Сурет 3 − Адам ресурстарын тиімді басқарудың «5 С» моделі
Қызметкерлер (сотрудники). Қызметкерлерді таңдау, бейімдеу, баға
беру, дамыту, босату;
Ынталандыру (стимулирование). Басқарушылардың қызметкерлерді
ынталандыру мен мотивациясын артырудағы біліктіліктері;
Ортақ құндылықтар (совместные ценности). Ұйымда корпоративтік
мәдениет пен ортақ құндылықтарды қалыптастыру және оны басқару.
Әлемдік менеджмент теориясы соңғы кездері басқарудағы адам
ресурстары мәселесіне өте көп көңіл бөлуде, оны ХХ ғасырдың аяғына қарай
қоғамның экономикалық, әлеуметтік және технологиялық дамуындағы
өзгерістерге сай басқару тұжырымдамаларының жаңаруымен байланыстыра
аламыз (кесте 1). Кестеден көрініп тұрғандай, 20- 40 жылдары кадрларды
басқаруда адам тұлға ретінде емес, белгілі бір мақсатты орындауға
жұмылдырылатын еңбек етуші күштер деп қарастырылды. Соған орай
кадрларды басқаруда олардың есебін жүргізу мен әкімшілік- бақылау ғана
көзделді. Одан кейінгі 50- 70 жылдары дами бастаған ғылыми- техникалық
прогресс кезеңі өндірісті басқарудың жаңа технократиялық талаптарын
туғызып, қызметкерлердің тиімді қызметін қамтамасыз етудегі, техникалық
жаңалықтарды игерудегі біліктіліктерін арттыру қажеттігі пайда болды. Бұл
кезде еңбек қатынастарының субъектісі, тұлға ретінде персоналды басқаруға
негізделген жаңа тұжырымдамалық мазмұн қалыптасты.
Кесте 1 − ХХ ғасырдағы адам ресурстарына көзқарастың эволюциясы
Кезеңдер
Басқару
тұжырымдамасы
Ұйымдардағы
қызметкердің
алатын орны
Стратегия
Жүйелілік
Ынталандыру
Ортақ құндылықтар
Қызметкерлер
20-
40
жылдары
Кадрларды
басқару
Еңбек етуші күш, «техника мен
машиналарға көмекші»
50-
70
жылдары
Персоналды
басқару
Еңбек
қатынастарының
субъектісі, тұлға
80-
90
жылдары
Адам
ресурстарын
басқару
Ұйымның басты стратегиялық
ресурсы
Өткен ғасырдың 80- 90 жылдары дамыған елдердің жаңа
экономикасына сай адам капиталын дамыту кез - келген ұйымның басты
стратегиялық ресурсы ретінде қабылдай бастады.
Адам капиталы туралы теориялар алғаш рет Нобель сыйлықтарының
лауреаты Г.Беккер, Т.Щульц, т.б. белгілі экономистердің зерттеулерінде
қарастырылғаны белгілі. Мысалы, Гарри Беккер «Адам капиталы: теориялық
және эмпирикалық талдау» еңбегінде адам капиталын «білім, біліктілік,
Достарыңызбен бөлісу: