Дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұны дәріс – «Бастауыш мектептегі критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет37/50
Дата24.06.2022
өлшемі4,69 Mb.
#37265
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ Критериалды -2021 (1) (1)

Әдебиеттер
1. Әлімов А.Қ. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Оқу құралы. – Алматы. «Кантана пресс», 2013. – 447 б.
2. Байбородова, Л. В., Рожков, М. И., Чернявская, А. П., Харисова, И. Г. Теория воспитания и технологии педагогической деятельности (в схемах и таблицах) : учебное пособие / под. ред. Л. В. Байбородовой, И. Г. Харисовой. – Изд. 2-е перераб. и исправ. – Ярославль: РИО ЯГПУ, 2016. – 190 с. ISBN 978–5–00089–080–6.


ДӘРІС - 11. ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ: БӨЛІМ, ОРТАҚ ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША ЖӘНЕ ТОҚСАНДЫҚ БАҒАЛАУ ҮДЕРІСІ


Жоспар
1. Жиынтық бағалау үдерісі
2. Бөлім, ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау
3. Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
3.Тоқсандық жиынтық бағалаудың қорытындысын модерациялау
Жиынтық бағалау және оның түрлері
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулықта жиынтық бағалау үдерісі, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау жүргізулі әдістемесі нақты айқындалған.
Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылады. Жиынтықбағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі.
Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі.
Аталған ақпарат қалыптастырушы бағалаудағы сияқты жоспарлау, түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі.
Пән бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалаудың барлық түрлері бойынша бақылау тапсырмаларын, әдістерін, кезеңдерін көрсетіп, оқу жылына жиынтық бағалаудың жоспарын құрастыру ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет