Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы


Студенттердің өзін-өзі пысықтайтын сұрақтар



Pdf көрінісі
бет26/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64
Байланысты:
микро 11)

Студенттердің өзін-өзі пысықтайтын сұрақтар: 
1. Микроорганизмдердің топырақта таралуы. 
2. Микроорганизмдердің суда таралуы. 
3. Микроорганизмдердің ауада таралуы.
4. Жануар ағзасының микрофлорасы.
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Ильяшенко, Н.Г.Микроорганизмы и окружающая среда [текст] : Учебное 
пособие. - М. : Инфра -М, 2018. - 195 с.
2. Королёв, А.А.Микробиология, физиология питания, санитария и гигиена [текст] : 
Учебник. - М. : Академия, 2017. - 256 с. 
3. Батыргалиева, М. Микробиология [текст] : Оқу құралы. - Астана : Фолиант, 2016. 
- 96 б.
Дәріс 8-9 – Санитарлық және микробиологиялық бақылау 
Дәріс жоспары: 
1. Санитарлық – көрсеткіш микроорганизмдер туралы түсінік. 
2. Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерге қойылатын талаптар.
3. Санитарлық – көрсеткіш микроорганизмдердің негізгі топтары. 
 
Дәріс мақсаты: Санитарлық – көрсеткіш микроорганизмдер туралы түсінік және 
микробиологиялық бақылауды оқып үйрену.
 
Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер қоршаған ортаның, азықтар мен тағамдардың 
сапасын бағалауда маңызды рөл атқарады. Оларға түрлі нысандардың биологиялық 
ластануын анықтауда пайдаланылатын микроорганизмдердің белгілі бір түрлері ғана 
жатады.
Санитарлық микробиология саласының мақсаты – қоршаған орта объектілерінен 
санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерді анықтап қана қоймай, олардың сандық 
көрсеткіштеріне де сипаттама беру қажет. Қоршаған орта нысандарындағы, азықтар мен 
тағамдардағы санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдердің концентрациясы жоғарылаған 
сайын олардың адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіруі де арта түседі. 
Осы бағыттарда жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде санитарлық-көрсеткіш 
микроорганизмдерге қойылатын талаптар әзірленген. 
Санитарлық – көрсеткіш микроорганизмдер туралы түсінік. Инфекциялық 
аурулар қоздырғыштарының таратушысы адамдар мен жануарлар болып табылады. 
Олардан қоршаған ортаға микроорганизмдер ауа-тамшысы және нәжісі арқылы көп 
мөлшерде бөлінеді.
Қоршаған орта нысандарында қауіпті микроорганизмдердің барын немесе жоқ 
екендігін санитарлық-микробиологиялық зерттеу жүргізу арқылы айқындау қажет. 
Қоршаған орта объектілерінен инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тікелей 
анықтауға арналған көптеген әдістер (тікелей, жеделдетілген және сандық) әзірленген.
Санитарлық микробиологтардың негізгі қызметі инфекциялық аурулардың алдын 
алуға, қоршаған орта нысандарының патогенді микроорганизмдермен ластану 
жағдайларын ескертуге бағытталған. Сондықтан қоршаған ортаның түрлі нысандарына 


санитарлық-микробиологиялық баға беру жұмыстары тікелей әдіспен емес, тек жанама 
әдістерді қолдана отыра, олардың адамдар мен жануарлардан бөлінген заттармен 
ластануын нақты анықтау арқылы жүзеге асырылады.
Адамдар мен жануарлардың организмінде қалыпты микрофлоралар көптеп кездеседі. 
Ауыз қуысы немесе ішек көптеген микроорганизмдер түрлерінің негізгі тіршілік ететін 
ортасы – биотипі болып саналады. Сондықтан аталмыш микробтардың организмнен тыс 
жағдайда анықталуы, қоршаған ортаның адамдар мен жануарлардың экскреттерімен 
ластанғандығының дәлелі бола алады. Зерттеуге алынған материалдардан ауыз қуысында 
тіршілік ететін микроорганизмдердің өкілдері анықталған жағдайда сыртқы орта 
нысандары тыныс жолдарының кілегейлі заттарымен ластанғандығын, сонымен қатар 
олардың құрамында аэрогенді инфекциялар қоздырғыштарының болуы мүмкін деген 
қорытынды жасауға болады. Ал ішекте тіршілік ететін қалыпты микрофлоралар анықталса, 
қоршаған ортаның нәжіспен ластанғандығын көрсетеді. Бұл жағдайда асқазан-ішек 
жолдарында ауру қоздырғыштарының болуы мүмкін деген шешім жасауға болады. 
Осындай жағдайларда бөлініп алынған микробтар зерттеуге алынған объектілердің 
санитарлық жағынан қауіпті екендігін көрсетеді, міне, сондықтан олар санитарлық-
көрсеткіш микроорганизмдер деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет