Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет125/315
Дата04.02.2022
өлшемі2,73 Mb.
#24819
түріБағдарламасы
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   315
Байланысты:
лекция

Екінші кезең: жобалау кезеңі. 

Бұл  кезеңде  білім  беру  бағдарламаларыны  нұсқаларын  таңдау  жүзеге 

асырылады.  Нұсқаларды  таңдау  еліміздегі  білім  беру  сапасын  арттыруды 

көздейтін  нормативтік  құжаттарға,      білім  беру  үрдісін  ұйымдастыру 

ерекшеліктеріне,      ұйымдастырылу  мәдениетіне,  педагогтар  кәсібилігіне 

қатысты жүргізіледі. Онда білім беру нәтижелерін көтерудің түрлі жолдары 

мен  әдістері,  түрлі  білім  мекемелерінде  жүргізілген  тәжірибелік, 

инновациялық  жұмыстар  қорытындалары,  ғылыми  және  әдістемелік 

әдебиеттердегі  теориялық  және  практикалық  зерттеулер  туралы  ақпараттар 

мен  мәліметтер  жинақтау  және  талдау  жасалады.  Аталған  бірінші  және 

екінші кезеңдердегі бағдарлама мазмұны орындалу мерзімі бойынша аралас 

келуі  де,  ұжымның  аналитикалық  –  талдау  түрінде  жүзеге  асырылатын 

кәсіби  деңгейін  көтеруге  бағыталған  бағдарлама  ретінде  де  қарастырыла 

алады. 


Бұл  жұмыстардың  қорытындалары  ретінде  білім  беру  нәтижелерін 

көтерудің  түрлі  жолдары  мен  әдістері  туралы  мәліметтер  жинақтары 

жасалады. 

Келесі  қадам  болуы  мүмкін  өзгерістердің  жобалық  матрицаларын 

құрастыру.  Бұндай  матрицаларды  өзгерістер  жасалатын  әрекеттің  әрбір 

бағыты  үшін  жасаған  дұрыс  болады.  Нұсқаларды  таңдаудың  критерийлері 

ретінде  қол  жеткен  нәтижелерді  бағалау,  білім  беру  жүйесінің  әлеуеті, 

басқару  стратегиясының  моделі  (дәстүрлі,  иннвациялық,  эксперименттік). 

Осылардың  қорытындысы  бойынша  бірнеше  бағыттарды  матрицалар 

құрастыруға  болады.  Олар:  білім  беру  үрдісі,  мектептің  ұйымдастырылу 

мәдениеті, білім беру ортасы, педагогтардың әлеуетіне қатысты.  

Матрицаларды  құрастыру  үрдістер  сипатында  болып,  ұжымды  білім 

беруді жаңарту бағдарламасын орындауға даярлау кезеңінен тұрады, ол үшін  

инновациялық бағыттарды ендіру үшін арнайы  даярланған топ құрылады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет