Дәрумендер, жіктелуі Суда еритін негізгі дәрумендердің қысқаша сипаты: Майда еритін дәрумендердің қысқаша сипаты



бет5/12
Дата31.12.2021
өлшемі33,74 Kb.
#23423
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
дәрумендер

В2 дәрумені – рибофлавин. В2 дәруменнің ашылуы В1 дәруменнің зерттелуімен байланысты. Бұл екі дәрумен табиғи өнімдерде бірге кездеседі. В2 дәруменнің құрылымы 1933 жылы Кун және оның әріптестері 10000 дана жұмыртқаның сары уызынан 30 мг таза дәрумен бөліп алу арқылы анықтады. Ал 1935 жылы Каррер В2 дәруменін синтездік жолмен алды.

Химиялық құрылымы мен қасиеттері. В2 дәрумені молекуласының құрылым негізінде изоаллоксазин сақинасы (өзара жалғасқан 3 сақина), оның екі метил тобы және көміртегінің бес атомы бар рибитол спиртінің қалдығы жатады. Өзінің сары түсіне («флавос» сары деген сөз) және молекуласындағы рибитолға байланысты В2 дәрумені рибофлавин деп аталады, ал сүттен бөлініп алынған дәруменнің лактофлавин деген атауы бар.

Рибофлавин – сары түсті қатты зат, суда нашар ериді (25°С кезінде л/100 мг шамасындай). Спиртке судағыдан да нашар ериді. Хлороформда, ацетонда, бензолда, эфирде іс жүзінде ерімейді. Қышқыл ортада жақсы ериді.

Рибофлавин ыстық температураға төзімді, 120°С температурада бірнеше сағат қайнатады. Ал тиминді осындай жағдайда ұстаған кезде 15 минуттың ішінде бұзылып ыдырайды. Рибофлавин жарықтың әсеріне өте сезімтал, оның әсерінен түгелдей бұзылады. Азық-түлік өнімдерін сақтау кезінде бұл жағдайды ескеру қажет.



Өсу дәрумені. Ересек адамдар үшін тәуліктік мөлшері 2-4 мг. Рибофлавин молекуласындағы негізгі гетероциклды қосылыс – изоаллооксизин, онда 9- орындағы N- атомына бес атомды спирт рибитол байланысқан.

Бұл дәруменнің биологиялық белсенді түрі флавинмононуклеотид (ФМН) және флавинадениннуклеотид (ФАД). ФМН-рибофлавиннің фосфатпен түзген кешені, ал ФАД рибофлавиннің аденил қышқылымен түзген кешені болып табылады.



АВИТАМИНОЗ. В2 – авитаминоз ауруы дәрумен жеткіліксіз бола бастағаннан немесе азық-түлікте және жем-шөпте ол мүлде болмағаннан кейін 3-4 ай өткен соң білінеді.

1. В2 – авитаминоз сырқатына тән құбылыс көз ауруынан басталады. Көз жұқпалы емес конъюктивит сырқатына ұшырайды. Көздің қасаң пердесі қабынады, көз айнасы тұнжырап қарауытады.

2. Рибофлавиннің жеткіліксіздігі салдарынан жас малдың өсуі тоқталады.

3. Тері ауруға ұшырайды.

4. Бұлшық еттер бірден әлсіреп, нашарлайды.

5. В2 – авитаминоз кезінде үй құстарының жұмыртқалауы нашарлайды.

6. Авитаминоз ауруы асқынған кезде организм тырысып, сал болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет