Дәрістер курсы



бет8/22
Дата11.10.2022
өлшемі1,08 Mb.
#42333
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Байланысты:
Лекциялар Философия 2022

Бақылау сұрақтары:

  1. «Иррационализм » ұғымы нені білдіреді?

  2. Ницшенің «билікке жету еркі» теориясы?

  3. Позитивизм, оның мектептерінің пайда болуы?

  4. Санасыздық пен иррационалдық мәселесі?

  5. З. Фрейдтің психоанализ ілімінің ерекшелігі неде?

  6. Рационализмнің жаңашылықтары мен дәстүрінің қалыптасуының мәні?

  7. Марксизмдегі практика түсінігінің прагматизмнен айырмашылығы?

  8. Ғылымға және ғылыми әдіске сүйенетін позитивизм неліктен субьективтік

идеализмнің бір түрі ретінде қаралады?

  1. Прагматизм ағымының тек Америкада пайда болуының себебі неде?

  2. Герменевтика ілімінің мәдениет саласын ғылым деңгейінде зерттеу мақсаты не?

  3. Экзистенциалдық философия және оның негізгі бағыттарының пайда болу себебі?

  4. «Бір өлшемдегі адам» теориясының мәні?

  5. Психоаналитика іліміне Юнг қандай жаңалық енгізді?

  6. Постпозитивизм ағымы ғылыми білімнің өсуіне қандай ықпал жасады?

  7. Неопозитивизм ағымының негізгі зерттеу обьектісін көрсет?

  8. Франкфурт мектебінің әлеуметтік мәселелерді шешу әдісі?

Әдебиет:

  1. Ницше Ф. Так говорил Заратустра М.: 1990.

  2. Энгельс Ф. Анти-Дюринг Маркс К. и Энгельс Ф. соч. Т.20.

  3. Фрейд З. Введение в психоанализ. Лекции.М.: 1989.

  4. Шопенгауэр А.Свобода воли и нравственность. М.:1992.

  5. Шопенгауэр А.Афоризмы и Максимы.Л.: из-во Ленинградского Университета. 1991.

  6. Мырзалы С. Қ. Философия. Алматы, 2014.

  7. Нұрышева Г.Ж. Философия. Алматы, 2013.

  8. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетәлі Қ. Философия тарихы. – Алматы, 2000.

9 дәріс. Орыс философиясы


Орыс халқының философиялық ойлары – әлемдік философия мен мәдениеттің органикалық бөлігі. Орыс философиясы Батыс Еуропалық мәселелерді қарастырады, бірақ оның ерекшелігі ─ ойлау тәсілінің ұлттық сипатында болып отыр.
Православие діні – ежелгі орыс философиясының фундаменті. Христиан дінін орыс халқының 988 жылы қабылдауы, оның дамуының жаңа кезеңі болды. Ол кездегі ойшылдардан, христан діні теоцентрлік көзқарасты талап етті. Орыс философиясы «Византиялық» философияның әсерімен дами бастады. Онда неоплатондық теоцентрлік мәселе басым болды.
Неоплатонизм – идеалистік ағым, оның мақсаты – Платон ілімін қатаң жүйелеу, ондағы қайшылықты жою және оны ары қарай дамыту. Платонның идеалистік теориялары неоплатонизмде мистикалық эманация (сәуле шашу, өту) туралы ілім формасында қабылданды. Материя әлемдік иерархияның төменгі буыны, «әлемдік жанның» эманациясы, олардан «рух» – жоғары тұрады, ал «алғашқы жаратылыс» немесе біртұтастық тіпті бәрінен де биік болмақ. Неоплатонизм бойынша философияның ең жоғарғы сатысында ақыл-ой, оған тәжірибенің көмегімен емес, мистикалық экстаздың арқасында ғана жетуге болады. Бұл философияда идеализм –теософияға айналады. Теософия (гр theos – құдай және sophia – даналық білім; сөзбе-сөз ─ құдайтану) – кейде теологиямен, кейде мистикалық, дінтанудан тыс формалармен теңесетін ұғым. ІХ-XVIII ғасырлардың бірінші жартысы - философиялық мәселелер мен басқа да қоғамдық сана сұрақтарына, әсіресе діни және эстетикалық тұрғыдан жауап іздеу кезеңі (Илларион, Андрей Рублев, Феофан Грек, Владимир Монамах). XVIII ғасырдың екінші жартысы – ХІХ ғасырдың бірінші ширегі – россиядағы философияның тарауы және ғылым мен мәдениетті ұғыну, әрі, Батыс Еуропаның философиялық ойы мен ағымдарына еліктеу мәнінде жүрді. ХІХ ғасырдың екінші ширегі – ХХ ғ. басында орыс философиясының өз дамуы басталды. Орыс философиясының Кеңестік кезеңі –марксистік болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет