Біріншісі,
интенсивтік сипаттағы жобалар жасау және жобалау
әрекеттері. Оларға ұйымдастырушылық – әрекеттік, инновациялық ойындар
мен жобалау жиындары.
Екіншісі, жобалау әрекеттері негізінде ұжым мүшелерінің бірлесе
отырып қадамнан – қадамға аяқ басуы арқылы білім беру мекемесіне
гуманитарлық бағдар беру.
Педагогикалық
жобалаудың
жаңарту
нысанына,
мақсаттық
бағыттарына және нәтижелеріне байланысты бүгінгі таңда негізгі үш түрі
белсенді дамып келеді:
– әлеуметтік – педагогикалық жобалау, олар әлеуметтік ортаны
өзгертуге немесе педагогикалық құралдар мен әдістер арқылы
әлеуметтік проблемаларды шешуді бағытталады;
– психологиялық – педагогикалық жобалау, оның мақсаты адамдар
мен олардың қарым – қатынастарын білім беру үрдісі барысында
жаңарту;
– білім беруді жобалау, ол білім сапасы мен нәтижелерін, білім
беру жүйесі мен оның институттарын инновациялық өзгертуді
жобалау деп белгілей аламыз.
«Білім
берудегі
жобалау»
және
«
педагогикалық
жобалау»
түсініктерінің өзіндік мәні жөнінен де, мағынасы жөнінен де бір бірінен
айырмашылығы
бар.
Білім
берудегі
жобалауды
менеджменттік,
экономикалық және құқықтық, т.б. салаларда қолданылу мүмкіндігіне қарай
оны педагогикалық шеңберден тыс қарастыруға болады. Сөйте тұра,
гуманистік педагогика қағидаларына сай алатын болсақ, білім беру жүйесін
жаңартуға бағытталған кез –келген әрекет педагогикалық құндылықтармен,
адамилық тұрғылармен сәйкес жүргізіледі. Сондықтан, білім берудегі
жобалау әрекетінің педагогикалық қызметтерді де атқаратыны белгілі.
Жобалау
әрекетінің
мүмкіндіктері
ақпараттық
–
комуникативтік
технологияның дамуымен де кеңейді, сөйтіп, білім беру үрдісіне
қатысушылардың жобалау кеңістігі қалыптасты деп айта аламыз.
Педагогикалық жобалау – педагогтар мен оқушылардың, педагогикалық
қоғамның қарым қатынасының жаңа түрін, білім берудің жаңа мазмұны мен
жаңа технологияларын, педагогикалық әрекеттің жаңа амалдары мен
түрлерін қалыптастыру үрдісі деп анықталады.
Педагогикалық жобалау бірнеше деңгейлерде жүзеге асырылады.
Нақтырақ айтқанда, жобалау әрекеті негізінде пайда болатын өнімнің,
нысанның нәтижесіне, қолданылуына байланысты қойылатын талаптарға
орай білім беру жобалары тұжырымдамалық, мазмұндық, технологиялық
және процессуалдық (үрдістік) деңгейлерде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: