Желатинді және кейбір жағдайда ұйыған қанды сұйылтады. Бірақ стафилококкалардың
протеолиттік белсенділігі айтарлықтай дәрежеде құбылып отырады.
Staphylococcus aureus әдетте адамдар мен жануарлардың мұрын қуысы мен
жұтқыншақ
кілегейлі қабығында, тері жамылғыларында, асқазан-ішек және жыныс
мүшелерінің жолдарында мекендейді. Бұл әлеуетті патогенді микроорганизм ретінде
бағаланып,
желінсаудың,
пневмонияның,
абсцесстің,
тағамдық
токсикоздың
қоздырғыштары болып табылады. Боялған препараттарда микроб жасушалары (0,5-1,0
мкм) дара, қос-қостап және топталып орналасады. Кейбір
штамдарында капсула немесе
псевдокапсула болады, бұл олардың вируленттілігіне байланысты. Қолайлы өсу
температурасы 30-37°С. Сұйық қоректік орталарды біркелкі лайлай өседі, шайқағанда
жеңіл суспензияланатын тұнба түзеді. Тығыз қоректік орталардың беткейінде дөңгеленген,
сәл томпайған, тегіс, жылтыр,
жарқыраған, бірақ мөлдір емес колонияларды түзеді.
Оңтайлы қоректік орталардың беткейінде жекеленген колонияларының диаметрлері 6-7
мм-ге дейін жетеді. Капсула түзетін штамдарының колониялары ұсақ болады.
Колониялардың түстері сұр немесе сұрғылт-ақ болып, сарғыштау, қызғылт сары рең беріп
тұрады. Құрамына қан, қан сарысуы, сүт және көмірсулар қосылған қоректік орталарда
Staphylococcus aureus-тің пигменттерді түзуі байқалады.
Staphylococcus aureus-тің барлық штамдары коагулаза ферментін синтездейді. Кейбір
штамдары альфа- немесе бета-гемолизин түзеді.
Жұмыртқа сарыуызы мен тұз қосылған агарда
Staphylococcus aureus диаметрі 2-4 мм
болатын ақ, сары, лимон және алтын түсті, шеттері тегіс колонияларды қалыптастырады.
Колонияларының айналасында кемпірқосақ тәрізді сақина
пайда болады және ортаның
лайлануы байқалады.
Сүт және тұз қосылған агарда
Staphylococcus aureus ақ түстен қызыл сары түске
дейінгі аралықта, дөңгеленген, мөлдір емес колонияларды түзіп өседі. Колонияларының
диаметрі 2-4 мм, сәл томпайған болады.
Бейрд-Паркер ортасында
Staphylococcus aureus қара түсті, жалтыраған, диаметрі 1,0-
1,5 мм колонияларды түзеді. Колонияларының айналасындағы қоректік орта 1-3 мм-ге
дейін түссізденеді.
Staphylococcus hyicus екі тип тармаққа бөлінеді:
Staphylococcus hyicus sb. hyicus және
Staphylococcus hyicus sb.
chromogenes.
Staphylococcus hyicus sb. hyicus сиыр мен шошқа терісінде, желінсауға шалдыққан
сиыр сүтінде болады. Бұл тип тармағы шошқаның инфекциялық экссудативті эпидермитін
және торайлардың полиартритін қоздырады.
Staphylococcus hyicus sb.
chromogenes-ті шошқаның желінсау сүтінен және олардың
терілерінен бөліп алуға болады. Қолайлы өсу температурасы 30-35°С.
Сұйық қоректік
орталарды біркелкі лайлап, тұнба түзіп өседі. Агарлы қоректік орталарда дөңгеленген,
томпайған, жалтыр, бірақ мөлдір емес, диаметрі 4-7 мм болатын колонияларды түзе отыра
өседі (селективті қоректік орталардан басқаларында).
Staphylococcus hyicus sb. hyicus
пигмент түзбейді, ал
Staphylococcus hyicus sb.
chromogenes болса сары, қызыл сары немесе
ақсары түсті пигменттерді қалыптастырады, сирек жағдайларда ғана пигменттерді түзбейді.
Staphylococcus hyicus sb. hyicus штамының 24-26%-ы коагулазалық белсенділікті
иеленген, бірақ бұл реакция баяу жүреді.
Staphylococcus aureus анаэробты
жағдайда мальтозаны ашытады,
Staphylococcus
intermedius аталмыш көмірсуын нашар ашытады, ал
Staphylococcus hyicus sb. hyicus болса
оған қатысты ешқандай белсенділік көрсете алмайды.
Күдікті колонияларды зерттеу барысында грам-оң, қан плазмасын коагуляциялай
алатын, каталаза түзетін, анаэробты жағдайда мальтозаны ашытатын коккалар анықталған
болса, онда ондай микроорганизмдер
Staphylococcus aureus-ке жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: