Дәрістің тақырып Вирусология



Дата06.01.2022
өлшемі2,72 Mb.
#14742
Байланысты:
Слайд 2

Дәрістің тақырып Вирусология.


МС-22/9

Суйеубаева Алтыншаш

Д. И. Ивановскийдің 1892 жылы темекінің теңбіл ауруын зерттеп вирустарды ашуы вирусология ғылымының дамуының бастамасы болды.

Темекі теңбілінің вирусы

Вирустар – жасушалық құрылысы жоқ өте ұсақ микроорганизмдер. Олар көбеюге, өзгеруге, тұқым қуалауға бейім. Вирустардың ақуыз түзетін рибосомалары болмайды,сондықтан оларда зат алмасу процесі жүрмейді, тек қана бір нуклеин қышқылын құрайды (ДНҚ немесе РНҚ).

Вирустар облигатты жасушаішілік генетикалық дәрежедегі паразиттер болып саналады, жасушаның цитоплазмасында немесе ядросында көбейеді. Олар (дисъюнктивті) әдіспен көбейеді.

Вирустардың морфологиясы Вириондардың пішіндері әртүрлі болуы мүмкін:

  • Таяқша тәрізді (темекі мозаикасы вирусы);
  • Оқ тәрізді (құтыру вирусы);
  • Сфералы (полиомиелит, АИТВ-адамның иммунды тапшылық вирустары);
  • Сперматозоидқа ұқсас (көптеген бактериофагтар);
  • Көпқырлы;
  • Жіпше тәрізді;
  • Кірпіш немесе параллелелипед тәрізді.

РНҚ бар вирустар

  • парамиксовирустар
  • ортомиксовирустар
  • коронавирустар
  • аренавирустар
  • ретровирустар
  • реовирустар
  • пикорнавирустар
  • рабдовирустар
  • орбивирустар
  • тогавирустар
  • буньявирустар

ДНҚ бар вирустар

1. поксвирустар;

2. герпесвирустар;

3. аденовирустар;

4. паповавирустар;

5. парвовирустар;

Вирустың толық құралған бір бөлшегі вирион деп аталады. Вирионның құрылымдық компоненттері:

  • капсомер – ақуыздың бөлшек бірлігі;
  • капсид – капсомерлерден құралған жабын;
  • нуклеокапсид – нуклеин қышқылы мен капсид ақуызының комплексі;
  • вирион – вирустың бүтін бөлшектері;

Вирионның құрылысы

Бактериофагтар

1898 жылы Н.Ф. Гамалея, 1915 жылы Ф. Туорт, 1916 жылы канадалық ғалым Ф.Д. Эррель бактериофагтарды жан-жақты зерттеді.

Бактериофагбактерияларда паразиттік түрде тіршілік ететін вирустар тобы. Бактероифаг жасушаның ішінде ғана көбейетін қатаң жасушаішілік паразит. Олар нанометрмен (нм) өлшенеді.

Фагтың анатомиялық құрылымы

1- басы;

2- мойны;

3- өсінді;

4- базальды пластинка;

5- тісшелері;

6- жіпшелері;

7- Фагтың ДНҚ-сы;

8- капсид;

9- өсінді жабыны (қысқарған);

10- Ішкі стержені;

11- Бактерияның жасуша қабырғасы;

Фагтар физиологиясы мен морфологиясына қарай 5 топқа жіктеледі:

  • I топ – жіпше тәрізді фагтар – ақуызды түтікше, құрамында бір нуклеин қышқылы болады;
  • II топ – басының пішіні икосаедр түріндегі өсінді аналогы бар фагтар, құрамында бактериалдық жасушаға бекіну үшін ДНҚ немесе РНҚ болады;
  • ІІІ топқұрамында қос тізбекті ДНҚ мен қысқа өсіндісі болатын көпқырлы ақуызды фагтар.
  • IV топ – қос тізбекті ДНҚ молекуласы, ұзын өсіндісі қысқарылмайтын көпқырлы фагтар;
  • V топ – жабыны жиырылуға қабілетті, күрделі өсіндісі бар фагтар.

I топ – жіпше тәрізді фагтар – ақуызды түтікше, құрамында бір нуклеин қышқылы болады;

Бір тізбекті ДНҚ

II топ – басының пішіні икосаедр түріндегі өсінді аналогы бар фагтар, құрамында бактериалдық жасушаға бекіну үшін ДНҚ немесе РНҚ болады;

Бір тізбекті РНҚ және ДНҚ

ІІІ топқұрамында қос тізбекті ДНҚ мен қысқа өсіндісі болатын көпқырлы ақуызды фагтар.

Қос тізбекті ДНҚ

IV топ – қос тізбекті ДНҚ молекуласы, ұзын өсіндісі қысқартылмайтын көпқырлы фагтар;

Қос тізбекті ДНҚ

V топ – жабыны жиырылуға қабілетті, күрделі өсіндісі бар фагтар.

Қос тізбекті ДНҚ

Фагтардың түр ерекшелігі

  • Монофагтар – бактериялардың бір түрін лизиске ұшыратуға қабілетті (тырысқақ монофагы).
  • Поливалентті фагтар – өзара жақын туыстас бактерияларды лизиске ұшырататын фагтар (сальмонеллезді бактериофаг).
  • Типтік фагтар – бір түрдің ішіндегі бактериялардың штамдарын лизиске ұшырататын фагтар. Олар фаговарларға бөлінеді (стафилакокк 22 фаговары бар).

Бактериалды жасушалармен өзара байланысуы нәтижесінде фагтар екіге бөлінеді:

1. Вирулентті фагтар – бактериалды жасушаның ішінде көбейеді және оны лизиске ұшыратады.

2. Орташа фагтар – жасушаның ішіне енеді, онда лизис жүрмейді, бактериалды жасуша тасымалдаушы болады, бактериофаг көбеймейді.

Фагтарды бөліп алу

Фагтарды бөліп алу үшін зерттелетін материалды бактериалды сүзгіден өткізеді, нәтижесінде фаг сүзгіден өтеді, ал сүзгіде бактериалды жасуша қалады. Бұл фаголизат деп аталады.

НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет