Дәрістің тақырыбы: Табиғат бұрышындағы және жер учаскесіндегі жұмыс Жоспары


Табиғат бұрышына орналастыруға болатын өсімдіктер



бет4/4
Дата02.11.2022
өлшемі63,5 Kb.
#46915
1   2   3   4
Байланысты:
Ä?ð³ñò³? òà?ûðûáû Òàáè?àò á?ðûøûíäà?û æ?íå æåð ó÷àñêåñ³íäåã³ æ?

Табиғат бұрышына орналастыруға болатын өсімдіктер

Сипаттама

1

фикус, күлгін, герань.



Кіші жастағы балалар тобында 4-5 қарапайым бөлме өсімдіктерінің түрі болуы қажет. Бұл өсімдіктер айқын көрінетін сабақтарымен,жапырақтарымен және гүлдерімен ұзақ және әдемі гүлдейтін өсімдіктер.

2

аспарагус, хлорофитум



Естиярлар тобында, бөлме өсімдіктерінің саны 5-6 дейін көбейеді. Бұл өсімдіктер әртүрлі пішіндегі және көлемдегі жапырақты болып табылады.

3

бриофиллюм, тасжарғыш, циперус.



Мектепалды даярлық тобында табиғат бұрышында 6-7 түрлі өсімдіктер, олар әртүрлі жолмен көбейеді; жуашықтарымен және тірілей жарып шығу арқылы. Сонымен қатар, әртүрлі жағдайда өсетін гүлдер.

2. Балалар бақшасының жер учаскесі, әсіресе қалалық жағдайларда, бұл – ойындардың, серуендер мен сабақтардың орны. Күзде, қыста және көктемде балалар күннің көп уақытын учаскеде өткізеді, егер саяжайға (дачаға) кетпесе күні бой болады. Осындай ойын кездерінде балалардың сезіну қабілеті арта түседі.


Гүлбақшада, бақта, бау-бақшада жұмыс істей жүріп балалар колективті түрде еңбек етуге бейімделеді, еңбекке дағдыланады, олар еңбекті сүюге, құрметтеуге және тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленеді. Учаскеде балаларды табиғаттың маусымдық құбылыстармен таныстырады, өсімдіктердің өсіп жетілуін сымдық құбылыстармен таныстырады, өсімдіктердің өсіп жетілуін және жануарлардың қылықтарын біраз бақылауды ұйымдастырады. Осының бәрі балалардың дүние танымын, едәуір кеңейтіп, өздерін қоршаған өмір туралы білімдерімен байытады, оларды табиғатқа аялай қарауға және ондағы сұлулықты көре білуге тәрбиелейді.Дұрыс ұйымдастырылған және жақсы көгалдандырылған учаске – балалар бақшаларындағы оқу тәрбие міндеттерін іске асырудағы ең қажетті база болып табылады.
Жер учаскесі көгалдандырылуы және балалар ондағы өсімдіктерді өсіруге, оларды бақылауға күнбе күн қатыса алатындай болып ұйымдастырылуы тиіс. Сондықтан әр жастағы балалар топтарының гүлдік, декоративтік, жемістік, жидектік және овощтық өсімдіктер, сондай – ақ балалар ойнай алатындай шөп те болуы керек. Балалар бақшасының топырақты алаңы жеткілікті болған жағдайда, естияр, ересек топтардың балалары үшін гүлбақша, бау-бақша және бақ ұйымдастырылады.
Көгалдандыруға кіріспей тұрып учаскені қоқыстардан және тастардан тазартып алу керек, оны өлшеп, балалар бақшасының барлық топтары үшін оған өсімдіктерді орналастыру жоспарын жасау керек.
Учаскені әдетте дуалмен қоршайды. Аумақты ағаштар немесе 1 – 3 қатар етіп бұталар отырғызып, өсімдіктермен қоршаған жақсы. Бұл – учаскені көріктендіреді және желден, шаң мен түтіннен қорғайтын болады. Ағаштар мен бұталарды отырғызып, әр жас топтарының учаскесін бөлуге болады.
Ағаштар мен бұталарды өсіру үшін бірнеше жыл керек. Сондай-ақ жақсы шөп ұстағышты өсіру де біраз мерзімді қажет етеді. Учаскеден ағаштар мен бұталарды тек олар балалар бақшасы үйіне көлеңкесін түсірген жағдайда, дымқылдандырып немесе қандай да бір ауруға шалдыққанда ғана тастауға болады.
Күркелердің, көлеңке түсіргіштердің және басқа құрылыстардың маңына шырмауық секілді өсімдік тұқымын себеді.
Балабақша дақылдары үшін ашық, солтүстік жағынан құрылыстармен, дуалмен немесе жазық орынға, су жиналмайтын жерге отырғызады.
Учаскедегі жол балалар өсімдіктерді басып жанышпайтындай кең болуы тиіс. Гүлбақшадағы клумбалардың және бақшадағы жидектердің ара қашықтығын 50-60 см етіп жасайды.
Жер учаскесінде ұсақ жануарларын (үй қояндары, тауықтар) асырайтын орындар және ұшып келетін құстарды бақылау үшін жем салынған ыдыстар бар құстардың үйшіктері мен алаңшалары болуы тиіс.

Бақылау сұрақтары:
1. Балабақшада табиғат бұрышын ұйымдастырудың маңызы неде?
2. Табиғат бұрышын ұйымдастыруда ескеретін жағдайларды ата беріңіз.
3. Табиғат бұрышында болуы керек дүниелерді атаңыз.
4. Жер учаскесінде жұмыс қалай ұйымдастырылады?
5. Жер учаскесіне қойылатын талаптар қандай?

Тапсырма:




Венн-Диаграмма: (айырмашылықтары мен ұқсастықтарын жазу)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет