Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы



Pdf көрінісі
бет29/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64
Байланысты:
микро 11)

Энтерококкалар. Энтерококкалар Lactobacillaceae тұқымдасына, Streptococcus 
туысына жатады. Морфологиялық, өсінділік, ферментативтік қасиеттері және антигендік 
құрылымы жағынан энтерококкалар стрептококкалардан өзгеше болып келеді. Оларды 
жеке Enterococcus тобына (туысына) бөлу ұсынылған. Энтерококкаларға негізінен: 
Streptococcus faecalis және Streptococcus faecium жатады.
Морфологиясы. Энтерококкалар грам-оң, екі-екіден орналасқан, созылыңқы және 
ұшының сыртқы жағы сүйірлеу келген коккалар (31-сурет). Сұйық қоректік орталарда 
тізбектеліп орналасқан коккалар түрінде кездеседі. Олар спора мен капсула түзбейді. 
Жасушалары көлемі және пішіні жағынан (дөңгелек, ұзынша, кейде коккобактерияларға 
ұқсас болып келеді) ерекшеленеді. Жасушаларының көлемі 0,5 пен 1,2 мкм аралығында 
болады (32-сурет). 
Өсінділік қасиеттері. Энтерококка-лар ЕПА, ЕПС, әсіресе, құрамында көмірсулары 
бар орталарда (ашытқы экстракты, диализат) жақсы өседі. Сұйық қоректік орталарда 
бастапқы кезде аморфты, сосын шырышты тұнба түзеді. Тығыз қоректік орталарда 
көкшілдеу келген ұсақ, мөлдір колонияларды қалыптастырады. Молырақ себінді жасаған 
жағдайда жаппай колония түзетіндігімен стрептококкалардан ажыратылады, қалың себінді 
жасалған орталарда жекеленген колонияларды түзеді (33-сурет). 
Биохимиялық қасиеттері. Энтерококкалар амигдалин, целлобиоз, фруктоза, 
галактоза, глюкоза, глицерин, лактоза, мальтоза, манноза, маннит, рибоза, салицин мен 


сахарозаны қышқыл түзе ыдыратады, бірақ арабиноза, сорбит және сахароза қосылған 
қоректік орталарда өсірілген Streptococcus faecium әрекеті құбылмалы болып келеді.
Энтерококкалардың барлық штамдары эскулинді гидролиздейді. Нитраттарды 
тотықсыздандыра алмайды және эритринді ашытпайды.
Энтерококкалардың индикациясында көптеген сұйық және тығыз қоректік орталар 
(азидтті-глюкоза қосылған сорпа, тұз қосылған сорпа, Сланец және Бертли агары, 
канамицин азидті-эскулинді агар, т.б.) қолданылады. Аталмыш орталарда өсірілген 
өсінділерден каталазаны түзбейтін, грам-оң дөңгелек пішінді микробтарды бөліп алған 
жағдайда оларды энтерококкаларға жатқызады. 
Төзімділігі. Энтерококкалар 60-65°С температурада 30 минутқа дейін шыдайды. Олар 
рН 9,6-10 болатын, 40% өт және 6,5% NaCI қосылған қоректік орталарда өсе алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет