Оларды жүзеге асыру, бір жағынан, жүйенің тұрақты жұмысын
қалыпты жағдайда басқару, екінші жағынан, жаңадан туындап отырған
мақсаттарды нәтижелі орындауға байланысты күрделенетіні белгілі.
Мысалы, соңғы жылдары білім беру жүйесін 12-жылдық білім беруге
көшуге даярлау, оның нәтижелері ретінде білім алушылардың құзыреттілік
сапаларын қалыптастыру міндеттері қойылып отыр. Бұл міндеттер
педагогикалық жүйелер ретіндегі білім беру ұйымдарын басқарушылар
алдына да, білім беру үрдісін басқарушы педагогтар алдына да жаңа
талаптар қоюда.
Педагогикалық жүйелердің синергетикалық табиғатындағы өздігінен
ұйымдасу мүмкіндіктерінің болуы мен оның тәжірибеде жүзеге
асырылмауы мына проблемаларды айқындайды: біріншіден, педагогикалық
жүйелер ретіндегі білім беру ұйымдарын басқарудағы жүйенің түрлі
деңгейлеріндегі барлық компоненттерін жалпы жүйенің алдына қойылған
жүйеқұраушы мақсатқа сай тиімді ұйымдастыру қажеттігі, екіншіден,
педагогикалық жүйелерде субъектінің өзіндік дамуын ұйымдастыруға
қажетті басқарушылардың құзыреттіліктерін дамыту қажеттігі.
Осылайша, жобалау мақсаттары нақты орындалу уақыты мен
кеңістігіне «орналастырылғаннан» кейін (қайда және қашан, қалай
орындалады, оның нәтижесі не болып есептеледі, немен өлшенеді, т.б.)
міндеттері, мақсатқа жету қандай жолдармен, қандай міндеттерді орындау
арқылы мүмкін болатыны белгіленеді.
Жобалау негізіндегі қайта құрулардың мазмұны мен түрлерін анықтау
кезеңі – ненің өзгеретінін, ненің құрылатынын белгілеу кезеңі. Жобалау
құжаттарында (2 – кесте) өзгерістерді қамтамасыз етуге бағытталған нақты
іс.
Кесте 2. Жобалау құжаттарын қолдану үлгісі
Іс
–
әрекет
бағыттар
ы
Іс – әрекет
мазмұны
Орындау
базасы
Орындау-
шылар
Жүзеге
асыру
мерзімі
1
2
3
4
5
әрекеттер мен технологиялық әрекеттер, жаңа «өнімді» (мысалы, оқу
әдістемелік құралдар, технологиялық кешендер, құралдар мен әдістемелер)
тудыратын қызметтер,
институциялық құрылымдар, т.б. сипатталады. Оларды қолдануға қолайлы
болу үшін белгілі бір форматтар, кестелер жасалады.
Кез келген жобаның құрал ретіндегі тиімділігін бағалау (авторлық,
немесе сыртқы бағалау) үшін оның құжаттарына көңіл аударуды қажет
етеді. Жобалау құжаттары мақсаттарына сай түрлі деңгейлерде
жасалынады, мысалы, белгілі бір ұйым үшін маңызды проблеманы шешуді
жобалау, белгілі бір қаржылық ұсыныстарға жобалар даярлау, авторлық
жобалар, т.б.
Жобалау қызметі туралы құжаттар құрастыруды аяқтау үшін оның
шын мәнінде орындауға болатынын тексеру жолдарын белгілеу керек.
Жобалаудың құжат ретінде аяқталғаны, толықтығы жүзеге асырылып
жатқан үрдістердің дұрыстығын, аралық нәтижелері мен қорытындыларын
тексеру, бағалау өлшемдері берілген бөлімінің болуынан көрінеді.
Жобалаудың жақсы жасалғандығының тағы бір белгісі – оның
Достарыңызбен бөлісу: