Динамикалық стереотип – шартты және шартсыз рефлекстер жүйесі. Олар бір тітіркендірулердің бірнеше рет (ситуациялардың) қайталануы нәтижесінде қалыптасады және осыған сәйкес бекітілген жауап реакцияларының тізбегі түрінде, яғни СТЕРЕОТИП күйінде айқындалады. Сыртқы орта жағдайларының өзгерістері бұл жүйенің қайта құрылуына немес бұзылуына әкеп соғуы мүмкін, сондықтан бұл құбылыс динамикалық деген терминмен беріліп отыр.
Динамикалық стереотип үлкен ми сыңарларының қабықшасында ретімен қозатын немесе тежелетін жүйке орталықтарының тізбегінен түзілген. Бұл тізбекте әрбір жүйенің белсенділігі автоматты түрде келесісінің қосылуын қамтамасыз етеді. Мұндай стереотип спортшыларда қимыл дағдысын қалыптастыруда, әсіресе стандартты қимылдарды орындау кезінде пайда болады. Мұндай стереотип қимыл динамикалық стереотипі деп аталады.
5.Қимыл дағдыларындағы экстраполяция. Экстраполяция дегеніміз жүйке жүйесінің қалыптасқан тәжірибе негізінде қайтадан қалыптасқан қимыл міндеттерін адекватты шешу қабілеті.
Экстраполяцияға байланысты спортшы орындалатын қимылдардың сипатын және түрін бағдарлай отырып, қалыптасқан ситуацияны дұрыс шеше алады.
Спортшы тіпті шектеулі ғана қимыл дағдыларын меңгере отырып, экстраполяция жолымен әртүрлі қимылдарды орындай алады.
Экстраполяция қосалқы жаттығулар жиынтығын анықтауда ескерілуі қажет. Бұл комплекс өз кезегінде ең алдымен қосалқы жаттығуларды қосуы керек, өйткені осы қосалқы жаттығулар экстраполяция жолымен негізгі жаттығуды меңгеруге біршама әсер етеді.
44. Қимыл дағдыларын қалыптастыру сатылары. Меңгерілетін жаттығуларды тікелей орындау кезінде қимыл дағдылары қалыптасуының үш сатысы анықталады.
Генерализация сатысы. Қимыл дағдысы қалыптасуында ми қабықшасының, мишықтың, көру төмпешігінің, ми бағанының көптеген нейрондары қатысады. Ми элементтерінің көптеп қатысуы солардың біршама қажеттілерін іздеуге мүмкіндік береді. Бұл процесс қозудың кең иррадиациясы арқылы және олардың генерализациясы арқылы жүзеге асады. Сондықтан қимылдар орындалуының бірінші сатыс генерализация сатысы деп аталады. Бұл сатыда қимылдардың орындалуына көптеген бөтен бұлшық еттер қатысады, мұның өзі қуаттың көп жұмсалуымен жүзеге асады.