Төзімділігі.Proteus туысының бактериялары 60°С температурада 1 сағат, ал 80°С-де 5
минут аралығында залалсызданады. Proteus төменгі температураға төзімді, үш рет
мұздатып – ерітуді көтереді. Протейлер тіршілік әрекеттерін фенолдың 1%-ды ерітіндісімен
өңдегеннен кейін 30 минуттан соң жоғалтады.
Proteus туысы бактерияларының санитарлық-көрсеткіш микроорганизм ретіндегі мәні.Бұл топтың микроорганизмдері, соның ішінде Proteus vulgaris аз мөлшерде
адамдар мен жануарлардың ішегінде де және сыртқы ортада да кездеседі. Табиғатта бұл
шіру процесінің қоздырғышы болып табылады.
Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер қатарына жататын Proteus туысының
бактериялары топырақ және ашық су қоймаларының санитарлық-гигиеналық жағдайларын
бағалауда Escherichia coli,
энтерококкалар,
Clostridium perfringens және
бактериофагтармен қатар қолданылады.
Тағам өнімдерінен протейлердің анықталуы шіру процесінің басталуын көрсетеді. Ет
тағамдарының (ет, шұжық, т.б.) Proteus туысының бактерияларымен ластану дәрежесі
протейлердің титрі бойынша белгіленеді. Тұтынылған тағамдардың протейлермен жаппай
ластануы адамдардың улануына – токсикоинфекциясына әкеледі.
Сапалы тағамдарда: шұжық, сілікпе, қуырылған құс еті, шабылған еттен дайындалған
аспаздық бұйымдарда Proteus туысына жататын бактериялардың болмауы керек.
Стрептококкалар. Стрептококкалар (Streptococcus) – бөлінуі кезінде тізбек түзетін,
дөңгелек пішінді бактериялар. Патогенді стрептококкалар жануарлар мен адамдардың
кілегейлі қабықтарында, теріде орналасып, организмнің жалпы күйі нашарлағанда немесе
ұлпалары жарақат алғанда өзінің патогендік әсерін көрсетеді.
Табиғи жағдайларда стрептококкалар сиыр мен жылқы ауруларының, сондай-ақ іріңді
процестердің қоздырғыштары болып табылады. Торай, бұзау және құстардың ішек және
септикалық
ауруларын
(стрептококкоз)
қоздырады.
Кейбір
энтеротоксикалық
стрептококкалар адамдардың тағам арқылы улануына себепкер болған.