Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы



Pdf көрінісі
бет37/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   64
Байланысты:
микро 11)

Төзімділігі. Спора түзбейтін микроорганизмдердің арасында стафилококкалар түрлі 
физикалық факторларға төзімді келеді. Құрғатылған субстраттарда 6 айға дейін сақталады. 
80°С температурада 10-40 минутта, ал қайнатуда сол сәтте жойылады. Фенолдың 5%-ды 


ерітіндісімен микробқа 15-30 минут әсер еткеннен кейін инактивацияланады. 
Стафилококкалар анилин бояулары мен антибиотиктерге сезімтал келеді.
Стафилококкалардың санитарлық-көрсеткіш микроорганизм ретіндегі мәні. 
Патогенді стафилококкалар, соның ішінде Staphylococcus aureus-тің таралуы шектеулі 
болып келеді. Олардың негізгі мекендейтін орындары болып, адамдар мен жылы қанды 
жануарлардың жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары табылады. Сондықтан да 
стафилококкаларды кейбір қоршаған орта нысандарының ауа-тамшы жолдары арқылы 
ластануын көрсететін индикаторлық микроорганизмдер қатарына жатқызуға мүмкіндік 
береді және оның зардапты түрлерін мал қораларының ауасына баға беруге арналған 
санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер ретінде қолдануға болады. 
Термофилдер. Термофилді микробтар санитарлық-көрсеткіш микроорганизм-дердің 
арасында негізгі орын алады. Аталмыш микроорганизмдердің топырақта, су қоймаларының 
үлгілерінде кездесуі олардың қи, компост немесе адамдардың шіріген нәжістерімен 
ластанғандығын білдіреді. Сонымен қатар термофилдер ауада, түрлі тағамдарда, 
консервілерде және т.б. өнімдерде де табылады. 
Термофилді микроорганизмдерге грам-оң бактериялар, коктар, бациллалар, 
спириллалар, актиномицеттер, 60°С-ден жоғарғы температурада көбейе алатын 
саңырауқұлақтардың кейбір түрлері жатады. Термофилдердің көпшілігі – аэробтар. 
Термофилдер адамдар мен жануарлардың ішегінде аз да болса кездесіп, мардымсыз 
мөлшерде нәжіс арқылы сыртқа бөлініп отырады. Осыған орай термофилдер қоршаған орта 
нысандарының нәжіспен ластануын көрсетуші микроорганизм болып есептелмейді.
Термофилді микроорганизмдер компост үйінділерінде және қида көбейеді. 
Термофилдердің көбеюінің арқасында компосттың жоғарғы беткейі 60-70°С-ге, ал тереңгі 
қабаты 25°С-ге дейін қызып, биотермикалық процесс жүреді. Бұл жағдайда ондағы 
патогенді микроорганизмдер мен ішек таяқшалары залалсызданады, компосттағы 
температура жоғарылаған сайын патогенді энтеробактериялар тезірек залалсызданады. 
Термофилдер термальды көздерде, шөлді және тропиктік жерлер топырағының беткейінде 
кездесіп, сонда көбейе береді.
Топырақ пен су қоймаларының термофилдермен ластануы тыңайтқыш ретінде 
қолданылатын, құрамында шіріген органикалық заттардың қалдықтары бар қи немесе 
компост түскен жағдайда байқалады. Егістік алқаптарының топырақтарында термофилдер 
болмайды немесе өте аз мөлшерде кездеседі.
Сонымен, термофилдердің топырақтан анықталуы, оның компостпен ластанғандығын 
көрсетеді, бұл жағдайда ішек таяқшасы тобының бактериялары аз мөлшерде кездеседі. 
Керісінше, ішек таяқшасы тобының бактериялары көп мөлшерде, ал термофилдерінің аз 
кездесуі нысанның нәжіспен жаңадан ластануының көрсеткіші болып саналады. 
Термофилдер органикалық қалдықтарды минералдандыру процесінің әрбір 
кезеңдеріндегі сипаттамасын анықтауға арналған санитарлық-көрсеткіш микроорганизм 
ретінде де қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет