Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы


Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерге қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет27/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64
Байланысты:
микро 11)

Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерге қойылатын талаптар. Адамдар мен 
жануарлардың организмінде болатын қалыпты микрофлоралардың барлықтары бірдей 
санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер қатарына жатқызылмайды. Санитарлық-
көрсеткіш микроорганизмдерге келесі талаптар қойылған: 
- адамдар мен жануарлардан бөлінетін заттарда әрдайым кездесіп, қоршаған ортаға 
көп мөлшерде түсіп отыруы; 
- адам мен жануарлардың организмінен басқа табиғи резервуарының болмауы;
- сыртқы ортада тіршілігін сақтау мерзімі патогенді микроорганизмдердің тіршілік 
ету мерзімімен сәйкес келуі;
- сыртқы ортада көбейе алмауы;
- қоршаған ортада өздерінің биологиялық қасиеттерін сақтай алуы; 
- оларды бір-бірінен ажыратып балауға мүмкіндік беретін типтік қасиеттерінің болуы. 
Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер қатарына ішекте мекендейтін қалыпты 
микрофлоралардың ішінен – ішек таяқшасы тобының бактериялары, энтерококтар, 
сульфитті редукциялаушы анаэробтар (көбінесе Clostridium perfringens), Proteus туысына 
жататын бактериялар, ішек бактериофагтары, ал жоғарғы тыныс жолдарының кілегей 
қабықшаларында тіршілік ететіндерден – Streptococcus viridans, Streptococcus haemolyticus 
және Staphylococcus aureus жатады. 
Ішек таяқшасы санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерге қойылатын барлық негізгі 
критерийлерге сәйкес келеді. Олар адамдар мен жануарлардың ішегінде тіршілік ететін 
қалыпты микрофлораларға жатады, қоршаған ортаға нәжіс арқылы бөлінеді, сыртқы ортада 
тірі қалуы мен төзімділігі патогенді энтеробактериялардың қасиеттеріне ұқсас, су мен 
топырақта көбейе алмайды. Сонымен қатар ішек таяқшаларының тағы бір артықшылығы – 
басқа ішек флорасына қарағанда, ластанған нысандарда өте көп мөлшерде кездесуі. Ішек 
таяқшасы тобының бактериялары (ІТТБ) қоршаған ортаның нәжіспен ластанғандығын 
білдіретін негізгі көрсеткіш және эпидемиологиялық (эпизоотиялық) қауіптіліктің 
индикаторы болып табылады. Жүргізілген дезинфекциялық шаралардың сапасын бақылау 
мақсатында санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің (ІТТБ, стафилококтар және т.б.) 
тірі жасушаларының мал қораларында, жабдықтар мен басқа да нысандарда болуын немесе 
болмауын, сонымен қатар коли-титр мен микробтардың жалпы санын анықтайды.
Қоршаған ортаның түрлі нысандарына санитарлық баға беру барысында санитарлық-
көрсеткіш микроорганизмдердің әртүрлі топтары есепке алынады (1-кесте). 
1-кесте. Қоршаған орта нысандарынан анықталатын санитарлық-көрсеткіш 
микроорганизмдер 


Зерттеу нысандары 
Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер 
Су 
Ішек таяқшасы тобының бактериялары, энтерококкалар, 
стафилококкалар 
Топырақ 
Ішек таяқшасы 
тобының бактериялары, энтерококкалар, 
клостридиялар, термофилдер 
Ауа 
Стрептококкалар, стафилококкалар 
Тұрмыстық заттар 
Ішек таяқшасы тобының бактериялары, энтерококкалар, 
стафилококкалар 
Тағам өнімдері 
Ішек таяқшасы тобының бактериялары, энтерококкалар, 
стафилококкалар, Proteus тобының бактериялары, мезофилді 
аэробты және факультативті-анаэробты микроорганизмдердің 
(МАФАнМ) саны 
Бөлме 
ауасының 
биологиялық 
ластануын 
көрсетуші 
микроорганизмдер 
стрептококкалар мен стафилококкалар болып саналады. Әдетте тағамдық өнімдердің 
микробиологиялық қауіпсіздігін бағалау үшін келесі микроорганизмдердің топтарын 
анықтайды: 
- санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер қатарына жататын мезофилді аэробты 
және факультативті-анаэробты микроорганизмдердің (МАФАнМ) саны, ішек таяқшасы 
тобының бактериялары, Enterobacteriaceae тұқымдасының бактериялары, энтерококтар; 
- шартты-патогенді микроорганизмдерге жататын Еscherichia. соli, Staphylococcus 
aureus, Proteus тобының бактериялары, Bacillus cereus, сульфитті редукциялаушы 
клостридиялар, Vibrio parahaemolyticus
- патогенді микроорганизмдер, соның ішінде салмонеллалар, Listeria monocytogenes 
және Yersinia туысының бактериялары; 
- бүлдіруші 
микроорганизмдер 
– негізінен олар ашытқылар мен 
зең 
саңырауқұлақтары, сүт қышқылды микроорганизмдер; 
- азық-түлік пен пробиотикалық тағамдардың құрамында болатын ұйытуға арналған 
және пробиотикалық микроорганизмдер (сүт қышқылды және пропион қышқылды 
микроорганизмдер, ашытқылар, бифидобактериялар, ацидофильді бактериялар, т.б.). 
Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерді топтарға бөлу таксономияға байланысты 
емес, ол микроорганизмдердің жалпы белгілерінің сәйкестігіне негізделген.
Жаңа индикаторлық микроорганизмдерді іздестіру жұмыстары, әлі де болса 
жалғастырылуда. Ішектің негізгі анаэробты флорасының бірі болып бифидобактериялар 
табылады. Бифидобактериялардың температура мен түрлі органикалық заттардың 
әсерлеріне төзімділігі, қоршаған ортада сақталу мерзімінің патогенді энтеробактерияларға 
ұқсастығы, нәжіс құрамында көп мөлшерде кездесуіне қарай оларды санитарлық-көрсеткіш 
микроорганизмдер санатына ұсынуға болады. Алайда анаэробты бифидобактериялардың 
түрін анықтау және өсіру кезінде кездесетін қиыншылықтарға байланысты, оларды 
биологиялық контаминациялардың индикаторы ретінде қолдану тиімді болмай отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет