Дәрістік курс бағдарламасының құрастырылуы тақырып 1 пcихотерапияға кіріспе


Нейролингвистикалық бағдарламалаудың негізгі психотехникалары



бет35/35
Дата26.10.2022
өлшемі125,87 Kb.
#45358
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Нейролингвистикалық бағдарламалаудың негізгі психотехникалары
1. Мета-үлгімен жұмыс жасау
2. Алып тастау
3. Бұрмалау
4. «Картаны» ірілендіру
5. Комплекстік эквивалентті бұзу
6. Рефрейминг (қайта қалыптастыру)
7. Зәкірлеу
8. Ресурстармен жұмыс жасау
9. «Зәкірлерді» айқастыру (соғыстыру)
10. Кемелдік шеңбері
11. Қалықтау
Тақырыпты пысықтауға және бекітуге арналған сұрақтар:
1. НЛБ-ның маңызы неде?
2. НЛБ-ның негізгі терминдерін атаңыз және қысқаша сипаттаңыз
3. Зәкір дегеніміз не және ол қалай қолданылады?
4. Рейфрейминг дегеніміз не және оның маңызы неде?
ТАҚЫРЫП 14


ТРАНСАКТІЛІ ТАЛДАУ
Сабақтың мақсаты:
Психологтың кәсіби практикасында трансактілі талдау теориялары мен психотехникаларын қолдану білім, білік, дағдыларын үйрету.


Жоспар
1. Э.Берн бойынша тұлға мен оның психикалық ахуалының тұжырымдамасы
2. Адам трансакцияларының түрлері
Эрик Берн (1902-1970) – психолоаналитикалық бағыттағы америкалық психотерапевт және теоретик. Классикалық психоанализбен салыстырғанда Берн келуші басынан өткеретін мәселелер оның өмірінің алғашқы жылдарымен ғана шектеліп қалмау керек дейді. Оның ата-аналарын және басқа да ата-бабаларын зерттеу қажет. Ішкі психологиялық тетіктер ғана емес, сонымен бірге басқа адамдармен өзара әрекетіне де талдау жасау керек.
Э.Берн тұлға құрылымын мынадай кіші құрылымдарға бөледі.
1) Ата-ана (А)- адамның балалық шағында ата-анасынан, ата-анасының ата-анасынан және т.с.с. қалыптар мен талаптар жиынтығын алады. Бұл сенімдер адамның бүкіл өмірі бойында сақталады.
Үлкен өмірінде ата-ана былайша көрінеді:
- бала тәрбиелеу үрдісінде;
- қабылданған нәрсені орындаудан;
- өзін-өзі тәрбиелеуден;
- ар-ұят қызметінен.
Ата-ана тұлғаның ең ригидті бөлігі.
2) Бала (Б) – адамның балалық шағындағы мінез-құлқын сақтайтын тұлға бөлігі.
Адамдағы Бала мынадан көрінеді:
- ашықтықтан, шынайылықтан, сенгіштіктен, аңқаулықтан;
- спонтандықтан және импульсивтіліктен;
- қиялдар мен армандардан;
- қырсықтықтан, тікмінезділіктен, негативизмнен.
Адамдағы Бала оның қайталанбастығының және тартымдылығының негізі.
3) Ересек (Е) – шындықты объективті бағалайтын тұлғаның бөлігі.
Ересек мынадан көрінеді:

  • қиын өмірлік жағдайдан шыға алу білігінен;

  • өзінің тәуелсіздігін табандылықпен қорғауынан;

  • өзінің өмірлік тәжірибесінен дұрыс шешімдер қабылдай алуынан.

Ересек Ата-ананың сенімдері мен Баланың әрекеттеріне қарсы тұрады.
Тақырыпты пысықтауға және бекітуге арналған сұрақтар:
1. Трансактілі талдаудың авторы кім?
2. Трансактілі талдаудың маңызы неде?
3. Трансактілі талдауда қандай рөлдер бар?
4. Ата-ананың рөлін қысқаша сипаттаңыз.
5. Ересектің рөлін қысқаша сипаттаңыз.
6. Баланың рөлін қысқаша сипаттаңыз.
7. Психотерапевтің ата-ана мен баланың рөлін бұзу үшін (егер қажет болса) жасайтын әрекеттерінен мысал келітріңіз.


ТАҚЫРЫП 15


ПСИХОТЕРАПЕВТІК КЕҢЕС БЕРУДІҢ ЖАЛПЫ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет