Дескриптор: • Мәтінді дұрыс оқиды. • Орыс тіліне аударады. • Мәтін бойынша сұрақтар құрады. • Постер жасайды. І топ Әзірбайжан



Дата20.04.2022
өлшемі13,32 Kb.
#31652
Байланысты:
Дескриптор


Дескриптор:

• Мәтінді дұрыс оқиды.

• Орыс тіліне аударады.

• Мәтін бойынша сұрақтар құрады.

• Постер жасайды.

І топ Әзірбайжан

Әзірбайжанда Наурыз мейрамы – күн мен түннің теңескен күні ретінде аталып өтеді. Ел тұрғындары бұл мейрамды қатты ұнатады. Мереке күні ас дайындайды, адамдар бір-біріне бақыт пен молшылық тілейді. Дәстүр бойынша «тонгал» деп аталатын от жағып, одан жеті рет секіретін болған.


Мерекелік дастарханны басты тағамы шекербура дайындалады. Ол - Ай пішіндес қамырдан жасалған тәтті тағам. Ал, өсіп тұрған жасыл бидай сабақтары “Күн символын” білдіреді. Бидай қуырылып, жұмыртқалар қызылға боялады.
Әзірбайжан халқында Наурыз күні жаңбыр жауса, “келер жыл өте жақсы, берекетті” болады деген сенім қалыптасқан.


Дескриптор:

• Мәтінді дұрыс оқиды.

• Орыс тіліне аударады.

• Мәтін бойынша сұрақтар құрады.

• Постер жасайды.

ІІ топ Қырғызстан

Көрші айыр қалпақты ағайындар елінде бұл мейрам айрықша тойланады. Мейрамда дастархан жайылып, май, қант және бидай ұнынан жасалған дәстүрлі ұлттық тағам – сумелек (сүмөлөк) және көже дайындалады. Халық арасындағы сенімге байланысты “су” және “мелек”(періште) сөздерінен құралған. Және бұл тағам жәннәт тағамы, қасиетті екендігі айтылады. Қарызынан құтылып, адамдар бір-бірімен татуласады. Кейбір жергілікті сенім бойынша мейрам күні нәресте дүниеге келсе, есімін "Нооруз" деп қояды. Ал, қар жауу да - жақсылықтың нышаны.



Қазіргі таңда, Қырғызстанда бұл мейрамда алаңдарда жалпыхалықтық серуендер, мерекелік концерт пен ұлттық ойындар өтеді.

ІІІ топ Өзбекстан

Өзбекстанда жыл сайын 21 наурыз күні тойланады. Дәстүрлі түрде жәрмеңкелер, жалпы халықтық шерулер, ит және әтеш шайқасы, ат шабысы ұйымдастырылады. Ұлттық киімдерімен ән айтып, би билейді. Көпшілігі қазіргі күнге дейін ежелгі дәстүрлерін сақтап келеді. Негізгі тағамдары - сумаляк (бидай ұнынан жасалған тағам). Сумаляк – өмірді, денсаулықты, молшылық пен жылықты білдіреді.

Сонымен қатар, Өзбекстанда аналар қыздары мен келіндерін жанына алып түрлі жеміс пен көкөніс тағамдарын жасап, дастархан жаяды. Қазанды толтырып тамақ пісіреді. Бұны “қазан толды” дейді, онысы “ризығымыз толы болсын” деген ниетке саяды.

Дескриптор:

• Мәтінді дұрыс оқиды.

• Орыс тіліне аударады.

• Мәтін бойынша сұрақтар құрады.



• Постер жасайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет