютердің  жұмысына  ешқандай  әсері  жоқ  (тек  ӛзінің  таратылу 

соңында дискіде бос орындар кемиді); 

-  қауіпсіз,  әсері  дискіде  бос  орындардың  кемуінен  және  шығатын  графикалық  және 

дыбыстық эффектілерден білінеді

қауіпті вирустар- компьютердің жұмысына салмақты ақау әкелетін вирустар

өте қауіпті вирустар, компьютердегі бағдарламаларды, берілген ақпаратты жойып 

жібереді,  компьютер  жұмысына  керекті  жадының  жүйелік  аймақтарында  жазылған 

ақпаратты толық жойып жіберу мүмкіншілігі бар вирустар. 

Алгоритм ерекшеліктері бойынша келесі топтағы вирустарды бӛліп алуға болады: 

әріптес - вирустар (companion)  

-  файлды өзгертпейтін вирустар. Олар .EXE - файлдар үшін сол атпен бірақ .COM 

деген  кеңейтілуі  бар  файлдар  -  серіктестер  жасайды.  Мысалы:  XCOPY.EXE    файлына 

XCOPY.COM  файлы  жасалады.  Вирус  COM-файл  жазылып,  EXE-файлды  ӛзгертпейді. 

Осындай файл жіберілген кезде DOS біріншіден  .COM-файлды тауып, орындайды, яғни 

ондағы вирус .EXE-файлды іске қосады.  

-  «қҧрттар»  -  вирустар  (worm)  –  компьютерлік  желі  арқылы  тарайды,  дискідегі 

секторлар мен файлдарды ӛзгертпейді. Олар торап арқылы компьютер жадына кіріп, басқа 

компьютерлердің  тораптық  адрестерін  біліп  алып,  сол  адрестерге  ӛзінің  кӛшірмелерін 

таратады.   

-  "паразиттік"  -    вирустар,  ӛздерінің  кӛшірмесін  тарату  барысында  міндетті  түрде 

дискілік сектордың немесе файлдардың  ішіндегі ақпаратты ӛзгертеді. Бұл топқа  «құрт» 

және «әріптес» вирустардың барлығы кіреді.  

-  "студенттік"  вирустар  -  ӛте  қарапайым  вирустар.  Кӛбінесе    программасында  кӛп 

қателері бар резидентті емес вирустар;  

-

 

Файл  зақымдалған  кезде,  вирус  ӛзінің    таратылуын  тездететін  және  оны  



жасыратын  әртүрлі  әрекет  істеуі  мүмкін.  Осындай  әрекеттерге  read-only  атрибуттарын 

ӛңдеу,  яғни  зақымдаудың  алдында  атрибутты  алып  тастап,  зақымдалғаннан  кейін 

атрибутты  қайтадан  қалпына  келтіру  сияқты  функциялар  жатады.  Кӛптеген  файлдық 

вирустар  файлдың  ең  соңғы  ӛзгертулерінің  мерзімін  оқиды  да,  зақымдаған  соң  қалпына 

келтіреді. Ӛзінің таралғанын жасыру үшін кейбір вирустар жазбадан қорғалған дискімен  

байланысу барысыдағы жұмысының үзілісін ұстап алып, оны ӛз бетімен ӛңдейді.  

Вирус  алгоритмдерінің  ерекшеліктеріне  оның  таралу  жалдамадығын  да  жатқызуға 

болады.  Файлдарды  орындауға  жіберген  кезде  файлдарды  зақымдайтын  вирустардың 

жылдамдығы  файлдар  ашылғанда,  аты  ауыстырылғанда,  файлдың  атрибуттары 

ӛзгертілгенде  зақымдайтын вирустардың жылдамдығынан тӛменірек болады.  



Жҥктеуіш  вирустар  флоппи-дискінің  жүктеуші  (Boot)  секторларын,    винчестердің  

Boot-сектор  аймақтарын  зақымдайды.  Зақымдау  барысында  вирус    оригинал  Boot-

секторды  (немесе  MBR)    дискінің  басқа  секторларына  ауыстырады  (мысалы  бірінші  бос 

секторға).  Егер  вирустың  ұзындығы  сектор  ұзындығынан  ұзын  болса,  онда  зақымдаушы 

секторға  вирустың  бірінші  жартысы  жазылады,  ал  қалған  бӛлігі  дискінің  басқа 

секторларына жазылады. Осыдан кейін вирус бастапқы  жүктеуіште орналасқан жүйелік 

ақпаратты  ӛзінің  кодына  кӛшіреді  де  оларды  жүктеуіш  секторға  жазады  (MBR  үшін  ол 

ақпарат  Disk  Partition  Table  болып  табылады,  ал    дискеттердің  Boot-секторлары  үшін  - 

BIOS Parameter Block). 

Дискіде  бастапқы  жүктеуші  сектор  орналастырудың  және  вирусты  жалғастырудың 

әртүрлі  әдістері  бар:  мысалы,  логикалық  дисктің    бос  кластерлерінің    секторларына, 

қолданылмайтын  немесе  аз  қолданылатын  жүйелік  секторларына  және  т.б. 

орындарға. Егер  вирустың  жалғасы  дискінің  бос  кластерлеріне  (осындай  секторларды 

іздегенде  вирусқа  FAT-  файлдарды  орналастыру  кестесін  талдау  керек)  жататын  



секторларында орналасса, онда вирус  FAT тағы осы кластерлерді ақаулы деп белгілейді 

(әдетте    жалған  ақаулы  кластерлер  деп  атайды).  Мұндай  әдіс  "Brain",  "Ping-Pong"  

вирустарында қолданылады. 

«Stoned» тобының вирустары басқа әдіс қолданады:   - олар ескі жүктеуіш секторды 

қолданылмайтын  немесе  аз  қолданылатын  жүйелік  секторға  орналастырады.  ҚД  осы 

сектор MBR мен бірінші Boot-сектор арасында немесе дискетте түпкі каталогтағы ақырғы 

секторлар арасынан табылады. 

Ол: 


       - жадының бос орындарын азайтады;  

- дискіден ӛзінің жалғасын оқиды (егер ол бар болса);  

-  ӛзін  жадының  басқа  аймағына  тасымалдайды  (мысалы,  жадының  ең  үлкен 

адрестеріне);  

- үзілістіктің керекті секторларын қояды;  

- жадыға оригинал Boot-секторды кӛшіріп, оған басқару береді. 



Файлдық  Вирус  үш  типті  файлдарға  ене  алады:  командалық  файлдарға  (BAT), 

жүктелетін  драйверлерге  (SYS),  оның  ішінде  IO.SYS  және    MSDOS.SYS  файлдарына, 

орындалатын фалдарға (EXE, COM), EXE-файлдардың жаңа түрлеріне (NEW EXE) және 

Windows,  OS/2,  Novell  Netware  операциялық  жүйелерде  орындалатын  NLM-файлдарға 

және т.б.. Вирустың берілгендер файлдарына да енуі мүмкін, бірақ бұндай жағдайлар не 

вирустың  қателерінен,  не  вирустың  кейбір  агрессивті  қасиеттер  жағдайынан  болуы 

мүмкін.  Қазіргі  күнде BAT-вирустың  бірнеше  ғана  түрлері  белгілі. Олар  ӛте  қарапайым, 

ешқандай қызығушылық туғызбайды. Олар тез табылады және жойылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет