Дәрістің тақырыбы: Ою-өрнекті оқыту теориясы мен технологиясы.
Дәріс мақсаты: Білім алушыларды ою-өрнектің түрлерімен, орындалу ретімен таныстыру.
Дәрістің жоспары: 1. Ою-өрнектің классификациясы.
2. Стильдеу, симметрия, ырғақ. Өрнектерді жолақта, шеңберде, шаршыда, ұшбұрышта және басқаларда салу ерекшеліктері.
3. Оюларды орындаудың реті.
Сәндік-қолданбалы өнерінің жанрларын жасауда қолөнер дәріптеушілер оюмен өрнектелген зат астармасы мен өрнектің түстік үйлесімдігін ескере отырып, оларға белгілі бір мән-мағына берген. Мысалы, ақ-қара түстегі киіз - күн мен түннің алмасып отыруы, жақсы мен жамандықтың алмасып отыруы, «біреудің ала жібін аттамау» - біреуге қиямет жасамау, ақ пен қара - беріктік. Ал түстерді жеке дара қарастыратын болсақ, мысалы, академик Ә.М.Марғұланның және С.Касимановтың зерттеулері бойынша түстерге төмендегідей сипаттама берген. Ақ түс – бақыт, қуаныш, ақиқат. Қызыл - от пен күн көзінін символы. Сары - ақыл-парасаттың, қайғы - мүңның символы. Жасыл - жастық шақ пен көктем. Көк - аспан, аспан құдайына «тәңіріне» табыну. Қара - жер-ананың белгісі.
Ою-өрнек классификациясы. Сәндік-қолданбалы өнердің негізі ою-ернек болып табылады. Ою -
тереңдету деген мағынаның белгісі. Ою-өрнекті белгілі бір заңдылыққа сүйе-не отырып қолдануын ою-өрнек классификациясы деп аталады. Немесе заттардың сұлу сымбаттылығын ескере отырып, тұтастық заңдылығына сүйеніп мәнерлеу. Ою-өрнек классификациясына жануарлар кескіні, ғарыштық әлемінің, өсімдік пішінің, геометриялык, белгілердің, жәндіктер, аңдар, құстар бейнесінің белгілі бір қалыпқа келтірілген /стилизациялық/ мағынасы жатады.
Жануарлар кескінді: мүйіз, қошқар мүйіз, сыңар мүйіз, қыңыр мүйіз, қос мүйіз, бота көз, түйе табан, өркеш т.б.
Ғарыштық: шеңбер, төрт құлақ, шимай, шүғыла, жұлдыз, қайнар т.б,
Өсімдік тектес: жапырақ, үш жапырақ, ағаш, гұл-бәйшешектер, гүл, гүл қауыз, жұлдыз гүл, айшық гүл, жауқазын т.б.
Құстар тектес: қаз мойын, құс тұмсық, қарға тұяқ, көгершін, аққу.
Қиял ғажайып ою-өрнектері.
Тірі мозаика ою-өрнегі. /Астанадағы даладағы сағат./.
Қағаз пластика ою-өрнегі.
Флористика дизайнды. .
Фото дизайнды.
Икебананы.
Символдардан: шимай, шеңбер, төртқұлақ, ирек, үшбұрыш, тік төрт бұрыш ою-өрнектерін қүрастыру.
-Каллиграфиялық ою-өрнек түрлері: көркем өнер, техникалық-
полиграфиялық, компьютерлік каллиграфиялар. Ахмет Яссауидің
мавзолей-кешеніндегі арабша жазуларды көркем өнер каллиграфиясына жатқызуға болады. Мектепті, сыныптарды безендіру мақсатында қолданылған жазбалар т.б., техникалық-полиграфиялық - ол газет, журналдарды безендірудегі жазулар түрлері, компьютерлік - компьютердегі жазу үлгілері болып табылады. Осы ою-өрнектерде сәндік-қолданбалы өнерде кеңінен қолданылса ал, қол өнер шеберлері өзінің идеясына пайымдай отырып, белгілі бір жанрда композицияның заңына, мәнерлеу-тәсілі мен эстетикалық сапасының ұтымды жағын ғана қолдана отырып заттың мәніне келтіріп әшекейлегенін туындыларынан көруге болады. Дегенмен ою-әрнектер қоғамдағы өзгерістерге байланысты жетілдіріліп отырады. Демек біз, қайткенде де классикалық ою-өрнектерден үйрене отырып, коғам талабына сай оны жетілдіріп өңдеп отыруымыз керек тәрізді. Келесі қарастырылатын мәселе осы заттағы өнершінің қолданған қол өнер түрлері мен сюжетін, идеясын мазмұнынан кейінгі композиция заңы, мәнерлеу тәсілі, эстетикалық сапасы және сәндік-қолданбалы өнерді қабылдау актісі жатады. Қол өнершілер өздері таңдап алған бағытта мысалы: кейбіреулері ағашты оюмен шүғылданса, ал кейбіреулер ағашты оюмен шүғылданса, ал кейбіреулер зергелікті қалайды. Осылайша сәндік қолданбалы өнерін сипаттауды жанрға бөліну деп аталады. Енді өнершінің негізгі идеясына, заттың атауына, ою-өрнек әшекей сюжетіне анықтамасын беретін болсақ: Негізгі идеясы - белгілі заттың мазмұнын анықтайтын ой, немесе өнершінің шыңдыққа катынасын көрсететін басты көркемдік образ /бейне, көркем зат/. Атауы берілген заттың өзі мысалы: кұдағи жүзік, қалы кілем т.б.
Сюжеті - өнершінің, заттың мазмұнын, әсемдігі мен сымбатын ою-өрнек арқылы көрсету. Қолданған ою өрнек әшекей сюжеті, мысалы өсімдік сюжеті т.б.
Сәндік-қолданбалы өнердің мәнерлеу құралына тоқталатын болсақ оған: сызықтар, нүкте, дақ, оң түстердің және бейнелердің символикалық мәні, композициясы т.б.
Педагогика ғылымдарының кандидаты К.Болатбаев: "Қазақ халқының бояу тусі жайлы таным-түсінігі ертеде қалыптасқан және дамығаны, төрт түлікті түр-түсте ажыратқан", - деген.
Сәндік – қолданбалы өнерінің ою - өрнектері
Өнеркәсіптік заттар,бұйымдар ою - өрнегі
Шығармашылықта жасалған ою – өрнек
Халықтық ою - өрнек
Флоростика лизайнлы
Фото лизайнлы
Ою - өрнектері
Компьютер
Қағаз пластикалы
Тірі мозайка
Сурет 4 Ою – өрнек түрлері
Жаллы адамзат палеолит дәуірінен бастап бояу сырын сезініп қабылдап, өз қажеттеріне жарата білген. Мысалы, "ак түс - судың; қызыл түс - қанның белгісі. Адамның күн көрісі үшін өте қажет - су, адамзатқа, жан-жануарларға да күш-қуат беретін - қан " делінген.
Чехословакия суретшісі З.Буриан туындыларының сипаттамасына тоқталатын болсақ, "Ең алғашқы адамдардың бойы 1 метр 20 сантиметр болған. Олар шөппен және шөп тамырларымен коректенгендіктен бойлары кішкентай болып, түстері жасылтым болған. Топ-топ болып өмір сүрген. Оларға аңдар шабуыл жасап маза бермеген соң, адамдар аңдарды аулап етін жеген. Содан барып бойлары өсіп, денелеріне қан жүгіріп, күш пайда бола бастағанын сезген. Осылайша адамдар аңдарға төтеп беріп, олардың шабуылынан қүтылып, өздерінің үстемдігін орнатқан". Осылайша адам қанның күш-қуат беретінін және түстік әсерін ертеден білген деген болжауға тура келіп тұр. "Жеке адамдардың эстетикалық таным-талғамын, сезімін оятуда, қоғамдық өмірдің көңіл-күйі күшті әсер етеді. Түр-түс туралы колористика ғылымы 30-мыңға жуық түспен реңктің бар екеңдігін дәлелдеген.
Қ.Болатбаев бояулардың символдық мәніне, ортақ болжамдарға мынаны жатқызады. Ақ - бейкүнә, таза шынайы; қара қошқыл - жоғары куаттылық, намыс, абырой; коңыр-қызыл түс - денсаулық; қып-қызыл - өткір тіл; розаның қызыл тусі - жастық шақ, махаббат, нәзіктілік; қоңыр - көндігу; қоп-қоңыр-мұң, терең ой т. б."
Осы түсті - реңктерді қазақ халқы өздерінің қол өнер туындыларында кеңінен қолданған. Оны қол өнер туындыларынан көріп білуге болады. Туындыларды оқушылардың өлі, тірі табиғи түстерді стилизациялап бейнелеуден бұрын, түсті сезінуін, қабылдануын, түйсінуін, ойлауын дамытуда, болашақ мүғалім оларды ою-өрнек түрлерінен бастап оқытып-тәрбиелеуде пайдаланады. Сондықтан да ою-өрнек түрлерінің мән-мағынасын болашақ мүғалімдерге қең мағынада терең игертілуі керек. Өйткені бастауыш мүғалімдері тәрбие сағаттарда және жеке пәндерде өздігінен мотивте пайдалану кабілетін дамытуы тиіс. Бастауыш мектепте оқушыларды оқытып-тәрбиелеуде көрнекіліктер кеңінен қолданылады. Жақсы және сауатты жасалған көрнекіліктер баланың эстетикалық тұрғыдан дамуына әсер етпей қоймайды. Сондыктанда ұлттық сәндік-қолданбалы өнер туындыларынан болашақ мүғалімдердің білімдері терең болуды қажет етеді. Ол өмір талабы, қоғам сұранысы.
Ұлттық ою-өрнектер және символдар. Қазақ халқының ою-өрнек түрлерінің шығу тегі ежелгі тас дәуірінен басталады. Оны соңғы палеолит дәуірінен қалған ескерткіштерінен жануарлардың түрлі белгілерінен байқауға болады. Неолит дәуірінде қыш ыдыстар тісті қилыппен, ягни сызықшалармен, ойықтармен т.б. өрнекгелген. Қола дәуірінде Қазақстан территоряясында өмір сүрген тайпалар еңбек құралдарын; қарулар, сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдар жасауда, құю, жону, бастырып өрнектеу, тегістеп жылтырлату т.б. техникалық тәсілдерді жақсы меңгеріп, заттарға өрнек сала білді. Сол кездегі бұйымдарда бейнеленген белгілер мен бастырылып түсірілген таңбалардың ХҮІІ-XIX - ғасырдағы қазақ халқының қол өнерінде кездесетін ою-өрнектерге өте ұқсас екенді Ә.Марғұланның, Қ.Ақышевтың, М.Мұқановтың, К.Ибраеваның т.б. ғалымдардың еңбектерінде жеткілікті дәрежеде дәлелденген. Кейбір белгілерге жеке тоқталып кететін болсақ, Ө.Жәнібеков "Аспан әлеміне байланысты ою-өрнектерді зерттей отырьш, ертедегі сақ дәуірінен қалған белгілердің: дөңгелек - төрт құлақ, қосу (вертнкаль мен горизонталь сызықтарының 90° бір нүктеде қиылысуы.)шимай ою-өрнектің пайда болуын негіздеп, олардың анықтамасын берді; шеңбер-әлемдік кеңістік, төрт құлақ-төрт кұбыла, шимай -тынымсыз қозғалыс." деген.
Қазақтарда шимай өмірдің дамуы, оның ала түстегі көрінісі - қара қылды қақ жарған әділеттің белгісі. "Күн мен түннің тоқтаусыз алмасып отыруы неміс философы Гегельше «шимай-дамушы қозғалыстың формасы."
- "шеңбер - күннің белгісі, тіршіліктің көзі".
грек философы Аристотельше - "шеңбер - ақыл, оның айналымы - ойлау".
Әл-Фараби "тіршілік - от ұшкынынан деген".
үш бұрыштың белгісі "катеті - жер мен күн, сүйір бұрышы жұлдыз"; Абай үшкілі - қайрат, -ақыл, - жүрек.
Ғылымда: ауа, күн, су - тіршіліктің көзі. Әлемді біріктіру.
тік төрт бұрыш - сенің жерің, ағып жатқан суың, умай - өнер, қол өнер ғылым - өз жеріңнің шекарасы.
" гүл - өсімдіктер сюжеті - ауыз біршілікті білдіреді".
" құс-аспан жақ, көгершін - бейбітшілік белгісі", - деп айта келіп қай уақытта болмасын адам заттардың негізін табиғаттан тауып өңдеп, өзінің қажетіне жаратып отырған. Ұлттық сәндік-қолданбалы өнерін пайдалануға болашақ бастауыш сынып мұғалімдерді даярлауда басты назар аударатын мәселе дүниені құраушы тектер. Олар: (1 - от; 2 - жел, 3 - су, 4 - жер, 5 – аспан) дененің қатты, сұйық, газ, плазма кұйі".
Қ.Ақпанбек өз еңбегінде осы тектерді ата-бабамыз төрт түлік
малдың қасиеттеріне теңей отырьш, бала тәрбиесінде кеңінен қолданғанын
айтып кеткен. Осы тектерді одан әрі қарастыратын болсақ, олар үш негізде
тұрады. (электрон, протон, нейтрон). Олардың бір-бірінің қосындысынан келесі бір жаңа зат құрылып отыратынын ғылым дәлелдеп берді. Мысалы, "бір протон, бір электрон сутегінің атомын құраса, ал екі сутегінің атомы, бір кислород атомы су молекуласын Н2О" құрайды. Сусыз-өмір-тіршілік
болмайды, дүниенің төрт қүбыласын да су қоршап тұр. Қазақта суды ирек,
сызықтармен белгілеп, заттардың шетін иректеп әшекей ретінде қолданса, еш
бірде төрт құбыламыз да сумен қоршалған деген мағынаны білдіреді.
Осылайша тарихи белгі, философиялық ой-тұжырым әлі күнге дейін мәнін
жоғалтпай "су" өрнегі заттарда кеңінен қолданылып келеді.
Барлық ою-өрнектердің шығу тарихына шолу жасайтын болсақ, оның түрлі материалдарда қажеттілікте, өзінің көрінісін жай геометриялы фигуралардан (шеңбер, үшбұрыш, ромб, т.б.) құралып, композицияда күрделеніп шешімін тапқан.
Ою-өрнек әр халыкта өздік стильде дамиды, күрделеніп, мәдениеттің бір саласы түрінде қолданбалы өнердің жанрларында көрінісін тауьш отырған. Ою-өрнек тарихына тоқталмастан бұрын оның анықтамасына тоқталамыз.
Бүгінгі таңда сәндік-қолданбалы өнеріне қатысты өнертану, тарихи-этнографиялық зерттеулер мен сөздіктерінде «ою-өрнек» ұғымына мынандай аныктамалар берілді:
- латынның (әсемдеу, сәндеу деген сөзінен шыққан) үйлесімділік пен бірқалыпқа түскен элементтерден тұратын нақыштар; әр түрлі заттарды (құрал-сайман, қару-жарақ, киім-кешек т.б.) архитектуралық құрылыстарды, пластикалық өнер шығармаларын т.б. сәндеу үшін қолданылады. (словарь иностранных слов).
- символдар байланысы (Иванов С.В.) жеке өнер туындысы бола алмайды, ол қандай бұйымға салынуына байланысты алуан түрлі материалдан әр түрлі техникалық тәсілдер мен ғана іске асатын нақыш. (Соколова Т.).
- геометриялық, өсімдік тектес немесе жан-жануар элементтерінен
тұратын өрнектер; кескіндемелік, мүсіндік.
- графикалық әсемдеу. (Ожегов И.С).
- дәуірлік қол таңба (Соколова Т).