3. Вирустан қорғау программаларының тҥрлері
Программа-детекторлар - қазіргі күндегі белгілі вирустармен зақымдалған
файлдарды табуға арналған;
Программа-докторлар немесе фагтар - зақымдалған программаларды,
дискілерді бұрынғы қалпына келтіре отырып, зақымдалған файлдарды вирустан тазалай,
емдей отырып зақымдалғанға дейінгі қалпына алып келеді;
Программа-ревизорлар – ең бірінші дискінің жүйелік аймақтарының,
программалардың ағымдағы жағдайларын жадыға сақтап алып, осылардың бастапқы
жағдайларымен салыстырады. Сәйкестік жоқ болған жағдайда қолданушыға хабарлайды.
Доктор-ревизорлар – ревизор мен доктор программаларының қосындысы,
яғни дискінің жүйелік аймақтарының, программалардың ӛзгергенін тауып қана қоймай,
оларды бастапқы жағдайдағы қалпына келтіреді.
Программа-фильтрлар - компьютердің жедел жадында резидентті түрде
орналасады. Ол вирустың кӛбеюі мен зиян келтіруі үшін қолданылатын операциялық
жүйеге жіберілген команда немесе ақпараттарды ұстап, қолданушыға хабарлайды.
Қолданушы ӛз тарапынан қандай әрекет жасау керек екенін шешеді.
Программа-вакциналар немесе иммунизаторлар - программалар мен
дискіні жүйенің қызметіне ешқандай кедергі келтірмейтіндей ӛзгертеді, бірақ қай вирусқа
қарсы вакцинация жасалған, сол вирус программаларды немесе дискіні зақымдалғандай
кӛреді. Бірақ қазір бұндай әдістер тиімді емес.
Қазіргі кезде қолданылып жҥрген вирусқа программалардан мыналарды
айтуға болады:
Касперскийдің антивирустық бағдарламасы;
NOD 32;
Antiviral Tolkit Pro;
Doctor WEB;
Аvast;
Бақылау сұрақтары:
1.Компьютерлік вирус дегеніміз не?
2.Вирустың түрлерін ата?
3. Мәліметті қорғау дегенді қалай түсінесің?
4. Вирусқа қарсы программаның қызметі қандай?
Әдебиеттер
Нег: 3,4,5.
Дәріс 11. ҚОЛДАНБАЛЫ БАҒДАРЛАМАР КЕСТЕСІ
MS Word программасының негізгі түсініктері
MS Word-тың қызметі
MS Word-тың жұмыс парағының элементтері
MS Excel-дің негізгі түсініктері
Бағаналар мен жолдар
Формулалар қатары
Ұяшықты форматтау
Power Point программасының қызметі
Презентация ұғымы
MS Access мәліметтер қорының негізгі түсініктері
MS Access-тің негізгі объектілері
Мәліметтер қорын сұрыптау
MS Word мәтіндік редакторы
Мәтін – компьютерлік алфавит символдарының кез келген тізбегі. Мәтіндік
редактордың кӛмегімен құрылған, алфавитті–сандық символдардан ғана емес, графикалық
объектілерден немесе мәтінді форматтау туралы басқару ақпараттарынан тұратын файлды
мәтіндік құжат деп атаймыз.
Компьютерде мәтіндік ақпараттарды ӛңдеу үшін мәтіндік редактор немесе мәтіндік
процессор деп аталатын мәтінді ӛңдейтін арнайы жүйе қолданылады. Мәтіндік редактор
– магниттік дискіде мәтіндік құжатты құруға, ӛңдеуге, құжаттың форматын ӛзгертуге,
басып шығаруға және т.б. мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарлама.
WORD 2007. Негізгі (Главная) мәзір.
MS WORD - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға
арналған Windows жүйесінің қосымша бағдарламасы. Ол — мәтіндік және графикалық
ақпараттарды ӛңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған
мәтін редакторларының бірі. Мәтіндік құжаттың негізгі элементтері: символ – мәтіндік
ақпараттың ең кіші бірлігі; сөз – екі шетінен қызметші символдармен шектелген әріптер
мен цифрлардың кез келген тізбегі. Қызметші символдарға – бос жол, нүкте, үтір,
сызықша және т.б. жатады. Жол – абзацтың оң және сол шекараларының аралығындағы
символдардың кез келген тізбегі.
WORD 2007. Енгізу (Вставка) мәзірі.
Сөйлем – екі нүктенің аралығындағы сӛздердің кез келген тізбегі. Беттің келесідей
құрылымдық элементтері бар: негізгі мәтін, жоғарғы және төменгі коллонтитул,
сілтеме. Беттің негізгі мәтіні – бұл жолдар, абзацтар, кестелер және суреттер.
Колонтитул – газеттердің, журналдардың, кітаптардың бетіндегі мәтіннің жоғарғы немесе
тӛменгі жағында орналасқан тақырыптық берілгендер. Сілтеме (сноска) – бұл беттің
немесе мәтіннің соңғы жағында жазылатын нұсқау.
MS Excel кестелік процессорының негізгі тҥсініктері.
Excel электрондық кестесі немесе кестелік процессорында "Электрондық кесте"
термині кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде ӛңдеуге арналған бағдарлама.
Excel — кестелік процессорлар немесе электрондык кестелер тобына жататын ең кең
тараған бағдарламалық кестелердің бірі. Excel-де кӛптеген есептеулер түрлері
(математикалық, инженерлік, статистикалық, ғылыми) жүргізіледі, күрделі есептеулерді
кӛрнекті етіп кӛркемдеуге, әрі жеңілдету үшін пайдаланады. Сонымен бірге Excel-де
кестедегі сандық мәліметтерді салыстыруға жеңіл болуы үшін және сандық мәліметтерді
кӛрнекі түрде кӛрсету үшін диаграммалар тұрғызуға болады және де Excel-де мәліметтер
қорын құрып онымен жұмыс істеуге болады.
Excel 2007. Негізгі (Главная) мәзірі.
Электрондық кестенің негізгі ұғымдары: Жол нөмірі - электрондық кестедегі жолды
анықтайды. Ол кӛлденең орналасқан жұмыс аймағының сол жақ шекарасында нӛмірмен
белгіленген. Бағана әрпі - электрондық кестенің бағаналарын анықтайды. Әріптер жұмыс
аймағының жоғарғы шекарасында орналасқан. Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы
ұяшықты құрайды, ол ұяшыққа мәліметтерді (мәтін, сан, формула ) енгізеді. Ұяшық -
электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әрбір ұяшықтың бағана әрпі
мен жол нӛмірінен тұратын адресі бар. Ұяшық көрсеткіші - ағымдағы ұяшықты
анықтайтын кӛмескіленген тіктӛртбұрыш. Ағымдағы ұяшық - кӛрсеткішпен белгіленіп
тұрған ұя. Келісім бойынша мәліметтер енгізу операциясы және басқа іс-әрекет осы
ағымдағы ұяшыққа жатады. Блок (ұялар жиыны, аймағы, диапазон) - тіркесе орналасқан
ұяшықтардың тіктӛртбұрышты аймағы. Блок бір немесе бірнеше жолдардан, бағаналардан
тұрады. Блок адресі қос нүктемен бӛлінген қарама-қарсы бұрыштар координатынан
тұрады (диагональ бойында орналасқан бірінші және соңғы ұялардың адрестері). Мысалы:
B13:D19 блогы - бұл B13-D13, D13-D19, D19-B19, B19-B13 торларымен шектелген
ұяшықтар жиыны болып табылады.
Excel 2007. Енгізу (Вставка) мәзірі.
Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік
және жатық жолдар) тұрады. Жолдардың максималдық саны Excel 2003
65536-ке, ал бағаналар саны 256-ға тең.
Excel 2007-те жолдардың максималдық саны 1048576, ал бағаналар
саны ????
Excel терезесінде мынадай объектілер орналасқан: Жоғарғы жол -
басқару батырмалары бар терезе тақырыбы (тақырып жолы). Екінші жол -
Excel мәзірі (мәзір қатары). Үшінші және тӛртінші жолдар - Стандартты
және Форматтау аспаптар тақтасы. Бесінші жол - енгізу мен түзету жолы
немесе формулалар жолы. Бесінші және соңғы жолдың арасына электрондық
кестенің жұмыс парағы (беті) орналасқан. Жұмыс парағындағы жолдар мен
бағаналар белгілі бір тәртіппен белгіленеді. Терезенің ең тӛменгі жолы -
қалып-күй (баптау) жолы. Тӛменгі жолдың сол жақ шетінде Excel жұмыс
режимдерінің индикаторы (кӛрсеткіші) орналасқан.
Excel 2007. Беттерді белгілеу (Разметка страницы) мәзірі
MS Excel-де қолданылатын математикалық формулалар.
Ехсеl-де электрондық кесте үш ӛлшемді құрылымнан тұрады. Ол кітап
секілді парақтардан (Excel 1997-де 16 парақ, ал Excel 2003, 2077
версияларында қалауыңызша парақ қоса беруге болады) тұрады. Экранда тек
бір парақ - кітаптың ең үстіңгі ашық тұрған беті кӛрініп тұрады. Парақтың
тӛменгі шетінде кітаптың қалған беттерінің нӛмірлері жарлық ретінде
бейнеленеді.
Excel 2007. Формулалар (Формулы) мәзірі.
Excel-де кестенің кез-келген ұяшықтарына мәліметтердің үш типін енгізуге болады:
мәтін, сан және формула. Мәтін - кез келген символдар жиынтығы, егер мәтін цифрдан
басталатын болса, онда енгізуді " " символынан бастау керек. Электрондық кесте
ұяшықтарына сандарды =, +, - таңбаларымен немесе оларсыз да енгізуге болады. Excel-де
кез-келген арифметикалық ӛрнек формула түрінде жазылады. Ол ұяшық адрестері мен
сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген
жиынынан тұрады. Формула "=" таңбасынан басталуы керек. Ұяшыққа C1+F5
формуласын енгізу үшін оны =C1+F5 түрінде жазу керек. Бұл дегеніміз С1
ұяшығындағы мәліметтерге Ғ5 ұяшығындағы мәліметтердің қосылғандығын кӛрсетеді.
Нәтиже формула енгізілген ұяшықта алынады.
Функциялар y=f(x) түрінде жазылады, мұндағы у - есептелуге тиіс функция мәні, х -
аргумент, f - функция. Функция енгізілген ұяшық мысалы ретінде: =A5+sin(C7)
формуласын келтіруге болады. Excel бағдарламасының кейбір фунциялары:
- КОРЕНЬ(x) — х санының оң мәнді квадрат түбірін анықтайды, мысалы, Корень(25)=5.
- SIN(x) — радианмен берілген х бұрышының синусын анықтайды. Мысалы:
sin(0.883)=0,772646.
- МАКС(тізім) — берілген тізім ішінен ең үлкен (максимум) мәнді анықтайды,
мысалы: макс(55,39,50,28,67,43)=67.
- СУММ(тізім) — берілген тізімнің (блоктың) сандарының қосындысын анықтайды.
Мысалы: СУММ(A1:A300) — А1:А300 блогының 300 ұяшығындағы сандардың
қосындысын табады.
Жиі пайдаланылатын қосынды табу функциясы үшін аспаптар тақтасында арнайы
батырма бар.
MS Excel-дің графикалық мҥмкіндіктері.
Excel-дің ең кӛзге түсер ерекшеліктерінің бірі – оның сандар қатары мен
бағаналардағы ақпараттарды толық, кӛрнекі түрде кескіндей алатын графиктер мен
диаграммаларға айналдыруы болып саналады. Диаграммалар – мәліметтерді графикалық
түрде кескіндеудің ыңғайлы түрі. Олар берілген сандық шамаларды ұяшықтарды үңіліп
қарағаннан гӛрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диаграммалар бір
ұяшықта тұрған қатені де тез кӛрсете алады. Диаграмманы немесе графикті даярлау үшін
Диаграмма шебері пайдаланылады. Excel-дің бұл функциясы бес қадамнан тұрады.
1-қадам. Мұнда Excel Диаграмма шеберінің «4-тен 1 қадам» деген сұхбат терезесін
шығарады. Осы терезе арқылы кесте мәліметтерінің түріне сәйкес диаграмма типі және
түрі таңдалады.
2-қадам. Диаграмма шеберінің бұл сұхбат терезесінде диаграмманың мәлімет кӛздері
яғни диаграмма құруға қажет мәліметтер аралығын, диапазон анықталды.
3-қадам. Диаграмма шеберінің бұл сұхбат терезесінде диаграмма параметрлері
таңдалады. Диаграмманың параметрлеріне мыналар жатады: диаграмма тақырыбы,
осьтерінің аттары, ось сызықтары, түсініктеме (легенда), диаграмма бӛліктерінің мәндері
(подписи данных).
4-қадам. Диаграмма шеберінің бұл сұхбат терезесінде диаграмманы орналастыратын
орын анықталады. Диаграмманы орналастырудың екі түрлі мүмкіндігі бар: кестенің
жанына яғни сол ағымдық бетке немесе жеке бетке орналастыру.
Кӛбінесе ендірілген диаграмманың қажетті мӛлшерін дәл анықтау қиын, оны тек
диаграммаға берілген мәліметтерді кӛргенде ғана айтуға болады. Сондықтан ендірілген
диаграмманың мӛлшерін, пропорциясын ӛзгерте отырып, оны ойдағыдай түзетуге тура
келеді.
Диаграмма шебері арқылы диаграмма түрін таңдап алғаннан кейін, Excel оның
ішіндегісін де ӛзгертуге мүмкіндік береді.
Диаграмманы түзету үшін тышқанды екі рет шерту арқылы ерекшелеп аламыз. Сонда
диаграмма айналасында сұр штрихталған жақтаулар пайда болады. Мұнан кейін
Диаграмма аспаптар тақтасы кӛмегімен диаграмма түрін ӛзгертуге болады: диаграмманың
кез-келген жерінде тышқан батырмасын жылдам екі рет шертеміз; экранға диаграмма
аспаптар тақтасын шығарамыз, ол үшін: Түр=>Аспаптар тақтасы=>Диаграмма
командасын орындаймыз. Диаграмма түрлерінің тізімінен тұратын тақтадан Диаграмма
түрі батырмасын шертеміз.
Мәліметтер қоры ұғымы 60 жылдардың соңына қарай пайда болды. Осы уақытқа
дейін берілгендерді ӛңдеу сферасында, тек берілгендер файлы және берілгендер
жиынтығы туралы ғана айтылып келді. Мәліметтер қоры (МҚ) – объектінің немесе
объектілер жиынтығының жағдайын, олардың қасиеттерін және ӛзара қарым-
қатынастарын бейнелейтін атауы бар мәліметтер жиынтығы.
Мәліметтердің ең кіші элементін өріс деп атаймыз. Мәліметтер элементтерінің
арасындағы ӛзара байланысты кӛрсететін мәліметтер жиынтығын кортеж деп атаймыз.
Жазу – анықталған объекті туралы мәліметтердің толық жиынтығы.
Мәліметтер негізгі үш моделі бар: иерархиялық, желілік және реляциялық.
Мәліметтердің иерархиялық моделі, бұл модельдегі барлық жазулар тармақты
құрылыммен байланысқан модель түрі. Желілік модель - желілік құрылымның
мәліметтерін ұсынуға және олармен амал-әрекет жасауға арналған мәліметтер моделі.
Реляциялық модель – ақпараттардың тік тӛртбұрышты кесте түрінде болатын мәліметтер
қорлары. Реляциялық мәліметтер қорында ақпарат бір немесе бірнеше кестеде сақталады.
Мұндай кестелердегі бағандар мен жолдарды өрістер және жазулар деп атайды.
Кестелердің арасындағы байланыс бір немесе бірнеше сәйкес келетін ӛрістердің мәндері
арқылы жүзеге асырылады. Кестедегі әрбір жол, яғни жазулар қайталанбауы тиіс.
Жазулардың қайталанбауын болдырмау үшін кілттер пайдаланылады, олар кестенің бір
немесе бірнеше ӛрістерін қамтиды. МҚБЖ-не қойылатын негізгі талаптардың бірі үлкен
кӛлемді ақпараттардың ішінен қажетті жазуды жылдам іздеп табу болып табылады.
Кілттік ӛрістер бұл операцияны орындауды айтарлықтай жеделдетеді.
MS ACCESS – реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ). МҚБЖ
мәліметтер қорын құру, оларды ӛңдеу, қандай да бір шарт бойынша мәліметтерді таңдау,
іздеу, сұрыптау және есеп беруді жүзеге асырады.
МҚБЖ негізгі объектілері: кесте, форма, сұрау, есеп беру.
Кесте – мәліметтерді жазба және ӛріс түрінде сақтауға арналған объект. Форма –
мәліметтерді кӛрнекті түрде енгізу үшін қолданылатын объект. Сұрау – қажетті мәліметті
бір немесе бірнеше кестеден алуға мүмкіндік беретін объект. Есеп беру – мәліметтерді
баспаға шығаруға арналған объект.
MS Access-мәліметтер қорын басқару жҥйесінде мәліметтер қорын қҧру.
МҚ құруды мысалмен түсіндірейік. Алдымен белігі бір атпен бума құрамыз. MS
ACCESS-ті іске қосып, Саймандар тақтасындағы мәліметтер қорын құру батырмасын
басып немесе Файл мәзіріндегі Құру командасын таңдаңыз. Мәліметтер қорының аты бос
орынсыз сегіз символдан тұруы мүмкін. Нәтижесінде сіз мәліметтер қоры терезесін
кӛресіз. Терезеден мәліметтер қорының кестелерін, формаларын және де басқа
объектілерін ашуға болады. Мәліметтер қорының терезесі келесідей элементтерден
тұрады: Тақырып жолы - ашылған мәліметтер қорының аты шығады. Объектілер
батырмалары - «Кесте», «Форма» және т.б. Шебер кӛмегімен кесте құру кезінде кестелер
үлгісі ұсынылады. Олардың әрқайсысы сәйкесінше ӛрістер үлгілерінен тұрады. Ӛрістер
үлгісін таңдағаннан кейін, Шебер автоматты түрде кесте құрады. Алғашқы кілт –
кестедегі кез-келген жазу мәндерінің сәйкестігін бірмәнді анықтайтын бір немесе бірнеше
ӛріс. Енгізу қалқасы – ӛріске бірдей форматты мәндерді енгізуге мүмкіндік беретін үлгі.
Енгізу қалқасы ӛрістерде тұрақты символдарды автоматты түрде кескіндейді. Кез-келген
MS ACCESS кестелері екі түрлі режимде берілуі мүмкін: 1) мәліметтерді енгізуге, кӛріп
шығуға, түзетуге арналған кесте режимінде; 2) кестелерді ӛзгертуге және құруға арналған
құрастырушы (конструктор) режимінде. Кейбір жағдайларда мәліметтерді кестеге емес,
әрбір жазбаны жеке терезелерде кӛрсетілетін формаға енгізген ыңғайлы. Форманы құру
үшін Форма белгішесін шертіп Құру батырмасын басу керек.
Іздеуді ұйымдастыруда қажетті жазбаларды кесте режимінде және форма режимінде
де іздеуге болады. Оны Правка-Найти командасы арқылы іске асыруға болады. Жалпы
іріктеу шартын қанағаттандыратын жазбалар тобын табу үшін Електен ӛткізу (фильтр)
қолданылады. Фильтр – бұл жазбаларды іріктеу және сұрыптау үшін тағайындалған
шарттар жиынтығы.
Шарттарды іріктеуді ӛрнектеуде тӛмендегідей операторлар үлгісісі пайдаланылады:
Жұлдызша (*) – кез-келген таңбаларды кез-келген топтармен ауыстырады. Сұрақ белгісі
(?) – кез-келген бір таңбаны ауыстырады. Нөмір белгісі (#) – кез-келген бір цифрды
ауыстырады.
MS Access-мәліметтер қорын басқару жҥйесінде сҧрау қҧру. Кестелер арасындағы
байланыс.
Сұрауды бір немесе бірнеше кестеден құруға болады. Сұраудың нәтижесі таңдау деп
аталады. МҚ-да таңдау сақталмайды. Ол әрбір сұрауды орындағанда жаңадан құрылады.
Ақпараттарды таңдау үшін қандай ақпараттың таңдалатындығын және ол ақпараттың
қандай кестеде сақталғандығын білу керек.
Сұраудың мынадай түрлері бар: бір және екі кестеден сұрау, қорытынды сұрау, кесте
құруға сұрау, жазбаларды ӛзгертуге сұрау, жазбалады енгізуге сұрау, жазбаларды ӛшіруге
сұрау, параметрлі сұрау, қиылысатын сұрау.
Бір кесте негізінде Сұраулар-Құру-Конструктор-Кестелерді қосу командаларын
таңдау арқылы қандай кестеден алатынымыз анықталады және сол кестелердің керекті
ӛрістерінің аты таңдалады.
Сұрау құрғанда шарт бойынша іріктеуді пайдалануға және сұрауға есептелетін ӛрісті
қосуға болады.
Кестелер арасындағы байланыстарды пайдаланып екі немесе одан да кӛп кестелердегі
мәліметтер алынып сұрау (отчет) құрылады. Кестелер арасындағы байланысты
Мәліметтер схемасы терезесінде құруға, кӛрнекті бейнелеуге және ӛшіруге болады.
Кестелер арасындағы байланыстарды құру үшін Мәліметтер схемасы терезесін
ашып, Кестені қосу терезесіне ӛтіп осы терезеден керекті кестелерді таңдап алып,
кестелерді қосу терезесін жабу керек. Содан кейін, кӛрсеткішті кестедегі байланысатын
ӛріске қойып, тышқанның кӛмегімен ӛрісті екінші кестедегі ӛріске сүйретіп апарамыз.
Соңынан Байланыстар сұхбат терезесінде Құру командасын орындаймыз, нәтижесінде
ӛрістер арасында байланыс сызығы кӛрінеді. Осылайша кестелер арасындағы байланысты
орнатуға болады.
Есеп беру – қағазға басып шығаруға арналған, мәліметтерді кӛрудің ерекше
формасы. МҚ баспаға шығармастан бұрын, қағаз бетінде қандай түрде бейнелетіндігін
және қандай жазбалар мен ӛрістер енгізілетінін алдын-ала кӛріп алу қажет. Кез келген
кестеден, сұраудан Есеп беруді құруға болады.
Бақылау сұрақтары:
1. MS Access-тің негізгі объектілерімен жұмыс түрлерін ата?
2. Кестелер арасындағы байланысты қалай орнатамыз?
3. Мәліметтер қорын сұрыптау түрлерін ата?
4. MS Access мәліметтер қорының негізгі түсініктерін ата?
5. MS Access-тің негізгі объектілері қандай
Әдебиеттер
Нег: 1,2,3,4,6,8
Қос: 2,10
12-дәріс. КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР. ИНТЕРНЕТ
Компьютерлік желілері. Түрлері.
Желілердің
ақпараттық
және
программалық
жабдықтары.
Word Wide Web технологиясы.
Кең ауқымды желі; Хаттамалар
Электрондық пошта.
Телеконференция
Компьютерлік желілер (Computer NetWork, net-желі, work- жұмыс) – берілген
ережелерге сәйкес компьютерлер арасында мәлімет алмасу жүйесі немесе ресурстарды
ортақ пайдалану мақсатында бір-бірімен мәлімет алмасу арналарымен байланысқан
компьютерлер тобы.
Компьютер құрылғыларының арасындағы мәлімет алмасу ережелері.
Жалпы компьютерлік желі құру үшін арнаулы аппараттық жабдықтама (желілік
жабдықтар) және арнаулы программалық жабдықтама (желілік программалық құралдар)
қажет болады. Мәлімет алмасу үшін компьютерлерді қарапайым түрде бір-бірімен
байланыстыру түрі тікелей байланыс деп аталады. Компьютерлік желілерді құру кезінде
шешілетін негізгі мәселе – аппараттық жабдықтардың электрлік және механикалық
сипаттамалары мен информациялық жабдықтамалардың (программалық мәліметтердің)
форматтары мен кодталу жүйелерінің бір – біріне сәйкес келіп үйлесуін қамтамасыз ету
болып табылады. Соңғы мәліметтер үйлесімін жүзеге асыру үшін оларды стандарттау
мақсатында OSI (Model of Open System Interconnections – ашық жүйелердің өзара
әрекеттесу моделі) моделі жасалып шықты. Бұл модел Халықаралық стандарттар жасау
ұйымының – OSI (International Standards Organization) техникалық ұсыныстары негізінде
құрылған еді.
Осы ISO/OSI моделіне сәйкес компьютерлік желілер архитектурасының әр түрлі
деңгейлерін (деңгейлер саны – жетіге шеиін) қарастыру керек. Олардың ең жоғарғысы-
қолданбалы деңгей, ал ең тӛменгісі – физикалық деңгей болып табылады.
Компьютерлік желі архитектурасының осы жеті деңгейінде мәліметтердің бір – біріне
қажетті сәйкестігін қамтамасыз ету үшін протокол ( хаттама) деп аталатын арнайы
стандарттар жасалған.
Пайдаланылатын хаттамаларға байланысты компьютерлік желілер жергілікті (LAN –
Ljcal Area Network) және ауқымды (WAN – Wide Area Network) деп екіге бӛлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |