Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы


Майды сақтау кезіндегі микробиологиялық процестер және оның ақаулары



Pdf көрінісі
бет49/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   64
Байланысты:
микро 11)

Майды сақтау кезіндегі микробиологиялық процестер және оның ақаулары. 
Майды сақтағанда химиялық процестермен қатар микробиологиялық процестер де өтеді. 
Микробтар көбінесе майдың беткі қабатында болады, олардың ішінде шіру бактериялары 
және зең саңырауқұлақтары да болуы мүмкін. Бұндай микроорганизмдер протеиндер мен 
майларды ыдыратады. Пайда болған өнімдер майға жағымсыз иіс және дәм береді. 
Микробтар майдың төмендегідей ақауларын туындатады. 
Қышқылданған дәм зең саңырауқұлақтарының, ашытқылардың кейбір түрлерінің, 
флюоресценциялаушы және май қышқылды бактериялардың және басқа да микробтардың 
әсерінен пайда болады. Олар майды глицеринге және май қышқылдарына ыдыратады, ал 
май қышқылдылар бұған қоса май қышқылын түзеді. 
Спора түзетін микробтар тәтті майға және қышқыл майға еніп, өнімнің майын 
ыдыратуы мүмкін. Сондықтан, пастерлеу режимін бұзбау және өнімді бөгде микробтың 
түсуінен сақтау қажет.
Ащы дәм температура 10°С-ден жоғарылағанда тәтті майда байқалады. Бұл дәмді сүт 
қышқылды бактериялардың лактозаны ыдыратуы нәтижесінде түзілетін сүт қышқылы 
береді. Қышқыл майдағы жоғары қышқылдық, кілегейді ашыту технологиясының 
сақталмауымен түсіндіріледі. 
Зеңдену – майды дұрыс сақтамаудың (жоғары ылғалдылық, жоғары температура, 
майдың беткі қабатының аэрациясы) нәтижесі. Зең саңырауқұлақтары – аэробтар, олар 


көбінесе ылғалды, дұрыс жабылмаған майдың бетінде кездеседі. Олардың ішінде 
Endomyces lactis, Penicillium glaucum, Aspergillus, Mucor және басқалары бар. Майдың 
ішіндегі зеңдену сирек кездеседі және майдың ішінде ауаға толы қуыс болғанда ғана 
байқалады. Май тығыз болған сайын, саңырауқұлақтардың дамуына да жағдай қолайсыз 
болады. Майды өндіру технологиясын бұлжытпай сақтай отырып, жоғары сапалы, 
ешқандай ақаусыз өнім алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет