Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет31/50
Дата24.06.2022
өлшемі4,69 Mb.
#37265
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1) (1)

Әдебиеттер
1. Оқушылардың бағалау құралдарын құрастыру, оқу-әдістемелік құрал.  Астана, «НЗМ» дербес білім беру ұйымы, 2017.  86 бет.
2. Кохаева Е.Н. Қалыптастырушы бағалау: әдістемелік құрал.  Астана, 2014. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы. 
3. Үшінші (негізгі) деңгей. Білім платформасы. 1 кезең. 4 аптаның 3-4 күндеріндегі материалдар. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, педагогикалық шеберлік орталығы.


ДӘРІС - 9. ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ


Жоспар

  1. Топтық жұмыс жүргізудің мәні мен маңызы

  2. Топтық жұмыс жүргізудің әдістемесі

  3. Топтық жұмысты өткізуді ұйымдастыру және бағалау

Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесін айқындап алу үшін ынтымақтастық оқу мен бірлескен оқудың мәнін айқындап алу қажет.


Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде əзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кəсіби білім беру бағдарламасында ынтымақтастық оқу мен бірлескен оқудың мәнін нақты айқындаған.
Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы.
Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады. Барлық жағдайларда адамдар топтарға бірлескен кезде ынтымақтастық адамдардың топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен үлесі құрметтей отырып жұмыс істеу тәсілін ұсынады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін топ мүшелері арасында билік пен жауапкершілікті бөлу орын алады. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы ымыраға жетуге негізделген.
Бірлескен оқудың мәні неде?
Ынтымақтастық оқу – оқыту мен оқуға білім беру тәсілі, бұл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлде бір өнім жасау үшін бірлесіп жұмыс істейтін оқушылар тобы дегенді білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы оқуды жүзеге асырады.
Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:
1) Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.
2) Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
3) Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.
4) Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік гимнастика кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.
Интербелсенді оқу/оқыту – дегеніміз ол жұптасып немесе шағын топ ішінде қолтық араласып жұмыс жасау деген сөз, яғни бірлесе отырып жұмыс жасау.
Ғалым А.Әлімов өзінің еңбектерінде «Интербелсенді оқуды ұйымдастыру ережелерін» айқындаған:
Бірінші ереже: Сынып бөлмесін жұмысқа дайындау.
Екінші ереже:Топқа бөлу.
Үшінші ереже: Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау.
Төртінші ереже:Жұмыс ережелерін қабылдау.
Бесінші ереже:Сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыру.
Алтыншы ереже:Барлық үйренушілер жұмысқа қатынасады.
Жетінші ереже: Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалады.
Сегізінші ереже:Жазбаша жұмыстар.
Тоғызыншы ереже: Кері байланыс.
Нәтижесінде – жаңаша білім беру стилін жетілдіріледі, оқу үдерісіне жаңа технологияларды енгізу, мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне көмек көрсете алу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет