Тәрбие мақсаты мен тәрбие міндеттері Мақсат категориясына қарама-қарсы категория – арман. Екеуінің бір біріне ұқсастығы олардың сана туындап, әрі жасайтын идеалық бейне болуында, ал айырмашылығы – осы бейнеге субъект қатынасының әр түрлілігі.
Арман – елестің немесе қиялдың субъектісіне берер біршама қанағаттану сезімі. Арман адамды шындық болмысынан алшақтатады. Мақсат – бұл да бейне, бірақ онан келетін, қанағаттану ішкі қабылдаудан емес, сол бейнені іс-әрекетке қосып шындыққа айналдырудан. Бұл бейне субъекті белсенді әрекетке бағыттайды, ықпал жасайды. Туындай отырып, мақсат ойға алған, көздеген нәтижеге жетпей, өз қанағатын таппайды. Бұл арада бейне – нәтиже тек іштей қызығу үшін емес, нақты жетістік үшін қажет.
Арман – субъкетің енжарлығынан келіп шығады, әрекетсіздікке байланысты, ал мақсат – іс-әрекет, белсенді қызметтің бастау көзі.
Бірақ өзіміз жасап отырған, қарама-қайшылығы қабысқан баршама дүниеміздегідей – бұл екі шетті құбылыс – арман мақсат өзара тығыз байланысқан. Арман – мақсат түзу үшін негіз, арман мақсаттарды қайта қарастырып, үйлестіріп отыруға ықпал. Мақсат та өз кезегінде жаңа мақсатқа жетелейтін жаңа арманға жол ашады. Мақсатқа жетідің жолы туп-тура болмақ емес, ол үшін талай міндеттерді іске асыру қажеттігі туындайды.
Міндет – бұл мақсатқа жету жолдарындағы бір саты орындалуы қажет нәтинің бір бөлігі осы бөлік өзінің әрекеттік бітімін таппаса, жалпы нәтиже де жоқ. Міндет мақсаттың өзін құрайтын элеметтерге бөлініунен пайда болды. Кейін сол элементтердің бәрі бірігіп іс-әрекеттің жалпы нәтижесін алға жұмсалады. Іс-ірекеттің барысында субъект, мақсат жөнінде ойламайды, оның есінде тек міндеттері өз іс-әрекеттің сол міндеттердің кезегімен шешілуі реттеледі. Мақсаттың ұмыт болуы – жалпы стратегиялық бағыттың жойылуына әкеледі. Ендеше міндеттер де тактикалық бағдар ретінде өзінің маңызн жоюды. Мысалы, бағбан адамдарға ләззат берер бақ бергісі келді (жалпы мақсат), бірақ нақты істерді (міндеттерді) орындау күйбенімен жүріп, тиісті орынға гүл егуді ұмытты. Соның салдарынан бақ, ләззат беру сипатынан айырылды, яғни негізгі мақсат іске аспады. Сонымен атқарылған мінддеттер (атызды дайындау, суғару, көктем жасау – бәрі де) басқа кетті.
Мақсат болжау – мақсат пен міндеттердің өзара байланысын тану нәтижесі.
Міндет мақсаттың бәрі бір бөлігі, құрылым бірлігі міндет көрер көзге дербес, өз алдына жасағанымен, мақсат бағытында орындалып барады. Мысалы, педагог баланы күнделікті адамгершілікке баули отырып, қоғам азаматын тәрбиелеу бағдарындағы мақсатты міндет естен шығармауы тиіс, өмірде адамның тұлғалық мазмұнын, оның әр секунд, минут, сағаттағы белсенді тіршілігі қалады, - дегендей философиялық тұжырымды бетке ұстау лазым.
Кәсіптік еңбектің ажырамас бөлігі ретінде мақсат болжау мұғалімнің, жоғары оқу орын оқушысының қызметінің құрамды бөлігі. Осыдан, ертең ұстаздық іске араласамын студент мақсат болжау проблемасының еылыми мағынасына, педагогиякалық қызмет құрылымындағы мақсатты болжаудың мәні мен мақсаттың орны мен маңызын, мақсаттарды әр түрлі негізде сараптауды жете түсініп, игеру міндетті. Әрбір міндет өзінің орындалу сәтінде студент үшін нақты бір мақсатқа айналады да, ол мақсат өз негізінде төменірек деңгейдегі жаңа міндеттерді жүзеге әкеледі. Педагог жалпы мақсат бағдарын жаздырмай отырып, таңғажайып үздіксіз міндетке, міндеттің мақсатқа өзгерісі мен ауысуы аймағына тап болды. Осыдан да, педагогикалық тәжірибеде түсініспестік орын алып келе жатыр. Нені мақсат, нені міндет деп танимыз? Егер тәрбие мақсатының жалпылығы сақталса, онда педагогтың қадам сайын ала қойып, әр саты сайын шешіп отыратын әрекетінің бәрі – міндеттер. Жалпы міндет барысында жұмыс істеп оңай бастағаннан, дәл осы мақсат міндет мазмұнына ие болып, өзіне қажетті екендігі міндеттерге ие болады.
Міне осыдан педагогикалық сөздікте «тәрбиенің мақсаты мен міндеті», «тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері» тіркестерін жиі кездестіреміз. Бұлардың бірін таңдауымыз белгілі мақсаттың жалпы бағдыра байланысты бір жағдайдың өзінде де мақсаттық мәнге де, міндеттік дайындау да нақты сабақ мақсатын белгілейді. Ал осы мақсаттың өзі жалпы тәрбие мақсатынан міндетті болып шыға келед. Сондықтан дайындалып жатқан сабақ келесі аталған көп «міндеттің» орындалу құралына айналады. Мәдени саясат бойынша жасау қабілетін қалыптастыру, адам бола білу қабілетін жетілдіру, әлеуметтік қатынастарға араласа алу қабілетін түзу, салауатты өмір қалпын қалыптастыру, өмірлік бағыт қалыптастырып, өз тіршілігінің мазмұны реттен алу қабілетін орнықтыру, тұрмыстық міндеттерге дайындау, өмірлік еңбекке дайындық, отбасылық өмірге дайындық, бос уақытын мазмұнды өткізуге дайындалу, өзін шығармашылық пен баулуға дайындау.
№ 12-13дәріс. МШ жасөспірімдер мен балалардың өзін- өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру. Жоспары:
1.Тәрбиеші тұлғасы
2.Тәрбие процесінің жүйесі мен құрылымы
3.Тәрбие процесінің мазмұны
Өзін – өзі тәрбиелеу тәрбие үрдісінің жоғарғы этапы. Өзін – өзі тәрбиелеудің қажеттілігін айқындайтын факторлар.Өзін – өзі тәрбиелеуге дайындығы және қажеттіліктің туындауы. Өзін – өзі тәрбиелеудің негізгі компоненттері. МШ балаларды өзін – өзі дамытудың және жетілдірудің белсенді жұмысына ынталандыру – тәрбиелеудің маңызды міндеті. Арнайы мектеп оқушыларының өзін – өзі тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру және оның әдістері. Өзін – өзі тәрбиелеу үрдісінің құрылымдық компоненттері. Өзін сендіру және көз жеткізу әдісі. МШ балаларды өзін – өзі тәрбиелеудің педагогикалық жетекшілігі. МШ балаларға өзін – өзі тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары, формалары, әдістері, мазмұны