тәжірибесіне рефлексиялық талдайды, қандай бағыттар ол үшін жеңіл
орындалады, қажетті білімдері жеткілікті, қай жерде қиындықтар кездеседі,
неліктен, ол неге байланысты болады, нені өзгерту керек, т.б.
Үшінші кезең. Логикалық тұжырым. Қатысушылар абстракциялық
тұжырымдар жасап, оны басқа әріптестерімен сабақ барысында бөліседі.
Оларды әркім өз бетімен құрастырады, сонымен қатар, басқалардың пікірін
тыңдау,
олардың
тұжырымдарын
талдау
да
қажет,сонда
ғана
қатысушылардың ортақ және жеке көзқарастары анықталады.
Төртінші кезең. Теориялық тұжырымдар. Қатысушылар өздері
жасаған тұжырымдарын өзгелер пікірлерімен, жаңа теориялық ақпаратпен
толықтыру, салыстыру арқылы өзінің жаңа теориялық тұжырымын
құрастырады, маңызды түйін түйеді. Аталған тұжырымдама, немесе
маңызды түйін аудиториядан тыс жұмыстар барысында тәжірибеден
өткізіліп, жаңа тәжірибе құрылады. Бұл тұтастық тұрғысындағы оқыту әдісі
әрбір тақырып байынша жобалаудың негізі болады
Осылайша, жаңа нақты тәжірибе келесі деңгейдегі жаңа ізденістік
жұмыстың бастамасы болып, аталған цикл дамудың келесі деңгейінде
қайталанады.
Бұл модельдің өзіндік ерекшеліктері жоба жетекшілерін өз
тәжірибелері барысында өзіндік дамытуға мүмкіндік береді. Олар:
1 Оқыту
тәжірибеден
басталып,
аяғына
дейін
одан
ажыратылмайды, ол өзара байланысты кезеңдерден тұратын
циклдық үрдіс ретіне ұйымдастырылды.
2 Оқыту абстрактілі «оқу сабақтарынан» өзгеше, қатысушылардың
күнделікті атқаратын жұмысы контекстіне енгізілген күйде
жүргізіледі.
3 Колб әдістемесі оқыту оқыту мазмұнына алған ұйымы сатылы
дамыту моделіне сәйкес келеді, осы сәйкестік оқытудың нәтижелі
болуына мүмкіндік берді.
4 Модельдің түрлі жағдайларға сай модификациялауға келетін
сипаты жоба жетекшілерін оқытуда ғана емес, басқа
категорияларды оқытуға да бейімдеуге мүмкіндік берді.
Осы әдістемеге сай жоспарланған аудиториялық және практикалық
сабақтарды үйлестірудің төмедегі нұсқалары да пайдалауға болады:
Практикалық сабақтан бастап, тақырып бойынша өз тәжірибесімен
әріптестерімен бөлісуден тұратын дискуссиядан бастауға болады (нақты
тәжірибе және рефлексиялық бақылау).
Келесі кезеңде тақырып бойынша аудиториядағы жаңа теориялар және
практикалық ақпараттармен танысу, өз тәжірибесін тұжырымдамалық
схемалармен байланыстыру (абстрактілік тұжырымдау).
Практикалық жұмыста меңгерген жаңа теорияларын бірлескен топтық
жобалау қызметінде пайдалану (тәжірибеде белсенді пайдалану).
Зертхана бағдарламасының модульдік мазмұны. Модульдің мақсаты
- «жобалау тәжірибесін» басқарудың педагогикалық жүйелерді және оның
барлық компоненттерін дамыту және оған өзгерістер ендіру құралы ретінде
пайдалануға жоба жетекшілерін дайындау.
Жобалау қызметін әлеуметтік тұрғыдан қарастыру аса қажет, оның
мәні - жүзеге асырылатын әрбір жобаның білімдік мазмұнын ғана емес, оның
әлеуметтік ролін, яғни, жобалау нәтижесінің оған қатысушылар мен
ұйымдастырушылардың, жалпы ортаның дамуы мен өзгерістеріне ықпал
ететін ұғыну, бағалау деген сөз. Жобалау қызметінің әдіснамасын ұғыну
оның барлық кезеңдерін рет-ретімен меңгеруден – тұжырымдамасын,
мақсаты мен міндеттерін құрастыру, ресурстарын анықтаудан бастап, оның
іс-әрекеттік жоспарын жасап, әкімшілік - ақпараттық қолдау құрылымын
жасауға дейінгі әрекеттерді қамтиды.
Модуль мазмұнында басқару тәжірибесіне тән талдау, зерттеу,
ұйымдастыру сияқты элементтер мен олардың байланыстары да
қарастырылады (Кесте – 13).
Қатысушылар жобалар негізінде өзіндік талдау және зерттеу
бағыттарын құрастырады. Сонымен қатар, олардың жеке жобалары өздерінің
мамандығы бойынша пәндік таңдау курстарын құрастыруға немесе
педагогикалық ізденіс тақырыптарын белгілеуге негіз бола алады.
Кесте – 13.
Жобаның компоненттеріне сай зертханалық
жұмыс мазмұны
Жобаның
компоненттері
Көпсатылы
өзгерістер
алгоритмі
Зертханалық жұмыс мазмұны
1
2
3
Жағдайды талдау
Достарыңызбен бөлісу: