Дәрістер Мәдениеттану пәніне кіріспе



бет16/17
Дата07.01.2022
өлшемі111,33 Kb.
#20840
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
darister

Ислам діні

Жоспар


1.Мұхаммед пайғампардың өмір баяны.

2.Ислам дінінің философиялық негізі

3.Құран мұсылманның киелі кітабы

4.Ислам дінінің негізгі бағыттары

Мұхаммед пайғамбар – адамзаттың ұлысы, адам баласының қамқоры әрі ұстазы, Алланың соңғы елшісі. Пайғамбар 571 жылы 28 шілдеде дүйсенбі күні Мекке қаласында дүниеге келіп, 632 жылы 8 маусымда дүйсенбі күні Мәдинада қайтыс болып, сонда жерленген.

Мекке – мұсылмандардың Арабиядағы қасиетті бас қаласы, астанасы.Мұхаммед пайғамбар осында туған.Қағба осы қалада. Қажылыққа баратын адамдар осы Меккеге барады.

Мәдина(пайғамбар қаласы деген сөз) – Мұхаммед пайғамбар 622 жыл хижра жылы, яғни қоныс аудару жылы немесе ислам жыл санауының басы деп аталады. Мұсылмандардың жыл санауы осы жылдан басталады. Мұсылманның алғашқы астанасы да осы Мәдина.

Мұхммед пайғамбар Мәдинада жерленен.

Мешіт – Алла үйі, қасиетті инабат, ғибдат орны.

Мешітке оң аяқпен сәлем беріп кіреді. Мұнда төрге, орынға таласпайды, дүние сөзін немесе әдепсіз сөйлеуге болмайды. Әрмұслман Алла үйіне құрметпен қарауға міндетті.

Мұсылман қуымының бас мешіті Мекке шаһарындағы әл-Масждид аль Харам. Бұл мешіт алаңында Қағба орналасқан.

Қағба – исламның қасиетті киелі орны. – Мекке қаласындағы әл-Масджит аль Харам ауласының ортасына орналасқан. Дүние жүзінің мұсылмандары ғибадат еткенде бетін осы Қағбаға (құбыларға) қаратады. Қағбаны Ибраһим пайғамбар салдырған. Қажылыққа келгендер 7 рет айналып шығуы керек.

Айт – діни мереке. Оның 2 түрі бар.Біріншісі – Ораза айты. Екіншісі-Құрбан айты.Айт мерекелкрі 3 күнге созылады.Ораза айтында пітір садақа беріледі.Ораза айтынан 70 күннен кейін келктін Құрбан айтында малдан құрбан шалынады.Құрбанға шалынатын мал қой,ешкі,сиыр,түйе.Малдың басқа түрі немесе хайуандар құрбанға шалуға жарамайды.Айт күндері ораза ұстауға болмайды.
Ислам дінінің негізін салушы,есімі көзінің тірісінде аңызға айналған Мұхаммед пайғамбар (570-632 ж.ж.) еді.

Ол озінің шәкірттеріне айтып отырып мұсылман діні қағидалары мен ережелерін жинақтаған «Құранды» жаздырды.Қасиетті «Құранда» берілген діни,құқылық,моральбық және тұрмыстық ережелер негізінен 5 негізгі принципке бағындырылды және оларды орындау әрбір адал мұсылманға міндеттеледі.

Исламның 5 шарты бар: 1.Алланың барлығына,Мұхаммед пайғамбарға сену. 2.Намаз. 3.Ораза. 4.Зекет. 5.Қажылық исламның Алла атына берілген тәлім-тәрбиелік,уағыз-өсиет,ереже-қағидалар жиынтығын шариғат деп атайды.

Иманның 6 шарты: 1.Алла тағалаға иман келтіру.2.Періштелерге иман келтіру.3.Кітаптарына иман келтіру.4.Пайғамбарларына иман келтіру.5.Ақырет күніне иман келтіру.6.Жазмыш пен қазаға иман келтіру.

Исламның қасиетті кітабы – ҚҰРАН.

Ораза-иламның бес шартының бірі.Жасы 9-ға толған қыз,12-ге толған ұләр мұсылман рамазан айында 30 күн ораза үстауға міндетті.Оған мүмкіндігі келмеген кейбір адамдарға оразаның басында және аяғында 3 күннен ауыз бекітуіне болады.Сол сиякты аурулар,қарт адамдар,екі қабат,бала емізген әйелдер,сапарда жүрген адамдар ораза ұстамауына болады.Бірақ олар бұл міндетті кейін орындауы керек.

Ораза ұстағандарға оразаң қабыл болсын деп сыйлап,құрмет көрсету керек,оларды ренжітуге болмайды.Көршілері немесе жақын адамдары ораза тұтқандарды ауыз ашарға шақырса,үлкен сауап болады.Ораза кезінде барлық адам өздерін жаман әдеттер мен сөздерден тыйып ұстағаны жөн.

Ораза ұстаудың денсаулыққа пайдалы жақтарын дін ғана емес,Шығыс ғұламалары да,басқа шипнерлер де дәлелдеген.

Намаз – мұслмандардың екінші шарты,дін діңгегі,иманның тәні,құдайға құлшылық пен сенімнің ең үлкені.Ол Мұхаммед пайғамбар тұсында,621 жылы Мекке қаласында мұсылманға парыз болып белгіленген.

Бес намаз бар,олар:таң намазы,бесін намазы,екенді намазы,ақшам намазы,жашиық намазы.Күн шығып келе жатқанда,тал түсте және кұн батып бара жатқанда намаз оқуға болмайды.

Намаз оқу – мұсылмандықтың және адамшылық пен әдептіліктің де белгісі.

Пітір – жыл сайын ораза кезінде мешітке арнайы апарып,әр адам ата-аналарына,т.б. аруақтарға бағыштап құран оқытып берілетін садақаның бір түрі.

Садақа – жетім-жесірге,қаріп-қасерлерге немесе дін жолына бағышталып берілетін құдайы.Садақа беру – мұсылмандықтың белгісі.

деген халық тағылымы тағы бар.

Құрбан айты – мұсылмандардың ең үлкен және қасиетті мейрамы.Ол ораза айтынан соң 70 күннен кейін қажылық сапарына тұстас келеді.Бұл айтта малдан құрбан шалынады.Құрбанға қой,ешкі,сиыр және түйе шалады. Басқа мал жарамайды.Қой,ешкіні бір адам үшін,сиыр,түйені жеті адам бірігіп шалуға болады.Құрбанды түнде шалуға болмайды. Құрбан айтында әр мұсылман бір-бірін құттықтап, тілек айтады,қатесі болса кешірім жасайды,бір-бірінен айттық сұрайды.Айт күндері әркім таза жүруге,әдепті сөз сөйлеуге тиіс.

Жұма – мұсылмандардың қасиетті және демалыс күні.Жұма түнінде көктен Құран түсе бастады. Бұл күні әр үйден аруақтар дұға дәметеді. Мұсылман қауымының жұма күні аруақтарға арнап шелпек пісіріп,құран оқытатын себебі осындай.Жұмада қайтыс болған немесе жанбасы жерге тиген адамдар иманды жандар болып саналады.

Глоссарий

Миф – құдайлар мен кейіпкерлердің істері туралы аңыз, әлем суреті, ертегілер.

Нус – ой, ақыл, жан – интунитиві білімдер, өзінше ойлану

Плюрализм – көп-түрлілік

Полиандария – көп-күйееулілік

Менталитет – ақыл-ой құрылымы, сананың ерекше түрі

Магия – сыйқырлық, табиғат құбылыстарына рәсімдер арқылы әсер ету талабы

Мәңгүрт – мәдени-тарихи жадынан айырылған адам

Агностицизм – білімнің қолжетіссіздігі

Дао – жол, әдіс, алдын ала тағдыр

Зайырлы – шіркеуден тыс, өмірлік азаматтық

Интелект – сана, ой, сезімге мүмкішшілігі

Йога – қосылу, ойға бату.

Карма – норма, ереже

Ғалам - әлемде бар барлық заттар мен құбылыстардың жиынтығы

Догма – күдік келтіруде, сын айтуға жатпайтын, ескірген ереже

Ересь – ортодоксиядан, догмадан тысқары кету

Интерьер – ғимараттың ішкі кеңестігі, сондай-ақ оның жиналуы

Казустика – күнделікті дәлел келтіргенде икемді, тапқыр болу

Ипостась – негіз

Конъюктуралық – ұстанымсыз

Символ – бір нәрсені білдіретін белгі

Теизм – құдай туралы ілім

Тотальді – жалпы, бәрін қамтыған

Таным – білім алудың үрдісі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет