Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет37/315
Дата04.02.2022
өлшемі2,73 Mb.
#24819
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   315
Байланысты:
лекция

гуманистік  әдістер  мен  тәсілдер  арқылы  игеру    негізінде  белгіленген  білім 

өнімін  алудағы  оқушылардың  білім  нәтижелері  мен  мақсатына  болжам 

жасау және оны модельдеу».    

И.А.Колесникова:  «жобалау – тәжірибеде бұрын болмаған білім беру 

мен  педагогикалық  әрекет  түрлерін  жаңадан    құрастыру  мақсатындағы 

тәжірибелік -бағдарлы әрекет»; 




А.П.Тряпыцина:  «жобалау  –  білім  берудің  дамытудың  жаңа  саласы, 

педагогикалық әрекетті түсіндірудің жаңа амалы»; 

Е.С.Заир-Бек:  «жобалау–  қазіргі  білім  беру  жүйелерін  дамыту, 

жаңарту,  жетілдіру  және  ондағы  қайшылықтарды  болдырмау  міндеттерін 

орындауға 

бағытталған 

педагогикадағы 

және 


ұйымдастырылатын 

практикалық әрекеттердегі қолданбалы ғылыми бағыт»; 

Н.А.Масюкова;  «жобалау  –  педагогикалық  және  ғылыми–зерттеу 

әрекеттерінің берілуін реттеп отыру құралы»; 

Олардан  басқа  жобалауға  «педагогикалық  жоба  құру  және  жүзеге 

асыру үрдісі, тұлғаны дамытудың ерекше жолы, оқыту технологиясы» деген 

түсініктер  берушілер  де  бар.    Бүгінгі  күні  жобалау  әдістерімен  оқыту 

үрдісінен оқытудағы жобалауға, немесе жобалау негізінде оқытуға, жобалау 

негізіндегі  тәрбиелеуге,  жобалау  негізіндегі  білім  беруге  көшу  жүзеге 

асырылуда.  Бұл  үрдісті    жобалау  ортасының  білім  беру  ортасына  айналуы 

деп те айтуға болады, өйткені, типтік жоба құрастыру логикасы бүгінгі таңда 

оқытудың  басты  құралдарының  бірі  ретінде  тәжіибеге  белсенді  түрде  еніп 

келеді. 

И.А.Зимняя  білім  берудің  жобалылығын  білім  тенденциясының 

болашағы  ретінде  қарастыра  отырып,  оны  айқын  байқалып  келе  жатқан 

пәндік  – бағдарлы оқыту жүйесінің  тұлға  әрекетіне бағытталған  жобалық  – 

құрастырушылық оқытуға ауыса бастауымен түсіндіреді. 

 

Белгілі 


жүйетанушы 

О.Г.Прикоттың 

ғылыми 

зерттеулерінде   

педагогикалық  жүйелер  қазіргі  білім  берудегі  жобалаудың  қолданбалы 

қызметінің  әдістемелік  базасы  бола  алады  және  білім  беру  саласын 

дамытудағы ізденістерді қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.  

Педагогикалық 

жобалауды 

жүйелік 

тұрғыдан 

қарастыру 

тұжырымдамасы негізінде   өткен  ғасырдың  80  жылдары  ене бастады. Олар 

Ю.К.Бабанский,  В.С.Ильин,  В.П.Беспалько,т.б.  педагогикалық  үрдістегі 

жүйе  құраушы  идеялары  негізінде  пайда  болды.    Жаңашыл  педагогтардың 

тәжірибесін  қарастыру  олардың  педагогикалық  әрекеттерді  жобалауға  жаңа 

көзқарастарын  көрсетеді.  Ондағы  мақсат  мұғалімнің  жобалық  әрекеттері 

оқушыны  дамытуға  бағытталғандығын  байқатады.  И.П.Волков  өз  еңбегінде 

болашақ педагогтың  үш  кәсіби  сапасы  –  пәндік,  педагогтық   және  жобалау 

кәсіптерін  болуын  құптайды.  Жобалау  білім  саласындағы  кәсіби 

әрекеттердің жетекші  компоненті болып  табылады,  сонымен  қатар ол білім 

беруді  басқаруға  да  бағытталады.  М.А.Данилов  педагогикалық  үрдістегі 

жобалаудың негізгі  бағыттарын  жасай отырып, П.Ф.Каптеревтің  идеяларын 

қайта  жаңғыртты.  Оның  мазмұны  педагогикалық  үрдістің  ішкі  жақын  – 

педагогикалық  үрдіс  логикасын,  педагогикалық  зерттеу  логикасын, 

педагогикалық  перспектикалық  ойлау  логикасын  болашаққа  қатысты 

құрастыру 

болатын. 

Автордың 

ойынша 

болашаққа 

бағытталған 

педагогиканың  басты  шарты  жаңа  жаңарған  педагогикалық  сана  болып 

табылады.  



Жобалау  өзгермелі  кезеңдердегі  даму  тенденцияларының  жан  – 

жақтылығы  жағдайында  педагогикалық  жүйенің  стратегиялық  бағдарларын 

үнемі қамтамасыз етіп отырады. Олар: 

жүйені  белгілі  бір  қызметтері,  қарым  –қатынастары  және  қасиеттері 

деңгейінде жетілдіріп отырады; 

жүйенің  жаңа  қарым  –  қатынастарын,  қасиеттерін  және  икемділігін 

қалыптастыратын компенсаторлық қызметтер дамытып отырады

тұтас  құрылым  құрамында  пайда  болатын  жаңа  жүйелердің  қызметі 

мен орнын қарастырады; 

белгілі  бір  қызметтердің,  қарым  –қатынастардың  және  қасиеттерінің 

өзгерістерге түсуіне сәйкес жүйенің түрленіп  отыруын қамтамасыз етеді; 

Көрсетілген  бірінші  және  екінші  қызметтер  арқылы  жүйенің  типтік 

ұқсастығы  қамтамасыз  етіледі,  жобалау  нәтижелерінің  алдын  ала  

белгіленетіндігі де, бірегейленетіні  да осыдан. Бүгінгі таңда жобалау әрекеті 

педагогикалық  жүйелерді  жаңартатын,  ондағы  оқыту  мен  тәрбие  үрдісін 

үшін  жаңа  жағдайлар  жасай  алатын  көп  функционалдық  педагогикалық 

әрекет деп қарастырылуда. 

Жобалаудың  білім  берудегі  қызметін  анықтауда  В.П.Беспальконың 

пікірлеріне  сүйене  отырып,  зерттеушілік,  талдаушылық,  жобалаушылық, 

жаңартушылық, нормалаушылық, құрастырушылық, т.б. көптеген сипаттағы 

мәндерін  белгілей  аламыз.  Өзінің  көпфункционалдық  сипатына  сай 

педагогикалық жобалауды төмендегі сапаларда қолдануға болады: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет