«Дәстүрлі музыкалық және орындаушылық өнер» кафедрасының доценті Нұрымбетов Е.Ш.
5В040400 «Дәстүрлі музыкалық өнер»
мамандығына арналған
«Оркестр класы» пәнінен
Орал 2019 ж.
Пәннің мақсаты: студенттерді оркестр класы бойынша кәсіби дәрежеде ойнауға машықтандырып тәрбиелеу; студенттердің музыкалық шығарманың көңіл-күй, мінезін дұрыс түсініп, шығармашылық мәнде ойнау қабілетін дамыту; әрбір шығарманың ерекшелігін танытып, талдай білуіне ықпал жасау.
Пәннің міндеттері: музыкалық қабілеттілікті (музыкалық есту қабілеті, ой-өріс, техника), шығарманың көркемдік мазмұнын ашуға, мәнерлі ойнау жолдары арқылы жеткізу; музыканы сезінуге, естуге үйрету; көркемдік бағдарламалардың түрлерін меңгеру, оны үнемі жаңартып отыру; нотаны текстен оқу дағдысын дамыту; ансамбльдік орындау дағдыларын қалыптастыру.
Студенттерге қойылатын талаптар: орындалатын шығармалар туралы жалпы түсінік болуы керек, орындауда екпін деңгейін айқындау керек; үйренуде саусақ кестесін дұрыс пайдалану керек; парақтан оқуда ауыспалы өлшемді санау керек; дыбыстың биіктік деңгейін айқындау керек және т.б.
Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар: аспаптардың құрылысы; екі қол қойылымы; перне басып ойнау, ноталардың пернеде орналасуы; музыкалық дыбыс қасиеттері және онымен жұмыс; ырғақ және жай метрлер мен өлшемдер; динамикалық белгілер; пунктирлі ырғақ, синкопа; штрихтар.
Оқу жоспары:
1 апта
Практикалық сабақтың тақырыбы: Махамбет «Жауға шапқан»
СОӨЖ тақырыбы: екпін деңгейі
СӨЖ тапсырмалары: жылдамдық үлгісін ескеру
Әдебиеттер:
Құрманғазы. Серпер. А.,1978
С.Байжұманов. Халық аспаптар оркестрі. А.,1993
Ш.Қажғалиев. Өнер. А.,1984
Н.Тлендиев. Жеңіс салтанаты. А.,1996
К.Күмісбеков. Дала сыры. А.,1983
Б.Жұманиязов. Серпін. А.,1999
Е.Нұрымбетов. Ақжайық саздары. Орал, 2016
Достарыңызбен бөлісу: |