Дәрістер тезистері 1-Дәріс Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата06.02.2017
өлшемі1,17 Mb.
#3505
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1-қадам 

Мұнда  Excel  Диаграмма  шеберінің  «5-тен  1  қадам»  деген  сұхбат  терезесін 

шығарады. Осы терезе арқылы Excel тұрғыза алатын диаграмма түрі таңдалады.  

Мысалы,  терезеден  шерту  арқылы  «Гистограмма»  түрін  таңдап,    Келесі 

батырмасын басамыз.  

2-қадам 

Диаграмма  шеберінің  бұл  сұхбат  терезесінде  диаграмма  болып  тұрғызылатын 

мәліметтер 

орналасқан 

ұяшықтарды 

тышқан 


кӛмегімен 

ерекшелейміз. 

Егер  

ерекшеленетін  ұяшықтар  сұхбат  терезесімен  жабылып  тұрса,  онда  оны  ӛзімізге  белгілі 



әдістердің бірімен жылжытамыз. Келесі батырмасын басамыз. 

Егер ұяшықтар дұрыс ерекшеленбесе,  онда осы қадам терезесінде қайта ерекшелеп 

аламыз. 

3-қадам 

Диаграмма  шеберінің  бұл  сұхбат  терезесінде  Мәтінге  берілгендер  маркері  және 



аты  түсініктемесі  қосылу  керек,    керек  еместігін,  диаграммадағы    Х  және  Y  ӛстерінің  

аттарын  кӛрсету қажет. Диаграмма атауына «Компьютерді пайдалану» деп енгіземіз. 

Түсініктеме  диаграммадағы  мәліметтердің  аттарын  және  оң  жақта  орналасатын 

нұсқауыштарын – маркерлерін бейнелейді. 

 Егер  алынған  нәтиже  кӛңіліңізден  шықпаса,  қайтадан  алдыңғы  терезеге  «Кейін» 

батырмасы арқылы оралуыңызға болады. 

Біздің  кестеміздегі  түсініктемеге  ешқандай  атау  берілмегендіктен,    оның  тұсында 

келісім  бойынша  алынатын  1-қатар  деген  атау    тұр.  Мәтін  үшін  мұнда  бағана  санын 

ӛзгерту  де  керек  емес.  Егер  ұсынылып  отырған  диаграмма  кӛңіліңізден  шықса,  Келесі 

батырмасын басамыз. 



4-қадам 

Бұл  диаграмманы  қайда  орналастыру  керектігі  жайлы    Excel-дің  соңғы  сұхбат 

терезесі. 

Диаграмманы тұрған параққа орналастыру-ды таңдаймыз. Дайын батырмасын 

басамыз.  Біз  ӛз  жұмыс  парағымызға  енгізілген  диаграмманы  алдық.  Егер  бұл 

диаграмманың ұнамайтын жері болса,  оны түзетуге болады. 

Диаграмма мөлшерін өзгерту 

Кӛбінесе  ендірілген  диаграмманың  қажетті  мӛлшерін  дәл  анықтау  қиын,  оны  тек 

диаграммаға  берілген  мәліметтерді  кӛргенде  ғана  айтуға  болады.  Сондықтан  ендірілген 

диаграмманың мӛлшерін,   пропорциясын ӛзгерте отырып,   оны ойдағыдай түзетуге тура 

келеді. 

Диаграмма мӛлшерін ӛзгерту үшін оны ерекшелеу керек,  яғни диаграмма үстінде 

тышқанды  бір  рет  шерту  керек.  Диаграмма  жақтауларының  бұрыштарында  және  оның 

сызықтарының  ортасында  белгілеу  маркерлері  пайда  болады.  Тышқан  курсорын 

пайдаланып,   диаграмманың оң жақ шетін Е бағанасына жейін жылжытайық,   ол үшін 

тышқан  курсорын  оң  жақтаудың  ортасындағы  маркерге  жеткізіп  (тышқан  сілтемесі  екі 

жаққа бағытталған тілсызыққа айналағанда),   оны Е бағанасына дейін созамыз. 

Диаграмма жақтауының ортасындағы маркерді жылжыту оның ұзындығы мен енін 

ӛзгертуге  мүмкіндік  береді.  Ал  оның  бұрышындағы  маркерді  жылжыту  диаграмманың 

ұзындығы мен енін бірдей ӛзгертеді. 



Диаграмма типін өзгерту 

Диаграмма шебері арқылы диаграмма түрін таңдап алынғаннан кейін,   Excel оның 

ішіндегісін де ӛзгертуге мүмкіндік береді. 

Диаграмманы  түзету  үшін  тышқанды  екі  рет  шерту  арқылы  ерекшелеп  аламыз. 

Сонда диаграмма айналасында сұр штрихталған жақтаулар пайда болады.  

Мұнан  кейін  Диаграмма  аспаптар  тақтасы  кӛмегімен  диаграмма  түрін  ӛзгертуге 

болады: 

- диаграмманың кез-келген жерінде тышқан батырмасын жылдам екі рет шертеміз; 



-

 

экранға диаграмма аспаптар тақтасын шығарамыз,   ол үшін: 



Түр => Аспаптар тақтасы => Диаграмма  командасын орындаймыз. 

-

 



Диаграмма түрлерінің тізімінен тұратын тақтадан Диаграмма түрі батырмасын 

шертеміз. 

Диаграмма  түрлері  мен  аттары  1-қадамда  кӛрсетілгендей  бейнеленеді.    Бұрынғы 

мәлімететр  үшін  жаңа  диаграмма  тұрғызу  үшін  диаграмма  түрін  қайта  таңдаймыз. 

Мысалы,      Кӛлемді  гистограмма  типін  таңдайық.  Біздің  бұрынғы    жазықтықтағы 

Гистограммамыз кӛлемдік болып ӛзгереді. 

Айта  кететін  бір  жайт:  ерекшеленген  мәліметтерді  бейнелеу  үшін  кез-келген 

диаграмманы  таңдауға  болмайды.  Мысалы,      біздің  мәліметіміз  бойынша  нүктелік 

диаграмма  тұрғызуға  болмайды.  Кӛлемді  диаграммалардың  кейбірі  мәліметтерді  толық 

кӛрсетпеуі немесе оларды ұсқынсыз, түсініксіз етуі мүмкін. 



Диаграмма тұрғызу кезінде олардың әртүрлі типтерін қарап отырып,    ішінен ең 

көрнекті деген біреуін  таңдап алу керек. 

Ескерту! Егер диаграммаға тәжірибе жүргізу барысында оны бұзып алсаңыз, онда 

оны  басынан  бастап  қайта  тұрғызыңыз.  Диаграмманы  ӛшіру  үшін  диаграмманы 

тышқанмен бір рет шертіп,   Del пернесін басыңыз. 

Диаграмма  тұрғызылғаннан  кейін  кестені  диаграммамен  бірге  жаңа  атпен  файлға 

жазып қоюға болады. 



Кеңістікте көлемді дөңгелек диаграмма тұрғызу және оны түзету 

Дөңгелек  диаграммалар  —  жиі  пайдаланылатын  график  түрі.  Олар  бір  бүтіннің 

құрама бӛліктерін немесе пайыздарын бейнелеуге ӛте ыңғайлы. Енді дӛңгелек диаграмма 

түрғызу жолдарын қарастырайық. 

1. Жаңа файл дайындаймыз. 

2. Тақырып жазып, оған сәйкес мәліметтер енгіземіз. 

3.  Диаграмма  шебері  батырмасын  басып,  диаграмма  тұрғызу  үшін  керекті 

мәліметтерді 13:16 блогынан аламыз. 

 

4. Диаграмманы қадам бойынша былай етіп тұрғызамыз: 



— 1-қадамда 13:16 және АЗ:А6 блоктарын таңдаймыз; 

— 2-қадамда Кеңістіктік дөңгелек деген типті таңдаймыз; 

— 3-кадамда 6-форматты кӛрсетеміз; 

— 4-қадамда ешнәрсені ӛзгертпейміз. Excel бәрін ӛзі дұрыс таңдап алады. 

5-қадамда түсініктемені (легенда) қосамыз. 

Аттарын бұл қадамда енгізбейміз. Диаграмма тұрғызылды,  бірақ мұнда безендіру 

элементтері  жетіспейді.  Безендіру  (кӛркейту)  элементтерін  енгізу  үшін,  оны  түзету 

режиміне кӛшеміз. 



Диаграммаларды түзету 

Диаграмманы түзетіп, толықтыру үшін, оны екі рет шерту арқылы таңдау керек. 

Диаграмма оның Элементтері деп аталатын бірнеше бӛліктерден тұрады, олар : 

-

 



диаграмманы тұрғызу аймағы

-

 



диаграмманың ӛз аймағы; 

-

 



түсініктеме мәлімет (легенда); 

-

 



тақырып; 

-

 



мәліметтер белгілеулері;  

-

 



мәліметтер қатары. 

Белгілі  бір  элементті  түзетіп,  толықтыру  үшін  оны  таңдау  қажет.  Таңдауды 

тышқанмен  немесе  курсорды  басқару  тақталары  кӛмегімен  жүзеге  асырамыз. 

Ерекшеленген  элемент  кішкене  қара  квадраттармен  қоршалып  тұрады.  Сонан  соң 

тышқанның ОК батырмасы арқылы әрбір ерекшеленген элементтің жеке ӛзінің контексті-

тәуелді мәзірі шығады. Сол мәзір кӛмегімен диаграмманы түзетіп толықтырамыз. 



Кестені экранға және принтерге шығару 

Excel-де  кестені  қағазға  шығармас  бұрын,  алдын-ала  оның  ойдағыдай  болуын 

тексеретін  мүмкіндік  бар.  Ол  үшін  Файл=>Қарап  шығу  мәзір  командасын  орындау 

немесе Стандартты құрал-саймандар тақтасының кӛру батырмасын басу керек. 

Алдын ала қарап шығу функциясы кестені экранға шығарады,  бірақ оның қатесін 

түзетуге  мүмкіндік  бермейді.  Кестені  түзету  үшін  қайтадан  кәдімгі  кесте  тәртібіне  кӛшу 

керек.  Бірақ  алдын  ала  қарап  шығу  режимінде  мынандай  пайдалы  амалдарды:  парақ 

параметрлерін ӛзгерту,  оның шетіндегі  бос орындарды анықтап,  кестені  беттерге бӛлу, 

және қағазға басу істерін орындай аламыз. 

Алдын ала қарап шығу операциялары келеңсіз жағдайларды болдырмай,  уақытты 

әрі қағазды тиімді пайдалануға мұрсат береді. 

Сонымен бірге бұл режимде жұмыс атқару үшін: 

1.

 



Стандартты  аспаптар  тақтасының  Алдын  ала  қарап  шығу  батырмасы 

арқылы алдын ала қарап шығу тәртібіне кӛшеміз. 

2.

 

Парақ  батырмасын  басып,    параметрлер  терезесінде  кестені  қағазға  кӛлденең 



(Альбом түрінде) немесе тік (Кітап түрінде) басатынымызды анықтап аламыз. 

3.

 



Параметрлер  терезесіндегі  Ӛрістер  батырмасын  басып,  экраннан  қағаз 

шетіндегі сызықпен бӛлінген бос орындарды бағдарлаймыз.   

Тышқан сілтемесін тік сызықтың сол жағындағы екінші  квадратқа жеткізіп, оның 

батырмасын  басулы  күйде  ұстап,    тӛменнен  2,50  деген  санды  кӛреміз.  Бұл  осы 

сәттегі жоғары бос орындар ӛрісінің мӛлшері. Оны 3,00 санына ӛзгертейік. 

Осы  тәсіл  арқылы  алдын  ала  қарап  шығу  режимінде  беттің  тӛрт  шетіндегі  бос 

орындар  ӛрісінің  мӛлшерін  де  анықтап  аламыз.  Сол  жақ  шеттегі  бос  орындар 

мӛлшерін  1-ге теңейік. 

Барлық бос орындар ӛрісін кесте толық кӛрінетіндей етіп орнатып аламыз. 

4.

 



Принтердің компьютерге қосылып, оның ӛзінің жеке ток кӛзіне қосылғанын да 

қарап шығу керек. 

Баспа  батырмасын басыңыз. 

 MS Excel кестелік редакторында функция мәнін кесте түрінде алу. MS Excel кестелік 

редакторын мәліметтер қоры ретінде пайдалану. Автосүзгі мен кеңейтілген 

автосүзгі. Мәліметтерді сұрыптау. 

Мәліметтерді сұрыптау және сүзгілеу 

Excel электрондық таблицасы мәліметтер базасы режимінде жұмыс істеуге 

мүмкіндік береді. Әрине, оның мүмкіндіктері арнайы жасалған мәліметтер базасынан гӛрі 

әлсіздеу, дегенмен мұнда да кӛптеген жұмыстар істеуге болады. 

Біз мәліметтер базасынан әртүрлі белгілері бойынша керекті ақпаратты іздеуді 

және оларды сұрыптауды қалай жүзеге асыруға болатынын қарастырамыз. Осыларды 

түсіндіру үшін күн жүйесінің планеталары туралы мәліметтерді кестеге толтырайық та, 

оны Ex6.xls деген файлға жазып сақтап қоялық. 

Кез келген мәліметтер қорымен атқарылатын  негізгі  жұмыс – оның құрамынан 

белгілі бір критерийлерге (айрықша белгілерге) байланысты қажетті ақпаратты іздеп табу. 

Жазбалар саны кӛбейген сайын ақпаратты іздеу қиындайды, дегенмен Excel программасы 

мәліметтерді сүзгілеу арқылы бұл процесті оңайлатады. 



Мәліметтерді сүзгілеу 

Мәліметтер=>Сүзгі мәзір командасы керекті жазбаларды сүзгілеуге мүмкіндік 

береді. Сүзгілеуді автоматты түрде – Автофильтр арқылы және қолмен де Кеңейтілген 

түрінде жүргізуге болады. 

Автосүзгі арқылы орындау  

Автофильтрді  пайдалану кезінде курсорды мәліметтер базасы тұрған аймаққа 

алып барып, оны ерекшелеу керек. Содан кейін Мәліметтер=>Сүзгі=>Автосүзгі 

командаларын орындау барысында ӛріс атаулары маңында тӛмен қарай бағытталған 

тілсызық бейнелі батырмалар пайда болады. Белгілі бір батырмаларды басу арқылы 

мәліметтерді сүзгілеу критерийлерін беруге болады. Сол кезде пайда болатын ішкі 

мәзірдегі Барлығы деген сӛзді таңдау сүзгілеу ісін жүзеге асырмайды,  ал Баптау 

пунктін таңдау, экранға  сұхбат терезені шақырып,  онда сүзгілеу параметрлерін 


тағайындайды. Әрбір ӛріс элементтерін таңдау үшін логикалық ЖӘНЕ не НЕМЕСЕ 

функциялары арқылы байланысқан екі бірдей шарт беруге болады. 

Біздің мысалымызда Автосүзгіні пайдаланып К немесе Ю әрпінен басталатын  

массасы 600х10

24

 кг мӛлшерінен кем болмайтын планеталарды іздеуге болады. Ол үшін 



Мәліметтер=>Сүзгі=>Автосүзгі командаларын орындаймыз, сол сәтте ӛрістердің оң 

жағында батырмалар пайда болады. 



Планета ӛрісінде тұрған батырманы басайық та,  Баптау (Настройка) пунктін 

таңдайық. Сұхбат терезеде  ӛзіміз қоятын шартқа сәйкес критериді енгізіп, ОК-ны басу 

керек. 

Мәліметтер базасында  тек Күн, Юпитер, Сатурн планеталары қалғанын кӛреміз. 



Егер де біз Масса ӛрісіндегі батырманы басып, оның Баптау пунктін таңдап, 

сұхбат терезесіне басқа критерий (<600) енгізсек,  онда тек Сатурн қалады. 

Алғашқы мәліметтер бағанасын қарап шығу үшін Мәліметтер=>Сүзгі=>Бәрін 

көрсету  командаларын орындау керек. 

 

Дәріс 13 



Тақырыбы: Мәліметтер қоры ұғымы.  MS Access  мәліметтер қорын басқару жүйесі. 

Кез  –  келген  ақпараттық  жүйенің  нақты  дүниедегі  обьектілер  жайлы  деректерді 

ӛңдеу.  Кеңінен  түсіндірер  болсақ  деректер  қоры  дегеніміз  –  нақты  дүниедегі  белгілі  бір 

сала бойынша бар обьектілер бойынша мағұлыматтар жиынтығы. Пәндік (салалық) аумақ 

деп нақты дүниенің бір бӛлігін айтамыз. Бұл бӛлік басқарудағы ұйымдастыру мәселелерін 

зерттеу үшін ең соңында оның жұмысын автоматтандыру үшін керек. Мысалы, кәсіпорын, 

жоғарғы  оқу  орыны  т.б.с.с.  Деректер  қорын  құрғанда  пайдаланушы  әртүрлі  белгілері 

бойынша  реттеп,  одан  кӛптеген  басқа  да  белгілердің  жинақталуы  бойынша  тез  таңдау 

жүргізе  алады.  Бұндай  жұмысты,  егер  деректер  құрылымы  тәртіптелген  болса  ғана 

жүргізуге  болады.  Құрылымдық  түр  жасау  –  ол  деректерді  кӛсету  тәсілдері  жӛнінен 

келісім  жасау  деген  сӛз.  Құрылымдық  түрі  жоқ  деректердің  мысалы  ретінде  мәтіндік 

файлды келтіруге болады. 

Деректер  қорының  пайдаланушысы  ретінде  әртүрлі  қолданбалы  программалар, 

программалық  кешендер жүре алады.  Соңғы пайдаланушы деген атқа ие ретінде әр сала 

мамандары  болады.  Қәзіргі  кездегі  деректер  қоры  технологияларында,  ДҚ  құру,  оны 

жұмыс қалпында ұстаупайдаланушылардың ДҚ қатынап отыруын қамтамасыз етіп отыру 

деген  сияқты  кӛптеген  қызметтерді  арнайы  программалық  құрал  –  деректер  жүйесін 

басқару жүйесі басқарады. 



Деректер қоры (ДҚ) – белгілі  бір пәндік аумаққа жататын құрылымдық  түрі  бар 

деректердің атауы бар жинағы. 



Деректер қорын басқару жүйесі  - ДҚ құруға, оны актуалды күйде ұстауға ондағы 

керек  ақпаратты  іздеуді  ұйымдастыруға  қажет  программалық  және  тілдік  құралдар 

кешені. 

ДҚ  –  дағы  деректерді  басқарудың  орталықтандырылған  сипаты,  қордағы 

сақталатын  ақпаратқа  әкімшілік  қызметін  жүктейтін  адамның  (не  адамдар  тобының) 

болуын қажет етеді.  



Деректер қорының жүйеленуі 

Деректерді  ӛңдеу  технологиясы  бойынша  ДҚ  орталықтандырылған  және 

үйрестірілген  деп  бӛлінеді.  Орталықтандырылған  ДҚ-  да  бір  ғана  есептеу  жүйеісінің 

жадында  сақталады.  Егер  бұл  есептеу  жүйесі  ЭЕМ  желісінің  компонентасы  болса,  онда 

бұндай  қорғау  үйлестірілген  қатынау  болады.  ДҚ  пайдаланудың  мұндай  тәсілі  әдетте 

дербес  компьютерлердің  (ДК)  жергілікті  желілерінде  қолданылады.  Үйлестірілген    ДҚ 

есептеу  жүйесінің  әртүрлі  ЭЕМ  сақталатын,  Ӛзара  қиылысатын  немесе  бірін  бірі 

қайталайтын  бӛліктерден  тұрады.  Мұндай  қормен  жұмыс  істеу  үлестірілген  деректер 

қорын  басқару  жүйесі    (ҮДҚБЖ)  кӛмегімен  іске  асады.  Деректерге  қатынау  тәсілдері 

бойынша  ДҚ  жергілікті  қатынау  ДҚ  және  қашықтағы  немесе  желілі  қатынау  ДҚ  деп 

бӛлінеді.  Желілік  қатынау  тәсіліндегі  деректер  қорының  орталықтандырылған  

жүйелерінде әртүрлі архитектура болады: 



∙ файл-сервер; 

∙ клиент-сервер. 

Файл-сервер.  Желілі  қатынау  ДҚ  жүйелерінің  архитектурасы  бойынша  желідегі 

бір машина негізгі (орталық) болып бӛлінеді (файлдар сервері). Бұл машинада басқалары 

пайдаланатын  орталықтандырылған  ДҚ  сақталады.  Желідегі  басқа  машиналар, 

пайдланушы жүйелерінің орталықтандырылған ДҚ қатынауын қамтамасыз ететін жұмыс 

станцияларының  қызметін  атқарады.  Пайдаланушы  сұратуларына  сәйкес  дерктер  қоры 

файлдары  жұмыс  станцияларына  жіберіп,  сонда  ӛңделеді.  Бір  түрлі  деректер  бірнеше 

сұратулардың  жиі  түсуі  ақпараттық  жүйенің  жұмыс  жылдамдығын  азайтады. 

Пайдаланушылар  жұмыс  станцияларында  жергілікті  ДҚ  қӛұрып,  оны  ӛздері  жеке 

пайдалана алады. Файл – сервер концепциясы шартты түрде 1.1 суретінде бейнеленген. 

Клиент-сервер. 

Бұл 

концепция 



бойынша 

орталық 


машина 

(ДҚ 


сервері) 

орталықтандырылған  ДҚ  сақтаумен  бірге  деректерді  ӛңдеудің  негізгі  қызметін  ӛзі 

қамтамасыз  етуі  керек.  Клиент  (жұмыс  станциясы)  сұрату  жасаған  деректерді  серверден 

іздеп  оны  табу  қажеттігі  болады.  Табылған  деректер  (файлдар  емес)  желі  бойынша 

серверден клиентке қарай жіберіледі. Клиент – сервер архитектурасының ерекшелігі SQL 

– сұрату тілін пайдалану болып табылады. Клиент – сервер концепциясы шартты түрде 1.2 

суретте бейнеленген. 

 

 



Сурет 1.1 Файл – сервер принципі бойынша ДҚ- дағы ақпаратты ӛңдеу схемасы 

 

Сурет 1.2 Клиент-сервер принципі бойынша ДҚ-дағы ақпаратты ӛңдеу схемасы 



 

 

Деректер қорының құрылымдық элементтері 

Деректер  қоры  ұғымдары  мынадай  құрылымдық  элементтер  ұғымдарымен:  ӛріс, 

жазба, файл (кесте) тығыз байланысты. (сурет1.3) 

Ӛ  р  і  с,  -  ақпараттың  бӛлінбейтін  бірлігі  –  реквезитке    сәйкес  келетін  деректерді 

логикалық ұйымдастырудың қарапайым бірлігі. Ӛрісті сипаттау үшін мына кӛрсеткіштер 

қажет: 

А т ы , мысалы, Фамилиясы , Аты, Әкесінің аты, Туған мерзімі; 



т и п і, мысалы, символды, сандық, календарлық; 

ұ з ы н д ы ғ ы, мысалы, 15 байт және де таңбалардың ең кӛп саны енеді; 

д ә л д і г і, сандықдеректтер үшін, мысалы, екі сандық бӛлшек бӛлігін беру үшін 

екі ондық таңба. 

 

Сурет 1.3 ДҚ-ның негізгі құрылымдық элементтері 



Жазба  –  логикалық  байланыстағы  ӛрістер  жиынтығы.  Жазба  данасы  –  оның 

ӛрістерінің нақты мәні бар жазбаның жеке іске асқан түрі. 

Файл (кесте) – бір құрылымның жазба даналарының жиынтығы. 

Файлжазбаларының  логикалық  құрылым  сипаты  сурет  1.4  кӛрсетілгендей,  ӛрістер  мен 

олардың жазбалар тізбегінен тұрады. 

 

Файл аты 



Ӛрісі 

Кілт белгісі 

Ӛріс форматы 

Аты 


(белгіленуі) 

Толық 


атауы 

Типі  Ұзынд

ығы 

Дәлдігі 


(сандар 

үшін) 


1 аты 

 

 



 

 

 



┘ 

 

 



 

 

 



N аты 

 

 



 

 

 



 

Сурет1.4 Файл жазбаларының логикалық құрылымы 

Файл  жазбасының  құрылымында  мәндері  кілт  болатын  ӛрістер  кӛрсетіледі:  жазба 

данасын  білдіретін  бірінші  кілт  (БК)  іздеу  және  топтау  белгілері  қызметін  атқаратын 

екінші кілт (ЕК) (екінші кілт мәні бойнша бірнеше жазба табуға болады).  

Деректер үлгілерінің түрлері

Кез  –  келген  ДҚ  ядросы  ретінде  деректер  үлгісі  бола  алады.  Деректер  үлгісі 

дегеніміз деректердің құрылымдарының жиынтығының деректер бүтіндігін шектеу  және 

деректермен операциялар жасау. 

Деректер үлгісі – деректер құрылымы жиынтығы мен оларды ӛңдеу операциялары. ДҚБЖ 

иерархиялық,  желілік  немесе  реляциялық  үлгілеуге  немесе  осы  үлгілердің  белгілібір 

жиынындағы комбинациясына негізделген. 

Деректер  үлгісінің  үш  негізгі  типін  қарастырайық:  иерархиялық,  желілік, 

реляциялық.   

Иерархиялық дерктерді үлгілеу. 

Иерархиялық  құрылым  бір  –  бірімен  белгілі  бір  ережелер  бойынша  байланысқан 

элементтер  жиынтығын  береді.  Иерархиялық  байланыстағы  обьектілербағытталған  граф 

(тӛңкерілген ағаш) құрады. Оның түрі 2.1 суретінде бейнеленген. 

Иерархиялық құрылымның  негізгі ұғымдарына мыналар жатады: деңгей, элемент 

(түйін),  байланыс.  Түйін  дегеніміз  белгілі  бір  бьектіні  сипаттайтын  деректер 

атрибуттарының  жиынтығы.  Схемада  иерархиялық  ағаштың  түйіндері  граф  тӛбелері 

ретінде  бейнеленген.  Тӛменгі  деңгейдегі  әр  түйін,  жоғары  деңгейдегі  бір  түйінмен  ғана 

байланысқан.  Иерархиялық  ағаштың  ешқандай  тӛбеге  бағынбаған,  ең  жоғарғы  деңгейде 

орналасқан бір түйіні бар (ағаш түбірі). Тәуелді (бағыныңқы) түйіндер екінші, үшінші т.б. 

деңгейлерде орналасады. ДҚ – дағы ағаштар саны түбір жазбалары санымен анықталады. 

ДҚ  әрбір  жазбаға  түбір  жазбадан  тек  бір  жолболады  (иерархиялық).  Мысалы:  2.1. 



суретінде  кӛрсетілгендей  С4  жазбасы  үшін  ӛтетін  жол  А  және  В3  жазбалары  арқылы 

ӛтеді.  


 

Сурет 2.1. Иерархиялық құрылымды ДҚ- графикалық бейнеленуі 

 

Желілік деректерді үлгілеу 

Желілік  құрылымда  алдыңғы  аталған  негізгі  ұғымдардағы  (деңгей,  түйін, 

байланыс) әр элемент кез – келген басқа элементтен байланыста бола алады. 

Реляциялық деректерді үлгілеу 

Реляциялық  деген  ұғым  (ағыл.relatіon  -  қатынас)  ДҚ  жүйелерінің  маманы  белгілі 

американдық  Е. Кодданың есімімен байланысты. 

Бұл  үлгілер  деректер  құрылымының  қарапайымдылығымен,  пайдаланушыға  ыңғайлы 

кесте  түрінде  сипаттайды  және  бұлүлгіде  қатынастардың  және  деректерді  ӛңдеуде 

реляциялық есептеулердің формалды алгебралық аппаратын қолдану мүмкіндігі бар. 

Реляциялық  деректерді  екі  ӛлшемді  кесте  түрінде  ұйымдастыруға  бағытталған.  Әр 

реляциялық кесте екі ӛлшемді массив түрінде беріледі де, мына қасиеттерге ие болады:  

-    кестенің әр элементі – деректердің бір элементі

-    кестедегі  бағандардың  бәрі  біркелкі,  яғни  бағандаға  барлық  элементтер  бір  типте 

(сандық, таңбалық т.б.) және бәрінің  ұзындығы бірдей; 

-   әр бағанның ӛзіне ғана тән (уникальный) аты бар; 

-   кестеде бірдей жолдар жоқ; 

-   кестеде жолдар мен бағандардың орналасу тәртібі әркелкі;  

Қатынастар кесте түрінде беріледі. Кестедегі жолдар кортеж немесе жазба деп, ал 

бағандар  қатынастар  атрибуты  немесе  домен,  ӛрістер  деп  аталады.  Бір  мәні  жазбаны 

анықтайтын  ӛрісті  –  қарапайым  кілт  деп  (кілтік  ӛріс)  атайды.  Егер  жазбалар  бірнеше 

ӛрістермен  анықталса,  онда  мұндай  кестенің  құрамды  кілті  бар  деп  есептеледі.  Екі 

реляциялық  кестені  байланыстыру  үшін  бірінші  кетенің  кілтін  екінші  кестенің  кілтінің 

құрамына  енгізу  керек  (кілттер  бір  –  бірін  қайталауы  мүмкін).Басқа  жағдайда  бірінші 

кестенің  құрылымына  сыртқы  кілтті  енгізу  қажет.  Сыртқы  кілт  екінші  кестенің  кілті 

болады. 


Инфологиялық үлгі құрудағы реляциялықжол 

Ақпараттық  обьект  –  бұл  дүниенің  ,  заттың  (нақты  обьект,  іс,  процесс,  уақиға) 

логикалық  байланыстағы  реквизиттер  түріндегі  (ақпараттық  элементтер)  жиынтығының 

сипаты.  Ақпараттық  обьектілердің  дүниелік  сипатының  мысалы  ретінде:  цех,  қойма, 

материал,  жоғарғы  оқу  орны,  студент,  емтихан  тапсыру  т.б.с.с.  қарастыруға  болады. 

Белгілі  бір  реквизиттік  құрамдағы  және  құрылымдағы  ақпараттық  обьект  класс  (тип) 

құрайды.  Оған  ӛзіне  ғана  тән  ат  беріледі  (таңбалық  белгімен),  мысалы:  студент,  сессия, 

стипендия. Ақпараттық обьектінің іске асыру – даналар жиынтығы кӛп. Олардың әрбіреуі 

реквизиттердің нақты мәндері мен кілт мәндерімен анықталады (қарапайым бір реквизит 

немесе  құрамды  бірнеше  реквизит)Ақпараттық  обьектінің  басқа  реквизиттер  тек 

сипатталады.  Сонымен  бірге  бір  реквизиттер  бір  ақпараттық  обьектілер  үшін  кілттік 

болса, басқа ақпараттықобьектілер үшін сипатталатын болуы мүмкін. 

Деректер  кестелерге  әртүрлі  тәсілдермен  топталуы  мүмкін,  яғни  бір  –  бірімен 

байланысқан ақпаратық обьектілердің ұйымдасқан әр түрлі жиынтықтары болуы мүмкін. 

 

Бұлқатынастардағы атрибуттар топталуы рационалды болуы керек, Яғни бір – бірін 



қайталайтын деректерді  азайтуға, және оларды ӛңдеп, жаңалап тұратын процедураларды 

оңайлатуға мүмкіндік болуы керек. 

Деректерді  енгізгенде,  ӛзгерткенде,  жойғанда  белгілібір  қатынастар  жиынтыңғы 

қатынастар  қалыптылығы  деп  аталатын  талапты  қанағаттандырса  онда  оның  басқаларға 

қарағанда  жақсы  қасиеттерге  ие  болуға  мүмкіндігі  бар.  Қатынастар  қалыптылығы  – 

деректер  қорындағы  қайталауды  болдырмайтын,  онда  сақталатын  деректердің  ӛзара 

қарама  қайшылығын  болдырмайтын,  ДҚ  жүргізуге  кететін  еңбекті  азайтатын  (енгізу, 

жӛндеу)  қатынастарды  (кестелерді)  қалыптастыруға  керек  шектеулердің  формальды 

аппараты. В.Коддол қатынастардың үш түрлі қалыпты формасын анықтады және ол кез – 

келген  қатынасты  үшінші    (ең  жетістікті)  қалыпты  формаға  түрлендіретін  механизмді 

ойлап тапты. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет