Бірнеше терезелермен жҧмыс істеу. Internet Explorer программасында жаңа терезе
ашу үшін Файл-Жасау-Терезе командаларын орындау керек. Әрбір терезе бір құжатты
кӛрсетіп, олардың әрқайсысы бір-бірінен тәуелсіз жұмыс істей береді.
Броузер
параметрлерін
тағайындау.
Программаның
жұмысына
қажетті
параметрлерді тағайындау мынадай факторларға:
-
компьютер монитор мүмкіндІктеріне;
-
Интернетпен мәлімет алмасу жылдамдығына;
-
Ағымдағы Web- құжат мазмұнына;
-
Жеке тұтынушының талаптарына және т. б. Байланысты олады.
Программа параметрлерін тағайындау Сервис – Свойства обозревателя командасы
арқылы жүзеге асады. Оның диалог терезесінде бірнеше ішкі беттер бар және олардың
әрқайсысында бірсыпыра батырмалар орналасқан. Егер экранда бейнеленетін құжаттарды
толық бақылап отыру керек болса, онда Жалпы–Безендіру (Общие-Оформление)
батырмасын пайдаланған абзал. Ол арқылы броузерде берілген форматтау параметрлерін
тағайынау Қосылу (Подключения) ішкі беті арқылы орындалады. Интернетте жұмыс
істейтін программаны таңдау Программалар ішкі беті арқылы орындалады.
Web-құжаттың ішінде вирус немесе басқа қаупі бар нәрселер болса, олардан қорғану
Қаіпсіздік (Безопасность) ішкі беті арқылы жүзеге асырылса, мазмұнына байланысты
кӛруге шек қойылатын мәліметтер болған жағдайда Мазмұны (Содержание) ішкі беттерін
пайдалану қажет.
World Wide Web құжатары ішінен информация іздеу. Іздеу жүйесі осы жұмысқа
арналған Web-торап болып табылады. Іздеу каталогтары тақырыптар бойынша іздеуге
арналған.
Іздеу каталогтары базасына кіретін мәліметтер құрылымын реттеуді адамдар
жүргізеді, ал іздеу индекстері үшін база жасау автоматты түрде орындалады.
Web-порталды «World Wide Web-ке кіретін терезе» деп қарастыруға болады.
Тақырыптық порталдар іздеу жұмысын тақырыптарды жіктеу арқылы жүргізуді де
ұсынуы мүмкін.
Internet Explorer программасында іздеу жұмысын іздеу жүйелеріне кірмей- ақ
орындауға болатын арнайы мүмкіндіктер бар. Бірақ іздеуге тапсырма берген әрине
ыңғайлы.
Іздеудің тағы бір мүмкіндігі Microsoft компаниясының минипорталын пайдалану
болып табылады.
Іздеу индексі берілген түйінді сӛздер бойынша іздеу ісін ұйымдастырады.
Қандай информация табу керектігін – Web парақты ма, белгілі бір адамның адресін бе,
мекеменің немесе компанияның Web-торабының алғашқы бетін бе, бұрын іздеген мәлімет
пе немесе географиялық карта ма- осы жағын іздеу тәсілі анықтайды.
Интернеттен файлдар қабылдау. Интернеттегі керекті файлды дискіге жазып алу
керек пе, әлде тек кӛріп шығамыз ба - алғашқыда Internet Explorer программасы арқылы
осыны кӛрсетіп, файлды жүктеу шеберін іске қосамыз. Файлдың жүктеліп жатқаны
арнайы терезеде кӛрсетіліп тұрады. Файлдың жүктелу процесі осы мезетте Web-
парақтарды кӛруге немесе Интернеттегі басқа операцияларды қатар орындауға еш
кедергісін тигізбейді. Кез келген тұтынушыға қажет болатын файлдар кӛбінесе FTР-
топтарында сақталады. FTР-торабымен байланысу үшін оның URL адресін браузердің
Адрес ӛрісінде кӛрсетсе болғаны. Internet Explorer программасы келісім бойынша FTР-
торабына анонимді түрде тікелей қосылуды қамтамасыз етеді.
Мәліметтерді жөнелту және қабылдау. Электрондық пошта адресі екі бӛліктен
тұрады. Домендік адрес шартты түрде URL адресіндегі сщңғы екі бӛлікке сәйкес келеді,
олар негізінде осы компьютер кіретін жергілікті желі адресін кӛрсетеді. Адрестің екінші
бӛлігі (адрестегі бірінші жазу, ол «@» символының алдында тұрады) осы жергілікті
желідегі нақты тұтынушыны (компьютерді) кӛрсетіп тұрады. Осы тұтынушыға арналған
мәліметтер пошталық серверде жиналып тұрады да, сол тұтынушы компьютерінен келіп
түскен сұраныс бойынша жіберіледі.
Телеконференция (немесе жаңалық топтары) нақты тұтынушыға бағытталмай,
кӛпшілікке таратылатын мәліметтер болып табылады.
Outlook Express программасымен жұмыс істеу. Есепке алу жазбасын қҧру.
Электрондық пошта мен телеконференциялар мәліметтері пошталық серверде және
жаңалықтар серверлерінде жинақталып сақталып тұрады, олармен жұмыс істеу үшін
Microsoft Outlook Exspress программасы қолданылады. Ол Internet Explorer броузерінен
Сервис› Пошта мен жаңалықтар (Почта и новости) командасы арқылыбірден іске
қосыла алады. Outlook Express программасында есепке алу жазбасы Сервис Есепке алу
жазбасы (Учетные записи)командалары арқылы жасалады.
Электрондық пошта мәліметтерін даярлау. Жіберілетін мәліметті, яғни хатты
жӛнелтуден бұрын жазып даярлап алу керек. Оны даярлап түзету кезінде пошталық
сервермен байланысудың қажеті жоқ.Электронды поштаның даярланған мәліметтері
Outlook Express программасының ішкі бумаларында орналасады.
Хаттарға жауап әзірлеуі. Келіп түскен хабарды жеке терезеде ашып, оған тӛмендегі
түрде жылдам жауап әзірлеуге болады:
Хат иесіне жауап беру (Ответить отправителю) батырмасы келген хат авторына
жауап дайындау үшін керек.
Барлығына жауап беру (Отправить всем) батырмасы келген хат авторына және
осындай хат алған жандардың барлығына жауап дайындау үшін керек.
Жөнелту (Переслать) батырмасы келіп түскен хабарды басқа біреулерге
(корреспондентке) жіберу үшін пайдаланылады.
Телеконференция мәліметтерін оқу. Телеконференция мәліметтерін оқу механизмі
де электрондық поштадағы келген хаттарды оқу тәрізді орындалады.
Адрестік кітаппен жҧмыс істеу. Адрестік кітап кӛмегімен мынадай істерді атқаруға
болады:
мәліметтерді жіберген адамдардың адрестерін есте сақтау;
олардың адрестерін хатқа қайта жазу жұмысын автоматтандыру;
енгізілген адрестердің дұрыстығын тексеруді ұйымдастыру;
хатты бірнеше адамдарға жіберуді жеңілдету.
Бақылау сҧрақтары
1.Жергілікті және ауқымды желілер туралы негізгі ұғымдар.
2.Желі қызметінің түрлері
3.Интернеттің атқаратын қызметі, мүмкіндіктері, негізгі түсініктері (броузерлер, Web-
парақтар, гиперсілтемелер).
4.Хаттаманың атқаратын міндеті қандай?
5.Электрондық пошта (E-Mail) қызметі, атқаратын жұмысы және ерекшеліктері.
6.Телеконференция (Usenet) қызметі.
7.Біртұтас информациялық кеңістік дегенді қалай түсінуге болады?
8.Интернеттің негізгі қызмет баптарын атап шығыңдар.
9. Интернеткеқалай қосылуға болады?
10. Интернеттен информация алу қалай орындалады?
11. Internet Explorer программасы кӛмегімен Интернеттегі мәліметтердің бірінен біріне
қалай ауысуға (навигация жасауға) болады?
12. World Wide Web жүйесінде қалай информация іздеуге болады?
Әдебиеттер
Нег: 1,2,7
Қос: 5,7
Достарыңызбен бөлісу: |