Дәстүрлі онкүндікті ұстаздар, оқушылар үлкен қуанышпен қарсы алды



Дата16.12.2022
өлшемі18,25 Kb.
#57701
Байланысты:
Миф мақала


14.11-25.11.2022 аралығында Қонаев қаласы, «Орта мектеп-гимназия меектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ-сінде 5-11 сыныптар арасында "Математика, физика және информатика" пәндер онкүндігі "ХХІ ғасырдың үш тірегі" тақырыбында өткізілді.
Дәстүрлі онкүндікті ұстаздар, оқушылар үлкен қуанышпен қарсы алды. Мазмұнды да әрі тартымды өткен онкүндіктің мақсаты - математика, информатика және физика сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденістері мен танымдарын қалыптастыру, жан-жақты жетілдіру, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту болды.
Онкүндіктегі сабақтарға бірлестік жетекшілері, әкімшілік мүшелері, жас мамандар мен басқада пән мұғалімдері қатысып талдау жасалды, тәжірибе алмасты.
Онкүндіктің алғашқы күндері мұғалімдерге оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында математика пәні мұғалімі, педагог-шебер ұстаз Б.Ақылаева «Сабақты зерттеудегі бақылауды ұйымдастырудың түрлі тәсілдері» тақырыбында, бірлестік жетекшісі, математика пәні мұғалімі педагог-зерттеуші М.Аңсаған және информатика пәні мұғалімі, педагог-сарапшы И.Сатыбалдиева «PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» атты тақырыптарда ұстаздар арасында іс-тәжірибемен бөлісіп, шебер сыныптар өткізді. Сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Физика-техникалық факультеті ф.-м.ғ.к.,аға-оқытушысы-К.М.Туреханова мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу жүргізді. Информатика пән мұғалімі, педагог-сарапшы Г.Сағындықова ата-аналармен «Менің отбасым» атты тренинг жұмысын өткізді.
Математика пәні мұғалімдері: «Жай бөлшектерді қосу және азайту»,
«Квадрат теңдеулерді шешу», «Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешу», «Арифметикалық прогрессияның n–ші мүшесінің қосындысы», «Рационал сандарды бөлу», «Пифагор теоремасы», «Арифметикалық прогрессия тақырыбына есептер шығару» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді. Пән мұғалімдері сабақтарда технологиялық ақпараттарды, жаңа сабақты түсіндіру барысында тиімді пайдаланды. Сабақтарда жаңа тақырыптарды оқушылар өз беттерімен меңгеруге тырысты, топпен жұмыс жасап, ережені тұжырымдап, есептердің шығарылуын тақтада көрсетті. Әр сабақта мұғалімдер, оқушыларға әртүрлі әдістер арқылы қалыптастыру бағалау жүргізіп отырды: басбармақ әдісі, шапалақ әдісі, смайлик арқылы т.б. Сабақтарда оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, тез ойлап, тез есептеуге және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеуге көп мән берілді. Әр сабақтың соңында оқушылар қорытынды жасап, өз ойларын түрлі рефлексиялық тәсілдермен білдірді.
Ал, физика пәнінен «Бүкіләлемдік тартылыс заңы», «Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі», «Электромагниттік толқындардың жұтылуы мен шығарылуы» деген тақырыптар бойынша физика пәні мұғалімдері ашық сабақ өткізді. Сабақ қазіргі заман талабына сай интербелсенді әдістерді қолданумен өткізілді. Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақталды,физикалық құралдармен демонстрациялық жұмыстар орындалды. Сабақтарда толық жоспар жүзеге асырылып, мұғалімдер мақсаттарына жетті.
Информатика пән мұғалімдері : «Абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді практикалық тұрғыдан қолдану», «3 D редактор құралдары», «Электрондық кестенің элементтерін форматтау», «Түс датчигі», «Жақсы дизайн», «Растрлық суреттерді өңдеу» және «Электронды кестелер» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді. Мұғалімдер өз сабақтарында әртүрлі әдіс- тәсілдерді пайдалана білді,сабақ үрдісінде ұсынылған тапсырмалар оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып сараланған. Оқушылар сабақтарда белсенділік таныта жұмыс жасады. Жұмыстар нақты критерийлер бойынша бағаланды және пән мұғалімдері сабақ мақсаттарына жете алды.
Онкүндіктің екінші аптасында оқушылардың ой-өрісінің және белсенділігін дамытуда, білімдерін өмірде қолдана білу мақсатында «МИФ БАТЛ», «Алтын қақпа» , «Ой мен ойын», «Эрудиттер сайысы», «Математика әлемінде», «Информатика әлемінде», «Интеллектуалды сайыс», «Физика біздің өмірде», «Тапқыр информатик» атты интелектуалды ойындар, сайыстар 7-10 сыныптар арасында өткізілді. Онкүндікте өткізілген әр түрлі шаралар бойынша жеңімпаз оқушылар мадақтама қағаздарымен марапатталды.
МИФ онкүндік аясында өткізілген іс-шаралардың барлығы оқытудың жаңа формасы негізінде жүргізілді. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілеттерін сабақта және сыныптан тыс дамытуға, яғни, оқушылардың еркіндігін қалыптастыруға, өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді.
Ұстаз- жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.
МИФ бірлестік жетекшісі М.Аңсағанның басшылығымен ұйымдастырылып,өткізілген бұл іс-шараға мектеп басшысы Г.Тағанбайқызыда өзінің оң бағасын берді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет