Дерсе ханның үлы да, қызы да жоқ еді. Ол бүл қорлыққа шыдай алмай, қара отаудан шығып кетті. „Қайғымен қан жүтып жылады


бұздай кілшейтіп, Көбелер киген өкінбес. Жұпарын қардай



бет2/2
Дата29.12.2023
өлшемі73,41 Kb.
#144809
1   2
Байланысты:
емтихан сұрақтары

бұздай кілшейтіп,
Көбелер киген өкінбес.
Жұпарын қардай боратып,
Арулар құшқан өкінбес.
Торы төбел ат мініп,
Той тойлаған өкінбес. (жай қайталау)
Құрама шапшақ көп қымыз
Құйып ішкен өкінбес.
Екі арыстап жау шапса,
Оқ қылқандай шаншылса,
Қан жусандай егілсе,
Аққан судай төгілсе,
Бетегелі Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген өкінбес!



22. Ақтанберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» жаттау, басты идеясын анықтаңыз.
23. Жиенбет жыраудың толғауы мен тарихи жырындағы Есім хан бейнесін жазыңыз.
24. Иассауи хикметтерінен үзінді жатқа айтыңыз, талдаңыз.
25. Мөңке Тілеуұлының «Төрт тентек» шешендік сөзін айту, мағыналық талдау.
бірінші - ойнап жүрген бала тентек
• екінші - оны қуған бала тентек
• үшінші - үріккен байтал тентек
• төртінші - бастан ұшқан бөрік тентек
26. Көтеш ақынның өмірбаяны мен шығармаларына байланысты сызбалар жиынтығын жазыңыз.
27. Марғасқа жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» жатқа айту, идеясын анықтаңыз.
28. Қашқари сөздігінен мақалдар жатқа айтыңыз, талдаңыз.
Ұлым, ақыл тыңдасаң, білімсіздік жоғалар,
Білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар.

Қобалжығыш көңілдің ақылы да жоқ аса,


Мылжыңы көп адамның аспаны да аласа.

Көңіл толса, үйіңнің жарын жығар,


Білікті адам айтпай- ақ жаныңды ұғар.

Алтының мен күмісің болған сайын құнықпа,


Қу нәпсіге табынып, тәңіріңді ұмытпа!
29. «Ақиқат сыйы» дастанының композициялық құрылысы, идеялық мазмұнын түсіндіріңіз.
30. «Қорқыт ата кітабының» тоғызыншы жырын айтып, идеялық талдау жасаңыз.
31. «Диуани лұғат ат – түріктің» әдеби мәнін түсіндіріңіз.
Диуани лұғат ат түрк энциклопедиясында, нормалар мен салттар, адамдар құлқының қалыптары мен қасиеттері сипатталған, қоғамның өзара байланысты жалпылық және ие болған рухани күйі сараланған. Аталған еңбектен түрік қоғамының 10-11 ғасырлардағы игіліктерінен сусындауға болады, оның рухани жүйесін, ырымдарын, қатынас тілі мен әдісін, сол замандағы нышандардың жаңғыру қалыптарын түсініп, қабылдауға болады.
32. Қазтуған шығармаларын зерттеген ғалымдардың пікірін жинақтаңыз.
33. Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикмет»еңбегінің басты идеясы, құрылысы, тақырыптарын талдаңыз. Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Қожа Ахмет Йасауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты деген түйін жасайды. Ал имандылық дегеніміздің өзі Алланың құлына ғана тән, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, оны құдай жолына салып отыратын киелі күш деп түсіндіреді. Ақынның айтуы бойынша, имандылықтың ең басты көрінісі – мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылады. «Диуани хикметте» әрбір адамға қажетті қанағат-ынсап сезіміне ерекше мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екенін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады. «Ақыл кітабы» адамның ішкі жан-дүниесінің түрлі теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын талдап, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады.
Бүкіл әлемдегі түркі халқы «Диуани хикмет» арқылы исламның рухани әлемімен, сол дәуір үшін ілгерішіл саналған сопылық ағымның философиялық ой-пікірлерімен танысты. «Диуани хикметте» жырланған адамгершілік, имандылық, қанағат, кішіпейілділік, жомарттық жайындағы этикалық-дидактикалық тұжырымдар бертін келе, қазақ ақын-жыраулары поэзиясынан өзінің көркемдік жалғасын тапты.
35. Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресі» туралы кластер дайындаңыз.
XVII ғасырдағы түркі жазба ескерткіштерінің ішінен Әбілғазы Баһадүрханның «Түркі шежіресі» кітабының алатын орны ерекше. Оның себебі, біріншіден, кітап авторының өз заманының білімді, жан-жақты (тарихшы, ақын, полиглот, жауынгер т.б.) адам болуында болса, екіншіден, оның шығармасының тарихи, әдеби тілдік жақтарының аса құндылығында. Оның дәлелін Әбілғазының өзі келтірген мына сөздерінен көруге болады. Ол өз кітабының кіріспесінде былай дейді: «Құдай тағала мырзалық қылып, маған біраз нәрсе берген, мен, әсіресе, үш түрлі өнерді жете меңгердім. Біріншісі – әскери өнер, яғни әскерді басқару, оның тәртібі. Екіншісі – ақындық өнер, яғни түрлі өлең құрылысын сақтай отырып, түрік тілінде қасида, ғазал, рубаят тәрізді өлең шығара алу, араб, парсы, түрік сөздерінің мағынасын жетік білу. Үшіншісі – бұрын Арабстан, Иран, Тұранды билеген патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-уақты оқиғаларды жатқа білу».
Түрік шежіресінде» Адам атадан бастап, Шыңғыс ханға дейінгі және одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия мен қыпшақ даласыңда, Таяу Шығыста болған сан қилы тарихи оқиғалар жүйелі түрде баяндалады. Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары шежіресін сөз ете отырып. Әбілғазы негізінен түркі тектес халықтардың тарихына көбірек назараударған. Кезінде академик Х. Френ «Түрік шежіресін» аса жоғары ғылыми еңбек ретінде бағалай келіп, бұл шежіре «Ресей мұсылмандарына өз ата-бабаларының тарихын білуге көмектесіп қана қоймайды, олардың жалпы тарих ғылымына деген көзқарасын оятуға тиіс»деп жазған болатын.
«Түрік шежіресі» XIX ғасырда-ақ неміс тіліне (Шенстрем), одан француз тіліне, бертін келе орыс тіліне (Тредиаковский) аударылып, бірнеше рет Еуропада жеке кітап болып басылып шықты. Бұл шежіренің орыс тіліне тәржіма жасалып, кітап болып шығуына кезіңде Ресейдің атақты графы Н. И. Румянцев тікелей өзі қамқорлық жасағаны мәлім.
36. Қорқыт туралы тарихи мәліметтер мен аңыздар туралы жазыңыз.
Қорқыт ата — түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт сөзі "Һорқұт" сөзінен шыққан. "Хор" деген көне түркі тіліндегі "Өр" деген сөз, "Һор" деп те айтылған. Ал, "құт", ол кәдімгі "құт", "береке", "игілік" деген сөз. Демек, Қорқұт сөзі "жоғарыдан келген құт" деген мағынада. Бірақ, қазақ тілінде ол Қорқыт болып, кейін осы атаудан талай аңыз-ертегілер туындаған.
Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді. “Қорқыт” сөзінің этимол-сын Ә.Қоңыратбаев “құтты адам, құт әкелетін адам” деп көрсетсе, С.Қасқабасов “өмір сарқылды, адам өлді” деген мағынаны білдіреді деп санайды. Е.Тұрсынов түркі халықтарының фольклорына сүйене отырып, “дада, деде” деген сөздерді “насихат айтушы жырау” деп түсіндіреді. В.Жирмунский Қорқыт атаны магиялық аспап – қобыздың иесі, шаман, абыз ретінде қарастырады. Қорқыт атаның тарихи тұлға екенін растайтын жазба ескерткіш – “Қорқыт Ата кітабы” (“Китаби дәдәм Корқуд”). Онда Қорқыт ата жырау, ақылгөй, данышпан, көсем, бақсы, күйші ретінде көрінеді. Кітаптың басында Қорқыт атаның нақыл сөздерікелтіріледі. Ол “өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе – адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі” дейді. Қорқыт ата жөніндегі аңыздарда түркі халықтарының өмір мен өлім мәселесі туралы көзқарастары көрініс тапқан. Аңыз бойынша, Қорқыт ата ұйықтап кетіп, “егер өлімді есіңе алмасаң, мәңгі өмір сүресің” деген аян естиді. Біраз уақыт өткен соң бір баспақты қуып жүріп, жете алмағасын, “Өлсем де, жетемін!” дейді. Соны айтуы мұң екен, Әзірейіл келіп, “Сен өлімді еске алдың, енді өлесің!” дейді. Аңызда Қорқыт Ата өзінің жүйрік желмаясына мініп, халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші жан ретінде суреттеледі. Ел-жұртты өзінің жырымен де, күйімен де аузына қаратқан, ғұмырының соңында бірлігі ыдырай бастаған жұртының алауыздығына күйінген Қорқыт Ата мәңгілік өмір сырын іздеп дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Бірақ қайда барса да, алдынан көр қазып жатқан адамдарды жолықтырады. “Кімнің көрі?” деген сауалына “Қорқыттың көрі” деген жауап естиді. “Қайда барсаң да Қорқыттың көрі” деген сөз осыдан қалған. Ақыр аяғында жер кіндігін тапсаң, тірі қаласың деген аян естіп, туған жері – Сырөңіріне оралады. Содан мәңгі өмір тек өнерде деген ойға келіп, қобыз аспабын ойлап шығарады. Тағы бір аңыз бойынша, өзен ортасына кілем жайып, үстінде отырып қобыз тартқанда, күй күшімен суға батпайды екен. Қорқыт Ата қобыз тартқан жылдары өлім болмаған, тек бақытты тіршілік болған дейді. Бірақ Қорқыт ата шаршап, ұйықтап кеткен сәтінде судан кішкентай қайрақ жылан шығып, оны шағып өлтіріпті дейді. Аңызда ажал ашық келмей, жылан кейпінде келеді. Бұдан халықтың өлімге деген көзқарасын, “ажал айтып келмейді” деген филос. тұжырымның негізін көреміз. Қорқыт ата туралы аңыздарда кездесетін үлкен философиялық мәселе – уақыт пен кеңістік мәселесі.
Бұл аңыздарда Қорқыт ата өлімнен қашып, бүкіл ғарышты аралайды. Түсінен шошынған ол ажалдан құтылу үшін ертеңіне дүниенің екінші шетіне көшіп кетеді. Мұнда ол баяғы түсті тағы көреді. Таң атысымен тағы да жолға шығады. Не істерін білмей, жердің ортасына бармақ болады. Жер ортасы Сырдың жағасы, қазіргі Қорқыт моласы тұрған тұс екен. М.Әуезов: “ажалды тоқтату мүмкін еместігін мойындағысы келмеген Қорқыт ата жұрттан безіп, айдалаға, табиғат аясына кетеді, бірақ таулар да, жазықтар да, ормандар да оған өлім күтіп тұрғанын айтады. Содан қорқып, шырғайдан алғашқы қобызды жасап, жер бетінде бірінші болып күй тартады. Сөйтіп өлмеудің амалын өнерден табады”, – деп жазады. Қазақ аңызындағы Қорқыт ата бейнесі енді өлімнен қашқан шаман емес, керісінше, өмір үшін күрескен, өлімнен құтылуды қандай бір құдіретті күштен емес, өнерден іздеген, ажалмен айқасқан алып рухани тұлға болып көрінеді. Зерттеушілер өлімнен қашқан Қорқыт Ата философиясын әйгілі шумер эпосы “Гильгамеш туралы жырдағы” Гильгамеш әрекетімен салыстырады. М.Әуезов Қорқыт аңызын адамзатқа от ұрлап әкеліп сыйлаған Прометейтуралы грек аңызымен теңестіреді. Тарихи деректер мен ғылыми пайымдауларды түйіндей келе, Қорқыт атаны исламды әлі толық қабылдамаған түркі тайпаларының мәдени рәмізі деп қарастыруға болады. Аңыз әңгімелерде Қорқыт Ата өзінің желмаясына мініп, халыққа мәңгілік бақыт әкелетін жерұйықты іздеген данагөй ойшыл. Зерттеуші Е.Тұрсыновтың түсіндіруі бойынша, бұл жердегі желмаяқобыздың рәміздік бейнесі болып табылады. Өйткені ол мәңгілік өмірді қобыздың сарынынан табады. Ең ақырында қобыз күйімен көз жұмып, артындағы ұрпақтарына өлмес күйлерін қалдырады. Қорқыт ата жырларының философиялық мән-мағынасының алтын діңгегі – әлемді, табиғат заңдарын көркемдік таным тұрғысынан игеру. Оның өмір сүйгіштік дүниетанымы күнделікті күйкі тірліктің шеңберінен шыға білу және адамзат үшін әрбір тіршілік сәтінің құнды екенін ескерту, қайталанбас уақытты қадірлеуге шақыру, сол арқылы өмірді мәңгілік ету идеясы Қорқыт философиясының іргетасын құрайды.

37. «Құйрығы жоқ, жалы жоқ» өлеңін жаттау, идеясын анықтау.


Құйрығы жоқ, жалы жоқ

Құлан қайтіп күн көрер?


Аяғы жоқ, қолы жоқ


Жылан қайтіп күн көрер?


Жалаң аяқ балапан


Қаздар қайтіп күн көрер?


Шыбын шықса, жаз болып,


Таздар қайтіп күн көрер?


Көлде жүрген қоңыр қаз


Қыр қадірін не білсін?


Қырда жүрген дуадақ


Су қадірін не білсін?


Көшіп-қонып жүрмеген


Жер қадірін не білсін?!


38. Тәтіқара аұынның «Қамыстың басы майда, түбі сайда» өлеңін жаттау, идеялық талдау.
Қамыстың басы майда, түбі сайда,
Жәнібек Шақшақұлы - болат найза!
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,
Ер жігіттің ерлігі осындайда.
Бөкейді айт сағыр менен дулаттағы,
Деріпсәлі, Мандайды айт қыпшақтағы!
Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын
Сары менен Баянды айт уақтағы!
Ағашта, биікті айтсаң, қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң, Бөгембайды айт!
Найзасының ұшына жау мінгізген -
Еменәлі керейде ер Жабайды айт!
толғауы ерлердің рухын көтеру, жігерлендіру үшін айтылғаны.
39. Бұқар жыраудың «Тілек» толғауын жатқа айтыңыз, идеясын талдаңыз

БҰҚАР ЖЫРАУ БІРІНШІ ТІЛЕК ТІЛЕҢІЗ
Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз:
Әзәзіл, пысық, залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз:
Үшкіліксіз көйлек кимеске.
Төртінші тілек тілеңіз:
Төрде төсек тартып жатпасқа.
Бесінші тілек тілеңіз:
Бес уақытқы бес намаз
Біреуі қаза қалмасқа.
Алтыншы тілек тілеңіз:
Алпыс қана ақ орда,
Ардақтаған аяулың
Күнінде ертең біреуге
Тегіннен-тегін олжа болмасқа.
Жетінші тілек тілеңіз:
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа.
Сегізінші тілек тілеңіз:
Сегіз қиыр шартарап
Жер тұлданып тұрмасқа.
Тоғызыншы тілек тілеңіз:
Төреңіз таққан таймасқа,
Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа жаяу бармасқа.
Оныншы тілек тілеңіз:
Омыртқасы үзілген,
Аязды күнге айналған,
Бұлтты күнде толғанған,
Тар құрағын кеміткен,
Тас емшегін жібіткен
Анаң бір аңырап қалмасқа.

Бұқар жырау өзінің «Тілек» толғауында әр адамға жақын, әр адамның игі арманы болған тілектерді тізген. Ол осы толғауы арқылы адамзаттың неден сақтануы керегін дөп басып жырлаған.
40. “Диуани хикмет” жазылу-таралу тарихы, зерттелуі, аудармалары туралы түсінік беріңіз
Диуани хикмет, «Ақыл кітабы» – Қожа Ахмет Ясауидің сопылық идеясын жыр еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығармасы.

Ақын өз кітабын қыпшақ даласы мен Орталық Азия түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған. Мұның өзі араб тілінде жазылған Құран Кәрім мен түрлі хадис, тәпсірлердіңкүрделі қағидаларын жергілікті түркі халықтарының түсініп оқуына мүмкіндік берді. «Диуани хикмет» – көшпелі елдің ауыз әдебиетіүлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік-стильдік, модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды. «Диуани хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV ғ-дың орта кезінде араб әрпімен көшірілген. Бертін келе «Диуани хикмет» Қазан (1887–1901), Ыстамбұл (1901), Ташкент (1902–11) баспаларынан жарық көрген.


Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінің жазылу тарихын, поэтикасын, сопылық-философиялық идеясын, қоғамдық-әлеуметтік мән-мағынасын, ислам дінін таратудағы рөлін М.Ф.Көпрүлузаде, Н.С.Банарлы, Е.Э.Бертельс, А.К.Боровков, Э.Р.Рустамов, В.И.Зохидов, т.б. ғалымдар жан-жақты зерттеді. Қожа Ахмет Ясауи «Диуани хикметте» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады. Біріншісі – шариғат. «Шариғат» – ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі, «тариқат» – дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқыш сопылықтың негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр. Үшіншісі, «мағрифат» негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың негізгі талабы – күллі дүниедегі болмыс-тіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу, түсіну. Төртіншісі, «хақиқат» («фано») – Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғары басқышы. Сопылық түсінік бойынша, «шариғатсыз» «тариқат», «тариқатсыз» «мағрифат», «мағрифатсыз» «хақиқат» болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады. Қожа Ахмет Ясауи Аллаға (яғни Хаққа) жету жолында міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өтуі керек деген пікір айтады. Ақынның айтуы бойынша, Хаққа жету жолындағы әрбір асудың он-оннан мақамы (тоқтамы) бар. Демек, осы төрт асудың қырық мақамын игерген пенде ғана «жабарут» (адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік), «мәләкут» (өмірдің мәнмағынасына қанық болу), «лахут» (бұл жалғаннан безіп, о дүниенің рухани әлемін меңгеру), «насут» (жоғарыда аталған үш өлшемнің басын қосып тұрған күш) деп аталатын рухани дүниенің сырын пайымдауға мүмкіндік алады.


«Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Қожа Ахмет Ясауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты деген түйін жасайды. Ал имандылық дегеніміздің өзі Алланың құлына ғана тән, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, оны құдай жолына салып отыратын киелі күш деп түсіндіреді. Ақынның айтуы бойынша, имандылықтың ең басты көрінісі – мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылады. «Диуани хикметте» әрбір адамға қажетті қанағат-ынсап сезіміне ерекше мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екенін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады. «Ақыл кітабы» адамның ішкі жан-дүниесінің түрлі теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын талдап, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады.[1]


Бүкіл әлемдегі түркі халқы «Диуани хикмет» арқылы исламның рухани әлемімен, сол дәуір үшін ілгерішіл саналған сопылық ағымның философиялық ой-пікірлерімен танысты. «Диуани хикметте» жырланған адамгершілік, имандылық, қанағат, кішіпейілділік, жомарттық жайындағы этикалық-дидактикалықтұжырымдар бертін келе, қазақ ақын-жыраулары поэзиясынан өзінің көркемдік жалғасын тапты.


41. Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауын жатқа айту, тақырыптық - идеялық талдау.
тоғаудың идеясы елді, жерді қорғау бізді өз еліміздің патриоты болуға, батырлыққа насихаттайты.
Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күренді мінер ме екеміз?!
Күдеріден бау тағып,
Ақ кіреуке киер ме екеміз?!
Жағасы алтын, жеңі жез,
Шығыршығы торғай көз
Сауыт киер ме екеміз?!
Ор қояндай жүгінтіп,
Аш күзендей бүгілтіп,
Жолбарыстай шұбарды
Тандап мінер ме екеміз?!
Сол шұбарға мінген соң,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол төңкерер ме екеміз?!
Жалаулы найза жанға алып,
Жау қашырар ма екеміз?!
Тобыршықты әндіген
Толтыра тартар ма екеміз?!
Тобылғы түбі құралай,
Бытыратып атар ма екеміз!
Жарлауға біткен жапырақ -
Жамылсақ, тоңар ма екеміз?!
Жазыққа біткен бүлдірген -
Сұғынсақ, тояр ма екеміз!
Тобылғы сапты қамшы алып,
Тұмар мойын ат мініп,
Қоныс та қарар ма екеміз!
Ел жазылып жайлауда,
Жақсылар кеңес құрғанда,
Мұртымыз өрге шаншылып,
Бұрын да сөйлер ме екеміз?!
42. «Диуани лұғат-ит түрк» сөздігінің қазақ топырағындағы зерттелуін айтыңыз
Диуани лұғат ат-түрік» — түрікше-арабша түсіндірме сөздік. Қазіргі түркі тілді халықтардың барлығына ортақ мұра. «Диуани лұғат ат-түрік» -тек сөздік қана емес, сонымен бірге орта ғасырдағы түркілердің қоғамдық, рухани, ғылыми, мәдени, әдеби, саяси өміріне, көне тарихы мен әдет-ғұрпына, салт-санасы мен наным-сеніміне т.б. қатысты бағалы деректері мол жинақ.
М. Қашқари «Сөздігінің» қазақ тіл білімі тұрғысынан зерттелуі. Н.Т.Сауранбаев, С.А.Аманжолов, А.Ысқақов, Ғ.Мұсабаев, Ә.Құрышжанов, Қ.Бекетаев, Ә.Ибатов.
«Сөздікте» мысал ретінде келтірілген көркемсөз үлгілері: бәйіттер, ғазалдар, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, ғибрат сөздер, сажыдар (ақ өлең), насыр (проза), т.б.

43. А.Иассауи өмірі мен діни-шығармашылық жолының хронологиялық кестесін жасаңыз.


Қожа Ахмет Ясауи – 1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. IX ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Ясы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағы да басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, Х ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Ясауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Ясауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жыл қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Ясауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Ясауидың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, “Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады. Қожа Ахмет Ясауидың алғашқы шәкірті – Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани. Осылардың ішіндегі ең көрнектісі – Бақырғани (Хакім Ата) (Кашифи, “Рашахат-ул айн-ил хайат”). Тағы бір танымал шәкірттерінің бірі Мұхаммед Данышменди сопы Қожа Ахмет Ясауидың “Мират-ул Қулуб” атты мұрасын хатқа түсірді. Сондай-ақ Садр Ата, Бадр Ата, Қажы Бекташ Әулие, Сары Салтұқ, Шейх Лұқпан Перенде сияқты тұлғалар да Қожа Ахмет Ясауидың шәкірттері саналады. А.Беннигсон Қожа Ахмет Ясауидың Шопан Ата және Зеңгі Баба атты да шәкірттерінің болғандығын айтады. Ясауи шәкірттері жөнінде Фуат Көпрулу: “Мутасаууфтардың (сопылардың) өмірбаяны жайлы еңбектерде Ирак, Хорасан және Мауераннахр сопыларынан басқа түркі шейхтары деп жүрген сопылардың барлығы дерлік Қожа Ахмет Ясауи тариқатының шейхтары еді” дейді. Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайхылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді[2]:
...Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,
Машайықтар ұлығы - шейхым Ахмет Ясауи.
….Ясы оның арасы, жатыр гауһар парасы,
Машайықтар сарасы - шейхым Ахмед Ясауи. Ахмет Бұқар қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған сопылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады. Ахмет Ясауидің ержете келе Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға келгені жайында былайша баяндайды:
...Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне
Он сегізде Шілтеменен шарап іштім,
Рузы қылды, Жәннат кезіп қорлар құштым,
Хақ Мұстафа жүздерін көрдім, міне.

Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани хикмет/ Диуани Хикмат» (Хикмат - жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайтара басылады. Соның бірі 1901 ж. ҚазандаТыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұқара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.«Диуани Хикметтен» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.


46. «Ақиқат сыйы» дастанының зерттелуін түсіндіріңіз.
«Ақиқат сыйы» дастанының көне қолжазбасы табылғаны жөніндегі алғашқы мәліметті түрік ғалымы Нәжіп Асим 1906 жылы хабарлады. Қазір бізге бұл шығарманың бірнеше қолжазба нұсқасы мәлім. Солардың ішіндегі ең көнесі Самарқан нұсқасы. Бұл қолжазба қазіргі Стамбул қаласындағы Айя-СОфия кітапханасында сақтаулы. Оны 1444 жылы Самарқан қаласында атақты каллиграф Зейнул-Абидин Джурани деген кісі ұйғыр әріпімен көшірген екен. Дастанның бұдан кейінірек 1480 жылы Шейхзаде Әбдіразақ Бахши көшірген нұсқасын Нәжіп Асми осман түріктерінің тіліне аударып, шығарманың түпнұсқасымен қоса оны 1916 жылы жеке кітап етіп басып шығарады.
А. Иүгнекидің араб әріпімен көшірілген қолжазба нұсқаларының бірі қазіргң Берлин қалалық кітапханасында сақтаулы тұр. Бұл дастанның ғылымға мәлім болған нұсқаларын салыстыра отырып, шығарманың толық мәтінін әзірлеген зерттеуші түрік ғалымы Рашид Арад Рахмат болды. Ол 1951 жылы Осы дастанның толық мәтінін әзірлеп, олны латын әріпімен кітап етіп шығарды.
«Ақиқат сыйы» дастанын жан-жақты зерттеу ісіне кезінде В. Радлов,Т. Ковалевский, Ж. Дени, т.б. шығыстанушы ғалымдар да белсене ат салысты.
«Ақиқат сыйы» дидактикалық сарында жазылған шығарма. Дастан сюжетке құрылған емес. Шығарманың әрбір тарауында белгілі бір мәселе жөніндегі әңгіме болады. Адам қалай өмір сүру керек? Ақын осы сауалға өзінше жауап іздеп, дидактикалық сарында оқырманына өсиет уағыз айтады.
Дастан 254 бәйттен тұрады. Мүның бәрі 14 тарауға бөліп берілген. А. Иүгнеки ислам дәуірі әдебиетінің көркемді дәстүрін негізге ала отырып, дастанның алғашқы тарауын (1-10 бәйІттер), қайырымды, мейірімді Аллаға, екінші тарауын (11-19 бәйіттер) Құдайдың жердегі өкілі Мұхаммед пайғамбарға арнайды. Содан кейін 3-ші тарауда (20-33 бәйіттер) ақын осы кітаптың жазылуына себепші болған Ыспахсалар бекті мадақтайды.
А. Иүгнеки – әрбір сөздерді ажарлап та, құбылтып та шебер пайдлана білетін сөз зергері. Дастан негізінен дидактикалық сарындағы ақыл-өсиет, уағыз, ғибрат сөздерден тұрады. Ақын өзі хикаялап отырған құбылыстыі ерекше белгілерін ажарлап, оған үстеме мағына беріп, суреттеу үшін теңеу әдісін кеңінен қолданады. Мәселен, автор дастанда Ыспахсаларды – теңізге, ал өзін – жауын тамшысына теңейді. Ал мұндай тамшылар теңізге құйылып, қымбат бағалы маржанға айналады дейді. Білімді адам – таза алтынға, надан кісі – құны жоқ жалған ақшаға, білімді әйел – ер жігітке, ал білімсіз еркек – әйелге, шын сөз – балға, жалған сөз – пиязға теңеледі. Сондай-ақ дастанда сараңдық – ем қонбайтын дерт, жеміс бермейтін ағаш, ал жомарттық – алқызыл раушан гүлі деген секілді теңеулер де бар.
Ақын әдеби тілдің әсерлігін арттыра түсу үшін екі бірдей ұғымды, құбылысты, сезімді, т.б. қатар қойып, жұптап зерттейді. Дәлірек айтсақ, сөзді айшықтап қолданудың бір түрі — паралеллизм яки егіздеу әдісін зор шеберлікпен пайдаланады. Мәселен, дастанда: білімді-надан, жомарт-сараң, тәкаппар-момын, атлас шәйі-бөз, адал-арам, ұзын-қысқа сияқты ұғымдар бір біріне қарсы қойып суреттеледі.
48. «Алып Ер Тұңға» дастанының сюжеті, бас кейіпкер бейнесін ашыңыз.
«Алып Ер Тоңға» — түркі халықтарының арғы ата-тегі саналатын сақтар тарихынан сыр шертетін, көне түркі ауыз әдебиетінің дәстүрлі талаптарына сөйкес емірге келген қаһармандық жыр.
Бүгінгі күнге дейін «Алып Ер Тоңға» дастанының жалпы сюжеті мен жекелеген үзінділері ғана жеткен. Әйтсе де сол үзінді түрінде сақталып келген жыр жолдарының өзінен-ақ бұл дастанның сюжеттік жслісі, басты идеясын, көркемдік дәрежесін аңғару қиын емес. Дастанның басты қаһарманы — Алып Ер Тоңға. Алып Ер Тоңға — аты аңызға айналған тарихи тұлға, Тұран елінің билеушісі, сақтарәскерінің қолбасшысы, ержүрек батыры. Дастанда оны елдің көреген көсемі ретінде де бейнелейді.
Тұран әскері қолбасшысының атына қосылып айтылатын «алып» сөзі сол заманда«күшті», «батыр», «каһарман», «ержүрек» деген мағынаны білдірген. «Алып» — сақтар мен ғүндар заманынан бері ел қорғаған батырлардың, қолбасшы ерлердің атына қосылып айтылып келе жатқан мәртебелі есім. Түрік қағанаты тұсында бұл сөз әскери титул мағынасында да қолданылған. Ежелгі түркі халықтары өз батырларының атына «алып» сөзін қосып айтатын болған. Мәселен: Алып Тегін, Алып Арслан, Алып Бамыс (Алпамыс), Көк Алып сияқты қол бастаған батырлар болған. «Алып Ер Тоңға — түркі елінің аты аңызға айналған көсемі, билеушісі, батыры, даңқты қолбасшысы, оны парсылар Афрасиаб деп те атаған».
Бұл дастандағы батырдың есіміне қосып отырған «ер» сөзі ежелден-ақ «батыр», «каһарман», «жаужүрек» деген ұғымдарды білдіретінін аңғару қиын емес. Сақтар дәуірінің осы дәстүрі сан ғасырлар бойы сақталғаны, бертін келе қазақтар да ез батырларына«ер» сөзін қосыпайтқаны жақсы мәлім. Мәселен, «Ер Тарғын», «ЕрҚосай», «Ер Көкше», «ЕрСайын», т. б. батырлар есімі бұл сөзізге дәлел.алып» сөзін қосып айтатын болған. Мәселен: Алып Тегін, Алып Арслан, Алып Бамыс (Алпамыс), Көк Алып сияқты қол бастаған батырлар болған. «Алып Ер Тоңға — түркі елінің аты аңызға айналған көсемі, билеушісі, батыры, даңқты қолбасшысы, оны парсылар Афрасиаб деп те атаған».
Кезінде Тұран мен Иран елдері арасында болған соғыстарда Алып ЕрТоңға сан рет Тұран әскерін басқарып, талай мәрте ғажайып жеңістерге жеткен. Бұл жайында Фирдоуси өзінің әйгілі «Шахнамасында» кеңінен толғайды. Тұран елінің батыры Алып ЕрТоңғаны ұлы шайыр өз дастанында Афрасиаб деп атаған. Көне парсы тілінде «Афрасиаб» сөзі «дүлей қара күш иесі» деген мағына береді.
Біз «Алып Ер Тоңға» дастанының көне тарихи шежірелерде сақталған жұрнақтарын да, Фирдоуси өзінің «Шахнамасында» пайдаланған жеке-жеке үзінділерін де, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» кітабындағы Алып Ер Тоңғаға қатысты бейіттерін де, кейінгі кездегі зерттеулерде мысал ретінде келтірілген жеке жыр шумақтарын да жинақтау арқылы осы дастанның жалпы сюжеттік желісін айқындай түсуге әрекет жасадық.
«Алып Ер Тоңға» дастанының мүлдем ұмытыла бастаған конструкциясын белгілі бір дәрежеде айқындап алуға Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғ-ат түрік» Жүсіп Баласұғының «Құтты білік», Рашид-дин Фазлалахтың «Маджма тауарих» («Тарихи жинақ»), Әбу Райхан әл-Бирунидің «Сувар-и-акалим» сияқты орта ғасырда жазылған еңбектерінің пайдасы тиді.
Сондай-ақ «Алып Ер Тоңға» дастаны жайындағы мәліметімізді толықтыра түсуге бұл салада жемісті еңбек еткен Түркия елінің Б.Аталай, Р.Арат, И. Ертайлан, Ф. Көпрулузаде, Н.Банарлы сияқты әдебиет тарихын зерттеуші ғалымдарының еңбектері де көмектесті.
Сонымен, «Алып Ер Тоңға» дастанында айтылатын жоқтау салты араға мыңдаған жылдар салып барып, қазақтың батырлық жырларында, қазақ ақын-жырауларының толғау-өлеңдерінде өзінің көркемдік дәстүр жалғастығын тапты.
49. Жиембет жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы жазыңыз.
50. «Қорқыт ата кітабының» құрылысы,сюжеті, идеясына тоқталыңыз.
51. Әл Фарабидің ақындығын түсіндіріңіз.
52. Қазақ хандығының құрылуы туралы хронологиялық кесте жасаңыз.
55. «Тоныкөк» жыры: сюжеті, құрылысы, зерттелуі, көркемдік ерекшеліктері туралы түсіндіріңіз.
56. Қазақ жазба әдебиетінің даму тарихын түсіндіріңіз.
57. Құтты білік» дастанындағы адам бойындағы қасиеттер, рухани тазалық мәселесін талдаңыз..
60. Қазтуған Сүйінішұлының өмірі мен шығармашылығы туралы жазыңыз.
61. Орхон ескерткіштеріне негіз болған тарихи оқиғалар.
Орхон-Енисей жазбалары — көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды (Скандинавия халықтарының тілінде "рунь" сөзі "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті.
Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалған.
• Біріншісінде, қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі,
• Екіншісінде Түрік Қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді,
• Үшіншісінде түркілердің әскери жорықтары,
• Төртіншісінде көршілес табғаштардың қастандық әрекеттері туралы әңгіме,
• Бесіншісінде табғаш тайпасымен қатысу түркілерге қауіпті екендігі жөнінде,
• Алтыншысы түркі халқының болашақты болжай алмауына өкіну,
• Жетіншісі түркі халқының даңқын асырған қаған жөнінде,
• Сегізіншісінде осы ескерткішті жыр қып жазуға түрткі болған жағдайларға тоқталады.
Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк құлпытасындағы жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол жазылған. Түркі халқының табғаштарға тәуелді болып қалу тарихы, азат қалған түркілердің бірігуі, қаған сайлауы, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған болуы, Оғыз мемлекетінің тыңшылары түркілерге қауіп төндіргені, қарсыластармен болған шайқастар, анталаған жаудың бетін қайтаруда Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердің түрлі тайпалармен жауласу жолдары баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген.
Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И.Т.Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д.Г.Мессершмид, т.б. бергенін ХVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.
1893 жылғы қарашаның 25-күні Дания корольдік ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен.
Дәл осы кезде академик В.В.Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей, В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, аударып шықты.
Орхон жазба жәдігерліктерін ұзақ жылдар бойы түбегейлі зерттеген білікті ғұламалар М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожаұлының бірлесіп жазған ірілі зерттеуі жарық көрді.
Л.Н.Гумилев Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы» жазған шежіресі деп біледі.
62. Қорқыт жайлы аңыздардағы дүниеге келуі мен оның мәнін түсіндіріңіз.
Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Қаратауды қараңғылық басып, сұрапыл дауыл соққан, содан Қарааспан тауы деп аталған.
Ел аузында:
Қорқыт туар кезінде,
Қараспанды су алған,
Қара жерді құм алған,
Ол турада ел қорқып,
Туған соң әбден қуанған[12,112] — деген сөз бар.
Қорқыт осылай елді қорқыта туғандықтан, баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді. “Қорқыт” сөзінің этимологиясын Ә.Қоңыратбаев “құтты адам, құт әкелетін адам” деп көрсетсе, С.Қасқабасов “өмір сарқылды, адам өлді” деген мағынаны білдіреді деп санайды. Е.Тұрсынов түркі халықтарының фольклорына сүйене отырып, “дада, деде” деген сөздерді “насихат айтушы жырау” деп түсіндіреді. В.Жирмунский Қорқыт Атаны магиялық аспап – қобыздың иесі, шаман, абыз ретінде қарастырады. Қорқыт атаның тарихи тұлға екенін растайтын жазба ескерткіш – «Қорқыт Ата кітабы» («Китаби дәдәм Корқуд»). Онда Қорқыт Ата жырау, ақылгөй, данышпан, көсем, бақсы, күйші ретінде көрінеді. Кітаптың басында Қорқыт атаның нақыл сөздері келтіріледі. «Қорқыт» сөзінің тарихилингвистикалық мағынасы «хұр» және «құт» сөзінен шыққан дейді. Құт-құт-береке, құтты болсын дегендегі «құт» түбірі Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанын еске салады. «Құт»- түркілерге тән сөз. Сонымен «құт әкелуші кісі» деген мағынаны білдіреді.Қорқыт исламға дейінгі дәуірдегі ежелгі түркілердің ойшылы, бақсы, жырауы (озаны), түркі мәдениетінің құтты адамы.
Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, абыз. Екіншіден – күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт Ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты. Қазақ болып қалыптасқанға дейінгі тарихта Қорқыт –ата есімімен аты қалған, түркі халықтарының бәріне ортақ кейіпкеріміз ҮІІІ ғасырда қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданында өмірге келіп, ғұмыр кешкен. Туылған, өлген жылы белгісіз. Кей деректерде 95, енді бірелерінде 195 жыл жасаған. Қорқыттың зираты бүгінгі күнге дейін сақталған.
Халық арасында, ел аузындағы аңыздарға қарағанда, Қорқыт асқан күйші, композитор болған. Халық арасында «Қорқыттың күйі», «Қорқыттың сарыны» деген өмірдің сырын шертетін күйлер сақталып қалған. Қазақ музыкасының тарихында Қорқыт қобыз өнерінің атасы саналады. Қойлыбай бақсы, Нысан абыз, Мекеш бақсы, Найман бала секілді көптеген өнер иелері Қорқытты өздеріне ұстаз тұтқан. Қорқыттың күй сазы тек қазақ халқында емес, туысқан халықтардың көпшілігінде кездеседі.Сондықтан да ғасырлар түкпірінен философиялық сыр шертетін Қорқыттың музыкалық мұрасы-түркі тектес халықтарға ортақ асыл қазына.
63. Баласағұни дастанындағы ел басқару, «кемел мемлекет» құру арманы туралы түсінік беріңіз.
Баласағұни ел басқаратын əміршіге, бекке мейлінше жоғары талаптар қояды. Ел басқарған адам өте зерек, іскер болса ғана мемлекет гүлденіп, қазынасы алтын-күміске толады, халқы бақытты болады деген пікір айтады [5; 213–215]:

Ақылды бар, ақымақ бар, бар ғалым,
Бай-кедей бар, надан, аңқау, бар залым.
Бəрін соның алаламай бөлектеп,
Басқаратын қандай болу керек Бек?
Елі гүлдеп, байып бектің бағына,
Даңқы тарап, өссе халық саны да!
Қазна толып, күміс судай ағылса,
Шоқтығы өсіп, күшіне əлем табынса.
Əскер толып, тұрса күші дігірлеп,
Тұрмыс, заңды тураласа іліммен,
Бектің аты бар жаһанға тараса,
Күн-күн сайын құты артса тамаша.
Бектік үшін туған олар анадан,
Бектік сүтпен, іспен бойға тараған
Бектің ісі, тек бектердің еншісі –
Бектер ісін, ұғар бекке тең кісі.
Бек халықты тек білікпен сендірер,
Барлығын да ақылына жеңдірер.
Бек дегенің білікпенен берік тұр,
Білік кетсе, бек қалады — желік құр...

Дастанда Қара-Бураханға (Бограханға) елді басқару əдісі мен жаулап алған жерлерге тəртіп орнату тəсілдері жөнінде ақыл айтылады. Елді өз қолыңда ұстау үшін бірыңғай күш қолдану, қылыш жұмсау жеткіліксіз, қол астыңдағы халыққа ақыл-айламен айтқаныңды істете білу керек деген пікір білдіреді.
Жалпы, басқару мəселесінде Баласағұн ұстанған рухани құндылықтар — қайырымдылық, парасаттылық, ізгілік, тəрбиелі адамға тəн іс-əрекет.
Дастандағы құт, бақ-дəулет, бақыт ұғымдарының мəні.
Халқымыз бұл ұғымдарға өте үлкен мəн берген.
64. Асанқайғының «Мінезі жаман адамға» афоризмін жатқа айтып, тарихи-қоғамдық, рухани тілегін талдаңыз.
Мінезі жаман адамға
Енді қайтып жуыспа.
Тәуір көрер кісіңмен
Жалған айтып суыспа.
Өлетұғын тай үшін,
Көшетұғын сай үшін,
Желке терің құрысып,
Әркімменен ұрыспа.
Ашу - дұспан, артынан
Түсіп кетсең қайтесің
Түбі терең қуысқа!..
65. «Қорқыт ата аңыздары мен күйлерінің хронологиялық кестесін сызыңыз.
66. Ақтанбердінің өмірінен негізгі белестерді көрсететін тарихи деректердің тізімін жазыңыз.
Қазақ жұртының іргелі халық болуына жеке басының ерлігімен, жалынды жырларымен үлес қосқан сөз зергерінің шығармашылық кредосы. Тәуке хан тәрбиесін көрген Ақтамбердінің Найман жұртының рубасы көсемі, әскербасы батыры болғандығынан хабардар ететін Қ.Халидовтың “Тауарих хамсасының” берер дерегі.

Дулат Бабатайұлының “Ер Еспембет” дастанындағы Ақтамберді туралы мәліметтер. Арғын мен Найман елдерінің арасындағы араздық кезінде туған көркем сөз иесінің “Уа, қарт Бөгембай” туындысының әлеуметтік мазмұны. Автордың “Жағалбай деген ел бар”, “Атадан тудым жалқы боп”, “Жеңіме жамау түскенін” шығармаларының ағайыннан жас кезінде көрген қорлығын, жарлылығын, жалғыздығын бейнелейтіндігі. Жыраудың қол бастап, сөз бастаған тұсында өмірге келген “Әділ жан болғым келеді”, “Әкем көрген зорлықты” туындыларынан аңғарылатын автордың кісілік келбеті.


Жырау туралы мәліме берушілер оны бұрынғы Семей губерниясының Аягөз аймағында өмір кешкен деп біледі. Руы Найман. Әкесі-Сары, анасы Сырбике деген кісілер болған. Өз заманында ғана емес, кейінгі сөз қадірін білетін, азаматтың азаматтығын сыйлайтын жұрттар оны қабырғалы қауымның бетке ұстар абырой-айбыны деп білген.
Жырау есімінің тек Дулат Бабатайұлының дастанында ғана емес, Жетісудың әйгілі ақын қызы Сараның шығармасында да аты аталуының бір себебі осында.
Әрине, Ақтамберді шығармаларын жинау кеш қолға алынды. Автор шығармаларының баспа бетінеде жарық көруі 1935 жылғы «Әдебиет майданы» журналының 1-ші санында жарияланған «Күлдір-күлдір кісінетіп» деп аталатын туындыдан басталады.
Осы туындының көркем нұсқасы болып саналатын бір жырды ұлы қаламгер Сәбит Мұқанов өзінің 1942 жылғы » ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің очекртерінде» белгілі айтыскер ақын Шашубай Қылқарбайұлының ауызынан жазып алып бастырғаны мәлім. Жалпы Шашубай ақынның Ақтамберді мұрасының елге танылуына сіңірген еңбегі еленуге тұрарлық. Онан беріде Академияның М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қолжазба қорындағы Әзімбай Бижанов, Сейсен Сепбосынов, Сәрсенбек Нұрпейісов, С.Алыбаевтардан жазып алынған нұсқалар негізінде «Ертедегі әдебиетнұсқалары»,»Алдаспан»,» ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарда автордың бірсыпыра шығармалары жарық көрді. Жырау мұрасының әдебиет тарихында сөз болуы әр алуан көлемде М.Әуезов, С.Мұқанов, х.Сүйіншәлиев, М.Мағауин, Ә.Дербісәлин, т.б. еңбектерімен байланысты деп танылуға лайықты. Ал, жалпы алғанда Ақтамберді шығармаларынан өз заманының талабына сай жыр толғап өткен тек жақын-жуыққа ғана емес, жалпы халқына ілтипатты батыр тұлғалы, кемеңгер ойлы шығармашылық тұлғаны қиналмай танимыз.
67. Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылы туралы жазыңыз. Бұқар жырау Қалқаманұлы (1684—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы. Шыққан тегі Арғын тайпасының Сүйіндік руының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.Сырдария облысы Қазалы уезі көшербай болысының 6-шы ауыл "Қарақ" деген жер.


Өмірбаяны


Бұқар Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлады:


“Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай, Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай. Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам, Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!”.


Осы бір шумақ жырда халық пен ханның байланыс-бірлігін қиыннан қиыстыра білген. Жыраудың “Абылай ханның қасында”, “Ал, тілімді алмасаң”, “Ай, Абылай, Абылай”, “Қазақтың ханы Абылай”, “Ханға жауап айтпасам”, “Басыңа біткен күніңіз”, “Ай, Абылай, сен он бір жасыңда”, “Ал, айтамын, айтамын” атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталады. Ал, “Садыр, қайда барасың?”, “Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға” деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз етеді. Жыраудың “Он екі айда жаз келер”, “Абылай ханның қасында”, “Ханға жауап айтпасам” атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Жыраудың табиғат пен адам өмірін астастыра суреттейтін жырлары да мол: “Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек”, “Әлемді түгел көрсе де”, т.б. Осының бәрі жыраудың кәнігі шеберлігі мен талғампаздығын танытады. Бұқар Жыраудың толғаулары, шын мәнінде, Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел “Көмекей әулие” Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасайды. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баїадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі — жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттеледі. Әсіресе, Бұқар Жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді.
68. «Диуани лұғат-ит түрк» сөздігінің қазақ топырағындағы зерттелуін айтыңыз
69. Асанқайғының «Ай, Хан ием, мен айтпасам білмейсің...» толғауын жатқа айту, оның әлеуметтік мәнін талдау.
Асанның пікірінше, Жəнібек ханның «Қарадан қатын алуы» ата-бабадан келе жатқан «Айрылып хандық жорадан» салтты бұзуы. Бұдан барып ғасырлар бойы сақталып келе жатқан генетикалық тек бұзылады, оның салдарынан мемлекеттік іске зияны келуі мүмкін. Себебі ондай əйел: «Ел ұстайтын ұл таппас», одан туған ұл қажырсыз, əлсіз жəне тағы басқа кемшіліктері болып, «Айрылар ата мұрадан!» — ең үлкен қауіп осы.
Төртінші тирада сол кездің өлшеміне, дəстүріне келмейтін ханның тағы бір ерекше ісінен хабар береді. Аң аулайтын құстардың ішіндегі нашары, жыраудың айтуынша, «Құладын құстың құлы еді». Оның белгісі «Тышқан жеп жүнін түледі». Осы құладынға хан анау-мынау емес «құстың төресі» аққуды алдырады. Ал бұл дегеніңіз, жаман ырым, себебі аққудың киесі бар, яғни «Құладын аққуды өлтірсе» оның киесі жібермейді. «Өз басыңа келеді!» — деп, болжайды

Ай, Хан ием, мен айтпасам, білмейсің,
Айтқаныма көнбейсің.
Шабылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің.
Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып, қызып терлейсің,
Өзіңнен басқа хан жоқтай
Елеуреп неге сөйлейсің?!
Қорған салдың бейнет қып,
Қызметшің жатыр ішіп-жеп.
...Оны неге білмейсің?!
Қатын алдың қарадан,
Айрылдың хандық жорадан,
Ел ұстайтын ұл таппас,
Айрылар ата мұрадан!
Мұны неге білмейсін!?
Құладын құстың құлы еді,
Тышқан жеп жүнін түледі.
Аққу - құстың төресі,
Ен жайлап көлді жүр еді.
Аңдып жүрген көп дұспан
Елге жау боп келеді:
Құладын қуды өлтірсе -
Өз басыңа келеді!
Құлың көп сені өлтірер,
Осыны Асан біледі,
Мұны неге білмейсің?!
...Тіл алсаң, іздеп қоныс көр,
Желмая мініп жер шалсам,
Тапқан жерге ел көшір,
Мұны неге білмейсің!?
...Ай, Жәнібек, ойласаң,
Қилы, қилы заман болмай ма?
Суда жүрген ақ шортан
Қарағай басын шалмай ма?
Мұны неге білмейсің!?
Қош, аман бол, Жәнібек,
Енді мені көрмейсің!


70. Қоғам және әдебиет қатынасын түсіндіріңіз.
71. «Диуани хикметтен» үзінді жатқа айтыңыз, талдаңыз.
Диуани хикмет, «Ақыл кітабы» – Қожа Ахмет Ясауидің сопылық идеясын жыр еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығармасы.

Ақын өз кітабын қыпшақ даласы мен Орталық Азия түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған. Мұның өзі араб тілінде жазылған Құран Кәрім мен түрлі хадис, тәпсірлердің күрделі қағидаларын жергілікті түркі халықтарының түсініп оқуына мүмкіндік берді. «Диуани хикмет» – көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік-стильдік, модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды. «Диуани хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV ғ-дың орта кезінде араб әрпімен көшірілген. Бертін келе «Диуани хикмет» Қазан (1887–1901), Ыстамбұл (1901), Ташкент (1902–11) баспаларынан жарық көрген.


Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінің жазылу тарихын, поэтикасын, сопылық-философиялық идеясын, қоғамдық-әлеуметтік мән-мағынасын, ислам дінін таратудағы рөлін М.Ф.Көпрүлузаде, Н.С.Банарлы, Е.Э.Бертельс, А.К.Боровков, Э.Р.Рустамов, В.И.Зохидов, т.б. ғалымдар жан-жақты зерттеді. Қожа Ахмет Ясауи «Диуани хикметте» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады. Біріншісі – шариғат. «Шариғат» – ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі, «тариқат» – дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқыш сопылықтың негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр. Үшіншісі, «мағрифат» негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың негізгі талабы – күллі дүниедегі болмыс-тіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу, түсіну. Төртіншісі, «хақиқат» («фано») – Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғары басқышы. Сопылық түсінік бойынша, «шариғатсыз» «тариқат», «тариқатсыз» «мағрифат», «мағрифатсыз» «хақиқат» болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады. Қожа Ахмет Ясауи Аллаға (яғни Хаққа) жету жолында міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өтуі керек деген пікір айтады. Ақынның айтуы бойынша, Хаққа жету жолындағы әрбір асудың он-оннан мақамы (тоқтамы) бар. Демек, осы төрт асудың қырық мақамын игерген пенде ғана «жабарут» (адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік), «мәләкут» (өмірдің мәнмағынасына қанық болу), «лахут» (бұл жалғаннан безіп, о дүниенің рухани әлемін меңгеру), «насут» (жоғарыда аталған үш өлшемнің басын қосып тұрған күш) деп аталатын рухани дүниенің сырын пайымдауға мүмкіндік алады.


Бісміллә" деп баян еттім хикмет айтып,
Шәкірттерге дүр мен гауһар шаштым міне.
Жанды жалдап, қайғы шегіп, қандар жұтып,
Мен "дәптер сәни" сөзін аштым, міне.
Сөзді айттым кімдерге де етсе талап,
Ашық сөйлеп жақын жанды жанға балап.
Ғаріп, пақыр, жетімдердің басын сипап,
Діні қатты халайықтан қаштым, міне.
Қайда жүрсең көңіл жұмсақ, сыпайы болғыл,
Көре қалсаң мүсәпірді дәмдес болғыл.
Махшар [1] күні құзырына жақын болғыл,
Менменсінген халайықтан қаштым, міне.диуани хикмет, «Ақыл кітабы» – Қожа Ахмет Ясауидің сопылық идеясын жыр еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығармасы.
74. Шалкиіз Тіленшіұлының «Би Темірге бірінші толғау» жатқа айту, идеялық талдау.
75. «Құтты білік» дастанының зерттелуі, идеясын түсіндіріңіз.
76. «Қорқыт ата кітабының» мазмұны, құрылысын жазыңыз.
77. Көтеш Райымбекұлының өмірі мен шығармашылығы туралы жазыңыз.
Көтеш Райымбекұлы (1745, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 1818, сонда) – халық ақыны. Алғаш рет 17 жасында Абылай ханға қарсы бас көтерген Мейрам руын мадақтаған өлеңі арқылы аты шығады. Оның өлеңдерінің көпшілігі шешендік, нақыл, жұмбақ түрінде халыққа көбірек тараған. Ақынның өлеңдерін зерттеп-жинаушылар: Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Бозтай Жақыпбаев, Ғалымжан Мұқатов. Көтештің шығармалары көркемдік құндылығы жоғары, идеясы терең, мазмұнды болып келеді. “Абылай, Ботақанды сен өлтірдің”, “Күркелінің бауыры күнде дауыл”, “Сексен ерікке қоймады-ау, қалжыратып”, “Қартайғанда қатының дұшпан болады”, “Кәрілік, жылы-жұмсақ ас жарай ма”, “Қыз бен Көтеш”, “Көтештің Кіпіне қызбен айтысы”, “Көтештің Зағипамен айтысы” деген айтыс өлеңдерінде көшпелі халық өмірінің шындығы көрінсе, екіншіден, тоғышарлықты келекелеп, астарлы сөзбен әжуалап отырғаны байқалады. Ақынның бірқатар өлеңдері мен айтыстары “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1961), “Алдаспан” (1971), “Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы” (1985) атты жинақтарда жарияланды.[1]
Өмірбаян
Көтеш — ХVІІІ ғ. өмір сүрген ақын. Қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туып-өскен. Арғы атасы — Тұрлыбек. Арғын тайпасы Сүйіндік руының Күлік бөлімінн шыққан.[2] Ол ақындықпен жас кезінен шұғылданған. Әуелі елдегі айтыс дәстүрі бойынша танылып, арнау өлеңдер айтып жүрген. Кейін әлеуметтік мәселелерге үн қосып, елінің тарихын, жауға қарсы жорықтарын, өз дәуірінің келелі мәселелерін көтеріп отырған.
Көтеш нағыз ақпа ақындарға тән қасиеттермен танылып, сол ақындар поэзиясы үлгісін ұстаған, қара өлең, қайым өлең жанр түрлерін байытқан. Ақынның бізге мәлім шығармалары осыған дәлел. Өзінің мазмұны жағынан әлеуметтік, қоғамдық, тұрмыстық мәселелерді кеңінен көтеріп, әр түрлі лирикалық өлеңдерін шығарған.
Ақындарша айтысып, арнау, ойнақы терме, сынай арнаулар да айтып жүрген. Қалмақтың қазақ жерін босату күресіне белсене араласқан әрі батыр, әрі ақын саналған ол Жасыбай, Олжабай батырлар бастаған Сүйіндіктердің қалың қолдарымен бірге жүріп, әрбір күрес нәтижелерін сөз еткен. Аталмыш батырлар туралы ұзақ жырларды толғап жүрген.
Көтеш — өлеңді көп шығарған төкпе ақын. Оның әлі жиналмай, ел аузында жүрген сөздері көп. Ақын шығармалары өз кезінің талай тақырыптарын көтеріп, ішкі-сыртқы ел қайшылықтарына үн қосқан. Ол өз еліндегі кемтарлар тұрмысын, әлеуметтік теңсіздіктерді де, халықтың мұң-шерлерін де толғана жырлады.
«Ақтабан шұбырынды» оқиғасынан мол хабардар Көтеш сол ауыр оқиғаны тебірене толғап, халық қайғысына үн қосады. Қалмаққа қарсы соғыс аяқталып, ішкі егестер қозған кезде Көтеш Абылай ханға наразы ерлер жағында болып, сол ханға қарсы топтың сойылын соғып, Бөгенбай, Қазыбек, Олжабай бастаған топпен бірге Абылайдың өзімшіл өр мінездерін бетіне басқан. Ел арасындағы: «Көтештің «Ер Олжабай», «Ботан» атты жырлары болушы еді. Ол жырларында ақын онша мақтамапты ханды. Нәтижесінде ақын көп қуғын да көреді. Өле-өлгенше алдына мал салмай, кедейлік зардабын шегіп өтті. Ақыры елден кетіп, сол қарақшылар қолынан қаза тауып еді» деген аңыздар осыны аңғартады.
Көтеш ел адамдарына қаратып арнау өлеңдерін шығарып жүрген. Еліндегі Тінәлі, Тышқанбай, Қапан деген байлар сыйлығына байланысты айтқан өлеңдерінде мейірбандықты, кең пейілділікті жақтайды. Өзін-өзі зор тұтып, басқаны менсінбеген мырзаларға да Көтеш өткір мысқылдар арнап отырған. Торайғыр биге айтқан сөздері де өткір. Ақын мінер атқа, ішер асқа зар болып өткен. Бұған оның өлеңдері де айғақ. Қартая келе ол келін-балаларына риза болмай, оларға наразылығын білдіріп өлеңдер шығарып жүріпті. Балаларын жақтап, өзін күтпеген кемпіріне айтқан өлеңдерінде де ол өзінің ақындық қабілетін танытады.
Көтеш айтысқа да түсіп жүрген. Бізге оның қыпшақ қызымен, Күнікей, Зағипа, Қания қыздармен тіл қағысулары жеткен. Ол өлеңсіз сөз сөйлемеген. Кез келген сөзін тұспалдап, өлеңдете жөнелетін қас жүйріктің өзі болған.
Қазақ әдебиетінде Көтеш ақын мұрасының алар орны ерекше.
78. М.Қашқари сөздігіндегі әдебиет үлгілерінң тақырып-мазмұн- сюжет ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
79 . «Құтты білік» дастанындағы оқу-білім мәселесін талдаңыз.
Ақынның білімді қаншалықты жоғары бағалайтынын дастанның атынан аңғару қиын емес. Жүсіп Баласағұн өз шығармасын «Құтты білік» деп тегін қоймаса керек. Дастанда оқу-білім, ғылым мәселелеріне арналған арнайы тараулар бар. Сонымен бірге, ақын мемлекет, қоғам, ел басқарған әкімдер, хан, этика деген мәселелерге арналған тараулары да білімнің күш-құдіретін ардақтап ғалымдарды көкке көтере мақтайды.
Ақыл-шырақ, қара тілді ашатын,
Білім- жарық, нұрын саған шашатын. 
Ақыл болса, асыл болар - болса ер,
Білім болса, бектік қылар қылса ер. 
Ақыл кімде болса - болар асыл Ол,
Білім кімде болса - бек ћәм басың ол. 
Кісі ұланы қара жерге қол салды,
Көтерді бәрін, білімін ол қолданды
Ақын ғалымдарды мадақтай келе, олардың орны әрқашанда төрде болуы керек дейді. Ал, елді жоғары қызметке ие болып жүрген білімсіз, қараңғы, надан жандардың төрден алған орнының өзі босаға секілденіп қалатынын ескертеді: 
Наданға төрден орын тисе, қор етеді,
Данышпанға босағадан орын тисе, төр етеді.
 Дастанда мынадай ой-пікір бар:Патша ел-жұртын қылыштың күшімен қатал тәртіппен басқарып отырады, ал ғалымдар - қалың бұқараны ақыл-парасатымен басқару керек.Әрине, Жүсіп Баласағұн халыққа үстем таптың өкілі ретінде қарайды. Сондықтан ол қарапайым халықты қоралы қойға, ал білімді адамды - сол қойлардың соңына ерткен серкеге теңейді. Ақын дастанда өзі өмір сүрген дәуір талап еткенде бірқатар маңызды мәселелерге өзінше жауап беруге әрекет жасаған. Жүсіп Баласағұн өзінің дидактикалық сарында жазылған шығармасында мораль, этика, әдептілік, тәлім-тәрбие туралы өсиет-ғибрат сөздер айтады. Қоғамдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы, сөйлесуі, сыйласуы, әсіресе, тіл әдептілігі егжей-тегжейлі сөз болады. Ақын маскүнемдікті, жалқаулықты, әдепсіздікті, дөрекілікті, жылпостықты, жаман мінез-қылықтарды өлтіре сынайды.


80.Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Қашықтасың туған жер» өлеңін жатқа айту, автор бейнесіне анықтау

Қашықтасың туған жер - қалың елім,
Не бір жүйрік болдырып жарау деген.
Шаршадым мен.
Қанатым талды менің,
Шаңқыт жолға сарылып қарауменен.
Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз жуынар.
О, жаратқан, көп неткен ақымағың,
Құм сықылды тез ысып, тез суынар.
Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,
Әкімдікке куллісі жүгіреді.
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,
Жаным менің түршігіп, түнереді.
Кайтейін мен көкжиек кеңдгімді.
Келер күнге үмітпен жол ашамын.
Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,
Соны медет етеді болашағым.
Бір шөлмекте көк сия толып турса,
Екіншіде - шарап бар жайы мәлім.
Даналыкты сиямен толықтырсам,
Шарабымен шерімнен айығамын.

81 «Кодекс куманикус» кітабының зерттелуін түсіндіріңіз.
Кодекс Куманикус (лат. Codex Cumanіcus –«Қыпшақ тілінің сөздігі») — қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап (латын әліпбиінде қалыптасқан қысқаша атауы – СС), 82 парақтан (164 бет) құралған қолжазба. Бірінші бетінде «1303» деген жазу бар. Еңбектің авторы мен жазылған жері белгісіз. Түркітану ғылымындағы жаңа деректер бойынша, бұл еңбек түпнұсқасы 1294 жылы жазылған да, оның бірінші көшірмесі 1303 жылы жасалған, ол 1330 жылы толығымен көшіріліп біткен (Л.Лигети). «Кодекс Куманикус» Дешті қыпшақта немесе Қырымда (Солхат қаласында) жинастырылып, бір ізге түсірілген. Осы өңірді қоныстанған қыпшақтарды Батыс Еуропа жұртшылығы кумандар деп атаған. 1303 жылы «Кодекс Куманикус» түпнұсқадан Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай қаласының жанындағы Джан әулиенің ғибадатханасында көшірілген. «Кодекс Куманикус» готикалық көне қарпімен жазылған. Екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімі (1–10 б.) – үш бағана етіп жазылған латынша-парсыша-куманша сөздік. Қалған жартысындағы сөздер лексикалық мағыналарына қарай топтастырылған. Мысалы, адамның дене мүшелерінің аттары, егіншілікке байланысты сөздер, т.б.
Екінші бөлімі (111–164 б.) – діни уағыздар. Осы бөлімдегі мәтіндер мен жұмбақтарды көрнекті неміс түркітанушысы А. фон Габен «кумандар әдебиетінің үлгісі» деп таниды. Көптеген қыпшақ сөздері көне неміс тіліне, кейде латын тіліне де аударылып берілген. Жеке сөйлемдер мен сөз тізбектері, жеке сөз тізімдері мен аудармасыз берілген жұмбақтар, қыпшақ тілінің латынша жазылған қысқаша грамматикалық очеркі де бар. Ол кезде (13–14 ғ-лар) Дунай өзенінен Жоңғар қақпасына дейінгі елдің бәрі де қыпшақ тілін түсінген. Батыс Еуропаның Шығысқа жорыққа шыққан адамдары Алдыңғы Азия, Таяу Азия, Кіші Азия, Орта Азия және Орта Азия елдерін аралау үшін куман (қыпшақ) тілін халықаралық тіл ретінде пайдалануға болады деп ұққан. Сол кездегі еуропалықтар үшін латын тілі қандай рөл атқарса, бірсыпыра Азия халықтары үшін куман (қыпшақ) тілі де сондай қызмет атқарған. «Кодекс Куманикус» Венециядағы Марк әулие шіркеуінің кітапханасында сақтаулы.
82. «Ноғайлы дәуірі», оның қазақ әдебиетіндегі орны
Ноғайлы дәуірінің әдебиеті – Алтын Орданың ыдырау кезеңі мен Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі әдебиет. Ноғайлы дәуірінің әдебиеті, негізінен, екі түрлі арнада дамыды: бірі – фольклор, екіншісі – ауыз әдебиеті. Фольклор саласында көптеген ғұрып өлеңдері мен ертегілер, шығыс сюжеттері (“Мың бір түн”, “Тотынама”, “Калила мен Димна”, т.б.) кең тарады. Қаһармандық мазмұндағы классик. эпос үлгілері (“Қобыланды”, “Алпамыс”, “Ер Сайын”, т.б.) бұл кезеңде этн. сананың қозғаушы күші ретінде мазмұндық-құрылымдық жағынан жаңғырып, толықтырылып, қайтадан эпик. айналымға түсті. Сонымен қатар ноғайлы заманының тарихи оқиғаларын қамтыған эпостық жырлар да бой көрсетті. Олар бірде жеке батырлардың іс-әрекеттеріне негізделсе (“Ер Тарғын”, “Ер Қосай”, “Ер Көкше”), бірде ондаған жырлардан құралатын, генеол. жүйеге негізделген эпик. топтама үлгісіне құрылды (“Едіге”, “Орақ – Мамай”, “Қарасай – Қази”, “Аңшыбай батыр”, “Парпария”, “Құттықия”, “Едіге”, “Нұрадин”, “Мұсахан”, т.б.). “Қырымның қырық батыры” деп аталған бұл жырлар Қазақстанның батыс аймақтарында сақталған. Оның толық нұсқасы 1942 ж. Мұрын жыраудан жазылып алынса, кей үлгілерін (“Қарасай – Қази”, “Едіге”, “Орақ – Мамай”) 20 ғ-дың бас кезінде Нұртуған ақын жазбаша түрде қайта жаңғыртқан. Ноғайлы ұлысының кейін қазақ халқының этногенезін құраған көптеген түркі тайпаларын қамтығаны белгілі. Сондықтан ұлыс құрамындағы жеке ру-тайпа батырлары жыр үлгілерінде ноғайлы деген жалпы атау аясында көрінеді. Ноғайлы дәуіріндегі ауыз әдебиеті өкілдері қатарында Кетбұға, Сыпыра, Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалгез (Шалкиіз) жыраулар болды. Олардың шығармалары негізінен авторлық әдебиет көрінісі ретінде жыраулық поэзияға жол салды. Мұндай туындылар қазақ және ноғай әдебиетінде қатар сақталған, ортақ шығарма болып табылады. Олардың қатарында “Айсылдың ұлы Әмет батыр”, “Бозжігіт”, “Шора батыр”, “Әділ сұлтан” эпостық жырларын, “Тақырлауға қонған қаз, тырна” (Асан қайғы), “Алаң да алаң, алаң жұрт” (Қазтуған), “Би Темірге айтқаны”, “Шағырмақ бұлт жай тастар” (Шалгез), “Айнала бұлақ басы тең”, “Қоғалы көлдер қом сулар” (Доспамбет), “Ер Шобан” (Естерекұлы Ер Шобан), т.б. көптеген толғауларды атауға болады.
83. «Қорқыт ата кітабының» түркі халықтары мен мәдениеті мен әдебиеті тарихындағы орны туралы түсіндіріңіз.
85. Қазтуған шығармаларын зерттеген ғалымдардың пікірін түсіндіріңіз.
Қазтуған жыраудың "Мадақ жыры", "Туған жермен қоштасу" сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның халық жыраулары арқылы жеткен бірқатар толғаулары И.Березиннің "Түрік хрестоматиясында" (1862), Ғабдолла Мұштақтың 1910 жылы шыққан "Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары" жинағында, М.Мағауиннің "Алдаспан" кітабында (1970) жарияланды
86. Шалкиіз Тіленшіұлының «Би Темірге бірінші толғауы» жатқа айту, Би Темірдің бейнесін суреттелуі.
87. «Құтты білік» дастанындағы тәлім-тәрбие мәселесін талдаңыз

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет