Дәрістердің қысқаша мазмұны. 1-тақырып. Жоғары мектеп педагогикасының пәні. Жоғары мектеп педагогикасының теориялық негізі


Педагогикадағы білім берудің мазмұны



бет11/18
Дата19.12.2023
өлшемі43,94 Kb.
#141033
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
дәрістер ЖМП 2018 АБА

Педагогикадағы білім берудің мазмұны
Педагогикада білім беру мазмұны - жеке тұлға қалыптастыру мен дамыту барысындағы ғылыми негіз ретінде қарастырған және де жүйелі түрде білім алуы және ақыл-ойы мен сезімін дамыту.
Білімді адам дегеніміз - ақыл-ойы жетілген, әдіс-тәсілдері меңгерген, қабілетті, өз пікірін дәлелдей алатын, балошақты болжай отырып, шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны айтуға болады.
Я.А.Коменский оқытуды технологияландыруды жақтады. Ол оқытуды «механикалық ң болуын жақтады, оқытудың қанағаттандыратын нәтижелеріне әкелетін жол іздеуге тырысты. Я.Л. Коменский «Дидактикалық машинаға: 1. нақты қалыптасқан мақсат; 2. мақсатқа жету үшін нақты бейімделген амал; 3. нақты ережелер, амалдармен қалай қолдануды түсіндіретін нақты ережелер табу керекң деп жазды. Коменский дәуіренен бері педагогикада оқытуды жақсы қалыптасқан механизм ретінде жасауға көп мүмкіндіктер болды. Соңында оқытуды технологияландыру туралы ойлар толықтырылып, нақтыландырылды. Оқыту технологиясына жаппай енуді зерттеушілер 60- жылдардың басына жатқызылады. Шетелдің педагогикалық технологияны барынша танымал авторларына ДЖ. Кэрролл, Б.Блум, Д.Брунер, Г.Геис т.б. жатады. Оқыту технологиясының жолдары Ресейлік авторлардың П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызин, Ю.А.Бабанский, М.В.Кларин т.б. ғылми еңбектерде көрсетілген.
Қазіргі кезде оқытудың бихиоверситік теориясы алға шығуда. Сонымен қатар оқытудың прагматикалық теориясының өкілдеріне: У.Джеймсом, Д.Дьюи жатқызамыз. Ал, оқытудың прагматикалық емес теорияларын жақтаушылар қатарында: А. Маслоу, Т.Роджерс, Н. Тейлент және т.б. бар. Ф.Бэконн сенсуалистік теорияны ұсынған. Л.В. Занков программалық материалды меңгеруде тез ырғақпен жүрген екенін дұрыс екенін айтты. Дамыта оқыту технологиясын Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов және олардың көптеген шәкірттері дамытуға үлесін қосты. Д.В. Эльконин білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере оқытып, оқытуға жүйелі әрекеттестік бағыттың негізін қалады. Дамыта оқыту технологиясының дидактикалық идеяларға әр түрлі сабақтағы әрекеттік ситуациядағы оқушылардың рефлекциясын жеделдету идеясы да енеді.
Ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың кезеңдік технологиясы П.Я. Гальперинның, Д.В. Эльконин, Н.Ф. Талызин теориясының негізінде жасалған. Осы теорияның авторлары білім, шеберлік пен дағды адамның әрекетінсіз меңгерілмейтіндігін, сақталмайтындығын түсінді. Практикалық әрекет нәтижесінде адамда мақсат, жоспар әрекетті, орындау тәсілдері туралы негіз қалыптасады. Сондықтан әрекетті қатесіз орындау үшін адам болып жатқан әрекеттің қандай аспектісіне көңіл аудару керек, нәтижесінде не болатындығын білуі қажет деп санаған. Бұл жағдай ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың кезеңдік теориясының негізін құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет