Дәрістер Мәдениеттану пәніне кіріспе


Қайта жаңғыру мәдениетінің гуманизмі



бет11/18
Дата20.10.2022
өлшемі161,52 Kb.
#44367
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
madeniettanu darister (1)

Қайта жаңғыру мәдениетінің гуманизмі
Жоспар:
1. Қайта жаңғыру мәдениетінің гуманизмі.
2. Ренессанс мәдениетінің мәні мен рөлі жайындағы түрлі көзқарастардың туындауы.
3. Қайта жаңғыру мәдениетін дәуірлерге бөлу.
4. Данте,Петрарка,Боккачо-қайта жаңғыру мәдениетінің алып тұлғалары.
5. Ренессанс-жалпы Еуропалық мәдени құбылыс.

XIV ғ.аяғы мен XV ғ.басында Еуропада дәлірек айтқанда Италияда қайта өрлеу мәдениеті деген атау алған ежелгі буржуазиялық мәдениет қалыптаса бастадыҚайта өрлеу»термині жаңа мәдениет пен ежелгі мәдениет пен ежелгі мәдениет арасындағы байланысты білдіреді.Осы кезде Италия қоғамы Ежелгә Грекия мен Рим мәдениетіне аса ден қоя бастайды,ежелгі жазушылардың қолжазбалары іздестіріледі,Цицерон мен Тит Ливийдің шығармалары табылды.Халықтың ой-санасында ортағасыр кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өзгешелік болды.Қоғамның әртүрлі өмірлік тіршілігі,өнер,философия,әдебиет,білім,ғылым шіркеуден алшақтап,тәуелсіздене бастады.Қайта өрлеудегі ең маңызды нәрсе-ол адам,сондықтан бұл мәдениетті тасымалдаушылардың көзқарасы «гуманистік»терминімен (лат.«humanus»-«адамшылық»)айқындалады.


Қайта өрлеу заманының гуманистері адам маңызы оның шығу тегі немесе әлеуметтік жағдайы емес,ақыл-ой,шығармашылық куш-қуаты,кәсіпкерлік,өз қабілеттілігін сезінуі,еркіндік,білім сияқты жеке басының қасиеттерінде деп пайымдады.Қайта өрлеу заманында адамның жеке басы ерекше қундылыққа айналады,осыдан келіп либерализм идеяларының таралуын қамтамасыз ететін және қоғамдағы адам еркіндігінің деңгейін көтеретін индивидуалдылық гуманистік кезеңнің аса маңызды белгісі болды.Дін және христианның негізгі ережелеріне қарсы болмаған гуманистер құдай жаратушы,бүкіл әлемді қозғалысқа келтіруші ғана,ал одан соң адам өміріне оның қатысы жоқ деп санады.
Гуманистердің ойынша,идеалды адам бұл «әмбебап адам»өзін-өзі жасаушы,өз тағдырының қожасы,энциклопедист.Қайта өрлеу гуманистері адамзат танымының мүмкіндігі шексіз,адам санасы құдай сияқты,ал адамның өзі өлетін құдай тәріздес,ақыры ол аспан денелерінің қатарын өосылып,құдайларға айналады деп санайды.Осы кезеңдегі білімді,дарынды адамдарды құрметтеп,аспанға көтерді,оларға табынды,
Италияның қайта өрлеу дәуірінің басында ұлы Данте Алигьери тұр(1265-1321),«Комедияның»авторы,есімімен оның байланысты ұрпақтары шығармасына улкен ризашылығын білдіре отырып «Құдіретті комедия»деп атаған.Данте ортағасырға тән сюжетті алып,оны өзінің ой-қиялымен жандандыры,өз оқырманын тозақ,тозақ отынан,сондай-ақ жұмаққа жеткізе алды,оның шығармасына қарай кейбір замандастары Данте арғы дүниеде болып келген деп те болжады.
Қайта өрлеу дәуірінің ұлы ақындары Данте,Франческо Петрарка және Джованни Боккаччо итальян тілін жасаушылар.Олардың шығармалары көздерінің тірісінде-ақ Италияда ғана емес,сонымен бірге шалғай аймақтарда да улкен атаққа ие болды,әлемдік әдебиеттің қазынасына енді.
Петрарканың Мадонна Лаураның өмірі мен өлімі сонеталары букіл әлемдік атаққа ие болды.Петрарканың ізбасары жалпы гуманистік идеялардың басын біріктіріп,реалистік новеллалардың жиынтығы «Декамеронның»авторы Бокаччо болды.
Қайта өрлеу заманына сүлулыққа,ең алдымен адам сүлулығына табыну тән.Сол заманда қнердің ең жетекшісі болған Италия кескіндеу өнері тамаша бейнелерді кескіндейді.Ежелгі қайта өрлеу кескіндеу өнерінің туындыларына діни және мифологиялық шығармалар,оның ішінде «Көктем»,«Венераның тууын»салған Боттичеллидің(1445-1510)туындылары жатады.
Ежелгі қайта өрлеу заманы XV ғасырдың аяғында аяқталады да,оның орнына Италияның гуманистік мәдениетінің барынша гүлденген кезеңі-жоғары қайта өрлеу заманы келеді.Міне,дәл осы кезде адамның ар-ожданы,абыройы мен оның жердегі орнының биік екендігі айтыла бастады.Жоғары қайта өрлеу заманының алыбы,адамзат тарихындағы тамаша талант иесі Леонардо да Винчи(1456-1519)болды.
Леонардо бір мезетте суретші де,өнер теоретигі,мүсінші,сәулетші.математик,физик,астроном,физиологанатом да бола алды,бірақ бұл оның қызметінің негізгі бағытын толық қамтымайды;ол тіпті барлық ғылымның саласын данышпандық болжамдармен байытты.
Жоғары қайта өрлеу заманының тағы бір ірі тұлғасы әлемдік ұлы туынды«Сикстин мадоннасының»авторы атақты суретші Рафаэль Санти(1483-1520)болды.
Жоғарғы қайта өрлеу мәдениетінің соңғы ұлы өкілі,мүсінші,архитектор және ақын,атақты Давид мүсінін,Медичи капелласындағы «Таң»,«Кеш»,«Күн»,«Түн»деп аталатын мүсіндік бейнелерді жасаған Микеланджело Буонаротти болды.Микеланджело Ватикан сарайындағы Сикстин капелласының қабырңалары мен төбесінде де қолтаңбасын қалдырған,
Осы заманның тамаша суретшілері қоршаған орта мен адамзатқа сұлулықты паш еткен атақты Тициан(1477-1576),«Юдифь»,«Ұйқыдағы Венера»атты полотнолардың авторы Джорджоне(1477-1510)болды.
Қайта өрлеу мәдениетінің келесі сатысы-соңғы қайта өрлеу,XVI ғасырдың 40 жылдарынан XVII ғ.бастапқы жылдарына дейінгі кезең.
Қайта өрлеу заманының отаны католиктік реакция басталған ел-Италия болды.XVIғ.40 жылдары гуманистік қозғалыс өкілдерін қуғындаған инквизация ұйымдастырылып,күшейе түсті.Көптеген алдыңғы қатарлы ойшылдар мен ғалымдар отқа оранып,қаза тапты.1600ж. Римдегі гүлдер алаңында «Шексіздік,Ғаламшар және ілем туралы»атты ұлы туындының авторы,атақты Джордано Бруноны(1554-1600)өртеді.
Германиядағы қайта өрлеу католик шіркеуіндегі реформация қозғалысы құбылысымен тығыз байланысты қозғалысты діни ілімнің докторы және августин монастрының тақуасы Мартин Лютер(1483-1546)басқарды.Ол сенім-адамның ішкі дүниесі,адамды құтқаруды құдай жасайды,құдайға католиктік қызметінің көмегінсіз-ақ келуге болады деп санады.Лютер мен оның жақтастары католик шіркеуіне оралудан бас тартты,олар христиан дінінің протестанттық бағытының негізін қалады.Мартин Лютер алғаш рет Библияны неміс тіліне аударды,бұл Реформацияны табысқа жетуіне жағдай жасады.
Нидерландтағы қайта өрлеу мәдениетінің ірі өкілі Эразм Роттердамский(1496-1536)болды.Ұлы гуманист және ағартушының шығармашылығының мәні,оның атақты«Ақымақтықты мадақтауы»еркін ойлауға тәрбиелеу,схоластикаға,ырымшылдыққа сынай қарауда шынымен де өте құнды дүние.Оның әзіл-сықақ туындылары Германияда,Францияда,Испанияда,Англияда зор атаққа ие болды.
Англияда гуманистік идеялардың орталығы Оксфорд университеті болды.Гуманизмнің әлеуметтік философиядағы дамуы,оқырманға қоғамындағы мүлтіксіз адам теорияларын ұсынған«Утопияның»авторы Томас Мор (1478-1535)болды.
Ағылшын қайта өрлеу заманының ұлы тұлғасы «Гамлет»,«Король Лир»,«Отелло»трагедиялары,«Генрих VI»,«Ричард III»тарихи пьессалары мен сонттардың авторы Уильям Шекспир(1564-1616).Шекспир «Глобус»атты Лондон театрының драматургы болды.
Испан ұлттық драмасының негізін қалаушы«Шөп қорығын ит(Итаршы)»,«Би мұғалімі»атты әдеби шығармалардың авторы-ұлы Лопе де Вега (1562-1635).
Әсіресе зор табысқа жеткен испан кескіндеу өнері.Онда-шығармалары тек Испанияның ғана емес,басқа да халықтардың сурет өнерінің дамуына ықпал еткен Эль Греко(1541-1614)мен Диего Веласкес(1599-1660)ереше орын алады.
XVI ғасырдағы Франция мәдениетінің ірі өкілі-Мишель де Монтень(1533-1592).Оның негізгі шығармасы «Тәжірибелер»-философия,тарих,этикет тақырыптарында ой толғайды,табиғатты адам тәлімгері деп өарайды.Монтеннің «Тәжірибелері»схолостика мен догматизмге қарсы бағытта,рационализм идеяларын нығайтушы болды.Бұл еңбек келешек батыс еуропалық ойлардың өркендеуіне үлкен әсер етті.
Глоссарий

1. Августин-шіркеу ойшылы,«Қасиетті Өсиеттің»авторы.


2. Ағарту-Германияның антифеодальдылық қозғалысы.
3. Әсемдік культі-Қайта өрлеу дәуірінің идеясы.
4. Барокко-көзге ұратын стиль.
5. Библия-грек тілінде-кітаптар.
6. Бокаччо-«Декамеронның»авторы.
7. Иконадағы ақ түс-әулиелілікті білдіреді.
8. Данте Алигьеридің «Құдіретті комедиясы»-Қайта өрлеу дәуірінің символы.
9. Гумандылық-адам құндылығы,теңдік ұстанымы,әділеттілік туралы ілім.
10. Ренессанс дәуірінің идеалы –антикалық,грек-рим мәдениеті,гумандылық.
11. Пикодела Мирандола-«Адамның қадір-қасиеті туралы сөздердің авторы».
12. Протенстант этикасының негізгі идеалы-еңбек.
13. Роман стилі-римдік.
14. Хейзинг И.-«Ортағасыр күзі»кітабының авторы.Homo Ludens-ойнап тұрған адам.
15. Христиандық 1ғ.Палестинада пайда болды,ол кезде Рим империясына қарайтын.
16. Шекспир-«Гамлет»,«Король Лир»,«Отелло»трагедияларының авторы.
17. Э.Роттердамский-Ақымақтықты мадақтаудың авторы.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1.В.Тимошинов. «Мәдениеттану» Алматы,2008.
2.Т.Х.Ғабитов,М.Ш.Өмірбекова «Мәдениеттану негіздері» Алматы,2003.
3.Поло Марко. Книга.- М,.1955.
4.Мәдени-философиялық энциклопедия. – Алматы,2004.
5.Құлсариева А.Т.Мәдениеттану сөздігі. - Алматы, 2001.
6.Мифы народов мира:Энциклопедия. – М,.1991.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет