Дәрістік сабақ конспектілері. дәріс



Pdf көрінісі
бет19/30
Дата24.01.2023
өлшемі0,66 Mb.
#62596
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
Байланысты:
ДӘРІСТЕР 1-15 Операциялық жүйелер (1)

Бақылау сұрақтары 
1. Еңгізу-шығаруды басқару жүйесінің жұмыс мақсаты 
2. Еңгізу-шығаруды басқару жүйесінің негізгі функциялары 
3. Есептеу жүйесінде еңгізу-шығаруды басқару үшін қандай принциптер қолданылады 
4. Программалы еңгізу-шығаруды жүзеге асыру принциптері 
5. Синхронды және асинхронды еңгізу-шығару, айырмашылығы 
7 дәріс. Енгізу-шығаруды диспетчерлеу. Еркін және тізбекті қатынас құру тәсілдері. 
Есептерді динамикалық жоспарлау үрдістерді жоспарлауға қарағанда актуалды, өйткені қорларды 
тиімді үлестіру әр жағдайда болады. Есептің динамикалық жоспарлауын диспетчерлеу деп атайды. 
Орындалып жатқан үрдістермен ағындар арасында ағымдағы қорларды үлестіруден жоспарлау көп 
ұйымдастырылады. 
Орындалуға дайын есептердің кезегінің тізімін дайындайтын көп диспетчерлеу пәндері белгілі. 
Қызмет көрсететін пәндер екі үлкен топқа бөлінеді – пұрсаттылықты және пұрсаттылықсыз. 
Мультипрограммалық ОЖ-де көп есептер орындалған кезде деректерді оқуға және жазуға 
сұраныс көп ағындар болып өтуі мүмкін, сондықтан оларды орындау кезінде кезек пайда болады. Егер 
біз сұраныстарды олардың кезекке түскеніне байланысты орындайтын болсақ, онда магниттік дискінің 
секторларына кездейсоқ қатынайтын боламыз, онда деректерді жабуға біз көп уақыт жібереміз. 
Өйткені деректерді іздеп табуға уақытты азайту үшін сұраныстарды кезекке дұрыстап қоюға болады 
және олар тез орындалу үшін тиімді әдісті табу қажет. Ол проблеманы шешу үшін қажет тиімді 
жоспарлау пәнін табу қажет. Белгілі пәндерді қарастырайық, олар деректерді оқу/жазу 
операцияларына сұраныс кезегін қайта құрады. 
1. SSTF(shortest seek time-first)-бірінші-минималды іздеу уақытымен. Бұл пән бойынша магниттік 
бастиекті позицияланған кезде келесі болып саналатын сұраныс ол оның цилиндрынан цилиндрға 
жылжу уақыты минималды болу, бұл сұраныс кезекте бірінші болуының қажеті жоқ. Бұл пәннің 
қасиеті, ол дискілік бағыныңқы жүйенің максималды өткізу қабілеті. 
2. Scan(сканерлеу)-бұл пән бойынша бастиек бірде бір бағытта, бірде басқа бағытта жылжиды. 
Жолда сәйкес сұраныстарды орындайды. Егер оқу-жазу бастиегінің жылжу кезінде сәйкес сұраныс 
болмаса, онда ол кері бағытта жылжиды. 
3. Next-Step-Scan-алдыңғы пәннен айырмашылығы ол жылжыту кезінде тек қана сол уақытта 
болған сұраныстарды орындайды. Бастиектің оқуға-жазуға жылжу уақытында пайда болған жаңа 
сұраныстар, жаңа сұраныс кезегін құрайды. Бұл сұраныстарды кері жолда орындауы мүмкін . 
4. C-Scan – бұл пән бойынша бастиектің жылжуы қайталап ең сыртқы жолдардан ішкілерге
жолда бар сұраныстарға қызмат көрсетіп, содан соң қайта сыртқы цилиндрға ауысады. 
Енгізу-шығару – ол операциялық жүйенің жобалауының ең қиын аймақтарының бірі. Енгізу-
шығару құрылғыларының көптігінен және олардың түрлі табиғаттарынан қиыншылықтар туады. 
Сондықтан операциялық жүйені тудырушылар арасында оңай есеп тұрған жоқ. Олар енгізу-шығару 


30 
құрылғыларының тиімді басқаруы ғана емес қолданба программистер құрылғылардың түріне 
қарамастан деректерді оңай оқып, сақтау үшін ыңғайлы тиімді виртуальді интерфейсті құру қажет. 
Бір модельге бірнеше түрлі құрылғыларды біріктіретін жүйелік енгізу-шығару әмбебап болу 
қажет. Біріншіден ол бар құрылғылардың қажеттіліктерін ескеру қажет. Екіншіден бірнеше параллель 
орындалып жатқан есептерге енгізу-шығару құрылғыларына қатынауды ескеру қажет. 
Сондықтан ең негізгі болып келесі әдіс саналады: енгізу-шығаруды басқаратын операциялар 
привелегиялық деп аталады және операциялық жүйенің коды арқылы орындалады. 
Қолданбалы программалар өздері енгізу-шығару құрылғыларымен тікелей байланысалмайды. 
Енгізу-шығару сұранысына керек мәндерді орнатып, енгізу-шығару супервизорына басқару беріледі. 
Қордың негізгі түрлерінің бірі ол санашықтық уақыт. Есептеу жүйесіндегі қордың екінші түрі ол 
жады. 
Жады және қатынау (деректерге қатынау үрдісі) олар әртүрлі қор болып саналады.Бұл қорлар бір 
бірінен бөлек қолданыла береді. Бірақ сыртқы жадының толық жұмысы орындалу үшін бұл қордың 
екеуі де керек. Тікелей қатынау механизмі қолданылса сыртқы құрылғылар параллельді бөлінуі 
мүмкін. 
Бөлінетін құрылғыларға мысал келтірсек ол компакт-дискілерді оөитын құрылғы. Бұл тік қатынас 
құратын құрылғы.
Егер құрылғы тізбекті қатынау механизмі арқылы жұмыс жасайтын болса, онда ол қор 
бөлінбейтін қор, мысал келтірсек ол баспалар. 
Ең қажетті қорлардың бірі ол программалық модуль. Программалық модульдер бір рет және 
бірнеше рет қолданылатын болып бөлінеді. 
Жүйелік бір рет қолданылатын программалық модульдер ОЖ-е жүктелу кезінде қолданылады. 
Бірнеше 
рет 
(қайталап) 
қолданылатын 
программалық 
модульдер 
привиллегиялық, 
привиллегиялық емес және реентеребельдік болуы мүмкін. 
Привиллегиялық программалық модульдер привиллегиялық режимде жұмыс жасайды. 
Негізгі әдебиеттер 9 [87-94], 10 [114-138], 3 [34-37] 
Қосымша әдебиеттер 16 [85-112],15 [154-176] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет