Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы


Стрептококкалардың санитарлық-көрсеткіш микроорганизм ретіндегі мәні



Pdf көрінісі
бет35/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   64
Байланысты:
микро 11)

Стрептококкалардың санитарлық-көрсеткіш микроорганизм ретіндегі мәні. 
Стрептококкалар негізінен адамдардың ауыз және мұрын қуыстарында тіршілік етеді. Сау 
адамдардың жұтқыншағындағы патогенді стрептококтардың мөлшері 10 мен 30% 
аралығында құбылып отырады. Күз, қыс және көктем айларында тыныс алу жолдары 
ауруларының бас көтеруіне байланысты стрептококкаларды алып жүрушілердің саны да 
өсе түседі.
Сонымен, стрептококкалар адамдардың ауыз қуысы мен жоғары тыныс жолдарының 
тұрақты мекендеушісі болып табылады. Сондықтан да оларды ауаның аталмыш 
микрофлорамен ластану көрсеткіші ретінде қарастыруға болады.
Стафилококкалар. Стафилококкалар (Staphylococcus) – дөңгелек пішінді, грам-оң, 
жылжымайтын аспорогенді бактерия. Олар Micrococcaceae тұқымдасының Staphylococcus 
туысына жатады. Қазіргі уақытта жануарлар мен адамдардан бөлініп алынған 
стафилококтардың 
23 
түрі 
белгілі. 
Олардың 
ішінен 
санитарлық-көрсеткіш 
микроорганизмдер ретінде маңызды рөл атқаратыны Staphylococcus aureus.
Морфологиясы. Стафилококкалардың сфералық жасушаларының диаметрі 0,5-1,5 
мкм болып келеді. Іріңнен және сорпа орталарында өсірілген жас өсіндіден дайындалған 
препараттарда жеке-дара, қос-қостап немесе бір жерге шоғырланып орналасса, агарлы 
қоректік орталардағы өсінділерден дайындалған жағындыларда жүзім шоғырына ұқсас 
болып орналасады (41-сурет). Спора мен капсулаларды түзбейді, жіпшелері болмайды, 
анилин бояуларымен жақсы боялады.
Өсінділік қасиеті. Факультативті анаэробтарға жатады. Әмбебап қоректік орталарда 
жақсы өседі. Қолайлы өсіп-өну температурасы 35-40°С, рН-ы 7,0-7,5. Глюкоза немесе қан 
қосылған қоректік орталарда стафилококкалардың өсу қарқындығы арта түседі. 
Стафилококкалардың көптеген штамдарына тән қасиеттерінің бірі – ол натрий хлоридінің 
10%-ы және өттің 40%-ы бар орталарда өсе алуында. 
ЕПА-да дөңгеленген, шеттері тегіс, сәл томпайған, диаметрі 2-3 мм болатын 
колониялар түзіледі (42-сурет). Колониялары боялған болуы мүмкін, себебі 
стафилококкалар каротионидтерге жататын, суда ерімейтін пигменттерді өндіреді. 10% 
майсыздандырылған сүт қосылған қоректік ортада 37°С-де 24 сағаттан кейін және жарық 
жерде, аэробты жағдайда 20-25°С-де картоп қосылған ортада өсінді анық байқалатын 
пигменттер түзеді. Staphylococcus aureus алтын түсті немесе қызғылт-сары түсті пигмент 
түзеді, кейде пигмент түзбейтін штамдар да кездеседі.
ЕПС-ны стафилококкалар біркелкі лайлап, кейіннен борпылдаған үлпек тәрізді тұнба 
түзеді. Тік қатырылған желатинге шаншу арқылы себінді жасалған жағдайда 36-48 сағаттан 
соң ине жолында орта аздап сұйылтылады, ал 4-5 тәулікте іші сұйықтыққа толы құйғыш 
тәрізді болады. Стафилококкалардың патогенді штамдарының қан қосылған агардағы 
өсінділерінің айналасында эритроциттердің гемолизге ұшыраған аймағы байқалады (43-
сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет