Дәрістер курсы



бет12/22
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71128
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
Дәріс Философия 2022-23

Орыс космизмі. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында орыстың философиялық ой-пікірінде ғарыштық философия пайда болды, оны орыс космизмі деп атады. Өкілдері: Н. Ф. Федоров, В. С. Соловьев, Н. Я. Умов, К. Э. Циолковский, В. И. Вернадский, П. А. Флоренский, Н. Г. Холодный, А. А. Чижевский. Олар адамның космоспен бірлігі мәселесі, адамның ғарыштық табиғаты және адам іс-әрекетінің ғарыштық маңызды сұрақтарын қарастырды. Космизм тұжырымдамасы көптеген жағдайда Ресейде көп танылған эволюциялық көзқарасқа сүйенеді.
Орыс космизмнің екі тенденциясы бар:

  1. Қияли ойға байланысты немесе дінге сүйенген бағыт. Діни идеялар Н. Ф.Федоров, В. С Соловьев., П. А Флоренский. еңбектерінде көп.

  2. Ғылыми немесе жаратылыстану іліміндегі прогреске байланысты. Оның өкілі В. И. Вернадский өзінің биосфера мен Ноосфера, Жер мен Әлем рөлі туралы ілімдерін жасады, К. Э. Циолковский ғарышты игеру теориясын ұсынды.

В. С. Соловьев (1853-1900 жж.) – орыс философы, діни қайраткер, публицист және ақын. Москва университетін бітірген. Оның шығармашылық өмірі үш кезеңге бөлінеді:

  1. 70-ші жылдардағы теологиялық прогресшілдік.

  2. 80-ші жылдардағы дүниежүзілік мемлекет утопиясы.

  3. 90-шы жылдары, Эсхатологиялық (гр eshatos- соңғы және logos – ілім, сөз) көзқарастары.

Ол мына идеяларды ұсынады: қорқынышты сот және зұлымдықтың әлемді жеңуі – тарихтың соңы; адамның рухы зұлымдық әлемінде зарығуда; бірақ адам Абсолютке қатысы бар және құтылуы мүмкін, ол бүкіл әлемдік шіркеуді жасау жолымен іске асады; шіркеу – келешек қауымдастықтың негізі, адамдардың бірлігі; адам санасын езілуден босату керек, ол үшін христиан дінінің кұндылығын қабылдау икемді. Соловьевтің «біртұтастық» (бәрінің бірлігі) идеясы адамзаттың бұдан да артық, жоғарғы сатыдағы эволюцияға өтуін дайындайды. Оның шыңына жетіп, «Құдай-адам» пайда болады. Соловьев жүйесінің негізгі теологиялық бағыты осы. Материализм мен революциялық-демократиялық ой-пікірге ол қарсы болды. Христан діні мен платонизмді, классикалық неміс философиясын (Ф. Шеллинг) және ғылыми эмпиризмді біріктірумен айналысты. Бұл шын мәнінде мүмкін емес, метафизикалық әдіс еді.
«Жер бетінде шындық бола ма, әлде болмай ма?» деген сұраққа христиан дінінен жауап іздеді. Әлеуметтік тұрғыдан келгенде, елдің тыныштығын сақтау үшін Рим папасы мен орыс патшасының татулығы арқасындағы Одақты құруға шақырды.

  1. Христиан дінін материалдық өмірдің, уақыт пен кеңістіктің қирауынан құтқарып, тозбайтын ғарыш сұлулығына айналдыруды мақсат етті;

  2. Жетілдірілген жыныстық махаббат адам бүтіндігін және дүниені сақтап, мәңгі өлмеске жеткізеді деп санады.

Соловьев философиясының өзекті идеясы – барлығын біріктіру идеясы, оның негізгі қағидасы «құдайға – барлығы бір». Барлығының бірлігі, бірінші кезекте, жаратушы мен жаратылғанның бірлігі. Соловьевтің құдайының адами кейіпі жоқ, ол дүниеде әрекеттенетін, ерекше ұйымдастырушы күш, «ғарыштық ақыл». Сонымен В. С. Соловьев ақылды сезімге қызмет етуге, дінді адам санасындағы рационалдық бастаманы тірек етіп, діни көзқарасты жаңа ғылыми жетістіктермен дәлелдеуге ұмтылады. Н.А. Бердяев (1874-1948) орыс діни философиясының көрнекті өкілі. Экзистенциалист оның философиясының негізі еркіндіктің – болмысқа қарағандағы басымдығы. Болмыс мәнін адам, адам арқылы ашып таниды. Ол діни мистика жолдарындағы жеке адамның «ішкі рухани» таза рухын азаттық үшін таптық күреске қарама-қарсы қойды. Ол алғашқы кезде марксизмге жақындап, кейінен діни философияға, персонализм мен экзистенциализмге бет бұрып, халықтың бірлігін, рухани бостандығын қолдады.
Экуменикалық қозғалыстың теориялық негізін салуға, бүкіл христиан шіркеулерін біріктіруге С. И. Булгаков (1871-1944 жж.) көп еңбек сіңірді. Ол қоғамдық дисгармонианы (үйлеспеушілік) оның әр құрылымының әр түрлі бастамаларды – экономикалық, саяси, рухани, өнегелік, т. б. ұстанып, дербес өмір сүруінен деп түсіндірді. Егер олардың бәрін бір негізде құрса, әлеуметтік организмнің қарсыласулары мәңгі жоғалар еді. Осы негіздің болуы керек: егер құдай абсолют болса, онда ол біртұтас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет