Туберкулез. Қоздырғышы қоршаған ортаға сүтпен бөлінетін созылмалы індет. Бұндай
ортада микобактериялар он күнге, салқын жердегі сарымайда 300 күнге, сырда 200 күнге
дейін сақталынады. Желіннің туберкулезі кезінде сүттің консистенциясы сұйылып,
мақтатәріздес тұнба байқалады, түсі жасыл-сарғышқа өзгереді. Мұндай сүтті қайнатқаннан
кейін бордақылауда тұрған малға беруге болады.
Бруцеллез - созылмалы ауру. Салқындатылған сүтте бруцеллалар 8 күн, мұздатып
қатырылған сүтте – 60 күн, ашытылған сүтте – 4 күн, кілегейде – 10 күн, майда – 40-60 күн,
сырда – 40 күнге дейін сақталынады. Бруцеллалар жоғары
температура әсеріне төзімсіз,
65°С-де олар 15 минуттан кейін, ал 70°С-де 5 минуттан соң өледі. Ауру малдан алынған
сүтті 70°С-де 30 минут пастерлейді.
Аусыл – жіті өтетін, аса жұқпалы індет. Аусыл вирусы жаңа сауылған сүтте 12 сағатқа
дейін, ал салқындатылған өнімде екі аптаға дейін тіршілік етеді. Аусылмен ауыратын
малдан алынған сүтті 80°С-де 30 минут пастерлейді немесе 5 минут қайнатады.
Зарарсыздандырылған сүтті ерітілген майға дейін айналдырады, ал ол мүмкін болмаған
жағдайда малды азықтандыру үшін пайдаланады.
Сальмонеллездер – сүтпен бірге адамның ішегіне енетін
сальмонеллалар немесе
олардың токсиндері тудыратын асқазан-ішек жолының жіті ауруы. Сүттің
сальмонеллалармен ластануының көзі - ауру жануарлар, жем-шөп, су және малды күтіп-
бағушы адамдар. Осы індетпен аурып сауыққан адамдар ұзақ уақыт бойы салмонелла
тасымалдаушы болып қалуы ықтимал.
Желінсау - сүт безіне микробтардың енуінен пайда болуы мүмкін. Жұқпалы
желінсаудың 90%-дан астамын стафилококкалар мен стрептококкалар туындатады.
Энтеротоксигенді стафилококтар адамдардың, әсіресе балалардың
улануының себепшісі
болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: