Дәрістер Мәдениеттану пәніне кіріспе



бет5/18
Дата20.10.2022
өлшемі161,52 Kb.
#44367
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
madeniettanu darister (1)

Мәдениет және өркениет
Жоспар:

Мәдениет пен өркенит.


Мәдениет тепалогиясы және мәдениеттің тарихи өлшнемі.
Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатнасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің зердеміге біріші түсетін ұғым - өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің - сөрдерзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл ұғымды (варварлықтар) деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни «өркениет» - олардың түсініктері бойынша, азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқар тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
Ғасырлар бойы қалыптасқан екі ұғымның мағналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:
Мәдениет пен өркениет бар.Олар синонимдер (И.Гердер, Б. Тайлор).
Өркениет - мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш.Фуре, О.Шпенглер).
Өркениет – мәдени (Ф. Вольтер, Д. Белл).
Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи – мәдени саты (Л. Морган).
Өркениет - этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н.Я.Данлевский және т.б.)
Өрениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.
Бұдан көрсетімсіз, мәдениет пен өркениет бір – біріне байланысты ұғымдар екен. Мәдениеттанушы Г.Чайльдің пікірінше, өркениетке еңбектік жолмен бөліні, қалалардың пайда болуы, жазбаша иәдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам ме мемлекеттің орнауы жатады.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылар:мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасында ең түбегейлісі – мәдени әрекет. Әрекеттану – жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс – қимлдарды атайды. Мәдни игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам қзінің де мәдени деңгейін көтерді. Осы әрекеттің қайнры, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап мұқтаждарн, мәдени қажеттіліктерін бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынадай адамдық қажеттіліктерді жатқызымыз: өмідің мәні мен мағышасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтлу, шығариашылыққы ұмтылыс, альтуризм, гумандылдық және тағы басқалары.

Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатнастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық – материалдық әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызымет орындарынан тұрады. Оларға техникамен құрал – жабдықтардың даму деңгейі тұрмыстық мәден дәрежесі.


Адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары(мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және т.б.) жатады.
Қайссібір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт – дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады, «салт - дәстүр – дейді белгілі философ Гедер, - тіл мен мәдениет бастауларының анасы» Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұтпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты мұрагерлікті жүзеге асыратын салт – дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін құрастырады. Әсіресе жазу, сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдары мен сәуегейлікке, сенім нанымдарға дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал, салт – дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынадай баға берді: «олар – терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақтлған тәжірибенің сұрыпталған тұжырымы, негізгі нәрі, қықа да көркем бейнесі».
Ғасырлар бойы күнделікті іс – тәжірибе негізінде сұрыпталған жазу, сызу мен азаматтық қоғам әлі жоқ кезде қалыптасқан салт – дәстүр мен әдет – ғұрып мәдени мирасқорлықтың жалғыз мүмкіндігі болады. Ескі ырымдар мен әдет – ғұрыптардан надандық, анайылықты емес, қазіргі мәдениеттің архитепіне аңғарған жөн.
Кез келген ұлттық мәениеттің негізі мен ділн, ондағы адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды ұғыну үшін мәдениеттің тағы бір түп тамыры дінге жүгіну қажет. Тоталитарлық жүйе ұлттық мәдениеттерді құрту мақсатында , дінді «апин» деген марксизм қағидасын басшылыққа алып , ешқандай қасиетті тірліктер жоқ , болашақ белсенді мәңгүрттерді тірбиелеуге тырысты.
Ал, шындығында да, діни Ренессанс (ренессанс – француз сөзі қайта жаңғырту) мәдени дамуда орсан зор рөл атқарады. Дінге дейінгі дүнйетаным ретіндегі мифте табиғат қасиетті күштерге баланс, ұлттық немесе дүние жүзілік діндерде – адам мен қоғамның құдіреттіігіне басты назар аудурылады. Осының нәтижесінде өркениет қалыптасады. Жалпы алғанда, дінтанусыз мәдениеттану жоқ.
Мәдениеттің өзекті бөлігі - өнер. Таңбалы тастағы кескіндер тағы адамдардың ырым билерінен бастап, Рафаель мен Микеланджелоның мәгілік туындылары мен жалғасқан, халықтың шығырмашылық рухынан талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алиаймыз. Шынында да, өнер мәдениеттің алтын өазынасы, адамың ұлылығын білдіретін ғажап көрнітердің бірі, оның әсемділікке, сұлулыққа ұмтылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет