Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру


  Бағдарлама  -  жобаның  ерекше  түрі



Pdf көрінісі
бет103/315
Дата04.02.2022
өлшемі2,73 Mb.
#24819
түріБағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   315
1. 

Бағдарлама  -  жобаның  ерекше  түрі.  Бағдарлама  –  алдымен 

құрлымдық  қызметті  орындайтын    жобалау  пәніне  жетуге  бағытталған 

нақтылы  іс-әрекеттерді    анықтауды    алға  қоятын  жобаның  ерекше  түрі.  

Бағдарламаның құрылымына мақсат  туралы мәлімет,  ұсынылған өнім,  оны 

алу құралдары, сонымен  қатар  өзгеру нысандары мен жобалау шеңберіндегі 

басқарушылық  іс-әрекет  рәсімдері  енеді.  Білім  беру  мекемелерінде  кең 

тараған бағдарламалар қатарларына мыналар жатады:  

• 

Білім  беру бағдарламалары



• 

Оқу бағдарламалары;  

• 

Жылдық  іс-әрекет  бағдарламасы  (басқарушы,  педагог,  балалар 



ұжымы, ұйымның); 


• 

Жылдық  немесе  одан  да  көп  даму  бағдарламасы      (ұйым, 

бірлестік, ұжым);  

• 

Нақты  бағыт  бойынша  іс-әрекет  бағдарламасы  (мамандармен 



жұмыс бағдарламасы,  зерттеушілік, тәрбиешілік іс әрекет бағдарламасы). 

Барлық  типтегі  бағдарламаларды  жоспардан  ажырата  білу  керек.  Жоспар 

педагогикалық  іс-әрекетті  реттеуге,    жоспарлылық  және    жүйелілік, 

басқарушылық  және    нәтижелердің    бірігуі  сияқты  педагогикалық 

үдерістерге  талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге арналған.  Жоспар- 

іс-әрекеттің  мазмұндық бағдарларын беретін,  оның тәртібін,  көлемін, уақыт 

аралығын    анықтайтын    құжат.  Түрі  мен  типіне,    уақыты  мен    мазмұнына 

байланыссыз  жоспар келесі қызметтерді орындайды:  

1. 

бағыттайтын,  ол  іс-әрекет  саласын  анықтайды:  жоспар  



жұмыстың  мазмұндық  шектерін    бейнелейді,    пәнді,    педагогикалық    іс 

әрекеттің  нақты  түрлері мен  бағытын көрсетеді;  

2. 

болжамдық: жоспар қажетті  нәтижені нақтылы көрсетуге 



арналмаса  да,    жанама  түрде    мағынаны    көрсетіп,    нақтылы  әрекеттер 

арқылы  нәтижені көрсетеді; 

3. 

үйлестірушілік 



немесе 

ұйымдастырушылық 

 

(ол  


жоспардың  негізгі қызметі  болуы  мүмкін): жоспар  бір  жағынан  іс  әрекет  

қалай,  қандай құралдармен  ұйымдасатындығын  және  оның  субьектісі мен 

обьектісі кім  болып  табылатынын  көрсетеді,  екінші  жағынан,  іс-әрекет  

тәртібін  оның  басқа  түрлерімен  байланысын  көрсетеді,  орнымен  уақытын 

анықтайды,  яғни кім, не, қашан, қай кезде  деген  сұрақтарға  жауап  береді

4. 


бақылаушылық:    біріншіден,  педагогтың      өзі  жоспарды  

қолданып    қойылған    мақсаттардың    орындалуын    бақылай    алады;  

екіншіден,  жұмыс  біткен  соң    жоспар    шынайылыққа    қаншалықты    сай  

келгендігін    тексере    алады.  бұл    жағдайда    оның    сапасы    айтарлықтай  

деңгейде  педагогтың  конпетенттілігін  көрсетеді;  

5. 


репродуктивтік:  кез  келген    уақыт  аралығаныда  жоспар  

бойынша орындалған  жұмыстың  мазмұны мен көлемін  қалпына  келтіруге  

болады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет