ДӘрістер кешені дәріс есептеу техникасының даму тарихы



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата06.02.2017
өлшемі0,91 Mb.
#3506
1   2   3   4   5   6   7   8

Жергілікті  желі  –  бір  мекеменің  ғимараты  кӛлеміндегі  немесе  жақын  орналасқан 

ғимараттарда  орналасқан  компьютерлер  желісі.  Олардың  бірі  кӛбінесе  орталық  сервер 



(басты  компьютер)  ролін  атқарады.  Жергілікті  компьютерлік  желіге  қосылған  әр  түрлі 

ЭЕМ – дердің дискілеріндегі бумалар мен файлдарда орналасқан мәләметті пайдалану ӛз 

компьютерінде  орналасқан  мәліметті  пайдалануға  ӛте  ұқсас  болып  келеді.  Желі 

ресурстарын  ортақ  пайдалану  үшін  керекті  мәлімет  орналасқан,  осы  желіге  қосылған 

басқа бір компьютердің мәліметтер бумасын ашу керек. 


Ауқымды  (ғаламдық)  желілер  бүкіл  дүние  жүзіндегі  компьютерлерді  немесе 

олардың  топтарын  байланыстыруға  арналған  желілер  түрі,  олар  кӛбінесе  ғарыштық 

(спутниктік) байланыс арналарын пайдаланылады. 

Компьютерлік  желілердің  барлық  түрлерінің  атқаратын  қызметі  екі  функциядан 

тұрады, олар: 

-

 



Аппараттық  және  программалық  желі  ресурстарының  бірігіп  жұмыс  істеуін 

қамтамасыз ету. 

-

 

Мәліметтік ресурстарға бірігіп ортақтаса қатынас құруды қамтамасыз ету. 



Егер  желіде  барлық  компьютерлер  ортақ  пайдалануға  арналған  арнайы  бӛлінген 

компьютер  –  сервер  болмаса  және  барлық  компьютерлер  бір  –  бірімен  ―тең  құқықты‖ 

мүмкіндікпен  мәлімет  алмасатын  болса,  ондай  желілер  біррангылы  (әдетте  олар  шағын 

желілер) деп аталады. 

Бір  мәселені  шешу  мақсатында  жергілікті  желі  арқылы  байланысып  жұмыс  істеп 

жатқан қызметкерлер тобын жұмысшы топтар деп атайды. 

Желіге  қосылған  компьютерлердің  құқықтарын  бӛлу  және  шектеу  тәсілдері  жиынын 

желі саясаты деп атау қалыптасқан. Желі саясатын реттеп отыру істерін желіні басқару 

деп  атайды.  Ал  жергілікті  желідегі  компьютер  жұмысын  басқаруды  ұйымдастырушы 

тұлға желі басқарушысы (әкімі) болып табылады. 

 Әр  түрлі  хаттамалар  бойынша  жұмыс  атқаратын  бірнеше  жергілікті  желілерді  бір-

бірімен байланыстыру үшін арнайы құралдар шлюздар (тоғандар) пайдаланылады. 

Мекеменің жергілікті желісін ауқымды (жаһандық, ғаламдық) желіге қосар кезде желі 

қауіпсіздігі  деген  ұғым  туындайды.  Жергілікті  желім  мен  ауқымды  желі  арасында 

мәліметтер  алмасуы  кезіндегі  олардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  брандмауэрлар 

арқылы  жүзеге  асырылады.  Желілер  арасында  мәлімет  тасымалдауда  оларды  қорғау, 

пайдалануды  шектеу  істерінде  брандмауэр  ролін  арнайы  компьютер  немесе  программа 

атқаруы мүмкін.   

Желідегі қызмет тҥрлері. Негізгі тҥсініктер 

Виртуальды  байланыс  туралы  тҥсінік.  Кәдімгі  пошта  арқылы  екі  адамның 

қарапайым  мәлімет  алмасуын  қарастырайық.  Егер  олар  бір-біріне  тұрақты  түрде  хат 

жіберіп, хат  алып  тұратын  болса,  олардың  арасында  тұтынушы  (қолданбалы)  деңгейінде 

байланыс болғаны. Бірақ олар бір-біріне хаттарын ӛздері алып бармайды, пошта жәшігіне 

сала салады, яғни тікелей байланыста емес. Олардың басқалар кӛмегімен мәлімет алмасу 

түрін  виртуальды  (нақты  болмағанымен  елестетуге  болатын)  байланыс  деуге  болады. 

Ӛйткені  біздің  хатымыздың  басқа  жердегі  танысымызға  жетуі  үшін  ӛзіміз  бармай-ақ, 

қаламыздағы  пошта  қызметінің  басқа  қаладағы  поштамен  байланысы  болса  болғаны. 

Біздің  байланысымыз  пошта  қатынасы  арқылы  жүзеге  асып,  бізге  ӛзіміз  тікелей 

байланыста  сияқты  болып  кӛрінетін,  елестетуге  болатын  виртуальды  байланыс  түрін 

осылай деп қарастыруға болады.  

Мемлекеттік  пошта  қызметі  де  ӛз  жұмысында  осындай  тӛменгі  деңгейдегі  байланыс 

арқылы  жүзеге  асырылады,  мысалы,  хат  алмасу  темір  жолдың  пошта-багаж  қызметін 

ұйымдастыру  жолымен  атқарылады.  Тек  осы  қызмет  бабының  жұмысына  қарап,  біз  екі 

қаланы физикалық түрде байланыстырып тұрған темір жол екенін байқаймыз. 

Ашық жҥйелердің әрекеттесу моделі. ISO/OSI моделінде компьютерлер арасындағы 

байланыстың  жеті  деңгей  арқылы  орындалатыны  айтылған  болатын.  Енді  әр  түрлі 

құрылықтарда  орналасқан  компьютер  арасында  қалай  мәлімет  тасымалданатынын 

қарастырайық.  

1.Тұтынушы  алғашқы  қолданбалы  деңгейде  ӛз  компьютеріндегі  программалар 

кӛмегімен жіберілетін құжатын даярлайды.  

2.Ұсынылу деңгейінде тұтынушы компьютеріндегі операциялық жүйе мәліметтің қайда 

жазылып тұрғанын анықтап, оның келесі деңгеймен әрекеттесуін қадағалайды.  

3.Келесі  сеанстық  деңгейде  тұтынушы  компьютері  жергілікті  немесе  ауқымды 

желімен байланысады.   



4.Тасымалдау  (транспорт)деңгейінде  жӛнелтілетін  құжат  қолданылатын  желі 

хаттамалары  талаптарына  сәйкес  тасымалдауға  ыңғайлы  форматқа  (пакеттерге) 

түрлендіріледі.  

5.Желілік  деңгейде  мәліметтің  тасымалдану  маршруты  анықталып,  ол  адреспен 

толықтырылады.  

6.Байланысу  деңгейінде  желілік  деңгейден  алынған  мәлімет  модем  кӛмегімен 

физикалық  деңгейге  қажет  нақты  сигналдарға  түрлендіріліп,  оны  модульдеу  ісі 

атқарылады. 

7.мәліметтерді  нақты  түрде  тасымалдау  соңғы  физикалық  деңгейде  орындалады. 

Мұнда  мәлімет  тек  биттер  түрінде  ӛрнектеліп  тасымалданады.  Мәліметті  қабылдап  алу 

тағы  да  екінші  тұтынушы  компьютерінде  осы  деңгейлердің  кері  бағытта  жұмыс  істеуі 

арқыл биттерді қайтадан нақты құжатқа түрлендіру жолымен атқарылады.  



 

Байланыс моделінің деңгейлері                      3 кесте 



Деңгей 

Салыстырмалы аналогиясы 

Қолдабалы 

деңгей 

Хат  қағазда  жазылып  дайындалады.  Оның 



мазмұны анықталады.  

Ұсынылу 


деңгейі  

Хат  конвертке  салынады.  Конверт  сырты 

толтырылады. 

Марка 


жапсырылды. 

Мәлімет 


жӛнелтуші  клиент  жеткізу  хаттамасының  барлық 

талаптарын орындады.   

Сеанстық 

деңгей 


Хат  пошта  жәшігіне  салынды.  оны  жеткізетін 

қызмет  түрі  таңдап  алынды  (хатты  бӛтелкеге  салып, 

ӛзен  арқылы  да  жіберуге  болар  еді,  бірақ  басқа 

қызмет түрі таңдап алынды) 

Тасымалдау 

деңгейі 


Хат поштамқа жетті. ол жергілікті жерге баратын 

хаттардан бӛлініп алынды.  

Желілік деңгей 

Сұрыпталған  соң,  хат  қапшыққа  салынды.  Енді 

қапшық тасымалданады. 

Байланысу 

деңгейі 

Хаттар  салынған  қапшықтар  вагонға  салынды. 

Енді вагон тасымалданады. 

Физикалық 

деңгей 

Вагон 


тепловозға 

тіркелді. 

енді 

поезд 


тасымалданады.  Тасымалдау  бұдан  былай  басқа 

хаттама арқылы жұмыс атқаратын мекемеге жүктелді.   



 

Виртуальды байланыс ерекшеліктері. Мәлімет жӛнелткен сервер мен оны қабылдап 

алған  клиент  компьютері  хаттамаларының  әр  түрлі  деңгейлері  бір-бірімен  тікелей 

әрекеттеспей,  олар  тек  физикалық  деңгей  арқылы  байланысады.  Мәліметтер  бірте-бірте 

жоғары  деңгейден  тӛменгі  деңгейге  үздіксіз  түрлене  отырып,  қосымша  деректермен 

толықтырылады  да,  олар  деңгейге  сәйкес  хаттамалар  арқылы  қадағаланып  тексеріліп 

отырылады.  Осындай  тәсілмен  екі  компьютердің  бір-бірімен  виртуальды  байланысы 

жүзеге  асырылады.  Байланыс  виртуальды  болғанмен,  мәлімет  осыедай  сатылар  арқылы 

бір нүктеден екінші нүктеге түрлендіріле отырып жеткізіледі.  



Желідегі  қызмет  тҥрлері.  Қазіргі  Интернетті  пайдалану  қызметтерінің  барлығы  да 

осы  виртуальды  байланысқа  негізделген.  Мәліметтерді  тасымалдау  қызметі  желілік 

деңгейдің виртуальды байланысына негізделіп, соның хаттамаларына сәйкес құрылады.  

Интернет. Негізгі түсініктер   

Интернет біріктірілген желілер жүйесі, яғни желілердің желісі деген ұғымды білдіреді. 

Соңғы  кездері  оны  Дүниежүзілік  компьютерлік  желі  деп  атайды.  Физикалық  тұрғыдан 

алғанда  Интернет  бір-бірімен  байланыс  арналарымен  біріктірілген  бірнеше  миллион 

компьютерлердің жиыны деп қарастыруға болады. Бірақ мұнан гӛрі Интернетті белгілі бір 

информациялық кеңістік деп айтқан дұрысырақ болады.  



 

Интернеттің теориялық негіздері 

Компьютер  арқылы  мәлімет  тасымалдау  тәжірибелері  1950  жылдары  басталып,  ол 

әуелгі  кезде  лабораториялық  эксперимент  түрінде  қарастырылған  еді.  Содан  он  шақты 

жылдар  ӛткен  соң,  АҚШ  қорғаныс  министрлігінің  Перспективалық  Жұмыстар  агенттігі 

(DARPA – Defense Advanced Research Project Agency) қаржысына мемлекеттік деңгейдегі 

алғашқы компьютерлік желі жасалып шықты. Агенттіктің атына байланысты ол ARPANET 

деп  аталды.  ARPANET  желісі  1969  жылы  жұмыс  істей  бастады.  Осы  желі  жаңа 

компьютерлер  тораптарының  (түйіндерінің)  қосылуына  қарай  кеңейтіліп,  80  жылдарда 

ірілендірілген  тораптар  негізінде  аймақтық  желілер  жасалып,  ARPANET  жүйесі  жалпы 

архитектурасының  тӛменгі  деңгейлері  іске  қосыла  бастады.  Интернеттің  нақты  дүниеге 

келуі  1983  жыл  болып  саналады.  Дүниежүзілік  желі  негізін  құрайтын,  бүгінге  дейін  кең 

пайдаланып  келе  жатқан  TCP/IP  байланыс  хаттамасының  сол  стандартталған  мерзімі 

Интернеттің бастау алған күні болып табылады. 

TCP  хаттамасы.  TCP  (transfer  control  protocol)  хаттамасына  сәйкес  жӛнелтілетін 

мәліметтер  шағын  пакеттерге  (дестелерге)  бӛлінеді  де,  олардың  әрқайсысы  белгілі  бір 

тәртіппен  таңбаланады.  Бұлай  таңбалау  тәсілі  мәліметтерді  керекті  компьютерге 

жеткізгеннен кейін қайтадан біріктіруге мүмкіндік береді.  



IP  хаттамасы.  IP  (Internet  Protocol)    адрестік  хаттама  болып  табылады.  Оған  сәйкес 

Дүниежүзілік желіге қосылған әрбір компьютердің ӛзіндік ерекше адресі (IP-адрес) болуы 

тиіс.  Осы  адреске  қарай  TCP  пакеттері  керекті  компьютерге  тез  жеткізіледі.  Адрес 

нүктемен  бӛлінген  тӛрт  саннан  тұрады.  Соларға  байланысты  желі  тораптары  арасында 

қажетті  байланыс  орнатылады  да,  мәлімет  «жақын»  немесе  «алыс»  орналысқан  бір 

компьютерге  жӛнелтіледі.  Бұл  тырнақшадағы  сӛздер  ара  қашықтықты  емес,  мәліметті 

жылдам  жеткізуге  болатын  нүктелер  мүмкіндігін  кӛрсетеді.  Қай  компьютердің  «жақын» 

немесе «алыс» екендігін арнайы құралдар маршрутизаторлар анықтайды. 



Интернеттегі қызмет тҥрлері. Интернетте қызмет түрлері (баптары) ӛте кӛп, олардың 

әрқайсысының  ӛз  хаттамасы  болады.  Олар  қолданбалы  хаттамалар  деп  аталады

Қолданбалы  хаттамаларға  сәйкес  мәлімет  алмасу  арнайы  клиенттік  программалар 

«немесе жай клиент) арқылы орындалады.  



Терминалдық режим. Интернетті алдыңғы кезде алыстағы компьютерді басқару үшін 

қолданған болатын, мұны Telnet қызмет бабы деп атаған еді. Алыстағы компьютерге осы 

жұмысқа  сәйкес  хаттама  арқылы  қосылып,  оның  жұмысын  басқаруға  болады.  Мұндай 

басқару  түрін  консолды  немесе  терминалды  басқару  деп  де  атайды.  Кӛбінесе  Telnet 

қызмет бабы техникалық объектілерді алыстан басқару мақсатында қолданылады.  

Электрондық  пошта  (E-Mail)  қызметімен  интернетте  арнайы  пошта  серверлері 

айналысады.  Сервер  ролін  компьютер  немесе  арнайы  программалық  жабдықтама 

атқарады.  Пошта  серверлері  әр  тұтынушыдан  (клиенттерден)  мәлімет  алып,  оларды 

адрестеріне  ссәйкес  алушыларға  жақын  орналасқан  пошта  серверлеріне  жӛнелтеді. 

Сондай  серверлерді  келген  мәліметтер  жиналып  тұрады  да,  адресат  серверімен 

байланысқан кезде олар ӛзіне арналған мәліметтерді қабылдап алады.  

Пошта  қызметі  SMTP  және  POP3  сияқты  екі  хаттама  арқылы  жұмыс  атқарады. 

Алғашқысы – мәліметті компьютерден жақын жердегі серверге жӛнелтеді де ал екіншісі – 

адресатқа жақын маңдағы серверге келіп түскен мәліметті керекті компьютерге жіберуді 

қамтамасыз етеді.  



Тарату  тізімдері  (Mail  List).  Әдетте  электрондық  пошта  екі  компьютер  арасында 

мәлімет тасымалдайды. Ал кӛптеген мәліметтер бір адамға емес, кӛпшілікке арналады да, 

олар  алдын  ала  жазылған  тізім  бойынша  таратылады.  Мұндай  тізімдер  серверлерде 

жиналып тұрады, сол серверлерге арнайы тақырыптық мәліметтер де тұрақты түрде келіп 

түседі, сонан соң олар жазылған тізім бойынша газет-журналдар тәрізді таратылады.  


Телеконференция  қызметі  (Usenet).  Телеконференция    қызметі  келіп  түскен 

мәліметті  осы  тақырыптағы  конференцияға  қатысушылардың  бәріне,  яғни  белгілі  бір 

топқа жӛнелтеді. Мұндай топтар жаңалықтар тобы деп те аталады.  

Кӛптеген  мамандар  ӛз  мамандықтарына  қатысты  тақырыптар  аймағында  ӛтіп  жатқан 

телеконференциялар  мәліметтерін  тұрақты  түрде  қарап  отырады.  Мәліметтерді  осындай 

тәсілмен шолып ӛту информация мониторингі деп те аталады.. 

Кейбір топтарда конференция тақырыбына келіп түскен мәліметтерді алдын- ала қарап 

шығып сұрыптау ісі жүргізіледі. Тақырыпқа сәйкес келмейтіндері (кӛбінесе жарнамалар) 

алып  тасталынады.  Мұндай  конференциялар  модельденетін  топтарға  жатады. 

Модельдеуді  жүргізуші  модератор  ролін  адам  немесе  алдын  ала  белгіленген  ӛзекті 

сӛздерге  байланысты  мәліметті  сұрыптаудан  ӛткізетін  программа  да  атқара  алады.  Егер 

программа қолданылса, онда автоматты модерация жүргізілді деп айтылады.  



World  Wide  Web  –  бұл  Web-серверлерде  сақталатын,  ӛзара  байланыстағы 

миллиондаған электрондық  құжаттардан тұратын біртұтас информациялық кеңістік.  Web 



кеңістігін  құрайтын  жеке  құжаттардың  бір  беті  Web-парақ  деп  аталады.  Белгілі  бір 

тақырып  бойынша  біріктірілген  Web-парақтар  жиыны  Web-тораптарды  немесе  Web-



сайттарды құрайды.  

Web-парақтарды  кӛруге  арналған  программалар  броузерлер  болып  аталады.  Кейде 

броузер  сӛзін  броузер,  көрсеткі  деп  те  айта  береді.  Броузер  құжатты  оны  жасаған 

автордың  мәтін  ішіне  енгізілген  арнайы  командаларына  сәйкес  экранда  бейнелеп 

кӛрсетеді.  Сондай  командалар  тәгтер  деп  аталады.  Тәгтер  құжатты  броузер  арқылы 

қарағанда,  мәтінді  безендіріп  форматтап  береді,  бірақ  ӛздері  кӛрінбейді.  Құжат  авторы 

тәгтерді  алғаш  жазған  кезде  оларды  латын  әріптерімен  теріп  бұрыштық  жақшаларға 

()  алып  отырады.  Күрделі  тәгтердің  бұрыштық  жақшаларға  алынған  түйінді 

сӛздерге қосымша атрибуттары  (анықтауыш, сипаттама) немесе параметрлері болады. 

Осындай  тәртіппен  құжаттың  алғашқы  нұсқасы  тәгтермен  біріктіріліп  HTLM  тілінің 

ережелеріне сәйкес жазылады, ал құжат экранға шыққанда тәгтерсіз тек мәтін ғана кӛрініп 

тұрады.  Құжат  HTLM  (HyperText  Markup  Language)-гипермәтінді  белгілеу  тілінде 

жазылатындықтан, Web-құжат немесе HTLM форматындағы құжат деп айтылады.  

Сонымен HTLM тәгтері арқылы жазылатын Web-парақтардың ең маңызды ерекшелігі – 

олардың  гипермәтіндік  сілтемелері  болуында.  Мәтіннің  бір  сӛзімен  немесе  суретімен 

басқа  Web-құжатты  гиперсілтеме  арқылы  байланыстырып  қоюға  болады.  Осылай  бір 

құжаттан екінші құжатқа гиперсілтеме кӛмегімен ауысып отыру мүмкіндігін Web-серфинг 

Web-навигация деп атайды.  

Дүниежүзілік  Web  кеңістігіндегі  кез  келген  файл  адресі  ресурстың  ықшамдалған 

көрсеткіші-URL  арқылы  анықталады.  Сонымен,  Интернеттегі  әрбір  мәліметтің  IP-адресі 

және  URL  кӛрсеткіші  арқылы  берілген  домендік  адресі  болады.  Соңғы  адрес  белгілі  бір 

мағынасы бар сӛз тіркесімен – символдармен беріледі.  

Домен  аттары  қызметі  (DNS).  Файлдарды  тасымалдау  жұмысы  желі  арқылы 

программалық  файлдарды  алу  кезінде,  кӛлемді  құжаттарды  немесе  солардың  сығылған 

архивтік  файлдарын  тасымалдауда  жиі  қажет  болады.  FTP  қызметінің  дүниежүзілік 

желіде ӛз серверлері бар, оларда мәліметтер архиві орналасқан. 



IRC  қызметі.  IRC  (Internet  Relay  Chat)  қызметі  нақты  уақыт  кезеңінде  бірнеше  кісі 

тікелей  әңгімелесіп  қарым-қатынас  жасауы  үшін  қажет.  Кейде  IRC  қызметін  чат-



конференция немесе жай чат деп атайды. IRC жүйесінде қатынасып сӛйлесу тек бір канал 

аралығында және бұл жұмысқа бірнеше адам ғана қатынасады.  



ICQ қызметі. Бұл қызмет осы сәтте Интернетке қосылып отырған кісінің желілік  IP-

адресін іздеуге арналған. Бұл қызметті пайдалану үшін оның орталық серверінде тіркеліп, 

жеке идентификациялық нӛмер алу қажет. 

Интернетке  әрбір  қосылған  сайын  сіздің  компьютеріңізде  тұрған  ICQ  программасы 

сіздің  ағымдағы  IP-адресіңізді  анықтап,  оны  қызмет  орталығына  жібереді  де  және  ол 



адресті  сіздің  әріптестеріңізге  жібереді.  Байланыс  орнатылғаннан  кейін  ары  қарай 

қатынасу IRC қызметі сияқты жалғаса береді.  



Интернетке қосылу. Негізгі түсініктер. Интернетте жұмыс істеу үшін: 

-

 



компьютерді Дүниежүзілік желінің бір торабына физикалық түрде қосу керек;  

-

 



тұрақты немесе уақытша негізде IP-адрес алу керек; 

-

 



ӛзіңіз  жұмыс  істейтін  Интернет  қызмет  түрлерінің  клиенттік  программаларын 

орнатып, олардың параметрлерін де тағайындап қою қажет. 



Модемді  орнату.  Компьютерге  қосылу  тәсіліне  байланысты  сыртқы  және  ішкі 

модемдер болады. Сыртқы модемдер жүйелік блоктың сыртқы қабырғасындағы тізбекті 



портқа  жалғанады.  Ішкі  модемдер  компьютердегі  аналық  тақшаның  бір  тарақшасына 

қосылып тұрады.  



Провайдер  компьютеріне  қосылу.  Кез  келген  адамға  Интернетте  қызмет  кӛрсету 

істерін  жүзеге  асыратын,  яғни  онымен  тікелей  қатынас  құру  жұмыстарын  атқаратын 

заңды тұлғаны (мекеме немесе жеке тұлға)  провайдер – provider деп атайды. Интернетте 

жұмыс  істеу  үшін  алдымен  провайдер  компьютеріне  қосылу  керек.  Ол  үшін  Желімен 



алыстан қатынасу (Удаленный доступ к сети) программасының параметрлерін алдын ала 

Менің  компьютерім  –  Желімен  алыстан  қатынасу  –  Жаңадан  байланысу  (Мой 

компьютер Удаленный  доступ  к  сети Новое  соединение)  командалары  арқылы 

тағайындап алу қажет.  

Интернеттен  информация  алу.  World  Wide  Web  жҥйесінің    негізгі  тҥсініктері. 

Интернет серверлеріндегі қол жеткізуге болатын құжаттардың  гипермәтіндік форматта 

жазылған.  Осындай  құжаттарды  желі  бойынша  тасымалдауды  жүзеге  асыратын 

Интернеттегі қызмет түрін World Wide Web деп атайды. WWW құжаттары бір орталықтан 

басқарылмайды,  олар  келіп  түсіп  жатқан  мәліметтермен  күнбе-күн  толықтырылып 

отырады.  Мұндағы  барлық  құжаттар    Интернетке  тұрақты  қосылып  тұрған  қуатты 

компьютерлерде – Web серверлерде сақталады.  

Web-арналар. Web тораптар  берілген уақытта жаңартылған информацияны тіркелген 

клиенттерге  автоматты  түрде  жеткізіп  отырады.  Осындай  ӛздігінен  информация  беріп 

тұратын  Web-тораптар арналар деп аталады.  

Web-парақтар.  World  Wide  Web  жүйесіндегі  жеке  бір  бетке  орналасқан  құжат  Web-

парақ деп аталады. Әдетте мәтіннен, графикалық иллюстрациядан, мультемедиялық және 

басқа  да  объектілерден  тұратын  күрделі  құжат.  Web-  парақтар  жасау  үшін  HTML    тілі 

пайдаланылады. Web- парақтар жиыны Web-торапты құрайды. 



Интерактивті  Web-тораптар  тұтынушыдан  форма  түрінде  информация  алғаннан 

кейін  сұратылған  Web-парақтарды  арнайы  программалар  (CGT  сценарийлері)

динамикалық HTML және басқа да құралдар кӛмегімен желі бойынша жібереді. 

Гиперсілтемелер.  Құжаттар  арсындағы  байланыс  гипермәтіндік  сілтемелер  (немесе 

жай  гиперсілтеме)  арқылы  орнатылады.  Гиперсілтеме-басқа  бір  Web-құжат  адресімен 

байланысып, ерекшеленіп белгіленіп тұрған құжат фрагменті (мәтін немесе иллюстрация). 

Қҧжаттар адресі. Интернет (Web-парақтар) құжаттары адресін жазу үшін  URL адресі 

деген  форма  пайдаланылады.  URL  адресін  цифрлар  түріндегі  IP-адреске  түрлендіруді 

домендер аты қызметі (Domain Name Servise, DNS) жүргізеді. 

Web-парақтарды  көру  қҧралдары.  HTML  тілі  құжаттарды  тек  форматтап  қана 

қоймайды,  олардың  логикалық  құрылымын  сипаттауды  да  жүзеге  асырады.  Алдын-ала 

дайындалған  құжатты  бір  компьютерде  форматтап  кӛрсетуді  арнайы  программа-броузер 

(ағылшыншасы  browser)  орындайды.  Қазіргі  кездегі  ең  кең  таралған  броузерге  Internet 

Explorer  программасы жатады.  

Internet  Explorer  программасымен  жұмыс  істеу.  Бұл  программа  Интернетке 

пайдалануға  болатын  құжаттармен,  Intranet    корпорациялық  желі  ресурстарымен  және 

компьютердегі  файлдармен  де  бірдей  тәсілмен  қатынас  құруды  қамтамасыз  етеді.  Егер 

компьютер  интернетке  жалғанбай  тұрса,  программа  ске  қосылысымен  экранға  байланыс 

орнатуды  басқаратын диалог терезесі шығады.  


 

 

 



Internet Explorer программасының меню жолы мен аспаптар тақтасы 

Web-парақтарды  ашу  және  көру.  Мәліметтерді  кӛру  мен  оны  басқару  ісі  басқа 

программалардағыдай  меню  жолы,  аспаптар  тақтасы  және  де  ашылған  құжаттағы 

екпінді элементтер, мысалы, гиперсілтемелердің кӛмегімен атқарылады. 

Гиперсілтемелермен  жҧмыс  істеу.  Интернет  ішіндегі  мәліметтердің  бірінен  біріне 

ауысу  URL    адрестерін  енгізу  арқылы  емес,  гиперсілтемелерді  пайдалану  жолымен 

орындалады.  Тышқан  курсорын  гиперсілтемеге  жеткізгенде,  оның  формасы  сұқ  саусағы 

кӛтерілген  қол  бейнесіне  айналады,  ал  гиперсілтеменің  ӛзі  броузер  параметрлеріне 

байланысты кӛбінесе түсін ӛзгертеді.   

Web-парақтарда графика арқылы да сілтеме жасауға болады (суреттермен бейнеленген 

сілтеме) немесе бір суреттегі  бірнеше бӛлікке бӛліп, солардың әрқайсысын гиперсілтеме 

ретінде пайдаланатын бейне- карталарды да қолдану мүмкіндктері бар. Ашық тұрған Web- 

парақтардағы  сілтемелерді  біртіндеп  кӛріп  шығу  үшін  TAB  пернесін  басқан  ыңғайлы. 

Гиперсілтемелердің  басқа  да  қосымша  мүмкіндіктерін  пайдалану  үшін  жанама  менюді 

қолданған жӛн. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет