Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет4/50
Дата14.10.2023
өлшемі4,69 Mb.
#114236
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1)

ТҮСІНІКТІ НАҚТЫЛАУ

Стандарт  білім алушылардың дайындық деңгейін, білім беру мазмұнын, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемін, оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын анықтайды



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты (№327, 25.04.2015 ж), (2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы).
Бұл құжатта білім алушылардың дайындық деңгейін, білім беру мазмұнын, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемін, оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын анықтайды – деп анықтама берілген.
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жалпы ережелерінде: бағалау, бағалау критерийлері, жиынтық бағалау және формативті бағалау ұғымдарына анықтама берілген:
1) бағалау – әзірленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген оқу нәтижелерін оқудан күтілетін нәтижелермен салыстыру процесі;
2) бағалау критерийлері – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын нақты өлшеуіштер;
3) жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан), сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып аяқтағаннан кейін өткізілетін бағалау түрі;
4) формативті бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, білім алушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Стандарттың 2-тарау, 1-параграфындағы «Жаңартылған бастауыш білім беру мазмұны бойынша білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарында» бастауыш білім берудің мақсаты мынадай кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады:
1) Білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдана білу.
2) Сын тұрғысынан ойлау.
3) Зерттеу жұмыстарын жүргізе білу.
4) Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу.
5) Коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру.
6) Топпен және жеке жұмыс істеу дағдылары.
Стандарттың 4-тарау. 1-параграфында «Жаңартылған бастауыш білім беру мазмұны бойынша білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарында»:
1) Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім алушылардың білімдерін бағалау критерийлерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бағалау критерийлері ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін де ескере отырып, білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін өлшеу үшін пайдаланылады.
2) Бағалау нақты бөлім/ортақ тақырып бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін қадағалау негізінде әрбір оқу пәні бойынша оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.
3) Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау формативті және жиынтық бағалау нысанында жүзеге асырылады.
4) Бастауыш білім беру деңгейінде бағалау 1-сыныптың екінші жартыжылдығынан бастап қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
5) Бастауыш білім берудің оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Бағалаудың стандарты болып табылатын күтілетін нәтижелер пәндер бойынша ҚР МЖМББС-нда таксономиялық тәсіл арқылы ұсынылды.
Таксономиялық тәсілдер негізінде білім беру деңгейін аяқтау бойынша білім алушылардың білуі, түсінуі, қолдануы, талдауы, жинақтауы және бағалауы анықталады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет